1.Іріңді жараларға дренаж қою мақсаты а қан тоқтату


Басты шалқайту, төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту, ауызын ашу



бет37/37
Дата11.06.2022
өлшемі125.19 Kb.
#267970
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37
Байланысты:
405-1нок.4.06.22
Льняное масло
Басты шалқайту, төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту, ауызын ашу

  • Басын бір шетке қарай бұру, төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту, ауызын ашу

  • басы астына валик қою, төменгі жақ сүйегін алға қарай жылжыту, басын бір шетке қарай бұру

    Кенеттен жүрек тоқтауы кезінде медицина қызметкерлерінің іс-әрекеті неден басталады?

    1. Қан кетудің тоқтау белгілерін диагностикалау

    2. Ауру анамнезін анықтау

    3. Өлім себептерін анықтау

    4. Қан айналым тоқтауының уақытын анықтау

    5. Шұғыл жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу

    қошқыл-қызыл түсті (қошқыл-таңқурай) қанның тоқтаусыз жай ағыммен ағуы қан кетудің қай түріне тән болып келеді?

    1. Капиллярлы

    2. Аралас

    3. Венозды

    4. Артериалды

    5. Паренхиматозды

    Клиникалық өлімнің негізгі белгілеріне қайсысы жатады?



    1. Жіп тәрізді пульс, көз қарашықтарының кеңеюі, цианоз

    2. Сананың жоғалуы, кәрі жілік артериясында пульстің жоғалуы, көз қарашықтарының кеңеюі

    3. Сананың жоғалуы, өз қарашықтарының кеңеюі, цианоз

    4. Сананың жоғалуы, ұйқы артериясында пульстің жоғалуы, тыныстың тоқтауы

    5. көз қарашықтарының кеңеюі, цианоз, бұлшықеттердің сіресуі

    Жедел улану кезінде пациенттерді госпитализациялайды:



    1. пациенттің ауыр жағдайында

    2. асқазанды жуу мүмкіндігі болмағанда

    3. пациенттің ес-түссіз жағдайында

    4. пациентті құсу және іш өту байқалғанда

    5. жедел уланулардың кез-келген түрінде

    1.темиршылықты анемияның емдеу үшін темір препараттары.Әлемдік денсаулық сақтау ұйымының келесі талаптарына сай болуы қажет


