2 Әдістер және жабдықтар


CASE – құралдарын ендіру және меңгеру технологиялары



бет2/6
Дата22.11.2022
өлшемі51.07 Kb.
#361199
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 Әдістер және жабдықтар

2.2 CASE – құралдарын ендіру және меңгеру технологиялары

Тарихи бірінші құрылымдық және модульдық программалау, құрылымдық талдау және синтез әдістеріне негізделетін құрылымдық CASE жүйелері пайда болды, мысалы, Vantage Team Builder (Cayenne). Объектілі-бағытталған CASE жүйелері ХХ-шы ғасырдың 90-шы жылдарының басынан бастап кең тарала бастады. Олар өңдеу мерзімін қысқартуға, сонымен қатар ақпараттық жүйенің функционалдық тиімділігін және сенімділігін жоғарлатуға мүмкіндік береді. Объектілі-бағытталған CASE жүйелерінің мысалдары болып, Rational Rose (Rational Software) және Object Team (Cayenne) табылады.


Комбинарлық CASE жүйелері біруақытта құрылымдық және объектілі-бағытталған программалауды қолдайды, мысалы, Designer/2000 (Oracle). МҚБЖ-нен тәуелсіздік деңгейі бойынша, CASE жүйелері екі топқа бөлінеді: тәуелсіз жүйелер; МҚБЖ-не орнатылған жүйелер. Тәуелсіз CASE жүйелері нақты МҚБЖ-нің құрамына кірмейтін автономдық жүйелер түрінде жеткізілімді. Әдетте, олар ODBC интерфейсі арқылы мәліметтер қорының бірнеше форматын қолдайды.
Тәуелсіз жүйелер қатарына SDesigner (SPD), ERwin (Logic Works), Silverrun (SilverrunTechnologies) жатады. Орнатылған CASE жүйелері әдетте мәліметтер қорының форматын қолдайды. МҚБЖ Oracle құрамына кіретін орнатылған жүйелер мысалы болып, Designer/2000 табылады. Платформа компьютерді және операциялық жүйені анықтайды. Delphi көмегімен қолданбаны және мәліметтер қорын жасау кезінде қолданылатын CASE-құралдарын атап өтейік: ModelMaker – Delphi 7-мен бірге жеткізілетін өнім.
Delphi құрауыштарының дестелерін және класстарын жасауға қызмет етеді. Delphi-дің генерациялау кодына бағытталған CASE-құрал болып табылады. Класстар және олардың мүшелері арасындағы қатынасты сақтауға және қызмет көрсетуге, UML-диаграммаларды құруды қолдауға мүмкіндік береді. Басқа генераторлар кодымен салыстырғанда ModelMaker күрделі жобаларды жасауға мүмкіндік береді.
DataModule Designer – мәліметтер қорын Paradox форматындағы кестелермен жобалауға мүмкіндік береді. Программа ыңғайлы және көркем интерфейсті қамтамасыз етеді. Мәліметер қорының құрылымы, сонымен қатар кестелер арасындағы байланыстар графикалық түрде көрсетіледі.
Cadet – тәуелсіз өнім, dBase, Paradox және InterBase форматындағы кестелермен мәліметтер қорын жобалауға мүмкіндік береді. Көрсетілген форматтар Delphi үшін жақын болып табылған жағдайда, Cadet программасын
ақпараттық жүйені жасау кезінде қолданған ыңғайлы.
Data Module Designer және Cadet мәліметтер құрылымын үлгілеу және мәліметтер қорын жобалауды автоматтандыруға арналған программалар.Осы құралдармен көрсетілетін мүмкіндіктер мысалы, Sdesigner сияқты қуатты жүйелердің мүмкіндіктеріне қарағанда аз.
Cadet программасы шартты тегін болып табылады, ал Data Module Designer Paradox 7.0 МҚБЖ құрамына кіреді. ModelMaker пайда болғаннан кейін, басқа CASE-құралдарын қолдану қажет болмауы мүмкін. Қазіргі заманғы автоматтандырылған басқару жүйелерінің күрделілігінің жоғарлауы және оған қойылатын талаптардың өсуі өмірлік циклдің барлық уақытында ақпараттық жүйені құруда және сүйемелдеуде тиімді технологияларды қолдануға негізделеді. Ақпараттық жүйелерді дайындау методологиясына және сәйкес интегралданған инструменталдық құралдар кешеніне негізделген, сонымен қатар ақпараттық жүйелердің толық өмірлік циклін немесе оның негізгі кезеңдерін қолдауға бағытталған мұндай технологиялар, CASE-технологиялар және CASE-құралдар атына ие болды. Ақпараттық жүйенің жобасын жүзеге асыру үшін толық және қарама-қайшылықсыз функционалдық және басқару жүйелерінің ақпараттық үлгілері құрылуы тиіс. Атап өткен үлгілердің жинақталған тәжірибесі, бұл логикалық күрделі, қиын және ұзақмерзімдік жұмыс, жоғары біліктілікті мамандарды қажет ететіндігін көрсетеді. Әдетте, көп жағдайларда ақпараттық жүйені жобалау негізінде эксперттік бағаларға және тәжірибелік зерттеулерге негізделген қалыптастырылған емес әдістерді қолдану арқылы интуитивті деңгейде орындалады.
Сонымен қатар, ақпараттық жүйенің функционалдау және құру үрдісінде қолданушылардың ақпараттық қажеттіліктері өзгеруі немесе нақтылануы мүмкін, бұл автоматтандырылған басқару жүйелерін жасауды және сүйемелдеуді одан әрі қиындатады. Осы кемшіліктеріне байланысты, ақпараттық жүйе құру және сүйемелдеу CASE-технологияларын жүзеге асырушы арнайы CASE-құралдары классының программалы-техникалық құралдарына негізделген тұрғылар еркін болады.
CASE (Computer Aided Software Engineering) термині ретінде, ақпараттық жүйені құру және сүйемелдеу үрдістерін, сонымен қатар талдау және талаптарды қалыптастыру, қолданбалы программалық жасақтаманы және мәліметтер қорын жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, құжаттандыру, сапаны қамтамасыз ету, конфигурациялық басқару және жобаны басқару, және т.б. үрдістерді қолдайтын программалық құралдар деп түсінеміз.
BPwin, сол моделді құру үшін керек – функциональдық модель (немесе процесстер моделі). CASE технологиялар күрделі программалық жүйелерді талдау, жобалау, жасау және сүйемелдеу методологиялардың жиынтығы болып табылады. Олар өзара біріктірілген автоматттандыру құралдар кешені көмегімен құрылымдық және обьектілік тұрғыларға негізделеді. Кез-келген CASE технологиясы негізінен методология/әдіс/нотация/құрал/парадигмасы алынады. Методология қандай да бір тұрғының негізінде жасалып, жұмыстың қадамдарын, қадамдардың орналасу тәртібін, сонымен қатар әдістер міндеттері мен үйлестірілу ережелерін анықтайды.
Әдіс қандай да бір мақсатқа жету, яғни жұмыстың белгілі бір қадамын орындау тәсілін анықтайды. Нотация деп модельдердің қандай да бір класын сипаттау үшін қолданылатын таңбалар жүйесін айтады. Нотацияның графикалық және текстілік түрлері болады. Графикалық нотациялар графтар, диаграммалар, кестелер, схемалар түрінде сипаттайды, ал текстілік нотациялар модельдерді формальді және кәдімгі тілде сипаттайды. CASE технологияда нотациялар жобаланатын жүйенің деректер элементтерінің жасау кезеңдерінің құрылымын сипаттау үшін қолданылады. Құралдар әдістерді жүзеге асыру үшін қажетті құрал - жабдықтарды құрайды. Олар: графикалық жобаны жасау және жөндеу құралдары, жобаны абстракция деңгейі иерархиясы түрінде ұйымдастыру құралдары. Сонымен қатар түрлі деңгейлер компьютердің сәйкестігін тексеру құралдары.
CASE құралдардың мынадай түрлерін бөліп қарауға болады.

