№2 ағымдық бақылау тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата12.04.2022
өлшемі0.63 Mb.
#220445
  1   2   3
Байланысты:
2 ағымдық бақылау тапсырмалары. Тіл және әдебиет
№ 3 агымдык жумыс, Тапсырма музыка, 4 ағымдық жұмыс. 5 тапсырма. Коркем енбек, 4 ағымдық бақылау тапсырмалары Коркем енбек, 5 ағымдық бақылау тапсырмалары Педагогика тарихы, 4 ағымдық бақылау.Педагогика


№2 ағымдық бақылау тапсырмалары  

Сұрақтар:  

1.Дыбыстық талдау жолын қалыптастыру қалай жүзеге асырылады және 

дыбыстық талдау үшін сөздерді іріктеудің қандай принциптері бар?  

Дыбыстық  талдау  әдісі  Талдау  тәсілі  бойынша  сөйлеуден  сөйлемді, 

сөйлемнен  сөзді,  сөзден  буынды,  буыннан  дыбысты  бөліп  алуға,  жеке 

дыбыстарды әріптермен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады. 

Жинақтау  тәсілі  бойынша  дыбыстардан  буын,  буындардан  сөз,  сөздерден 

сөйлем, сөйлемдерден сөйлеу құрастырылып, оқу дағдысы қалыптасырылады; 

оқушылар сөзді алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға үйренеді, сол сияқты 

әуелі – жеке жазу элементтерінен әріптерді шығарып, одан тұтас сөздерді жаза 

білуге дағдыланады, соның нәтижесінде сөйлемді, мәтінді оқуға, көшіріп не 

тыңдап жазуға, сондай-ақ өз ойын байланыстырып сөйлеуге, жазуға біртіндеп 

төселеді. Талдау-жинақтау әдісі қалай жүргізіледі? Сауат ашу кезінде талдау 

мен  жинақтау  бір-бірімен  тығыз  бірлікте,  байланыста  жүргізіледі:  балалар 

талдау арқылы сөздің қандай буындардан, дыбыстардан тұратынын ажыратса, 

іле-шала жүргізілетін жинақтау арқылы дыбыстардан буын құрап, буындардан 

сөз құрап үйренеді. Сөйтіп, дыбыстарды жеке-жеке оқымай, бір-бірімен қосып 

буын етіп, сөз етіп оқитын болады. Талдау-жинақтауға жаттыққан кезде, мына 

жағдайларға сүйену керек: 1) Әрбір өтілетін жаңа дауысты дыбысты сөзден 

бөліп  алып,  мұқият  зерттеу  негізінде  оқуға  үйрету,  онан  әрі  оның  әріпі 

меңгертіледі және буыны, сөзі оқытылады. Жалпы дыбыс пен әріпті үйретудің 

типтік сызбасы мынадай: 1. Мәтіннен сөйлемді бөліп алу. 2. Сөйлемді сөзге 

бөлу. 3.Жаңа (үйретілген) дыбысы бар сөзді бөліп алу. 4. Жаңа дыбысты бөліп 

айтып  үйрену.  5.  Оның  баспа  әрпін  көрсету.  6.  Кеспе  әліппеден  сөзді 

құрастыру. 7. Ол сөзді оқу. 8. «Әліппеден» жаңа сөздер оқу. 9. «Әліппеден» 

тіркестер оқу. 10. Жаңа дыбыстың жаңа түрін көрсету және оның бөліктерін 

(әріптің)  жазу,  кейінірек  сол  әріппен  сөз  жазу.  Бұл  схемадан  сөзді  оқуға 

құрамындағы  дыбыстарын  саналы  ұғынып,  буынды  оқу  арқылы  үйренеді. 

Сөйтіп,  дыбыстық  талдау-жинақтау  әдісіне  үйренуде:  1)  оқу  бастамасы 

(единица) буын болып табылады; 2) Сөз көрсетілмейді. Ол сөйлеуден бөлінеді 

де, ауызша айтылады. Оқушылар сөздің әрпінен дыбысын емес, дыбысынан 

оның әріптерін тануға көшеді (керісінше емес). 