    А) Темір үшвалетті болуы керек
    +Б) темір сіңіру катализаторын қамтуы керек
    В) темір жоғары бағалуы керек
    Г) темір жылдам бөлініп шығуы керек
    Д) темір тоқ ішектің дистальды бөліктерінде сіңірілу керек
    2. Науқасты тексеру барысында жүрек қағу жиілігі минутына 96болса, тамыр соғысының жиілігі 86 болады. Бұл жағдайға анықтама беріңіз
    А) Брадикардия
    Б) Тахикардия
    В) Пульс тапшылығы
    +Г) Пульс диссоциациясы
    Д) Экстрасистология
    3. Ентігуі бар жүрек қан тамырларының ауруында науқастарға жартылай отыру қалпы мына мақсатта тағайындалады
    А) Емізуге ыңгайлы болу
    +Б) Кіші қан айналым жүйесіндегі іркілісті азайту
    В) Ойылудың пайда болуы қаупін азайту
    Г) Киім ауыстыруға ыңғайлығы
    Д) Ас қорту жолының жұмысын жақсарту
    4. Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу. АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, басайналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз
    А) Енгізуді жалғастыру, дәрігерді шақырмау
    Б) Енгізуді жалғастыру және дәрігерді шақыру
    +В) Енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру
    Г) Көктамырдан шығу және дәрігерді шақыру
    Д) Қан қысымын өлшеу, дәрігерді шақыру
    5. Сіздің ауруханаңыздың қызмет көрсету аймағында пойыздың рельстен шығуы анықталды, көп адам зардап шекті. Қабылдау бөліміне бір уақытта бірнеше адам түсті. Бірінші кезекте кімге назар аудару қажет?
    А) Тоқпан жілігі сынған 78 жастағы науқас
    +Б) Кеуде клеткасы жараланған, Жарақаттан ауа шығып жатған 36 жастағы науқас
    В) Жұлынның жоғары зақымданумен 23 жастағы науқас
    Г) Оң балтырының көлемді жарақатымен байламы бар 10 жастағы науқас
    Д) оң иық аймағы жараланған 23 жастағы жүкті әйел
    6. Асқазанды шаю үшін зондты енгізу қажет ара қашықтық формула бойынша анықталады бойы (см-мен)-х, мұңдағы х-тен
    +А) 100
    Б) 80
    В) 50
    Г) бойдың 1/2
    Д) бойдың 1/3
    7. Науқаста он екі ішектің ойық жарасынан қан кетті, науқаста кенет әлсіздік, бас айналу, ентігу, минутына 120 жүрек соққысы, АҚ төмендеуі дамыды. Шұғыл көмек көлемін көрсетіңіз
    +А) Дицинон, еминокапрон қышқылы, физиологиялық ерітінді
    Б) Сальбутамол, хлоропирамин6 преднизалон
    В) Дротаверин, кеторолак, триме
    Г) Дицинон, окситоцин, физиологиялық ерітінді
    Д) Морфин, гепарин, аспирин, физиологиялық ерітінді
    8. Науқаста кетоацидозды кома дамыды, шұғыл көмек көрсету көлемін анықтаңыз
    +А) алғашқы сағатта 1 литрден кем емес физиологиялық ерітінді инфузияцы
    Б) 40% глюкоза ерітіндісі 4-60 мл
    В) морфин, нитроглицерин, гепарин
    Г) дротаверин, атропин, платифиллин
    Д) морфин, фуросемид, нитроглицерин, оксигенотерапия
    9. Дуоденальды зондтау кезіндегі порция В дегеніміз
    А) Асқазанның құрамы
    Б) он екі елі ішіліктегі сөл
    В) өт қабығындағы сөл
    Г) тоқ ішектің құрамы
    +Д) өт қабындағы өт
    10. Туберкулин сынамасының виражы деген не?
    А) қақырықта Кох микобактерияларының табылуы
    Б) теріс манту сынамасы
    +В) алғаш рет болған оң манту сынамасы
    Г) гиперергиялық манту сынамасы
    Д) күдікті манту сынамасы
    11. Жаңа туылған нәрестелер сары ауруын емдеу негізіне жатады
    А) антибиотиктермен емдеу
    Б) глюкозаны ішу, фенобарбитал
    В) глюкозаны тамырішілік құю
    Г) өт айдағыш препараттар және гепатопротекторлар
    +Д) фототерапия, ана сүтімен тамақтандыру
    12. ҚР ұлттық егу күнтүзбесі бойынша қандай жастағы балаларға эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады
    А) өмірінің 0-4 күні, 2 ай, 4 ай
    Б) 2,3,4 және 8 ай
    В) өмірінің 0-4 күні, 6 ай
    +Г) 12-15 ай және 6 жас
    Д) 2,3 және 4 ай және 12-15 ай
    13. Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша мейірбике палатаға шақырды. Қандай шұғыл жағдай дамыды
    +А) өкпеден қан кету
    Б) асқазаннан қан кету
    В) өңештен қан кету
    Г) ауыз қуысынан қан кету
    Д) мұрыннан қан кету
    14. Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп-қатер факторы болып табылады
    А) дене қызуы36,6 С