  • талаптарды талдау, спецификацияларымен құрылымдарды жобалау, интерфейстерді жөндеудің CASE құралдары (CASE1 - бірінші ұрпағы).

  • программалық қамсыздандыруды жасаудың толық өмірлік циклін қарастыратын біріктірілген орталардың жүзеге асыру және бастапқы текстерді генерациялаудың CASE құралдары ( CASE2 - екінші ұрпағы).

CASE1 негізінен графикалық модельдерді спецификацияларды жобалаудың экрандық редакторлар мен берілгендер сөздігін қолдау құралдарынан тұрады.
CASE2 айталықтай үлкен мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Мұнда жүйелік ақпарат пен жобалық процесін басқару бойынша ақпаратты бақылау, талдау және байланыстыру, жүйенің модельдері мен прототиптерін жасау, генерацияланған программаларды тестілеу, мақұлдау және талдау қамсыздандырылады.
Көп еңбекті қажет ететін операцияларды автоматтандыра отырып, қазіргі заманғы CASE технологиялар программалаушы мамандардың еңбек өнімділігін айтарлықтай өсіріп, жасалатын программалық қамсыздандырудың сапасын көтерді. Олар: Жоба спецификацияларының сәйкестігінің автоматты түрде бақылануын қамсыздандырады. Жүйе прототипін жасау уақытын қысқартады. Жобалау және жасау процесін жеделдетеді. Өмірлік циклдің барлық кезеңдері үшін арналған жобалық құжаттаманың қазіргі заманғы стандарттарға сәйкес жасалуын автоматтандырады. Кейбір программалық кодтарды түрлі жасау платформалары үшін генерациялайды. Жүйе компонентін қайтара қолдану технологиясын қолдайды. Жобалық құжаттарды бастапқы кодтар бойынша қалпына келтіру мүмкіндігін қамсыздандырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені