2 дәріс. XX ғасырдағы қоғамдық-саяси ахуал: кезең поэзиядағы басты ерекшелігі Жоспары: Жоңғарлар шабуылының зардабы «зар заман»


Жатырсың көрмей қайғысын, - деген



бет2/2
Дата14.09.2022
өлшемі98.15 Kb.
#290176
1   2
Байланысты:
№2 дәріс. Эмиграция әдеб.

Жатырсың көрмей қайғысын, - деген


ойларын қысылмай айтқаны анық. Бұл шумақтар Міржақып Дулатовтың «Оян, қазағындағы» пікірлерден бастау алғаны сөзсіз»,-дейді. Зерттеушінің бұл пікірі Сәкеннің төңкеріс шеңберінде ғана әрекет етпей, сол қайраткерлік ұстанымының бір парасы ұлт мүддесімен ұштасып жатқанын аңғартады.
Ақын М.Дулатов «Қазақ жайы» өлеңінде халықтың өткен тарихын суреттеп, оның еркіндігін, жері кең, дәулетінің молдығын айтады («Көшсе де мың шақырым жері жайлы, аққан бұлақ, шалғыны көк орайлы, жер тар болып көрмеді ол уайымды»). Алайда, бұл өткінші болып шықты. Қазақ ішіндегі алауыздық, көлденең дұшпандары бар екен, әлсізге әлді үстемдік етті. Мұның соңы орысқа бағынумен тынды, өз еліндегі халық бұратана атанды, қысым көрді («Сыя алмай кең дүниеге таласушы еді, таршылық енді көріп сығылысқан»). 1868 жылы қазақ жері қазыналық деп жарияланып, қазақтың қайран жерлері қасіретке оранды:

Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,


Мұжыққа хош-аман боп барасың ба?
Айырылсаң қайран жерден осы күнгі
Топыраққа малды қазақ, бағасың да...
Бұл ойлардағы үндес оралымдар өзге жұрттың теперішті тіршілігін көп көрген ақын Ақыт Үлімжіұлы:

Алтайдың асқар басын тұман шалған,


Қайран елім есімде сонда қалған.
Өмірімде Алтайды бір көре алсам,
Қалмас еді көңілімде ешбір арман, - деп
ел мен жер тағдырын толғаған жырымен етенелес. Ал, осы ой жақындығы ақын Таңжарықтың тұтқынға алынып Құлжаға айдалғандағы өлеңімен үндеседі:

Аман бол, уа, дариға, туған жерім,


Білмеген қадіріңді қайран елім!
Аруағы ата-баба кетті қайда,
Ұрпағың болып кетті-ау, телім-телім.
Үш ақын да туған жеріне деген жанашырлығын, туған елінің тағдырына деген сезімдерін жеткізген. Ақындардағы «қайран ел», «қайран жер» тіркестері олардың жүрекжарды ой-аңсарларын айғақтайды.
Қазақ ақындары отаршылдықтың бұғауынан арылып, бостандықтың келуін аңсайды. Бұл ретте мына бір пікірдің орайы келіп тұр: «Қазақтың жалшылары еуропанікіндей соқа басынан басқалығы жоқ, қара қасқа жалшы емес, бір аяғы кенде, тұзда, балық кәсібінде, шойын жолда, зауытта болса, бір аяғы елде жүрген жалшы, өйткені олардың азды-көпті малы, шаруасы бар, Ағайын-туысқанымен байланысы бар, ортасынан, руынан, құдандалы тамыр-таныстан қол үзіп кеткен жоқ». Қазақ әдебиетінің саяси көзқарастары, шығармашылық мұраларындағы идеялық-эстетикалық ұстанымдарына байланысты қуғынға түскен өкілдері ел-жерін тастап кетпеді. Олар өздерінің қарсылықтарын әдеби, қоғамдық әрекеттері арқылы білдірді. Олар мерзімді басылым беттеріне мақалалар жазып, әдебиеттің жай-күйі, бет алысы туралы байқағандарын ортаға салды, ашық пікір білдірді.
Әдебиеттегі бағыт алшақтығы қоғамда түрліше қабылданды. Алаш қайраткерлері, мәселен, Ж.Аймауытов кеңес өкіметі кезеңінде мұғалім бола жүріп, «Қазақ тілі», «Ақжол» басылымдарымен байланыста болады. Жиырмасыншы жылдардың қысымы құрсауға алғанда да жазу үстінде болған қаламгер бостандық идеясын көтерді. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаевтардың бұл тұстағы «кінәсі» төңкерістің саяси жағын ғана емес, мәдени мазмұнын да көргісі келді. Ақын М.Дулатов «Қазақ жайы» өлеңінде халықтың өткен тарихын суреттеп, оның еркіндігін, жері кең, дәулетінің молдығын айтады («Көшсе де мың шақырым жері жайлы, аққан бұлақ, шалғыны көк орайлы, жер тар болып көрмеді ол уайымды»). Алайда, бұл өткінші болып шықты. Қазақ ішіндегі алауыздық, көлденең дұшпандары бар екен, әлсізге әлді үстемдік етті. Мұның соңы орысқа бағынумен тынды, өз елінде халық бұратана атанды, қысым көрді. 1868 жылы қазақ жері қазыналық деп жарияланып, қазақтың қайран жерлері қасіретке оранды:

Кір жуып, кіндік кескен қайран жерлер,


Мұжыққа хош-аман боп барасың ба?
Айырылсаң қайран жерден осы күнгі
Топыраққа малды қазақ, бағасың да...

Қазақтың тіршілік қамын жеп туған жерінен жөңкіле ауған тұсының тағы бірі - отызыншы жылдардың бас кезіндегі ашаршылық кезеңі. Бұл тұста Голощекин және оның жандайшаптарының кесірлі саясаты салдарынан халықтың жартысына жуығы аштықтан қырылып қалды. Қазақ халқына қасақана жасалған бұл зұлмат тұтас халықты селдіретіп жібергені туралы дерек «Нәубет» жинағында келтірілген. Ашаршылық кезеңінде Орта Азия мен Ресей жеріне ауғандар, Ауғанстан, Қытай, Иранға өтіп кеткендер қазақ жұртының кең даласына «өгей» болғандығы байқалады. Жергілікті халықтың көпшілігінің шаруашылығы мен тұрмысының көшпелі сипаты олардың ашаршылық зардаптары ерекше байқалды. Сандаған адам ашаршылықтың аяусыз тырнағына ілініп, туған жерлерінен босып, тағдырдың тәлкегіне ұшырады.




Әдебиеттер:

1.Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. – Алматы, 1997


2. М.Әуезов. Әдебиет тарихы. - Алматы, 1991
3.Көпеев Мәшһүр Жүсіп. Көп томдық шығармалар жинағы. Т.11. Жиған-тергендер. –Алматы: Алаш, 2010
4. «Қазақ» газеті, А., 1995.
5.Т. Кәкішев. Ескірмейді естелік. -Алматы: Жазушы, 1994
6. Б.Омаров. Зар заман поэзиясы. – Алматы, 1999
7. Ай, заман-ай, заман-ай. Жинақ. – Алматы, 1991

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
бекіту туралы
рсетілетін қызмет
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
болып табылады
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
қызмет стандарты
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
тақырыптық жоспар
Әдістемелік кешені
Қысқа мерзімді
туралы жалпы
республикасының білім
атындағы жалпы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақстанның қазіргі
пайда болуы
қазақ тілінде