    Б) Бала белсенді қозғалады
    +В) көмек арқлы ғана қозғалады
    Г) тыныс жиілігі минутына 40 р
    Д) тері жамылғысы қызғылт
    15. Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іші алмаса, науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз
    А) мүмкін болатын бактериялық инфекция
    +Б) жұтқыншақ абсцессі
    В) стрептококксыз фарингит
    Г) стрептококкты фарингит
    Д) мастоидит
    16. 25 жастағы пациенттің шағымдары: қақырықты жөтел екі аптадан бері мазалайды, кеуде тұсында ауырсыну әлсіздік, түнде дене температурасы 37,5 ке дейін жоғарылауы, жүдеу. Объективті тексергенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярылық дыбыс, құрғақ сырылдар, тыныс 24 рет 1 мин. Қандай ауру деп ойлайсыз?
    +А) өкпе туберкулезі
    Б) бронхоэктаз ауруы
    В) өкпе абсцессі
    Г) жедел бронхит
    17. Семіздікпен ауыратын 48 жатағы әйелді, оң қабырға астындағы ауырсыну мазалайды.Ауырсыну оң жауырынға, қолға, оң жақ мойынға берілді. Сонымен қатар жүрек айну, құсу байқалады. Қандай ауру деп ойлайсыз?
    А) созылмалы гепатит
    +Б) созылмалы холецистит
    В) созылмалы гастрит
    Г) созылмалы панкреатит
    Д) созылмалы колит
    18. Буындардың таңертең қозғалмай қалуы қандай ауруда кездеседі?
    А) қантты диабет
    +Б) ревматоидтық артрит
    В) акромегалия
    Г) деформациялық остеоартроз
    Д) подагра
    19. Терапия бөліміне А.атты 27 жастағы пациент мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін тұтқырлы қақырық, ентігу, әр күні бір неше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет, өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Пациентте анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән?
    +А) бронх демікпесі
    Б) жедел бронхит
    В) созылмалы бронхит
    Г) пневмония
    20. Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз?
    +А) жиі тұрақты толғақ
    Б) қағанақ суының ағуы
    В) жалған толғақ
    Г) ішінің жергілікті ауырсынуы
    Д) эпигастрийде ауырсыну
    21. Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында: мазасыз контракциялық сақина жоғары және қиғыш орналасқан, жатыры құмсағат пішіндес,сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндануға болады?
    А) аралықтың ажырауы
    Б) жатыр мойнының ажырауы
    +В) жатыр жыртылуының қаупі
    Г) жатырдың жыртылуы
    Д) шамадан тыс қатты толғақ
    22. Науқас мұрын арқылы тыныс алудың қиындағанына шағымданды. Қарау кезінде: бет терілері кей жерлерде гематомалармен жабылған. Мұрын қалқасының гематомасы диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісін қолданады
    А) эндоназальды риноскопия
    +Б) алдыңғы риноскопия
    В) ортаңғы риноскопия
    Г) артқы риноскопия
    Д) мұрын айнасымен қарау
    25. Анафилактикалық шоктағы шұғыл көмек
    А) Құюды жалғастырып, дәрігерге хабар беру
    Б) смазмолитиктер енгізу
    +В) система құюын тоқтату, көктамырдан инені шығармай физиологиялық ерітінді адреналин, гормондар енгізу
    Г) ауруға қарсы препараттар енгізу
    Д) ауруға қарсы препараттар енгізу, гормондар енгізу
    26. Сіз оқиға орнына келген Жедел жәрдем фельдшері. Пациент 32 жастағы ер адам, салынып жатқан үйдің екінші қабатынан құлаған. Ол, сол жақ санының қатты ауырсынуына, қимылдың шектелуіне шағымданады. Пациент қозып, тұруға әрекеттенеді. Қарағанда: сол жақ санның ортаңғы 1/3 бөлігінде гематома байқалады, сол аймақтың пальпациясы кезінде ісіну мен пішінінің өзгеруі(деформация) анықталды.Пациент, тұрамын деп әрекет жасағанда, патологиялық қозғалыс пен крепитация байқалады. Бұл жағдайдафельдшердің тактикасын анықтаңыз:
    +А) Ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, жарақаттық шоктың алдын алу
    Б) зақымдану аймағына суық басу, тығыз таңғыш, оттегі ингаляциясы
    В) жай анальгетиктермен ауырсынуды басу, санға гипстік лонгетаны салу
    Г) наркотикпен ауырсынуды басу сан-жанбас буынына масақ таңғышы
    27. Асқазанның ойық жарасы перфорациаланған кезде ауырсыну сипаты мен орны
    +А) эпигастрийда қанжар сұққандай ауырсыну
    Б) оң қабырға астында ұстама тәрізді ауырсыну
