2. ДӘріс тезистері


Дәріс 13. Есептерді шығару кезіндегі графиктік әдістер

Loading...


бет5/8
Дата08.04.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

Дәріс 13. Есептерді шығару кезіндегі графиктік әдістер


Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:


1.Графиктік есепті шығару әдістемесі

2.Графиктік есеп түрлері

3.Графиктік есептер шығарудың негізгі кезеңдері
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Есептің жауабын графиксіз алуға болмайтын есептерді графиктікесептер деп атайды. Графиктік есептердің зерттеу нысандары – физикалық шамалардың өзара тәуелділігінің графиктері. Кейбір есептерде график есеп шартында беріледі, екінші бір есептерде графикті оларды есепте берілген деректер бойынша салады. Графиктік есептерді шығаруға қажет білім математика пәнінде беріледі, сондықтан физикада оларды еркін қолдануға болады. Оларға: тығыздық тұрақты болғанда массаның көлемге тәуелділігі, сұйықтың ыдыс түбіне түсіретін қысымының биіктікке тәуелділігі, жылдамдық тұрақты болғанда жүрілген жолдың уақытқа тәуелділігі графиктері жатады.

Графиктермен жұмысты қарапайым графиктерді оқып үйренуден бастайды да, тапсырманы физикалық шамалардың сандық байланыстарын табудан, формулалар түзуге дейін қиындатады. Алынған формулаларды қолданып шығарылатын есептер, одан әрі, сандық есептерге айналады.

Мысалы, берілген графикке қарап, қозғалысты сипаттаңыз: графиктің әртүрлі бөліктеріндегіs жолды, а үдеуді және t уақытты анықтаңыз.





Оқушылар есеп шартын талдай отырып, жылдамдықтың уақытқа тәуелділік заңдылығын анықтау керек. Қозғалыс екі түрлі кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ден -ге дейін (ОА аралығы) жылдамдық мәні v-=0 ден v=v1–ге дейін сызықты түрде өседі. Яғни, қозғалыс бірқалыпты үдемелі. Ал мен аралығында жылдамдық мәні тұрақты күйде қалады, яғни бұл АВ аралықта қозғалыс бірқалыпты. Дененің үдеуін анықтайық, аралығында , сондықтан . Ал аралығында , яғни . Үдемелі қозғалыс кезінде жүрілген жол OAD үшбұрышының ауданына, бірқалыпты қозғалыс кезінде жүрген жолABCD төртбұрышының ауданына тең.

Графиктен , , анықтау мүмкін болса,  –үдеу мен s-жолды есептеп тауып, сандық есеп шығарар едік. Есеп мәні сапалық деңгейдің өзінде жақсы түсіндіріледі.

Графиктік есеп түрлері:

1.Есеп шартында берілген деректер бойынша график салынады

2.Берілген график түрі бойынша физикалық шамалардың функционалды байланысы анықталады

3.Берілген графиктен ізделінді шама анықталады

4.Қарастырылатын құбылыс пен жағдай график арқылы сипатталады

5.График көмегімен физиклық үрдіс жан-жақты талданады

Графиктік есептер шығарудың негізгі кезеңдері

1.физикалық шамалар арасындағы байланыс графигі берілсе:

1)графиктің әр бөлігіндегі шамалар арасындағы байланысты ажыратып, оны толық түйсіну;

2)масштабқа негізделіп, графиктен физикалық шамалардың берілген мәндерін (шамалардың абсциса және ордината осьтеріндегі мәндерін, координата остері және графикпен шектелген фигура ауданын, т.с.с.) анықтау.

2.егер график берілмесе:

1)есеп шарты немесе арнайы кестелер бойынша графиктер салынады;

2)ол үшін координата остері сызылып, белгілі масштаб таңдап алынған соң, қажет кесте толтырылады. Кестедегі мәндер координата жазықтығындағы сәйкес нүтелерге беріледі. Нүктелерді қосып физикалық шамалардың өзара тәуелділік графигін алады, әрі қарай, график жоғарыдағыдай талданады. Графиктік әдісті қолдану және физикалық процестер мен заңдылықтардың графиктерін пайдалану шығармашылық ойлауды, бейнені көре білуді дамытады. Оқушылардың графиктік сауаттылығы осындай даярлық шарттарының бірі болып табылады.

Көпшілік жағдайларда физикалық процесті графикпен кескіндеу оны көрнекілейді, сөйтіп қарастырып отырған құбылысты түсінуді жеңілдетеді. Есептеулерді біршама жеңілдете отырып, графиктер практикада әртүрлі мәселелерді шешуне кеңінен қолданылады.

Есептер шығарудың графиктік әдісін қолданумен байланысты әдістемелік мүмкіндіктердің молдығына қарамастан, қзір пайдаланып жүрген оқулықтар мен есептер жинақтарында графиктердің және сәйкес жаттығулардың тапшылығы байқалады.

Кейбір есептерде екі физикалық шаманың байланысы графиктер түрінде беріледі. Олар бейнелейтін функционалдық байланыстың өрнегін жазу үшін графиктерді оқи алу керек.

Физика есептерін шығаруға графиктік әдісті пайдалану үшін оқушыда ол туралы ең аз дегенде мынадай мағұлыматтар болу керек: график, координаталық жазықтық, координаталар жүйесі, масштаб және т.б. Физика есептерін шығаруға графиктік әдісті қолдану графиктік есептердің өмірдегі, ғылымдағы, техникадағы мәні жөнінде түсінік береді, графиктермен жұмыс істеудің әртүрлі жақтарымен таныстырады. Мысалы оқушылар графиктік есептер құрудың негізгі тәсілдерін білуі, бұл есептерді шешу тәсілдері бойынша жіктемелей алуы тиіс.

Кейбір есептерде екі физикалық шаманың байланысы графиктер түрінде беріледі. Олар бейнелейтін функционалдық байланыстың өрнегін жазу үшін графиктерді оқи алу керек.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Графиктік есепті шығару әдістемесін көрсетіңіз



1

№ 14

дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...