2 дәріс. XX ғасырдағы қоғамдық-саяси ахуал: кезең поэзиядағы басты ерекшелігі Жоспары: Жоңғарлар шабуылының зардабы «зар заман»



бет1/2
Дата14.09.2022
өлшемі98.15 Kb.
#290176
  1   2
Байланысты:
№2 дәріс. Эмиграция әдеб.


2 дәріс. XX ғасырдағы қоғамдық-саяси ахуал: кезең поэзиядағы басты ерекшелігі


Жоспары:
1.Жоңғарлар шабуылының зардабы («зар заман» ақындары)
2. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне байланысты туған жырлар
3. Ел мен жер, бостандық жырларындағы ортақ сарын
Глоссарий:
Зар заман – отарлау саясатының салдарынан халықтың езгіге ұшыраған тарихи кезеңі
Аллегория – алғашқы мағынаның ығыстырылып, ойдың тұспалмен берілуі
Афоризм (қысқа айтылым) – автордың терең ойға құрылған айшықты сөзі
Дүниетаным – қоғам мен адамзат ақыл-ойының дамуы туралы көзқарастар жүйесі
Эмиграциядағы топ өздерінің өмір сүру салтында уақыт өте бірлікті сақтап отырады да, өздерінің «эмиграциялық кеңістігін құрайды». Қалай болған күнде де өзге ел-жерді мекен еткен қауым, өз алдарына бір шоғыр болып, тіршілік кешіп, салт-дәстүрін, мәдениетін мүмкіндігінше сақтап отырған. Бұл сырттағы қауымның өмірі, әлеуметтік жағдайы, рухани-мәдени әрекеттері бірыңғайланып, өз алдына бір арна тауып жатады.
Қай кезең де қоғамдағы әрбір өзгерістің адам санасына ықпал етіп отыратыны анық. Қазақ жұртының өз елінен ауу кезеңдерінің үлкен тарихи-саяси себебі болды. Өз кезінде зерттеуші Р.Бердібай «қалай болғанда да қазақтың іргесі сөгіліп, көрші елдерге үрке көшуінің алғашқы түрткісі жоңғар шабуылының зардабы екені ақиқат» деген.

Еділдің бойы қанды қиян,


Жайықтың бойы майлы қиян,
Маңқыстау бойы шаңды қиян.
Адыра қалғыр үш қиян!
Жеті жұртың кеткен жер,
Қайырсыз болған неткен жер?! (Мұрат)

Еділді алып - елді алды,


Енді алмаған нең алды?
Кетейін десең жерің тар,
Кетпейін десең кәпір бар (Шортанбай)

Бұл барғаннан келмесем,


Өз еркіммен жүрмесем,
Жебеп-желеп жүре гөр,
Арқада қалған аруақ (Күдеріқожа)

Бұл ұзаққа созылған отарлаудың салдары одан кейін де жалғасып, XX ғасырдың трагедиясына: соғыс, төңкеріс, қуғын‑сүргін, әділетсіздік, елден аластату ‑ жалғасып жатты да, бұл әлемдік деңгейде көрініс берді. Осы тұрғыдан келгенде қазақ сөз өнеріндегі «зар заман», «отаршылдық», «қуғын көрген әдебиет өкілдері», «бүлікші (бунтарь) ақындар» деген ұғымдар ерте-ақ қалыптасты. Атап айтқанда, М.Әуезов, С.Мұқанов, Б.Кенжебаев, Р.Бердібай, М.Мағауин, Т.Жұртбай, Қ.Мәдібай, Б.Омаров еңбектерінде зерттеліп, бұл өткен ғасырдағы алаш тұлғаларының қайраткерлік-елшілдік қызметі мен көзқарастарын байыптауға, шығармашылықтарын зерделеуге ұласты. Бұл ретте, С.Қирабаев, Р.Нұрғали, Е.Ысмайылов, З.Қабдолов, З.Ахметов, Б.Кенжебаев, Т.Кәкішев, Ш.Елеукенов, Ж.Ысмағұлов, Ж.Дәдебаев, М.Хамзин, Қ.Алпысбаев, Р.Тұрысбек, А.Ісмақова, Д.Қамзабекұлы, А.Шәріп еңбектері белгілі.


Тәуелсіздік алған кезеңнен бастап, шеттегі қандас бауырларымыздың ата жұртына оралу мүмкіндігі тууымен қоса, олардың әдеби мұралары да жете бастады. Осыған байланысты мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында шеттегі ақын-жазушылардың шығармалары жетіп, жинақтар жарық көрді. Қазақ халқының сыртқа ығысуының үлкен бір кезеңі - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің тұсы болды. Қазақ даласының әр түкпірінде жерден ығыстырылу, үстем күштердің қысымына деген наразылық бой көтеріп, ол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне жалғасты. Қазақ халқының тарихында өткен сандаған күрес-қарсыласулардың ішінде бұл көтерілістің орны ерекше болды. Бұған дейін де патша үкіметінің қысымына қарсы наразылық білдіріп келген халықты 1916 жылдың 25 маусымында Орта Азия халқынан майданға адам алу туралы жарлығы тіпті де табанды қарсылық жасауға мәжбүр етті. Бұл тек бір сәттік наразылық емес, ұлттардың азаттық жолында тұтас халықты әрекетке шақырған көтеріліс еді.
Поэзия жанрында жарық көрген жыр-толғаулар сол кездің тарихи шындығы мен халықтың көңіл-күйін тап баса жырлады. Бұл туындыларда қалың жұртшылықтың үрейленген, жігерленген немесе тәуекелге бел буған қалпы суреттеледі. Мәселен, халық поэзиясының алыбы Жамбыл жырларын туған еліне, халқына арнады. Ақынның «Патша әмірі тарылды» толғауында солдатқа адам алудың елге әкелген зардабын, көкіректе зар, көңілде шер қалдырған кезең қыспағын суреттей келе:

Би, болысты тәңірі атты,


Ел қорғауға жарамай.
Ағайынды еңіретті,
Көз жасына қарамай.
Енді ойласақ: не қалды,
Ата жұрттан кету бар.
Жолға тігіп не жанды,
Тәуекелге беку бар, -
деп зауал шақтың бейнесін береді. «Ел басына күн туған» кер заманның көрінісін берген Нарманбет ақынның:

Сарыарқаны өрт алды,


Мезгілінен ерте алды.
Ішкен асым батпады,
Жүрегімді дерт алды.
Мал садақа, жан пида,
Бала сұрап ерік алды.
Ата-анада зәре жоқ,
Боздақтарым сандалды,
Ғылым да жоқ, бірлік жоқ,
Құламасқа не қалды.

Қайраткер Ә.Бөкейхан: «1916-ншы жылы патша сансыз жігітті соғыста өлтірді, қол-аяғы жоқ мүгедек қылды; елдің шаруасы ойрандалды, соғыста ерлер өліп, елде шаруа күйзелді, жетім бала, жесір әйел, шал-кемпір көзінің жасы көл болып, жұртта қалған ботадай боздады. Майдандағы шексіз жерде шабылмаған ел, талқандалмаған қора-қопсы қалмады»,-деп елге еңсе көтертпес ауырлық әкелген кезең көрінісін айтады. Ғалым М.Мырзахметұлы: «Ұлттық оянудың, сезінудің бастамасы біздің тарихымызда отаршылдық қысымға түсуді алдын ала сезіну мен бодандық қамыты жегілуден кейін туындаған зар заман ақындары шығармаларында өз көрінісін жан жақты реалистік тұрыдан суреттеп бере білді. Ал, XX ғасыр басындағы қазақ қоғамындағы ояну дәуірі ұлттық идеяның темірқазығына айналды»,-дейді.


