2. ДӘріс тезистері

Loading...


бет4/8
Дата08.04.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8
Дәріс 3. Физика есептерін шығару әдісіндегі анализ және синтез

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:


  1. Физикадан есеп шығарудың құрылымы

  2. Есептер шығару әдісіндегі анализ және синтез

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Жаңа типті мектептердің ашылуы, оқушыларды таңдаған бағдарламалары бойынша оқыту, білім беру реформасын жүзеге асыру мұғалімдердің кәсіби деңгейінің жоғары болуын талап етеді. Білім беру реформасы бүкіл оқыту процесін жаңадан қайта құруды көздейді. Соның ішінде физикадан есеп шығару мәселесі де бар. Физикадан есеп шығаруды «қоршаған ортамен» белгілі бір байланысы бар оқыту процесінің жүйесі ретінде қарастыруға болады.

Физикадан есеп шығарудың құрылымын қарастырғанда оның элементтерін бірнеше топқа біріктіруге болады. Бірінші топқа физикалық теория, екінші топқа педагогикалық және әдістемелік материалдар жатады. Үшінші топтың элементтеріне есеп шығару әдістемесінің элементтері жатады: әр түрлі сипаттағы есептерді шығару әдістері, есептерді шығару тәсілдері мен жолдары т.б. Қазір физика есептерін шығаруда аналитикалық, синтетикалық және аналитикалық-синтетикалық әдістер қолданылады. Бұл әдістер есеп шығару барысында оқушылардың ойлау процесінің жолдары мен оның жүзеге асу ретін көрсетеді.

Анализ бен синтез мәселесі − бұл теорияны танудағы психологиялық және дидактикалық негізгі мәселе болып табылады. Адам миында аналитикалық және синтетикалық ойлау процестері бірдей жүретіні сияқты, педагогикада да «анализ» және «синтез» ұғымдары көбіне қатар жүріп, бір жүйеге топтастырылып тұрады. Көбіне оқулықтарда, есептер жинақтарында қолданылатын есептерді шығаруда аналитикалық және синтетикалық әдістердің қатар жүретіні соншалық, оларды тиіпті бөліп алудың, ажыратудың өзі қиын.

Көп жағдайда физикалық есептерді шығару барысында анализ және синтез әдістері «таза» күйінде қолданылуы мүмкін емес. Олар әрқашан да бірімен-бірі байланысып, бірін-бірі толықтырып отырады. Мұндай әдіс аналитикалық- синтетикалық әдіс деп аталады. Әдетте есепті талдау табылуға тиісті шамадан – анализден басталады. Соңынан құбылыстың теңдігін синтездеумен аяқталады.

Аналитикалық-синтетикалық әдістің бір есепте қолданымы кез-келген жүйенің теріс және оң қасиеттері болуы мүмкіндігін көрсетеді. Бұл екі қасиет бірімен-бірі теңесіп отыруы тиіс. Жүйенің элементтері тура және кері байланыста болады. Кері байланыс теріс не оң, екінші ретті теріс болуы да мүмкін. Теріс кері байланыс жүйені тұрақтандырады. Кері оң байланыс элементтерінің көбеюіне көмектеседі. Кері екінші ретті теріс байланыс жүйенің орнықтылығын қамтамасыз етеді, Демек аналитикалық-синтетикалық әдіс күрделі, шығармашылық есептер шығаруда қолданылады. Анализ-синтез екі жақты өту операцияларын тек қана есеп шығару барысында емес, есепті құрастыруда да қолданған тиімді. Әсіресе, эксперименттік есептердің қолдану әдістемесіне үнемі енгізуге болады.

Адамның ойлау операцияларын − анализ, синтез, абстракциялау, классификациялау деп білетін болсақ, олар әрқашан бір-бірімен қатар жүрмейтіндігін ескерген жөн. Бұл операциялардың негізгілері − анализ және синтез. Ал қалғандары осылардан туындайды. Анализ және синтезсіз адамның ойлау қызметі дамымайды.

Физиканың теориялық білімдерін меңгеруде, оларды есеп шығаруда, практикада, өмірде, техникада қолдана білуде аналитикалық, синтетикалық, аналитиклық-синтетикалық әдістердің маңызы зор.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


  1. Физика есептерін шығару құрылымы қандай?

  2. Есеп шығару әдісіндегі анализ және синтез мәселесі


1

№ 4

дәріс


Дәріс 4. Физика есебі және оның физикалық ұғымдарды қалыптастырудағы маңызы

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:

1.Физика есебінің маңызы мен мәні


Дәрістің қысқаша мазмұны:

Ойлауды дамыту мектеп пәндерінің көпшілігін оқытқанда орын алады. Бірақ физиканың (математикамен және басқа да пәндермен қатар) осы мағынада белгілі бір басымдылығы бар. Ол басымдылық мынада: физиканы оқып-үйрену үшін көбірек есеп шығару керек. Өйткені ақыл-ой негізінен мәселелерді шешу кезінде байқалады.

Сондықтан есеп шығару – ақыл-ойдың дамуына ықпал ететін табиғи процесс.

Даму процесі тиімді болуы үшін оқушыға ұсынылатын есептің қиындық деңгейі оның мүмкіндіктерінен біршама жоғары болуы керек. басқаша айтқанда, дамытушы оқыту қиындығы жоғары есептер шығаруды қажет етеді. Физиканың қиын есептері кез келген оқушыны қызықтыра бермеуі мүмкін. Сондықтан, белгілі бір дәрежеде ынталандыру мәселесін шешетін факторларды анықтап алу керек.

Кез келген классификациялау дидактикалық материалды таңдап алғанда да, оның орындалуын бағалағанда да «қиын-жеңіл» есеп деп бөлуді талап етеді.

Күрделіліктің үш деңгейін ажыратуға болады: 1 – білімді «дайын» түрде игерген, яғни оқулықта берілген білімдерді тексеруге берілген тапсырмалар; 2 – оқушылардың білімдерін ұқсас жағдайларда қолдануға шақталған есептер; 3 – жаңа білімдер алуға ықпал ететін проблемалық сипатты тапсырмалар.

Есеп – мақсаты айқын берілген проблемалық жағдай.

Есеп шығару белгілі бір білімдер мен ойлауды талап етеді. Есептің мынадай бөліктерін ажыратады: жағдай элементтері, жағдайды түрлендіру ережелері, талап етілген шешім (мақсат).

Есеп шығару – проблемалық жағдай – есеп ішінде берілген мақсатқа жетуге бағытталған ойлау әрекеттерінің немесе амалдарының орындалу процесі; ойлаудың құрамды бөлігі болып табылады.

Әдістемеде физикалық есеп деп физиканың заңдары мен әдістерінің негізінде логикалық ой қорытулардың, математикалық әрекеттердің, эксперименттің көмегімен шешілетін мәселені айтады.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Физика есебінің маңызы мен мәніне тоқталыңыз



1

№ 5

дәріс


Дәріс 5. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:


  1. Эксперименттік есептер шығарудың маңызы

  2. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесі

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру және теориялық материалды жақсы меңгерту үшін эксперименттік есептер шығарудың маңызы зор. Эксперименттік есептердің қарапайым және мазмұндық есептерден тиімділігі – бұл есептердің жауабы тәжірибе жасау арқылы табылады.

Эксперименттік есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:



  1. оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады;

  2. физикалық құбылыстар мен заңдылықтардың практикалық маңызына және өмірмен байланыстылығына көз жеткізеді;

  3. оқушыларды тапқырлыққа, шығармашылыққа, өздігінен білім меңгеруіне дағдыландырады;

  4. сабақта мәселелік жағдай қойып, оны шешуге жәрдемдеседі;

  5. оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетеді және есте сақтауға көмектеседі.

Эксперименттік есептерді шығарудың ортақ талаптары бар:

  1. есептің шартымен танысу, ондағы негізгі ізделетін шамаларды анықтау;

  2. анықталатын шамаларды табу немесе өлшеудің тиімді жолдарын іздеу;

  3. есепті шешудің алгоритмін, яғни эксперименттік жұмыстың барысын жазу;

  4. жұмысқа қажетті өлшеу құралдары мен денелерді дайындау;

  5. тікелей немесе жанама өлшеуер арқылы, не болмаса талдау жасау арқылы есептің шешімін табу.

Эксперименттік есептерді шығару әдістері оларды шығарудағы эксперименттің роліне едәуір байланысты.

Эксперименттік есепті шығару үшін деректер тәжірибе нәтижесінде алынса, онда эксперимент қоюдың және өлшеулердің маңызы зор. Есептеу сипатындағы эксперименттік есепті шығару және қысқаша жазу мынадай элементтерден тұрады: есептің қойылуы, шартының талдауы, өлшеулер, есептеулер жауабын тәжірибеде тексеру.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1. Эксперименттік есептерді шығару әдістемесін көрсетіңіз



1

№6

дәріс


Дәріс 6. Физика есептерін шығару барысында оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және оны шешудің кезеңдері

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:

1.Физика есептерін шешуде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптастыруға әдістемелік кеңестер

2. Есептерді шешу кезеңі
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Есептің шешімі - бұл белсенді оқыту үрдісі, оқушылар үшін ең үлкен қиындық «неден бастау керек» деген сұрақ, яғни физикалық заңдарды қолдану емес, сондай-ақ әрбір нақты құбылысты талдауға қандай заңдарды қолдану болып табылады. Педагогикалық тәжірибе физиканың үш деңгейлі әдістемесін қолдану негізінде ұйымдастырылған болса, физикалық есепті шешуде оқушылардың танымдық белсенділігі ең тиімді екенін көрсетеді. Онда мынадай әдістемелік кеңестер ұстануға болады.

