2. ДӘріс тезистері


Дәріс 14. Физикалық есептің алынған жауабын талдау

Loading...


бет6/8
Дата08.04.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс 14. Физикалық есептің алынған жауабын талдау


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:


1.Алынған жауап дұрыстығын физикалық шамалардың бірліктерін тексеру әдісімен талдау

2.Алынған жауап дқрыстығын физикалық шама сан мәндерінің ақиқатқа сайлығына қарай бағалау (талдау).


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Оқушыларды есеп шығаруға үйрету процесінде физикалық есептердің алынған жауабын талдау маңызды орын алады. Алынған нақты жауапты және есептің қорытқы формуласын талдау барысында, оқушылардың физикалық шамалардың ақиқатқа сайлығын бағалау, нақты есепті шығарғанда қолданылған әдістер мен тәсілдерді басқа есептерге қолдану ж»не жаңа есептер құрастыру дағдылары мен іскерліктері қалыптасады.

Жауапты талдаудың негізгі екі түрі бар:

1)алынған жауап дұрыстығын физикалық шамалардың бірліктерін тексеру әдісімен талдау.

Оқушылар «физикалық шаманың өлшемі» және «физикалық шаманың бірлігі» деген түсініктердің бір-біріне сәйкес емес екендігін білу керек. Мысалы, мынадай өлшемдер қолданылады:

Ұзындық үшін – L;

Уақыт үшін – t;

Масса үшін – m, және т.с.с.

Физикалық шаманың кез келген бірліктер жүйесіндегі өлшемі бірдей болады. Мысалы, , (dimension – өлшем деген сөзінен алынған),

Мектеп физика курсында біз физикалық шамалардың өлшемдерін емес, физикалық шамалардың бірліктерін теңестіреміз. Физикалық шама бірліктері таңдап алынған бірліктер жүйесіне байланысты болады.



1-мысал. Динамика есебін шығарғанда алынған қорытқы формуламыз төмендегідей болсын:, мұнда l-ұзындық. Тексеру барысында теңдікті сол жағындағы өрнектен де ұзындық бірлігін алуымыз керек. Ол үшін өрнекке физикалық шамалар орнына олардың бірліктерін қоямыз: .

2)алынған жауап дқрыстығын физикалық шама сан мәндерінің ақиқатқа сайлығына қарай бағалау (талдау).

Алынған жауаптың шындыққа сайлығын бағалау теориялық білімді саналы түрде меңгеруге септігін тигізеді. Оқушылардың анықтама құралдары мен жұмыс істеу, бірліктер жүйесін таңдап, барлық физикалық шамаларды осы жүйе бірліктерімен өрнектеу дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Алынған жауап дұрыстығын физикалық шамалардың бірліктерін тексеру әдісімен талдау жолын көрсетіңіз

2.Алынған жауап дқрыстығын физикалық шама сан мәндерінің ақиқатқа сайлығына қарай бағалау (талдау) жолын көрсетіңіз


1

№ 15

дәріс


Дәріс 15. Физика есептерін шығару кезіндегі білім алушылардың өзіндік жұмыстары.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:


  1. Білім алушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру формалары

  2. Білім алушылардың физикаданөзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары

Дәрістің қысқаша мазмұны:

1.Қазіргі білім беру жүйесіндегі үздіксіз білім беру бағдарламасының негізгі принципі – жастарды өз бетінше білім алуға үйрету. «Нағыз білім – өз бетінше оқып алған білім» деп үйретеді халық даналығы. Баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру болса, оқытудағы негізгі мақсат – өздігінен дамуға ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын мәселе бұл - білім алушының өз бетінше жұмысын тиімді ұйымдастыра білу; сол арқылы оқу материалын саналы меңгертудің жүйесін жасау; білім алушының түрлі дара қабілеттерін арттыру.Осыған орай, өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – білім алушылардың танымдық қабілеттерін қалыптастыру, шығармашылық қабілеттері мен қызығушылығын жетілдіру, білімге құштарлығын ояту. Мұғалім сабақта әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып, балалардың ұсыныс-пікірлерін еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыруы қажет. Оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдері арқылы өткізілген әрбір сабақ білім алушыларды терең ойлауға, ізденіске жетелейді. Білім алушылардың өзіндік жұмысы деп арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардың мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ, мұғалімнің тапсыруымен, бақылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын айтады. Өзіндік жұмыс мұғалімнің ұсынан тапсырмасының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, жұмыс нәтижелерінің талдауымен байланысты білім алушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.

