2 Әдістер және жабдықтар



бет1/6
Дата22.11.2022
өлшемі51.07 Kb.
#361199
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2 Әдістер және жабдықтар


2 Әдістер және жабдықтар
Мақсаты: CASE- құралдарын енгізу және игеру технологиясы. CASE – құралдарының мінездемесін қарастыру. Объектілі - бағытталған CASE – технологиясы.


2.1 Қазіргі заманғы CASE-технологиялар
CASE-құралдары (Computer Aided Software Engineering) талдау, талаптарды қалыптастыру, қолданбаны және мәліметтер қорын жобалау, кодты генерациялау, тестілеу, сапаны қамтамасыз ету, конфигурацияны және жобаны басқару сияқты ақпараттық жүйелерді сүйемелдеу және құру үрдістерін қолдайтын программалар. Яғни, CASE-құралдары жай мәліметтер қорын жобалау тапсырмаларын ғана емес, өте үлкен көлемдегі тапсырмаларды шешуге мүмкіндік береді. Delphi жүйесі де CASE типіне жатады, өйткені қолданбаны жүзеге асыруды автоматтандыруға мүмкіндік береді. CASE жүйесін CASE-құралдар жиынтығы ретінде анықтауға болады.
Мәліметтер қорын жүзеге асыру үшін қолданылатын CASE-құралдардың жіктелуі келесі белгілері бойынша жүргізіледі:
өмірлік цикл кезеңдеріне бағыну;
функционалдық толықтық;
қолданылатын үлгілер типі;
мәліметтер қорын басқару жүйесінен (МҚБЖ) тәуелсіздік деңгейі; платформа.
Өмірлік цикл кезеңдеріне бағыну бойынша CASE жүйесінің келесі негізгі типтерін атап өтуге болады: жобалық спецификацияларды қолдайтын және қамтамасыз ететін талдау және жобалау жүйелері, мысалы, Vantage Team Builder (Cayenne), Silverrun (Silverrun Technologies), PRO-I (McDonnell Douglas); негізгі МҚБЖ-лері үшін мәліметтерді үлгілеу және мәліметтер қорының сызбасын жасауды қамтамасыз ететін мәліметтер қорын жобалау жүйелері, мысалы, ERwin (Logic Works), SDesigner (SPD), DataBase Designer (Oracle);
Қолданбаны жасау жүйелері, мысалы, Uniface (Compuware), JAM (JYACC), PowerBuilder (Sybase), Developer/2000 (Oracle), New Era (Informix), SQL Windows (Centura), Delphi (Borland) Функционалдық толықтық бойынша CASE жүйелері шартты түрде келесі топтарға бөлінеді:
Өмірлік циклдің бір немесе бірнеше кезеңдеріндегі жекеленген есептерді шығаруға арналған жүйелер, мысалы, ERwin (Logic Works), S-Designer (SPD), CASE.Аналитик (МакроПроджект) және Silverrun (Silverrun Technologies);
Ақпараттық жүйенің барлық өмірлік циклін қолдайтын интегралданған жүйелер, мысалы,Vantage Team Builder (Cayenne) жүйесі және Designer/2000 (Oracle) жүйесі;
Қолданылатын үлгілер типі бойынша CASE жүйелері үш түрге бөлінеді:
құрылымдық, объектілі-бағытталған және комбинарлық.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені