19.Әкімшілік жазалардың түрлерін анықтаңыз
Әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін қолданылатын жазалардың негізінен 9 түрі бар.Олар:
1.ескерту жасау;
2.әкімшілік айыппұл салу;
3.әкімшілік құқық бұзушылықты жасау құралы немесе оның тікелей объектісі болған затты, өтемін төлеп алу;
4.әкімшілік құқық бұзушылық жасау құралы немесе оның тікелей жасау объектісі болған затты, сол сияқты әкімшілік құқық бұзушылықты жасау салдарынан алынған мүлікті тәркілеу;
5.арнаулы құқықтан айыру; лицензиядан айыру, т.б.;
6.жеке кәсіпкердің қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу;
7.заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау;
8.әкімшілік қамауға алу;
9.шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ, адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру
20.Азаматтардың әкімшілік әрекет қабілеттілік және құқық қабілеттілігін түсіндіріңіз:
Әкімшілік құқық қабілеттілік — жалпы құқық қабілеттіліктің көрінісі, яғни әкімшілік — құқықтық нормалармен белгіленген және қорғалатын қандай да бір субъектінің әкімшілік-құқықтық міндеттер мен құқықтарды иеленетін, сондай-ақ мемлекеттік басқару аясында оларды жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілікте болатын мүмкіндігі.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігі дегеніміз — азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі болып табылады.Азаматтардың әрекет қабілеттілігі — азаматтың құқық қабілеттілігінен ерекшеленеді.
21.Атқарушы билікті жүзеге асырудағы әкімшілік-құқықтық әдістердің маңызын анықтаңыз
Өз қызметінде атқарушы билік органдары төмендегідей әкімшілік-құқықтық әдістерді қолданады: субординация және координация әдістері, тікелей және жанама әсер ету әдістері.
Субординация әдісінің негізін заңдық ықпалдың өктемдік сипаты мен мемлкеттік бедел құрайды, оның әлеуметтік тірегі көпшілік мүддесі болып атыбалды.
Координация әдісі басқарушылық міндеттерді шешу барысында орталық атқарушы органдардың, басшылардың және лауазымды тұлғалардың үйлесімді қызметін қамтамасыз етуден көрініс табады.
Атқарушы билікті жүзеге асырудың басқа да мынадай әдістері бар: ғылыми және ғылыми емес, демократиялық және диктаторлық, икемді және қатаң, шығармашылық және шаблондық, мемлекеттік және қоғамдық.
Әдістерді дұрыс пайдаланған жағдайда, олар бір-бірімен байланысқан әсер ету тәсілдерінің біртұтас жүйесін құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |