2. ДӘріс тезистері


) теңдеулерді құру және оларды шешу

Loading...


бет2/8
Дата08.04.2020
өлшемі0.96 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

7) теңдеулерді құру және оларды шешу;

8) ізделініп отырған шаманы есептеу;

9) алынған жауапты талдау.

Физикада есептерді көптеген белгілері бойынша классификациялайды: мазмұнына, қойылуына, сұрақты зеттеу сипаты және әдісі, шығару тәсіліне, қиындық дәрежесіне байланысты және т.б.


І.Мазмұны бойынша – мұнда ең алдымен есептерді оның физикалық материалына байланысты ажыратады. Мысалы: механика, молекулалық физика, электродинамика т.б. Есептің бұлай ажыратылуы шартты нәрсе, көбінесе есептер физиканың бірнеше бөлімдерін қамтиды.

ІІ.Сұрақты зерттеу сипаты және әдісі бойынша – сапалық және сандық есептер. Сапалық есептер дегеніміз – сұрақ есептер, логикалық есептер, сапалық сұрақтар. Сандық есептер дегеніміз есепті шығару кезінде шамалар арасында сандық тәуелділік орнататын есептерді айтады. Соңында есепті шығарған кезде нақты формула бойынша есептің сан мәні алынады.

ІІІ. Шығару тәсілі бойынша – ауызша, эксперименттік, есептеу, графиктік.

IY.Қиындық дәрежесі бойынша – күрделі, жеңіл, аралас (комбинированные), олимпиадалық, шығармашылық.
Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар

1.Физика есептерінің түрлерін көрсетіңіз?

2.Физика есептері қалай класификацияланады?


  1. 3.Есептерді шығару алгоритмін көрсетіңіз.

1

№ 2

дәріс


Дәріс 2. Физика есептерін шығару тәсілдері

Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):

Жоспары:


  1. Оқушыларды физика есептерін шығаруға үйрету әдістемесі

  2. Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:



1.Оқушыларды физика есептерін шығаруға үйрету әдістемесі

Қазіргі кезде оқушының ой-өрісін көтеру, шығармашылық қабілетін дамыту, алған білімін практикада қолдана білуге баулу, әртүрлі ғылыми әдебиеттерді пайдаланып, өзінің білімін тереңдетуге үйрету мәселелеріне айрықша мән беріліп отыр. Себебі мемлекеттік стандартта орта білім беретін мектептерде әрбір шәкіртті жеке тұлға деп санап, оларды өз сұраныстарына, мүдделеріне сай оқыту мен тәрбиелеудің сан қилы үлгілерін қолдану керектігі көзделген. Бұл жағдайда оқыту технологиясын өзгертуді, оқушыларды өз бетінше білім алуға, өзін-өзі дамытуға көп көңіл бөлуді талап етеді.

Осы міндеттерді атқару жолында басқа пәндер мен қатар физика пәнінің атқаратын рөлі де зор. Себебі физика жаратылыстану ғылымдарының тірегі, ал оның зерттеу әдістері қазіргі заманғы ғылыми танымның тұғыры. Дегенмен, қазіргі уақытта орта мектептегі физика пәніне бөлінген сағат қоры аздық етіп отыр. Осының салдарынан физика сабағында, бұрынғы кездегідей зертханалық жұмыстар көптеп жасалмайды, есептер шығаруға уақыт жетіспейді. Осыдан оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын және оны оқыту сапасын қалай арттыруға болады? деген сұрақ туады.

Бұл тығырықтан шығудың бірден-бір жолы физиканы оқыту әдістемесінің ең тиімді, ұтымды тәсілдерін қолдану, берілген мағлұматтарды оқушының мейлінше аз уақытта терең жан-жақты игеруін қамтамасыз ету және физиканы оқытуды жандандыру әдістерін пайдалануға болады.

Физикадан оқу материалын білім алушы белсенді қызмет атқарғанда ғана игере алады. Физикалық білімді игеруге:


  1. Әртүлі мазмұндағы физикалық есептерді шығару;

  2. Күнделікті кездесетін жағдайларды физика тұрғысынан талдау көп септігін тигізеді.

Физикалық есептерді шығару әдістерін жетілдіру, ұйымдастырушы алгоритмнің үйрету функциясын күшейту бағытында жүргізілуі тиіс. Оқушыға есептен физиканы көруді қалай үйретуге болады? Бұл үшін оқушылар мына мәселелерді жақсы игеруі тиіс.

  1. Физика деген не? Ол нені зерттейді?

  2. Физикалық есеп деген не?

  3. Есептің мазмұнынан физиканы қалай көруге болады?

Физикалық теорияда бұл шарттардың физикалық шешімдері бар. Олай болса кез-келген физикалық есепте оның жасырын түрдегі шешімі беріліп қойылады. Физикалық шарттарды «есепті шығарудың элементтері» деп қарауға болады.

Күрделі есептің шешімі бірнеше қарапайым есептің шешімінен құралады: а) бірнеше физикалық құбылыстар; б) бірнеше денені қамтитын бір физикалық құбылыс; в)берілген жүйе күйлері үшін бірнеше шарттар қарастырылады.

