86. Циклотрондағы зарядталған бөлшектердiң энергиясың 4 есе артырса қозғалыс траекториясының радиусы қалай өзгередi.
87. Егер контурдағы ток күшi 2А ,магнит ағыны 4Вб болса, контурдың индуктивтiлiгi неге тең?
88. Бiр-бiрiнен R қашықтықта орналасқан тогы бар екi параллель өткiзгiштiктiң өзара әсер күшi қалай өзгередi, егер олардағы ток күшiн екi есе артырсақ ?
89. Егер зарядтың жылдамдығын және магнит өрiсi индукциясын 2 есе артырсақ, магнит өрiсiнің электр зарядына әсер ететiн күші қалай өзгередi? Зарядтың жылдамдық векторы магнит өрiсiнiң индукция векторына перпендикуляр.
90. Индукциясы 15 Тл бiртектi магнит өрiсiнің бойымен 4 А ток жүрiп тұрған, әрбiр 10 см ұзындыққа 3 Н күш әсер ететiн өткiзгiштi қандай бұрыш пен орналастыру керек?
91.Бойымен 3А ток жүрiп тұрған бiртектi магнит өрiсiнiң сызықтарына 300 бұрыш жасай орналасқан ұзындығы 0,5 м өткiзгiшке әсер күш 9Н. Магнит өрiсiнiң индукциясын тап.
92.Мына суретте ток көзiнен, катушкадан, резистордан және үш шамнан құрылған электрлiк сұлба көрсетiлген. К кiлттi ток көзiне қосқан кезде шамдардың қайсысында басқаларына қарағанды ток күшi ең үлкен мәнiне кеш жетеді
93. Мына суретте ток көзiнен, катушкадан және екi шамнан құрылған электрлiк сұлба көрсетiлген. К
кiлттi ажыратқан кезде 1 және 2 шамдар арқылы өтетiн ток қай бағытта жүредi?
94. Магнит өрiсiнiң индукция векторына перпендикуляр орналасқан, ауданы 4 м2 жазық контурды тесiп өтетiн магнит ағыны 2 Вб. Магнит өрiсiнiң индукциясы неге тең.
95.Контурдағы ток күшi 4 есе артқанда ондағы магнит өрiсiнiң энергиясы қалай өзгередi?
96. Контурдағы магнит өрiсiнiң энергиясы 4 есе кемiгенде ондағы ток күшi қалай өзгередi?
97. Егер контурдан өтетiн ток өзгермей, ондағы магнит өрiсiнiң энергиясы 4 есе кемитiн болса, контурдың индуктивтіліғі қалай өзгерген?
Достарыңызбен бөлісу: |