Сонымен қатар білім алушылардың өзіндік жұмысының жоғарғы формасына олардың өз еркімен жаңа амал-тәсілдер қолданып, жасайтын шығармашылық жұмыстарын жатқызамыз. Мұғалім білім алушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыруда өзінің басшылық әрекетін олардың талап-тілектеріне сәйкес ойдағыдай ұштастыра білуі қажет. Бұл мұғалімнен шығармашылық еңбек пен әдістемелік  шеберлікті талап етеді. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері сан алуан. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын топтастыруда бірнеше шарттар мен белгілерді ескеру қажет. Оқытудың мақсат-міндеттеріне, жеке пәннің мазмұнына, ғылым мен оқыту әдістерінің ерекшеліктеріне, оқушылардың дербестігі мен жалпы даму дәрежесіне, оқыту үрдісіндегі алатын орнына, т.б. белгілеріне қарай олардың өздігінен істейтін жұмыстарын бірнеше топқа бөлуге болады.Оның ең жиі кездесетін бір тобы – сабақ мақсатына қарай қолданатын жұмыстың түрлері:жаңа білімді меңгеру (материалды жан-жақты талдау, мұғалімнің ауызша баяндауының жоспарын, конспектісін жасаут.б.); жаңа білімді бекіту (түрлі жаттығулар т.б.); білім мен дағдыларды қайталау, бақылау және тексеру (физикалық диктант, бақылау жұмысы, тест тапсырмаларын орындау, есептер шығару, зертханалық жұмыстарды, физикалық практикумды, практикалық жұмыстарды орындау, таратпа материалдармен жұмыс істеу т.с.с).

Оқушылардың өзіндік жұмыстарының екінші тобына ғылым мен оқыту әдістеріне байланысты іске асырылатын жұмыстардың түрлері жатады: оқулықпен, оқу құралымен және басқа да ғылыми анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу; конспект жасап үйрену; баяндамалар, рефераттар жазу; шығармашылық жаттығулар, бақылау, т.б.

             Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай, олардың өздігінен істейтін жұмыстары репродуктивтік және шығармашылық болып екі топқа бөлінеді. Репродуктивтік жұмыстарға оқушылардың дайын үлгіге еліктеу негізінде жасайтын жұмыстары (жай жаттығу, көшіріп жазу, мұғалімнің берген сұрақтарына кітаптан жауап беру, берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтінмен жұмысістеут.б.) жатады.Шығармашылық жұмысқа қондырғыларды конструкциялау, қолдан приборлар жасау, схема-плакаттар салу; тәжірибелерді, табиғат құбылыстарын бақылауға, олардан тиісті қорытындылар жасауға үйрету; үйде физикалық тәжірбелер мен өлшеу-бақылауларды жүргізу және т.б.жатады. Репродуктивтік және шығармашылық жұмыстар өзара байланысты болады, біріншісі екіншісіне ауысып отырады. Төртінші топқа – мұғалімнің тапсыруынсыз: міндетті түрде емес, оқушылардың өз еркімен, ықыласымен жасайтын жұмыстары жатады: қосымша әдебиеттерді оқуы, ғылыми үйірмелер мен ұйымдардың жұмысына араласу, байқау, олимпиадаларға қатысуы, қоғамдық пайдалы жұмыстарға араласу т.б.



Өзіндік жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей талаптар орындалуы қажет:

  1. Өзіндік жұмыстың мазмұны бағдарламаға қойылатын талаптарға сәйкес келуі керек.

  2. Білім алушылардың ойлау қабілетін дамытуға тиісті.

  3. Өзіндік жұмыстар түрі және мазмұны жағынан әртүрлі болуы керек.

  4. Өзіндік жұмысты тек қайталау кезінде ғана жүргізбей, сабақтың барлық кезендерінде, орынды жерінде өткізу керек.

  5.  Жұмыстың көлемін шамадан асырмай, оның сапасын арттыруға көңіл аудару.

  6.  Білім алушылардың өзіндік жұмысын оқу жұмысының басқа түрлерімен дұрыс ұштастыра білу.

  7.   Білім алушыларды алған білімдерін іс жүзінде қолдана білуге дағдыландыру.