Біріншіден қарапайым есептердің саны физикалық құбылыстардың санымен, екіншіден денелердің санымен, ал үшіншіден берілген жүйе күйлері табылатын шарттардың санымен анықталады. Осыған байланысты жоғарыда енгізілген «есепті шығарудың элементтері» ұғымын кеңейту мүмкіндігі туады. Енді бұл ұғымға есептің физикалық шартын білдіретін сөздер ғана емес, соған эквивалентті қатынастарды барлық қарапайым есептерде өзінің сан мәнін сақтайтын, физикалық шамалар мен есепті талдау үрдісінде пайда болатын қатынастарды да жатқызуға болады.

Сонымен құрылымы жағынан, кез-келген физикалық есеп ішінде физикалық мағынасы бар сөздердің жиынынан құралады.

Оқытушының міндеті оқушыны осы сөздерді табуға және оларды физикалық ұғымдар мен заңдылықтар тіліне аударуға үйрету.

2.Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі.

Физикалық есептерді шығару тәсілдерінің мынадай түрлері кездеседі:



  1. Арифметикалық тәсілде есептер математикалық теңдеулер құрылмай, арифметикалық амалдардың көмегімен, сұрақтар қою арқылы шығарылады. Бұл тәсіл, мысалы, жылу мөлшерін анықтауда көп қолданылады.

  2. Алгебралық тәсіл физикалық формулалардың негізінде математикалық теңдеулер құру арқылы есептер шығарғанда қолданылады. Мұндай есептер физиканың әр тарауында көп-ақ. Күрделі, қиын есептердің көбісі осы тәсілмен шығарылады.

  3. Геометриялық тәсіл физикалық есептерді шығаруда фигуралардың геометриялық және тригонометриялық қасиеттерін қолдану қажет болған жағдайда пайдаланылады. Мұндай тәсіл кинематика, статика, электростатика, фотометрия, геометриялық оптика тарауларына есептер шығаруда көп қолданылады.

  4. Графиктік тәсіл арқылы есептер шығарылғанда, олардың жауаптары, түрлі графикерді талдау негізінде алынады.

  5. Эксперименттік тәсіл бойынша есептер эксперимент жүргізудің негізінде шешіледі.

  6. Аналитикалық тәсілде есептің мазмұны жеке қарапайым элементтерге жіктеліп, жан-жақты талданып, соның негізінде табуға қажетті шаманы бірден анықтаудың заңдылықтары қарастырылады (жалпыдан жекеге көшу).

  7. Синтетикалық тәсілмен (жекеден жалпыға көшу) шығарғанда, есептің берілгендері бойынша қандай шамаларды алдымен табуға болса, соны ретімен анықтап, ең ақырында ғана есептің шешуіне жетеміз. Бұл тәсілдің әдістемелік қолайлылығы, берілген сан мәндері арқылы алғашында мүмкін болған шамаларды оңай анықтап, есептің жауабына бірте-бірте келеміз, яғни ғылымдағы «қателесу және байқап көру» әдісіне ұқсас. Бірақ бұл жол бізді әрқашан қажетті ақырғы формулаға алып келе бермейді, кейде тіпті оқушыларды басқа теңдеулерге «алып қашып» кетуі де мүмкін. Есепті шешудегі аралық кезеңдерді дұрыс талдай білуді талап етеді. Сондықтан да, аналитикалық тәсілді жоғары, ал синтетикалық амалды төменгі кластарда пайдаланған әдістемелік жағынан пайдалы деп есептеледі.

  8. Көп жағдайда физикалық есептер біріккен түрде аналитикалық-синтетикалық тәсілмен де шығарылады, ал кейде 4-5 тәсілдер араласып-қосылып, кешенді формада да шешіледі. Физика есептерін шығаруда анықтамалық кестелер, логарифмдік сызғыш, калькулятор және т.б. кең қолданылуы керек.

Жалпы алғанда физика есептерін шығарудың әдістемесі мынадай негізгі кезеңдерден (мұғалімнің не оқушының қызметінен) тұрады. Мысалы, массасы 200 кг лифт кабинасы бірқалыпты үдемелі қозғалып шахтағы түседі. Бірінші 10 с 35 м жол жүрсе, тростың керілу күші қандай?

Есепті шығарудың аналитикалық әдісі:



1) есептің мәтінін оқу және талдау, терминдер мен шамалардың мәндерін түсіндіру.

Мәтінді кітаптан 1-2 рет оқу. Талдауды мынадай сұрақтарға жауап алу арқылы жүргізуге болады: 1) есепте қандай нысан берілген? (нақты берілген нысан – тросқа ілінген лифт кабинасы; нақты берілмеген нысан – жер). 2) лифт қалай қозғалып барады? Ол қандай қозғалыста? 3) 10 секундта қандай тереңдікке түскен? 4) есептің талабы қандай? (нені табуды сұрайды?). Лифтіге қандай күштер әсер етеді? (тростың керілу кұші , ауырлық күші - ) олар қалай бағытталған?

2) есептің шартын жазу, тиісті сурет-сұлбаларды салу.

3) физикалық мағынасын ашу мақсатында есептің мазмұнын (құбылыстарды, процестерді) талдау, есепті шығаруға қажетті ұғымдар мен заңдарды қайталап, еске түсіру.

Ньютонның екінші заңы бойынша:





Қозғалыс бағытында алынған осьтегі осы күштердің проекциясы арқылы жазсақ: . Осыдан тростың керілу күші .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...