2 дәріс Тақырып: Өлкетанудың дерек көздері. Дәрістің мазмұны

Loading...


Дата30.09.2020
өлшемі15.98 Kb.
2 дәріс

Тақырып: Өлкетанудың дерек көздері.

Дәрістің мазмұны:

1.Өлкені зерттеудің дерек көзі ретінде – мұрағат құжаттарының маңызы және оны

жинақтау барысында сақталынатын ережелер.

2. Батыс Қазақстан облысының мұрағаты.

3. Жергілікті басылымдар.

Мұрағат құжаттары тарих, экономика, әдебиет және көремөнерді зерттеуде маңызды дерек көздері болып табылады.Олар жекеленген тарихи құбылыстар мен тарихи оқиғаларды толығымен терңнен зерттеуге мүмкіндік береді.

Бізге жеткен санғасырлық құжаттар мұрасы ұлы ұлттық құндылықты құрайды. Бірақ кез-келген тарихи дерек көзі ретінде мұрағат құжаттары оларға деген сыни көзқарасты қажет етді.

Мұрағат құжаттарын қолдану тәрітіптері.

Мұрағатта жұмыс істеуге рұқсатты жұмыстың тақырыбы мен мақсаты көрсетілген белгілі бір мекемеден немесе ұйымнан келген қатынас қағазын негізге ала отырып шешім қабылдайтын мұрағат директоры береді. Бір жыл өткен соң, егер жұмыс әлі жалғаса берсе, жаңа қатынас қағазы ұсынылады. Ізденуші мұрағат құжаттарымен жұмысты бастамас бұрын, қай мұрағат құжаттарын қолдану керектігін анықтауы дұрыс. Ол үшін ізденушіге мұрағатшылар нұсқаушыны әкеледі. Ізденушінің ең алдымен көңіл аударар жәйті – сақталу бірлігінің аты, ол оның мазмұнын ашады.

Көптеген мұрағаттарда тізімдемемен бірге тақырыптық анықтамалық оқу құралы - карточкілік каталогтар кездеседі. Онда қандай қорда сақталынғанына қарамастан белгілі бір тақырып бойынша құжаттар жөнінде мәліметтер беріледі.

Қор дегеніміз-мемлекеттік, саяси, ғылыми, шаруашылық, мәдени маңызы бар, белгілі бір мекемелер іс-әрекетінің немесе тұлғаның іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болған, тарихпен байланысы бар құжаттық материалдар кешенін атаймыз.

Жұмысқа кіріскен ізденуші әуелі «зерттеушліердің сауалнамасын» толтырады, содан соң өзіне қажетті құжаттарды талап парағын толтырған соң алады. Ізденушіге бір ай мерзімге бір уақытта 10 бірлік сақталу қоры ғана беріледі.

Зерттеуші оған берілген материалдар үшін толықтай жауапты. Сондықтан құжаттарды алдын-ала мұқият тексеріп, егер олардың кейбір беттері жыртылған болса немесе т.б. ақаулар болса бірден мұрағатшыларға хабарлау керек. Құжаттарды бүлдірген тұлға енді мұрағатқа қайта жіберілмейді және белгілі бір мөлшерде айыппұл төлейді.

Зерттеуші белгілі бір еңбекті жариялар кезде пайдаланған құжаттарға сілтеме көрсетуі керек және өзінің жариялаған еңбегінің бір данасын мұрағатқа тапсыруы тиіс.