Ең біріншіден, жарты интуитивті деңгейде жалпы себептердің жауабын табуға тырысу керек. Жалпы себептердің танымдық іс-әрекетінің құрылысы және саналы (сондықтан неғұрлым тиімді) немесе саналы емес (интуицияның алғашқы көрінісі) физиканың жалпы әдістемелік қағидаттарына сәйкес келетінін түсіну оңай. Әдетте, осы деңгейде құбылыстың физикалық моделінің айқын дамуы бар. Сондықтан, есепті шешудегі табыс, негізінен жанама дәрежеде табу немесе осы модельдің негізгі белгілерін сезіну қабілетімен анықталады.

Әрине, әртүрлі есептерде бұл сәттердің меншікті салмағы әртүрлі болады, себебі оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру сызбасы қаталдықты емес, нақты есеп пен оқушының ойлау түрінің қасиеттеріне тәуелді есеп шығару тәсілдерінің кез келген комбинацияларында физика әдістемесінің талаптарымен сәйкес келетін оқушылар қызметтерін жеке проекциялауды қамтиды.

Есептерді шешу үрдісінде шартты түрде үш кезеңді айқындауға болады: физикалық, математикалық, шешімін талдау .

Физикалық кезең біріншіден, зерттелетін үрдістің идеализациялауын таңдауға, яғни оның ең маңызды қасиеттерін сақтайтын құбылыстың физикалық моделінің әдістемесін; екіншіден белгісіз сандар құрамына ізделетін шамалар кіретін теңдіктердің тұйық жүйесін құрастыру мен әзірленген модель қанағаттандыратын физикалық заңдарды таңдауды қамтиды.

Алдыңғы кезеңнің қорытындылары бойынша математикалық модель құрастырылады, ол қолданылған физикалық заңдарға байланысты жалғыз болмауы мүмкін. Бұл кезеңде дұрыс математикалық аппаратты таңдау маңызды болып келеді. Математикалық кезең есептің жалпы шешілуін және есеп сұрағына сандық жауаптың табылуын қарастырады.

Шешімді талдау кезеңінде жауабы анық немесе жалпы шешімге тәуелсіз бірден алынуы мүмкін болады; жеке қарапайым және шектік жағдайлар міндетті түрде зерттеледі; қандай шарттарда алынған тәуелділік жүзеге асатыны анықталады; нәтиженің шындыққа сай келуі бағаланады; алынған шаманың көлемі тексеріледі; алынған нәтижелердің есеп шарттарына сәйкес келуі зерттеледі. Есептің және құбылыстың басқалармен ұқсастығын табу және талдау, сонымен қатар оларды талдау әдісін салыстыру өте пайдалы болады.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Физика есептерін шешуде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптастыруға бағытталған әдістемелік кеңестерді көрсетіңіз

2.Физика есептерін шешуде оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптастыруға бағытталған әдістемелік кеңестердің маңызы қандай?

3. Есептерді шешу кезеңдерін атаңыз



1

№7

дәріс


Дәріс 7. Оқушыларды физикалық есептердің әртүрлі типтерін шығаруға үйретудің әдістемесі

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:

1.Мұғалімнің теориялық дайындығын құрайтын мәселелер

2. Мұғалім әрекетінің практикалық құраушысы


  1. 3. Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмі

  2. 4. Физикалық шамалардың бірліктерін түрлендіру алгоритмі

5.Физикалық шамалардың туынды бірліктерін анықтау алгоритмі



Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мұғалім оқушыларды есеп шығару іскерліктеріне үйрету әрекеті теориялық және практикалық екі құрылымдық бөліктен тұрады.



Бұл кезде мынадай педагогикалық мәселелер шешіледі.

  1. Оқушының мүғалім басшылығымен меңгеретін білім көлемін анықтау;

  2. Есеп шығаруға қажет іскерліктер құрамын түлғаның жинақталған білімдер мен дағдыға негізделген және белгілі мақсатқа бағытталған әрекеттер мен амалдарды орындауға дайындығын анықтау;

  3. Оқушылардың дербес амалдарды орындау іскерліктерін қалыптастыру сатыларын айқындау.

Мұғалімнің теориялық дайындығы мыналарды қамтамасыз етеді:

  1. Фзикалық есептерді шығару әдістері жайлы айқын және дәл түсінікті;

  2. Физикалық есептерді шығару тәсілдерін білуді;

  3. Есеп шығару тәсілдерінің құрылымы мен мазмүнын білуді;

  4. Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмін игеруді; (жалпы алгоритм кез келген сандық есептердің шешімін іздеуге бағытталған оқушы әрекетінің құрылымын анықтайды және есеп шығарудың негізгі кезеңдерін белгілі оқушы әрекетінің құрылымын анықтайды және есеп шығарудың негізгі кезеңдерін белгілі бір әрекеттер арқылы жүзеге асырады);

  5. Белгілі бір топтағы есеп шығару үшін, физиканың белгілі бір тақырыбының немесе бөлімнің жалпы алгоритмін нақтылауды;

  6. Белгілі тақырыптағы есеп шығару алгоритмінің құрылымдық бөліктерін және орындалатын амалдар мазмұнын ерекшелеуді (мұғалім әртүрлі оқу алгоритмдерін талдай және бағалай білу керек);

  7. Оқу үрдісіне алгоритмдерді енгізудің рационал (ақылға қонымды, нәтижелі) тәсілін дұрыс анықтай білуді.

Сандық есептерді шығарғанда мынадай алгоритмдер қолданылады:

  1. Есеп шығарудың жалпы алгоритмі;

  2. Физикалық шамалардың бірліктерін түрлендіру алгоритмі;

  3. Физикалық шамалардың туынды бірліктерін анықтау алгоритмі;

  4. Нақты тақырыптағы есептерді шығарудың алгоритмі.

  1. Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмі

Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмі төмендегі бөліктерден тұрады:

  1. Есептің шартын оқып, терминдер мен өрнекер мәнін түсіну;

  2. Есеп шартын қысқаша жазып, есеп шартына сәйкес келетін сурет (кесте, сызба, график) салу;

  3. Есеп шартында қарастырылатын құбылыс пен денелер күйін айқын түсініп, олардың физикалық мағынасын анықтау үшін, есеп мазмұнын талдау және есеп шығаруға қажет түсініктер мен заңдарды есіне түсіру;

  4. Есеп шығару жоспарын жасау, есеп шартын физикалық тұрақтылармен және кестелік деректермен толтырып, графиктерді талдау;

  5. Физикалық шамалар мәнін Халықаралық Жүйе бірліктеріне ауыстыру;

  6. Ізделінді мен берілген шамаларды байланыстыратын заңдылықтарды тауып, сәйкес өрнектерді жазу;

  7. Физикалық есептен туындайтын теңдеулер жүйесін қарастырып, олардың жалпы шешімін табу;

  8. Ізделінді шаманы есептеу;

  9. Есеп шешуін талдау және есеп шығару барысындағы жуықтаулар мен қарапайымдаулар әсерін бағалау;

  10. Есеп шығарудың басқа мүмкін тәсілдерін қарастырып, олардың ішіндегі ең рационалын таңдау.

Нақты есептерді шығарғанда жалпы алгоритмнің кейбір бөліктері қолданылмауы мүмкін.

  1. Физикалық шамалардың бірліктерін түрлендіру алгоритмі

Өлшеудің бірліктерін бір жүйеден екіншісіне ауыстыру оқушыларды жиі қиналтады. Оқушыларға шаманың бірлігін түрлендіру алгоритмін қолдануды үйрету арқылы мұндай қиыншылықтың алдын алуға болады. Бұл алгоритмді қолданудың нақты мысалын қарастырайық.

Мысал, катердің жылдамдығы 5м/с. Оны км/сағ өрнекте.



  1. Теңдіктің сол жақ бөлігіне шаманың сандық мәнін берілген өлшем бірлігімен жаз, ал оң жақ бөлігіндегі шаманың сандық мәнін «бірге» тең коэффициентпен ерекшеле, яғни

5м/с=5×1м/с

  1. Шаманың берілген бірлігінің өлшеудің жаңа бірлігімен қатысын жазыңыз:





  1. Теңдіктің сол жақ бөлігіне шаманың сандық мәнін берілген өлшем бірлігімен, ал оң жақ бөлігіне – бірліктің жаңа қатынасын жазыңыз:





  1. Теңдіктің оң жақ бөлігіндегі коэффициенттермен және атаулармен барлық мүмкін болатын амалдарды орындаңыз:





  1. Физикалық шамалардың туынды бірліктерін анықтау алгоритмі

  1. Бірлігі анықталуы қажет шаманы басқа шамалармен байланыстыратын (олардың бірліктері белгілі және негізгі болып табылады) формуланы жазыңыз:

 (1)

  1. (1) формуладағы шаманың мәнін білдіретін әріптердің орнына олардың өлшем бірліктерінің атауын қойыңыз:

 (2)

  1. Атаулармен амалдарды орындаңыз:



  1. Шаманың бірлігіне анықтама беріңіз: (яғни күштің бірлігі ретінде, массасы 1 кг денеге 1м/с2 үдеу беретін күш алынады)

  2. Егер қажеттілік туындаса, онда бірліктің атауын енгізіңіз, яғни




  1. Бірліктің қысқаша белгіленуін енгізіңіз

1 Ньютон = 1 Н
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Мұғалімнің теориялық дайындығын құрайтын мәселелерді көрсетіңіз