 

2.Грамматика  сабақтарының  бастауыш  мектептегі  мақсаты  мен  міндеті 



қандай?  

Бастауыш мектепттерде оқытылатын ана тілі пәнінің басты бөлімінің бірі – 

грамматика.  Грамматика  сабақтары  оқушыларға  тілдің  грамматикалық 

құрылысын  меңгерту,  грамматикалық  заңдарды  білгізу  мүддесіне 




бағындырылады.  Өйткені  оқушылардың  жалпы  білімін,  ой-өрісін, 

сауаттылығын  тіл  мәдениетін  арттыруда  грамматиканы  жүйелі  оқытудың 

маңызы  ерекше  болып  табылады.  Жалпы  білім  беретін  бастауыш 

мектептердегі  грамматика  курсының  алға  қоятын  ең  басты  мақсаты  — 

оқушыларға  ана  тілінің  заңдарын  грамматикалық  құрылыс  ерекшеліктерін 

білгізу,  оның  байланыстарын меңгерту  болып  табылады. Әрине,  бұл  мақсат 

толығымен  бастауыш  мектепте  орындала  қалмайды,  өйткені  грамматика 

бастауыш  мектептерде  ғана  оқытылып  қоймайды.  Оның  өрісі  кең,  жоғары 

сыныптарда  да,  жоғары  оқу  орындарында  арнаулы  факультеттерде  де 

оқылады. Ал бастауыш мектеп дайындық курсы іспеттес, жүйелі курсты өтуге 

дайындық  болып  есептеледі.  Бірақ  бастауыш  мектептерде  берілетін 

грамматикалық  мағлұматтар  өзінің  қарапайымдығына  қарамастан  ғылыми 

негізде құрылады. Балалар бастауыш сыныптарда ана тілінің негізгі нормасын 

меңгереді. Грамматика курсы балаларды тілдік құбылыстарды бақылай алуға, 

талдауға, салыстыруға, топтауға, жүйелеуге, қорытынды жасауға, дәлелдеуге 

дағдыландырады.  Оқушылар  бұл  курсты  оқу  барысында  бірқатар 

грамматикалық  мағлұмат  алады:  фонетика  саласынан  дыбыс  пен  әріпті, 

дауысты,  дауыссыздарды,  жуан,  жіңішке  дауыстыларды,  қатаң,  ұяң,  үнді 

дауыссыздарды,  буынды,  тасымалды  ажыратады  және  дұрыс  жаза  алады. 

Морфология  саласынан  сөздердің  морфологиялық  құрылысын,  сөз  таптары 

мен  олардың  негізгі  формаларын  айыра  алады.  Синтаксистен  сөздердің 

арасындағы  байланыстарды,  жай  сөйлемдерді  ажыратып,  өздері  де  сөйлем 

құрастырады. Грамматика ойлаудың, ұзақ абстракциялық жүмыстың нәтижесі 

болғандықтан, онда дерексіз жалпы ұғымдар көбірек кездеседі. Ондай дерексіз 

үғымдар оқушылар санасына бірден қона қоймайды. Сондықтан оқыту ісінде 

грамматикадағы  дерексіз  ұғымдарға,  дерексіз  категорияларға  деректілік, 

нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті 

болып  саналады.  Бағдарламаның  «Түсінік  хатында»  грамматика  мен  жазу 

сабақтарының  міндеті  мен  жалпы  әдістемелік  қағидалары  белгіленген. 

Бағдарламаны  талдап  қарағанда  бастауыш  сыныптардағы  қазақ  тілінің 

бастапқы курсы өзінің қысқалығына, қарапайымдылығына қарамастан, келесі 

сыныптарда грамматиканың жүйелі курсын меңгеруге қажетті грамматикалық 

мағлұматтар мен сөйлеу дағдыларын, орфография және пунктуация бойынша 

дағдыларды толық қамтитындығы байқалады. 

3. Дауысты және дауыссыз дыбыс пен әріп емлесін оқытудың 

ерекшеліктері неде?  