Б.Қ.О. архиві – облыстағы мекемелердің, кәсіпорындардың, ұйымдардың, жеке адамдардың т.б. құжаттық материалдары сақталатын арнайы мекеме. Ондағы құжаттық деректер ғылыми-зерттеу жұмыстарына, шаруашылық қажеттілігіне т.б. пайдаланылады. 1923 жылы 15 мамырда Орал губ. Атқару комитеті архив бюросын ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдады. 1924ж. Архивтің 53 қорында 25 мыңдай құжат сақталынды. 1932ж. ол «Орал облыстық мемлекеттік архиві» д.а., оның 627 қорында 112.029 құжат болды (1940). 1942ж. одан атырау архиві өз алдына бөлініп шықты, оның қарауына 6.219 құжаты бар 104 қор берілді. Б.Қ.О. архивінде 95988 құжаты бар 567 қор қалды. 2002ж. мәлімет бойынша архивтің 1800 қорында 600 мыңнан астам іс жинақталған. Ғылыми-анықтамалық жүйесі тізбелерінен, арнайы шолулардан, каталогтардан, қорлардың қысқаша анықтамаларынан тұрады. Б.Қ.О архиві 2002 ж. Жалпақтал ауданындағы, Сырым ауданындағы 2 филиалға және 11 аудандық архивке ғылыми-әдістемелік басшылық жасаған.

1866 жылдың 1 қаңтарында Орал қаласында «Уральские войсковое ведомости» атты апталық газет ж. көрді. Алғашқы редакторы, есаул П.Назаров болған газет алғашқы нөмірінен Ресей патшасына қызмет еткен казактарының әскери құрамаларын реформалау, олардың үлесіндегі жер-су көлемін өзара реттеу, әскери қамалдардың орталықпен почта байланысын күшейту, Жайықтан балық аулау кәсібін жетілдіру және т.б. жазып, отарлау саясатын ұстанды. Өңірде 1891ж. «Уральский листок», 1897ж. «Уралец» атты шағын газеттер шыға бастады. Дегенмен, Жайық бойындағы нағыз халықтық-демократиялық нышандағы баспасөздің тұсауы 1911 жылдың 16 наурызында «Қазақстан» газетінің жарық көруімен кесілді. «Қазақстан» газетінің жарық көруне – Ғұмар Қараш, Елеусін Бұйрин (редакторы), Бақытжан Қаратаев, Шәңгерей Бөкеев атсалысты. Саяси-қаржылық қыспаққа шыдай алмаған газет 1913ж. 18 нөмірі шыққаннан кейін жабылды.



1917ж. 17 қарашада «Ішкі Ордалықты басқарушы облыстық кіндік комитетінің хабары» (қысқаша «Хабар») деген атпен Ордада екі тілде тұңғыш кеңестік газеттің бірінші саны жарық көрді. Басылым атауы бірнеше рет өзгерді. 1963 жылдан облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері болып аталынды. Сондай-ақ, қазір 12 аудандық, 2 қалалық газет, жеке басылымдар- «Надежда», «Талап» т.б. шығады.

Әдебиеттер: Матюшин Г.Н. “Историческое краеведение” М., 1987ж. (175-180 беттер); В.Н.Ашурков, Д.В.Кацюба, Г.Н.Матюшин “Историческое краеведение” М., Просвещение” 1980 ж. (131—138 беттер); Под редакцией доктора исторических наук А.В.Даринский “Краеведение” М., “Просвещение” 1987ж. (107-111 беттер); М.Ізімұлының редакциялық басшылығымен “Батыс Қазақстан облысының энциклопедиясы” А., “Арыс” 2002 ж. (180-181беттер); Қамбар Атабаев “Қазақстан тарихының деректанулық негіздері” А., 2002 ж.(188-194 беттер).

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
Сабақ тақырыбы
бекіту туралы
ғылым министрлігі
Әдістемелік кешені
туралы хабарландыру
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
туралы анықтама
бағалауға арналған
тоқсан бойынша
мамандығына арналған
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қойылатын жалпы
мемлекеттік әкімшілік
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
арналған әдістемелік
жиынтық бағалаудың
әдістемелік кешені
ортақ біліктілік
Қазақстан облысы
қызмет регламенті
Қазақстан тарихы
ткізу туралы
конкурс қатысушыларына
мерзімді жоспар
біліктілік талаптар
мамандығы бойынша
тоқсанға арналған
арналған ортақ
қатысушыларына арналған
Қазақ әдебиеті
жиынтық бағалауға
қағидаларын бекіту
Мектепке дейінгі
орналасуға жалпы
арналған жиынтық

Loading...