    В) айналмалы сипаттағы интенсивті ауырсыну
    Г) кіндік маңындағы толғақ тәрізді ауырсыну
    Д) оң мықын аймағында сыздап ауырсыну
    31. Босанғаннан кейінгі әйел 7 тәулік бойы үлкен дәретінің болмауына шағымданады, мейірбикенің қажетті іс-әрекеті
    +А) тазарту клизмасын жасаудиетаны сақтауға ұсыныс
    Б) газ шығаратын түтікшені қою, тыныштандыру
    В) асқазанды шаю, тыныштандыру
    Г) АҚҚ өлшеу, ұйықтататын дәрі беру
    Д) дене қызуын өлшеу, ауырсынуды басатын дәрі беру
    32. Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жіргізілуде. Дәрігер анасына төспен емізу маңыздылығын жайды, төспен тамақтандыру негіздері бос тамақтандыру жайлы түсіндіруде. Бір жасқа дейінгі балаларда еркін тамақтандыру деген ұғымға не жатады?
    А) түнгі үзіліссіз әр 3 сағат сайын
    Б) түнгі үзіліспен әр сағат сайын
    В) баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы
    +Г) белгілі уақыттарда тамақтандыру, көлемін бала анықтайды
    Д) әр 4 сағат сайын көлемін анасы анықтайды
    33. Оқиға болған жерде аяқ үсігіне алғашқы көмек
    А) қармен уқалау
    +Б) термооқшаулағыш таңу салу
    В) үйіне жеткізу
    Г) жүнмен ысқылау
    Д) алкоголь беру
    34. Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылуы сипатталады
    +А) аралық терісі мен бұлшық еттің жыртылуы
    Б) қынап қабырғаларының жыртылуы
    В) тері мен артқы күмбез жыртылуы
    Г) жамбас түбі бұлшықеттерінің жыртылуы
    Д) тік ішек қабырғаларының жыртылуы
    35. Жаңа туылған нәрестенің бірінші патронажы. Анасына төспен емізудің маңыздылығы жайлы айтылды. Тек табиғи тамақтандыруда болатын тамақтандырудың негізгі үрдісін көрсетіңіз
    А) тиімді сапа және негізгі нутриенттердің саны
    +Б) ана мен баланың терілік-тактильды байланысы
    В) анасының тамақ үлесінің антигендеріне иммунологиялық толеранттылықты дамыту
    Г) иммунологиялық қорғаныс
    Д) тиімді тамақ тәртібін қалыптастыру
    36. Бала 4 жаста. Аймақтық дәрігер үйге шақырылған. Жөтелге, дене температурасының жоғарлауы, тамақтан және судан бас тартуға шағымданады. 3 күн бойы симптоматикалық ем қабылдаған, ем нәтижесіз. Қарау барысында тері жамылғылары боз, мұрын-ерін ұшбұрышының цианозы. Өкпеде тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс пневмонияға күдікпен бала ауруханаға жіберілген. Шұғыл госпитализация көрсеткішін көрсетіңіз
    +А) жасы 5 жасқа дейін
    Б) тамақ пен судан бас тарту
    В) өкпедегі жергілікті симптомдар
    Г) 3 күн бойы фебрильді температура
    37. Бала 11 айлық, баллар ауруханасына жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, тамақтан бас тартуна, әлсіздікке шағымданып түсті.Обективті қарауда тынысы жиілеген кеуде клеткасының төменгі бөлігі ішке кірген, аускультацияда әлсіреген тыныс. Осы жасқа сай жиілген тыныс ұғымына келетін жиілігін көрсетіңіз:
    А) Минутына 70
    Б) Минутына 60
    +В) Минутына 50
    Г) Минутына 40
    Д) Минутына 28
    38. Босанушыда меконий аралас қағанақ суы кеткеннен кейін мерзімі жетілген нәресте туылды. Нәрестенің жағдайы ауыр пульс 80 соққы/мин, бұлшықеттер атониялы , терісі боз, бала жыламайды. Акушердің арғы әрекетін көрсетіңіз
    А) нәрестені құрғату және анасының кеудесіне жатқызу
    +Б) реанимациялық шаралар үшін нәрестені неонатологқа беру
    В) құрғату, жылыту және динамикада жағдайын бағалау
    Г) өздігінен адреналин ерітіндісін енгізу
    Д) тыныс жолдарын босату үшін арқасынан қағу
    39. 24 жастағы жүкті С. Босану үйіне 4 сағат бұрын басталған толғаққа шағымданып келді. Объективті жағдайы қанағаттанарлық АҚ-120/80 мм.с.б.б. ұрықтың жүрек қағысы анық минутына 130 соққы,толғақ 30 секундтан әр 7-8 минут сайын. Бимануальды тексеруде жатыр мойны 6 см ашылған қағанақ қапшығы бүтін. Диагноз: жүктілік 39 апта босану кезеңін анықтаңыз
    А) босану хабаршылар кезеңі
    +Б) жатыр мойнының ашылу кезеңі
    В) айдау кезеңі
    Г) бала жолдасылық кезең
    Д) босанудан кейінгі ерте кезең