2. Мұғалім әрекетінің практикалық құраушысын атаңыз


  1. 3. Физикалық есептерді шығарудың жалпы алгоритмін көрсетіңіз

4.Физикалық шамалардың бірліктерін түрлендіру алгоритмін көрсетіңіз

5.Физикалық шамалардың туынды бірліктерін анықтау алгоритмін көрсетіңіз



1

№ 8

дәріс


Дәріс 8. Физикалық есептердің мазмұны мен құрылымн талдау

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:

1.Есептер шығару кезеңдері

2.Есеп шығару мысалы
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Физикалық есептерді шығару үрдісінің кезеңдерін қарастыру, есептердің мазмұны мен құрылысын талдаудың өте маңызды екенін көрсетеді. Осы кезеңінде есептердің түрі және шарты айқындалады.

Физикалық есептерді талдаудың толықтығы мен тереңдігі есептің түріне ғана емес, оқушылардың білім, дағды және іскерліктеріне де байланысты болады.

Оқушылардың қарастырылатын есептер түрімен таныс болуы және ондай есептерді шығарудың ортақ әдістерін білу бір мәселе. Ал берілген есептің оқушыларға таныс болмайтын жағдайы екінші мәселе.

Физикалық есептерді талдаудың әдістері мен жолдарын қарастырайық. Физикалық есептерді талдау үрдісін бірнеше кезеңдерге бөлуге болады.

Бірінші кезең есептің құрылымдық-логикалық талдауы мен оның құрылысын анықтаудан, яғни құрылымдық элементтер мен олардың сипаттарын айқындаудан тұрады.

Кейбір нысандар бірден айқындалады, ал кейбіреулерін толық талдаудан кейін (олар жасырын нысандар деп аталады) белгілі болады. Нысан сипаттары да осылай аталады.

Екінші кезең нысандар арасындағы байланысты және есепте қарастырылатын жағдайдың негізі болатын физикалық құбылыстар мен үрдістерді анықтаудан тұрады. Бұл кезеңде есептегі нысандар сипаттамалары арасындағы логикалық және функционал қатынастар (сандық және сапалық) анықталады.

Үшінші кезеңде нақты физикалық нысандар идеал нобайлармен алмастырылады. Кезең идеал есеп қарастырумен анықталады.

Төртінші кезеңде қарастырылатын есептің мазмұны мен құрылысының көрнекі кескіні (сызбалар, суреттер, диаграммалар және т.с.с.) қарастырылады.

Бұл кезең есептің қысқаша шартын жазумен аяқталады. Есептің қысқа шартын, берілген есептің кескіндік таңбалық нобайы деп те қарастыруға болады.

Физикалық есептің түріне және есеп шартының сипатына байланысты талдау кезеңдері толық болмауы (талдаудың тек жинақталған түрде өтуі) мүмкін екендігін айта кету керек.


Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Физика есебі дегеніміз не?

2.Есептер шығару кезеңдерін атаңыз.


1

№ 9

дәріс


Дәріс 9. Сапалық (логикалық) есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:

1.Сапалық есеп түрлері

2.Сапалық есепті шығару әдістемесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Сапалық есептер түсініктерді қалыптастыруда маңызды роль атқарады, ал физикалық түсініктердің мазмұнын айқындау мен оларды бір-бірінен ажыратуда, сапалық есептер жетекші рөл атқарады.

Сапалық есептерді әдетте оқылған материалды бекіту үшін қолданады. ЖОО-ғы физика курсының көптеген тақырыптарын оқығанда, сапалық есептер негізгі қызмет атқарады.

Қарастыратын мәселенің физикалық мәнін меңгеру деңгейін, өте қысқа уақыт аралығында, анықтауға мүмкіндік беретін болғандықтан, логикалық есептер асбақты бекітуде кең қолданылады. Студенттердің сапалық есептерді дұрыс шығаруы, олардың білімінің сапалы, яғни, жаттанды емес екенін білдіреді. Мұндай есептердің мазмұны, тақырыбы және күрделілік деңгейі алуан түрлі. Сапалық есептерді, физикалық заңдарға негізделген, қисынды (логикалық) ой-тұжырымдар қарастыра отырып, индукция және дедукцияны қолданып шығарады. Мұндай есептерді шығарғанда ойлаудың аналитик және синтетик әрекеттері бір-бірімен шырмала байланысқан, оларды бір бірінен бөле қарастыруға болмайды, сондықтан талқылаудың аналитик-синтетик тәсілі туралы сөз қыламыз.

Сапалық есептерді шығарудың сатылары төмендегідей болады:


  1. Есеп шартын мұқият оқып, ондағы терминдердің барлығын дұрыс түйсіну;

  2. Есеп шартын талдау, физикалық құбылыстарды айқындау, қажет болса, сурет, кескін, сызба салу;

  3. Аналитикалық-синтетик ой тұжырым тізбегін құрастыру;

  4. Алынған нәтиженің физикалық мағынаға, есеп шартын және ақиқатқа сайлығын талдау.

