22.Әкімшілік жауапкершіліктен босатудың негіздерін түсіндіріңіз
Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлғалар жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, осындай босатылудың негіздерін қарастырайық.
Зиянның мардымсыз болуы. Егер жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың нәтижесінде аз зиян келтірілсе, онда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілді орган әкімшілік жаза тағайындаудың орнына ауызша ескертумен шектелуі мүмкін.
Келтірілген залалды өз еркімен өтеу. Әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаған тұлға, сотпен, органмен (лауазымды тұлғамен) әкімшілік жауапкершіліктен босатылуы мүмкін, егер өз еркімен келтірілген залалды өтесе немесе өзге жолмен құқық бұзушылықтың нәтижесінде болған зиянды өтесе.
Өзге негіздер. Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған тұлға әкімшілік жауапкершіліктен рақымшылық жасау актісінің шығуына, жағдайдың өзгеруіне, науқастануға, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты босатылады.
23.Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығын анықтаңыз
Кәмелеттік жасқа толмағандар болып, әкімшілік құқық бұзушылық жасау уақытында 16 жасқа толмағандар есептеледі. 16 жасқа толмағандар үшін әкімшілік жауапкершілікті ата-аналары өтейді.
Жазаның негізгі түрлері — әкімшілік жаза немесе тәрбиелеу сипатындағы мәжбүрлеу шаралары. Кәмелеттік жасқа толмағанға әкімшілік жаза тағайындау кезінде оның өмір сүру мен тәрбие жағдайы, психикалық даму деңгейі, жеке тұлғаның өзге ерекшеліктері, сонымен қатар оған басқа ересек адамдардың әсері ескеріледі.
Кәмелеттік жасқа толмау жазаны жеңілдететін. жағдай ретінде ескеріледі. Егер кәмелеттік жасқа толмаған тұлға әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасаса, онда уәкілді орган әкімшілік жауапкершіліктен босатып, оған тәрбиелік ықпал жасайтын шараларды қолданады.
24.Әкімшілік өндірістің негізгі сатыларын анықтаңыз
Әкімшілік өндірістің негізгі сатыларына мыналар жатады:
әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау;
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелері жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау;
ақтау,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның заңсыз әрекеттерімен келтірілген зиянды өтеу.
Достарыңызбен бөлісу: |