Дауысты,   дауыссыз   дыбыстарды,   олардың   емлесін   және   буын   мен 

тасымалды,   екпінді   өтіп   болған   соң,   осыларға   жанастыра   үндестік   заңы 

өтіледі.      Үндестік      заңы      мынадай      мәселелерді      қамтиды.      1)      кейбір 

орфографиялық  мәселелер;  2)  орфоэпиялық  мәселелер;  3)  буынға  және    4) 

екпінге   қатысты   мәселелер.   Сондықтан   үндестік   заңының   дыбыс   жүйесі 



материалдарының 

ақырында 

оқытылуы 

орынды.  

       Үндестік  заңы  туралы  түсініктен  кейін  буын  үндестігі  өтіледі,  өйткені 

буын   үндестігі   -   дауыстыларға   байланысты   үндесу.  Дауыссыз   дыбыст

арға байланысты   үндесу   -   дыбыс   үндестігі   болып   табылады.   Дауысты 

дыбыстардан     кейін   дауыссыз     дыбыстар   өтілетін   болғандықтан,   дыбыс 

үндестігінің   де   осы   жүйемен   өтілуі   нәтижелі.   Дыбыс   үндестігің   ілге

ріндіықпалы   бұрын,   кейінді   ықпалы   кейін   өтіледі.   Түбір   мен   қосым

шаныңаралығындағы   ілгерінді   ықпалдың   орны   морфологиялық   жүйе   

бойыншабелгіленеді.   Сөз   бен   жеке   сөздер   құрамы   түбір   сөз   және   қ

осымшалы   сөзболып   бөлінеді.   Бұдан   соң   сөздердің   бірігуі     және   сөз

дердің       тізбектеліптіркесуі  ескеріледі. 

4. Бастауыш сыныпта қандай фонетикалық тақырыптар оқытылады? 

1 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ФОНЕТИКАНЫ ОҚЫТУ 

1.1 Фонетиканы оқыту әдістемесі.  

1.2 Морфологиялық әдістеме 

1.3 Сөз жасау әдістемесі 

2 БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ДЫБЫСТАРДЫ ОҚЫТУ 

2.1 Дыбыстардың айтылу үлгілері 

2.2 Дауыссыз дыбыстарды үйрету 

2.3 Сөйлеудің фонетикалық бірліктері 

2.4 Буын. Дауыс ырғағы, екпін туралы түсінік 

2.5 Дыбыс , әріп, фонема туралы түсінік 

2.6 Фонетикалық заңдар 

 

Тапсырмалар:  



1.Әліппе оқулығынан тіл дамытуға арналған жаттығулардан бірнеше мысал 

көрсетіңіз. (Ә.Е.Жұмабаева, Г.И.Уайсова, Г.Т.Сәдуақас, М.Н.Оспанбекова 1-

сынып 1 бөлім, Алматы «Атамұра» 2016).  

Ескерту: жаттығулардың берілу мақсатын айқындап орындалу жолын 

көрсету қажет.  

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 

1.Доп Қарындаш Кітап 

2.Түлкі  Қасқыр 

3.Мен ауылға барамын 

 Аяулым, сен барасын ба? 

   Жасасын Қазақстан! 

4. Балапан Анар Қарға Ай 

Бақа 


  

 

 



 

  



5. «Дыбыс және әріп» бөлімінің бір тақырыбына ҚМЖ құрыңыз. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
Сабақ жоспары
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
Қазақстан республикасы
рсетілетін қызмет
арналған тапсырмалар
сәйкес оқыту
Жалпы ережелер
білім беретін
бағалау тапсырмалары
бекіту туралы
республикасы білім
оқыту мақсаттары
жиынтық бағалаудың
қызмет стандарты
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
арналған жиынтық
болып табылады
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
жалпы білім
Әдістемелік кешені
нтізбелік тақырыптық
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Мектепке дейінгі
Зертханалық жұмыс
республикасының білім
оқыту әдістемесі
Инклюзивті білім
туралы хабарландыру
білім берудің
Жұмыс бағдарламасы
туралы жалпы
қазақ тілінде
Қысқа мерзімді
тақырыптық жоспар
пайда болуы
пәнінен тоқсан