Сапалық есептерді екі топқа бөлуге болады:

а) сұрақ есептер – қарапайым сапалық есептер, оларды шығару физикалық заңға негізделеді, қарапайым қисынды пайымдауды ғана қажет етеді.

ә) күрделі сапалық есептер, олар бірнеше қарапайым есептер жиынтығы. Оларды шығару үшін бірнеше физикалық заңдарды қарастыру қажет болады.

Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Сапалық есеп түрлерін көрсетіңіз

2.Сапалық есепті шығару әдістемесін көрсетіңіз



1

№ 10

дәріс


Дәріс 10. Есептер шығару арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін қалыптастыру

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:


  1. Оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру

  2. Есепті талдау кезеңдері

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Ойлау процесі ретінде есеп шығару – анализді-синтездік процесс. Есептің тұжырымдалуының үлкен манызы бар. Ол өте анық, әрі нақты болуы керек.Есептің тұжырымдамасындағы қосымша мәліметтер негізгі берілгендерді жауып қалмау керек. Есептің шартын талдау есепте сипатталған құбылыстын толық бейнесін көруге мүмкіндік береді, сонымен қатар қарастырған жағдай үшін берілгендердің немесе жағдайлардың қайсысы маңызды, қайсысы манызды емес екендігі анықталады. Құбылысты танып, физикалық заңдылықты анықтау үшін нақты жағдайды абстракциялап, ықшамдайды, сөйтіп құбылысты табиғатта кездеспейтін «таза» күйінде қарастырады. Мысалы, механика есептерін қарастырғанда көбінесе үйкеліс ескерілмейді, геометриялық оптика есептерін карастырғанда «жұқа» линзалардың қалыңдығы ескерілмейді. Кейде бұл шарттар есептің мазмұнында берілсе, енді бірде есеп шығару барысында анықталады. Осылайша есепті талдау негізінде оны шығаруға ыңғайлы ықшамдалған тұжырымдамасы алынады. Есепті талдау барысында қандай ережелерді немесе заңдылықтарда берілген нақты жағдайға қолдануға болатындығын анықтау керек. Бұл оқушыларға белгілі қиындықтар әкеледі. Есепті талдай отырып оны белгілі типтегі есептер қатарына жатқызуға болатын жалпылама сипаты және есептің өзіндік сипаты анықталады.

Көптеген есептерді жалпы түрде шығарып, содан соң есептеулер жүргізген тиімді, көбіне аралық есептеу нәтижелері қажет емес, сондықтан уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл тәсіл есептің нәтижесін тексеру мен талдауды жеңілдетеді. Шамалардың сан мәндерін олардың атауларымен бірге формулаға қойған дұрыс. Бұл барлық шамалар бірліктерінің бір жүйеде алуға міндеттейді. Физиканы оқытудың алғашқы кезеңінде есептердегі физикалық шамаларды бір жүйеге арифметикалық тәсілмен келтіреді. Содан соң оқушыларды шаманың атауын соңғы формулаға қойып, алгебралық түрлендіру кезінде бірте-бірте жалпы ережені пайдалануға үйретеді.

Физика сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту оқу материалының мазмұны арқылы, оқушылардың оқу іс-әрекетін ұйымдастыру құралы мен тәсілдері арқылы жүзеге асырылады. Мектеп практикасында физикалық есептермен жұмыс істеу процесінде негізінен оны шешу жолдары көзделеді, шешуді іздестіру оқушылардың тиісті есеп шығару іскерліктерін қалыптастыру мәселесіне жеткіліксіз көңіл бөлінеді. Есептің шығарылу жолдарын жан-жақты талдау, оны басқа есептер шығаруға қолдану жақтары да аз қарастырылады. Оқушы белгілі бір есепті шығару нәтижесінде алынған жаңа белгілі бір есепті қарастыру мақсаты аяғына дейін жеткізілмейді. Яғни фактілер пайдалануда шығарылған есеп оқушылардың білімдері мен іскерліктерінің арасындағы байланысты жеткілікті мөлшерде анықтай алмайды.

Мектеп практикасында мазмұнды есептерді практикалық, графиктік, арифметикалық және алгебралық тәсілдермен шығарады. Негізінен кеңінен қолданылатын – арифметикалық және алгебралық тәсілдерге көп назар аударылады. Баланың ойлау қабілеті оның қиялын, сөйлеу мәнерінің дамып, есте сақтау мүмікіндігін арттырады.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар


  1. Оқушылардың ойлау қабілетін қалыптастыру жайында баяндаңыз

  2. Есепті талдау кезеңдеріне тоқталыңыз

1

№ 11

дәріс


Дәріс 11. Физикалық ұғымдарды қалыптастыруда жаттығулар жүйесін пайдалану

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:

1.Жаттығулар жүйесін құрудың принциптері

2.Ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүйесі
Дәрістің қысқаша мазмұны:

Мектеп физика курсының мазмұнын өзара байланысқан ұғымдар жүйесі құрайтындықтан, физика курсының негізгі міндеті – ұғымдар жүйесін қалыптастыру.

Дидактикалық көзқарас тұрғысынан ұғымды құбылыстар мен заттардың мәнді қасиеттері, олардың арасындағы мәнді байланыстар мен қатынастары жайындағы білімдер ретінде анықтауға болады. Алдымен жекелеген ұғымдар, сосын барып ұғымдар жүйесі қалыптасады.

Сонымен, ұғымдарды қалыптастыру процесі заттар мен құбылыстардың сандық және сапалық қасиеттерін ашу жүйесінен, оларды сөздік анықтамасына дейін жеткізуден және саналы түрде практикада қолданудан тұрады.

Ұғымдарды меңгертуде жаттығулар жүйесін пайдалану оқушылардың алған білімдерін өз беттерінше іс-жүзінде практикада қолдана білу іскерліктерін қалыптастырады, ең бастысы ұғымдарды меңгеру нәтижесі саналы әрі сапалы болады.

Жаттығулар жүйесі – оқу процесінде білімдер мен іскерліктерді жетілдірудің және дағдыларды қалыптастырудың дидактикалық шарты болып табылады.

Көптеген әдіскерлердің еңбектерінде оқытудың алғашқы кезеңінде физикалық ұғымдарды қалыптастыруда жаттығулар жүйесінің қажеттілігі негізделеді. Олар жаттығулар жүйесін құрудың принципін көрсетеді. Соны негізге ала отырып оқушылардың физикалық ұғымдарды меңгерулеріне бағытталған жаттығулар жүйесін құрудың және оларды оқу процесінде пайдалануға бағытталған бірнеше принциптері анықталды.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Жаттығулар жүйесін түрлері мен жаттығу жүйесін құрудың принциптерін көрсетіңіз



2.Ұғымдарды қалыптастыруға бағытталған жаттығулар жүйесін көрсетіңіз

1

Группа 254№ 12

дәріс

Дәріс 12. Физикалық есептерді шығаруға арналған сабақтарды өткізу әдістемесі.

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағы

2.Жаңа тақырыпты бекіту

3.Есеп шығару сабағы
Дәрістің қысқаша мазмұны:

1.Есептер шығару – физика сабақтарының көпшілігінің құрамдас бөлігі. Кең тараған төрт кезеңдік (үй тапсырмасын сұрау, жаңа тақырыпты түсіндіру, тақырыпты бекіту және үй тапсырмасын беру) сабақ өткізудің сабақ басында да (оқушылар білімін тексеру үшін), сабақ соңында да (тақырыпты пысықтау және игеру деңгейін тереңдету үшін) есеп шығару қолданылады.

Физикалық есептерді шығару зертханалық жұмыстар мен де бітіспей байланысқан, себебі әрбір зертханалық жұмыс – эксперименттік физикалық есеп.

Физикалық есеп шығарудың ерекше түрі – үлестірмелік материалдармен жұмыс.

Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағында мынадай амалдар қолданылады:

1)тақтаға бірнеше оқушы шақырылады, олар өздеріне берілген есептерді кезектесіп шығарады.

2)бірнеше оқушы есепті орындарында отырып, дәптерге шығарады.

3)жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын оқушыларға 10-15 минут уақыт алатын жазба жүмыс беріледі.

Бұл амалдардың артықшылығы:

1)білімді жедел тексеруге мүмкіндік береді;

2)оқушылардың жұмысқа жауапкершілігін арттырады;

3)уақытты үнемдейді.

Кемшілігі:

1)сабақтың ең маңызды бөлігін алады, көбіне жоспарланған уақыттан артығырақ, сондықтан сабақты түсіндіруге аз уақыт қалады;

2)есепті бүкіл сынып бойынша шығару оқушылардың делебесін қоздырады, сондықтан олар ұзақ уақыт жұмысқа кірісе алайды. Осы себепті жазбаша бақылау жұмысын сабақ басында өткізу тиімді бола бермейді. Есепті өткенді жалпылау, сабақта қарастыратын мәселе қойып оны шешу үшін қолдану керек.

Сабақ басында берілетін есептер ауқымды болмау керек. Физикалық құбылыстың мағынасын түсіндіретін сапалық есептерге көп көңіл бөлу керек.

Жаңа тақырыпты түсіндіргенде, есептер физикалық құбылысты оқып-білудің негізгі құралы.

2.Мұғалім бүкіл сыныппен бірге есепті талдайды, кейде оқушылар өз бетінше жұмыс істеуі де мүмкін.