  8. Өзіндік жұмысты орындауға жеткілікті уақыт берілуі керек (8-15 мин. Ұзақ болмайды).

  9. Әрбір өзіндік жұмыс тексерілуі және бағалануы керек.

  10. Өзіндік жұмыстың мақсаты, орындау әдісі білім алушыларғат үсінікті болуы тиіс.

  11. Өзбетімен жұмысқа білім алушылар білім деңгейіне байланысты әртүрлі уақыт жұмсайтынын ескеріп, тақтаға не карточкаға қосымша материалдар дайындап әкелу керек.

2.Физика есептерін шығару барысында білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру жолдары

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру арқылы олардың ойлау қабілеттерін дамытуға болады. Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының түрлері қаншалықты көп болса, оларды ұйымдастыру жолдары да сан алуан. Физиканы оқыту кезінде оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың негізгі мақсаты: өз бетінше білім алу, білімдерін дамыту, алған білімдерін практикада қолдана білуді үйрету, өздігінен үздіксіз оқуға дағдыландыру.

Білім алушылардың өз беттерінше жұмыс істеу дағыдалырын қалыптастыруда оқулықпен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс жасаудың маңызы зор. Оқушылар оқулықпен жұмыс жасағанда мұғалім оларға меңгерген оқу материалының ішінен ең негізгі мәселені таба білуге үйретуі керек. Оқығандарының негізгілерін бөліп алып, конспект жасауға үйрету үшін физикалық құбылыстарды, шамаларды, заңдарды баяндаудың алгоритмдік жоспарын жасап, ұдайы көрсетіп отыруы тиіс.

Физикалық шама:

1. Қандай нысанды сипаттайды?

2. Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері.

3. Өлшем бірлігі /БХБЖ жүйесінде/.

4. Оның басқа шамалармен байланысы.

5. Шама анықтамасы.

Физикалық құбылыс:

1. Құбылыстың басты ерекшеліктері.

2. Өту шарттары.

3. Құбылыс бақыланатын эксперимент тізбегі.

4.Берілген құбылыстың басқа құбылыстармен

байланысы.

5. Практикада қолданылуы.

Физикалық заң:

1.Нені байланыстырады, анықтайды, бекітеді.

2.Қандай негізгі фактілерге негізделіп тұжырымдалған.

3.Қандай физикалық шамаларды байланыстырады.

4.Заңды сипаттайтын формула.

5.Тәжірибе жүзінде бекітілуі.

6.Практикада қолданылуы.

7.Заңның анықтамасы.

Көрсетілген жоспарларды оқушылар оқу материалын меңгеру жөніндегі өзінің қызметіне бақылау жасау үшін, ал мұғалімге білім алушылардың оқу материалын меңгеру сапасын тексеру үшін де пайдалануға болады.

Білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастырудың келесі бір жолы –әртүрлі типтегі есептерді шығару.

Есептер шығару барысында білім алушылардың өзіндік жұмыстарын жеке-дара, жұппен және топпен ұйымдастыруға болады.Есептер шығару арқылы жаңа оқу материалы түсіндіріледі, жаңа оқу материалын бекітіледі және алған білімін практикада қолдана білуі тексеріледі.

Мысалы, эксперименттік есептерді шығаруда білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруды қарастырайық.

Берілген құрал-жабдықтарды пайдаланып сұйықтың, қатты дененің тығыздығын, дененің үйкеліс коэффициентін, ауырлық күшінің үдеуін анықтаңыз. Тізбектей және параллель жалғау заңдарын тексеріңіз.



№1

Кесте 1. Қатты дененің тығыздығын анықтау



Дене массасы, 

Көлем, 

Қатты дененің тығыздығы, 

Зат атауы

Су көлемі,

Дене мен суды қоса алғандағы көлемі,

Дене көлемі, 



















Кесте 2. Сұйық тығыздығын анықтау

Бос стаканның массасы, 

Сұйық көлемі, 

Сұйығы бар стаканның массасы, 

Сұйық массасы, 

Сұйық тығыздығы. 

Сұйық атауы



















№2

Кесте 3. Тізбектей жалғау



I1,A

I2,A

U1,B

U2,B

R1,Oм

R2,Oм

Rж,Oм

,Oм

























Кесте 4. Параллель жалғау

I1,A

I2,A

Iж,A

U1,B

U2,B

R1,Oм

R2,Oм

Rж,Oм

,Oм





























Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...