2 бөлім. Педагогикалық жобалаудың қалыптасуы мен дамуы

Loading...


Дата04.05.2021
өлшемі18.38 Kb.

2 бөлім. Педагогикалық жобалаудың қалыптасуы мен дамуы.

.1 дәріс. 2. 1 тақырып. Педагогикалық жоба.
Педагогикалық жоба

Жоспар:

1. Педагогикалық жобалаудың негізгі түсініктері.

2. Педагогикалық жоба «Проект» терминінің қазіргі түсініктемесі.

3. «Жобалық», «жоба», «жобалау» түсініктерінің білім беру сферасымен ұштасуы.


Педагогикалық жобалаудың негізгі түсінігі. «Егер де педагогикалық түсініктемелерге аса көп зейін қойылған жағдай да ғана, олар тірі қалыптарында болады. Көптеген жұмыстарда терминологиямен байланысты жұмыстар келтірілген, бұл әсіресе кәсіби әрекеттің спецификалық анализіне бағытталады. Педагогикалық жобалауды қарастырудағы ғылыми контекстінің негізін түсінік, жоба, жобалау, жобалық секілді категориялар қарастырады».

Жобалау (лат. Projectus – алға қарай бағытталған) ғылым мен жобаны құрудағы инженериялық әрекетпен, болашақтағы ұсынылып отырған құбылыстың үлгісін құрумен тығыз байланысты.

Педагогикалық жоба. «Жоба» терминінің қазіргі түсініктемесі. Педагогикалық жобалаудың алуан түрлі анализдік жағына қажетті болып табылатын түсініктің орталығына жоба жатады. Философиялық деңгейде жоба рухани білім әрекетінің нәтижесі ретінде қарастырылады. Әрекет – жобаның мақсаты мен нәтижесі секілді. Жалпы мәнде жоба – жеке бір жүйенің орнатылған қажеттіліктермен бірге нәтиже сапасына деген бағытталған өзгерісі. Сонымен бірге жоба әрекетінің мақсаты мен нәтижесі де болып табылатын жобаларды дайындауда керекті материалдарға теориялар, модельдер, түсініктемелер, формулалар, алгоритм мен прадигмалар жатады. Әр түрлі аймақтарда жобалаудың құрал жабдық жүйелеріне әрекет теориясы жатқызылады.

Жобаны мәтін ретінде қарастыру кезінде ол тілді таңдау қажеттілігімен тығыз байланысты. Осы тілді меңгеруге деген қажеттілік тек түсіну деңгейінде ғана емес, сонымен бірге кез келген мәтіннің ішкі ұқсастық деңгейінде де туындайды. Ал мұның өзі шын мәнінде білім беру тапсырмалары.

«Жобалық», «Жоба», «Жобалау» түсініктемелерінің білім беру сферасында байланысуы. Жобалық пен жобалаудан басқа ғылыми және әдістемелік әдебиеттерде педагогикалық жоба контекстін терменологиялық ретінде анықтайтын әр түрлі қосымша модификацияларды кездестіруге болады. Алғашқыда кейбір нюанстар маңызды емес, алайда оларда жобалау феноменнің және оның табиғи контекстінің тарихи даму түсініктері бейнеленген осы бейнелердің көп жақтылығы жобада қатысушылар өз әрекетін жазудағы сөзді таңдап білудің нақтылығын көрсетеді.

Жобалық («жоба» сөзінен шыққан) осы қосымша сөзді қолдану мүмкіндігі олар арқылы анықталатын пән. Жоба арқылы жүзеге асырылатын әрекет жүйесіне жататындығын көрсетудегі немесе олар жоба контекстісімен сәйкестендіріледі. Мысалы: жобалық құжат, жобалық бағыт, жобалық мәдениет.

Жобалау (қасиеттердің бір обектіден екінші обекті обектіге ауысуының психологиялық көшулерінің процедура секілді «проекция» деген сөзінен шыққан). Жобалау кезінде адамның санасының обект үлгісін көтеріп алу қабілеттілігі жайында сөз болады. Дәл қазіргі сәтте жобалау белгілі бір әдістермен процедуралар көмегімен актуализациланатын тұлғалық қасиет ретінде болады. (Жобалау санасы, жобалау әдістемесі, жобалау тесті).