Мұның қиындығы оқушыларға белсенді түрде өздігінен жұмыс істеу және олардың нәтижелері туралы ақпарат алу.

Амалдың жүзеге асырылуы

Сабақ аяқталуына 10-12 минут қалғанда оқушыларға әдеттегіден 2-3 есебі артық тапсырма беріп, оны орындауды сол сәтте бастау керек. Оқушыларды 2-3 дәптер тексеруге алынып, сабақ соңында баға қойылады деп ескерту керек.

3.Сабақты тақырыптық жоспарлаған кезде оқушылардың сабаққа дайындығын, теориялық материалды қайталауы мен оқып-үйрену деңгейін ескеру маңызды орын алады.

Есеп шығару сабақтары негізінен екі түрде өткізіледі:

1)бүкіл сыныпты қатыстырып, есепті тақтаға шығару;

2)есепті дәптерге өздігінен шығару.

Есеп шығару сабағының бірінші түрін физикалық есептердің жаңа типтерін талдағанда немесе мұғалім есеп шығарудың жаңа әдістерін түсіндіргенде қолданады. Есеп шығару сабағының екінші түрін оқушылардың дағдылары мен іскерліктерін қалыптастырғанда және оқушылардың білім деңгейін тексергенде қолданады.

Есепті тақтада шығарғанда мынадай жағдайлар болуы мүмкін:

1)мұғалім оқушыларға есеп шығарудың барлық тәсілдерін көрсетіп есепті өзі шығарады;

2)жауапты оқушылардан (түрлі тәсілмен, қосымша сұрақ көмегімен жауапты оқушылардың өздеріне таптырады) алады.

Нәтижесінде уақыт текке шығындалады.

Мұғалім жаңа есептерді шығарудың принциптерін (жалпылама тәсілдерін), есеп шартын жазу үлгісін, есептеу тәсілі мен сызба сызуды көрсетуі керек. Оқушылар негізгі түсініктерді, бірліктер жүйесі мен формулаларды меңгерген соң, күрделілігі орташа типтік есепті жан жақты талқылау керек.

Оқушылардың танымдық әрекеттерін жетілдіру үшін төмендегідей педагогикалық тәсілдер мен құралдарды қолдану керек:

а) берілген тақырыпты үйрену қажеттігі мен маңызын көрсету үшін, есеп шығару мақсатын айқындау;

ә) гипотеза немесе бірнеше болжамдар ұсынып, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру;

б) қызықты есептерді қолдану.

в) көрнекі құралдар мен тәжірибелерді қолданып, оқушылардың есептердің физикалық мәнін түсінуіне немесе есеп шығару барысында физикалық құбылыстар жайлы тың мәліметтер алуына көмектесу.

г) ұжымдық және жеке жұмысты ұйымдастыру. Оқушылар алдымен бірнеше минут бойы есепті ой елегінен өткізу керек, сонан соң оны өздігінен шығаруға талпыну керек, бұл нәтижеге жеткізбесе есепті бүкіл сынып болып талқылау керек.

ғ) тақтада есеп шығаратын оқушыны дұрыс таңдау. Жаңа есепті талқылағанда тақтаға орта оқушыны шығару керек, себебі күшті оқушыға оқушылар ілесе алмайды. Екінші жағынан тақта алдындағы кідірістер мен қиыншылықтар кейбір сұрақтарды талқылағанда пайдалы болады. Есепті талқылауға әлсіз оқушылар да қатысады. Күрделі есептерді шығарғанда жеке амалдарды шығару үшін тақтаға бірнеше оқушылар шығарылуы керек, сонан соң бір-екі оқушы есепті қайта шығару керек.

д) келесі бір педагогикалық амал – оқушыларға есеп құрастырту.

е) есепті өздігінен шығару. Оқушылар белсенділігі есептің күрделілігініне тәуелді болады. Есептер қызықты және оқушылар шамасы жететіндей болуы керек, яғни деңгейлеп оқытуды қолдану керек. Оның тәсілдері:

1)жеке тапсырмалар беру:

2)бүкіл сыныпқа біртіндеп күрделінетін тапсырмаларды ұсыну.

Оқушылар олардың ішінен шамалары келгендерін ғана шығарады. 2-ші тәсілді қолданған дұрысырақ, себебі есепті талқылауды оңайлатып, бәсекелестікті туғызады және мұғалім үшін бұл тәсіл оңайырақ.

Өздігінен жұмыс кезінде, оқушылар мұғалімге сұрақ қойып, жауап алуына болады. Сабақ соңында есеп шығарудың түрлі тәсілдерін талқыға салу керек.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Жаңа тақырыпты түсіндіру сабағында есептер шығару мәселесі қалай жүзеге асады?

2.Жаңа тақырыпты бекіту барысында есептер шығару қалай жүзеге асырылады?

3.Есеп шығару сабағы қалай өткізіледі?

1

№ 13

дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...