XX ғасырдың бас кезіндегі кітаби ақын-шайырлар негізінен сауатты ақындар болған. Олардың қатарында М.Қалтаев, Ш.Жәңгіров, А.Сабалұлы, Ж.Шайхисламұлы, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы, Албан Асан, Қаңлы Жүсіп, Мұқан Балтекейұлы, Нұралы Нысанбайұлы, М.Байзақұлы, Т.Ізтілеуов, О.Шораяқов, М.Кәшімов, Ғ.Қарашев тағы басқалары болды. Олардың шығармаларының негізі үстемдердің елді қанауына, адамдардың пиғылы бұзылып, халықты күйзелткен жағымсыз әрекеттердің көрініс беруін жырлады. Олар заманның аумалы-төкпелі тұрпатын танып, мазасызданады. Жырауларша тереңнен ой қозғап, өткеніне қайырылады, заманның тыныштығын, ел іргесінің ажырамауын жыр етеді. Мәшһүр Жүсіптің Қазан қаласында басылып, 1907 жылы жарық көрген «Сарыарқаның кімдігі екендігі» кітабындағы басты мәселе – «қазақтың осы күнгі әңгімесі» – жер жайы:

Айырылып қалып едің су мен жерден,


Қуат-күш кеткеннен соң әрбір елден.
Біреуі айрылғанның – тау мен ағаш,
Мүлкіңнен шығып кеткен бәрі бірден...

Есіктен кіре алмайтын қара шекпен


Орынды қақ жарып кеп алды төрден.
Тұтқынға сорлы қазақ қалмап па едің,
Қол қойып ақ қағазға басқан мөрден.

Қазақ жерінің түкпір-түкпірінде бас көтерулері өрістеп, патша әкімдеріне қарсылық көрсетіп, оларды түрлі жағдайда жазалаған қимыл-әрекеттер бой көрсетті. Осы кезең оқиғасына көзқарас-пікір білдірген мақалалар да баспасөзде жариялана бастады. Солардың бірі «Қазақ» газеті болды. Басылымда солдат мәселелері кең көтеріліп, оның дұрыс-терістігін қуаттаған мақалалар жарық көрді. 1917-1921 жылдар арасында өткен тарихи оқиғалар аса күрделі болды. Сондықтан бұл кезеңге баға беріп, талдау жасау қиын еді. Көптеген сыншылар әдебиеттің жетекші күштері мен әдіс‑ағымдарын анықтауда толқымалы күйде болды. Аз ғана мерзім ішінде өткен тарихи өзгерулер қазақ даласына да үлкен бетбұрыстар алып келді. Қазақ зиялылары осы бір алмағайып кезеңде халқына дұрыс жол нұсқауға тырысты. М.Дулатовтың «Оян қазақ», А.Байтұрсыновтың «Маса» жинағы халыққа осы бағытта жол көрсетуші болды. Сыншы ғалым Т.Кәкішев: «... «Айқап» журналының сүбелі материалы Ү.Субханбердина мен С.Дәуітовтің құрастыруымен жарыққа шықты. Бұрын оқығандарымды қайтадан пысықтап жатқанымда Сәкеннің «Туған жерім өз елім» (шетте жүргенде) деген (№11,1914) өлеңінің соңғы түйінді екі жолы «Сөйткен жерге хохол келіп орнады, арманда боп, жылай-жылай қалғаным» дегенін оқып, «шошып» кеттім демей-ақ қояйын. Көптен бері Сәкеннің ұлтжандылығы жөнінде жазсам-ау деп жүрген ойыма қамшы болып отыр. Қалай болғанда Cәкеннің атамекенге арнаған жырларында:


Сағынып, Нұра, мен келдім,


Бұрынғы иең-байғұсың.
Айырылған сенен көп елдің


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
Сабақ жоспары
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
оқыту мақсаттары
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
болып табылады
қызмет стандарты
жалпы білім
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
арналған әдістемелік
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсанға
білім берудің
Әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді
республикасының білім
туралы жалпы
атындағы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Жұмыс бағдарламасы
пайда болуы
қазақ тілінде