Жобаландырылған – жобалауға әрекеттің қандайда бір ерекше түрі ретіндегі қажеттілікті көрсетеді. Жобаландырылған этап – жоба мүмкіндіктері қолданылатын этап процестерінің бірі. Жобаландырылған қабілет жобалық әрекетті орындау қабілеттілігін қамтиды. (әдетте «жобалау»мен «жобаландырылған» түсініктемелер мәтіндерді ғылыми педагогикалық ұйымдардағы қалыпасқан дәстүрлерді бейнелей отырып, өзара өзгермелі болып табылады).



Жоба технологиясының ерекшелігі – баланың алдағы іс-әрекетті жобалай алуы мен оның субьекті бола білуі. Жоба – ол баланың мақсатқа жетуде қоршаған ортасын кезеңді процестер мен алдын-ала жоспарланған тәжірибелік іс-әрекет арқылы қабылдайтын педагогикалық әдіс. 

Жобалау әдісі түсінігінің негізгі тезисін танып жатқанымыздың барлығын не үшін қажет екенін және бұл білімді қайда және қалай пайдалану керектігін білеміз. 

Жобалау әдісі – мәселені жете зерттеу арқылы,нақтылы нәтиже бере алатын, рәсімделген дидактикалық мақсатқа жету тәсілі. Жобалау әдісі – барлық кезде қандай да бір мәселенің шешімін жорамалдайды.Жобалау әдісі – жеке басқа бағытталған оқыту әдісі. Ол оқудың мазмұндық бөлігі мен тапсырма кешені арқылы шеберлік пен дағдыны дамытады.Ол оқытудың мазмұндық бөлігін тапсырма жиынтығы арқылы балалардың зерттеу іс-әрекетін болдыруға себепші, оқытылатын мағлұматтарды қандай да бір іс-әрекет немесе продукция ретінде алып шеберлік пен дағдыны дамытады. 

Жобалау әдісін пайдалану педагогтарға инновациялық идеялар қосуға мүмкіншілік жасайды. Педагогтың жобалау құзыреттілігіне мыналар жатады:педагог жұмыстарының нәтижелерін жобалай білу; педагогикалық ықпал етудің жолдарын жоспарлау; тәрбие мен оқытуда кездесетін қиыншылықтардың нәтижелерін болжау; нақты педагогикалық тапсырмаларды бөліп көрсету, оларды шешу шарттарын анықтау; балалардың әр түрлі іс- әрекеттерін басқару жұмыстарын жоспарлау және тәрбие мен оқыту жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін, құралдарын таңдай білу. 



Педагогтардың жобалау құзыреттілігін қалыптастырудағы негізгі мақсат - ұсынылған мәселе бойынша жоба жасауға үйрету. Мектепке дейінгі білім ұйымдары педагогтарының кәсібилігін арттыру ретінде зерттеу, жобалау жұмысын дамыту. 

Инновациялық іс-әрекеттің ұйымдастырылуында маңызды рөл оқу - әдістемелік ісі мектепке дейінгі ұйымның әдіскеріне беріледі. Оның іс- әрекеттерінің басым бағыттарынының бірі педагогтардың жобалау құзыреттілігін арттыру болып табылады. 

Жобалау әдісі жұмыстарын мектеп жасына дейінгі қолданысқа кіргізуді педагогикалық кадрлармен жұмыстар ұйымдастырудан бастау қажет. 

Әдістемелік қызметі өз жұмысын қарапайым ликбезден,яғни барлық мұғалімдерді қарапайым жобалау әдісі мен зерттеу әдісіне үйретуден бастай алады.Сонымен бірге жобалық зерттеу жұмысынан қандай нәтиже күтетіндері туралы педагогтармен кішігірім сауалнама жүргізе отырып, жобалық іс әрекеттері бойынша әдебиеттердің библиографиялық тізімін дайындап және әдістемелік әдебиеттер таңдай біледі. 

Қорытындылай келе жобалау әдісі арқылы төмендегідей нәтижеге қол жеткізуге болады: Педагогтардың ақпараттық коммуникациялық технологиялар туралы білімдері анықталады, балаларды,ата - аналар мен мұғалімдерді кешенді сүйемелдеу қалыптары дайындалады(жоба бойынша шығармашылық топтың жоспары жасалды), әр бір педагог жеке кішігірім жобалар жасап, ақпараттық коммуникациялық технологиялар пайдалану сабақтарының конспектілері дайындалады, балабақшада даму ортасы жетіледі және кеңестер өткізіліп,педагогтарға практикалық кеңестер,ал ата- аналарға жобаны жүзеге асыру бойынша кеңестер беріледі. 




Достарыңызбен бөлісу:
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...