    40. Босану үйіне 22 жастағы Ф.түсті жүктілік мерзімі 38-39 апта. Бойы 150 см салмағы -58кг Жамбас өлшемдері 22-24-26-16,5см іш айналымы -103 см жатыр түбі биіктігі -40 см Ұрықтың қалпы ұзыгша басыменкеліп тұр, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты 140 соққы/мин басының тік өлшемі-12 см. Қынаптық зерттеу жатыр мойны жетілген ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжамдыдиагноды көрсетіңіз
    А) Жүктілік 38-39 апта Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәрежесі
    Б) Жүктілік 38-39 апта жай жалпақ жамбас
    +В) Жүктілік 38-39 апта Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас ІІ дәрежесі Ірі ұрық
    Г) Жүктілік 38-39 апта Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәрежесі. Көп сулы жүктілік
    41. Көпұрықты жүктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз
    +А) жатыр көлемі үлкен және жүктілік мерзіміне сай емес
    Б) жүктілердің айқын жүрек айнуы және құсуы
    В) жатыр көлемі кіші және жүктілік мерзіміне сай емес
    Г) жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай
    Д) ерте токсикоз белгілері жоқ
    42. Оральды контрацептивтер қолданатын 33 жастағы әйелге ұсыныстар таңдаңыз
    А) етеркіраралық аздаған қан кету пайда болғанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
    Б) жүрек айну мен құсу пайда болғанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
    +В) кеуде клеткасында ауырсыну пайда болғанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
    Г) дене салмағы жоғарлағанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
    Д) тәбеті жоғарлағанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
    43. Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайды көрсетіңіз
    +А) фетоплацентарлы жеткіліксіздік
    Б) жүктілер анемиясы
    В) плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы
    Г) жүктілік кезінде темекі шегу
    Д) жүкті әйел жүрегінің туа пайда болған ақауы
    44. Гинекологиядағы шұғыл жағдайларға жатады
    А) жатырдан тыс жүктілік мерзімінен бұрын босану
    Б) миоматозды түйіннің некрозы аналық без кистасы
    В) аналық без апоплексиясы аппендицит
    +Г) аналық без апоплексиясы, жатырдан тыс жүктілік
    Д) сальпингоофорит эндометрит
    45. Жаңа туылған нәрестелер асфиксиясы дамуының антенальды қауіп факторын көрсетіңіз
    +А) преэклампсия көп сулы жүктілік
    Б) плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы иықтар дистоциясы
    В) инструментальды босану
    Г) босану әрекетінің ауытқуы аз сулы жүктілік
    Д) көп сулы жүктілік, мерзімінен кеш босану
    46. Науқас әйел іштің төменгі жағындағы кенеттен бүріп ауыруға есінен танған күйге шағымданады. АҚ 90/60мм.с.б., Тамыр соғу минутына 100 соққы терісі бозарыңқы,Щеткин-Блюмберг симптомы оң, төрт аптаға етеккірдің кідіруі PV-кенеттен ауырғандықтан жатыр және қосалқылары анықталмайды, артқы күмбезі керіліп тұр. Нені болжауға болады?
    +А) Түтіктің жыртылу типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік
    Б) аналық без киста аяқшасының бұралып қалуы
    В) аналық бездің апоплексиясы
    Г) көкбауырдың жарылуы
    47. Науқас С 22 жаста 10 шілде етеккірінің болмауына таңғы уақыта жүрек айну мен құсуға шағымданып келді. Анамнез соңғы етеккірі 10 мамырда жыныстық қосылу күнделікті. Объективті жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 110/70мм с.б.б. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде жатырықаз жұмыртқасындай ұлғайған, ауырсынбайды, конситенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды.Жүктіліктің және босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз:
    А) жүктілік 5 апта босану мерзімі 7 ақпан
    +Б) жүктілік 8 апта босану мерзімі 17 ақпан
    В) жүктілік 12 апта босану мерзімі 27 ақпан
    Г) жүктілік 14 апта босану мерзімі 7 ақпан
    48. Жыныс серіктестерін жиі ауыстыратын және жыныстық қатынаста жиі болатын 19 жастағы жас қызға контрацепция әдісін таңда
    +А) мүшеқап
    Б) жатырішілк спираль
    В) оральды контрацептивтер
    Г) пластырь
    Д) спермицидтер
    49. Эндемия (эндемиялық) термині не білдіреді
    a) Сырттан әкелінген жағдайлармен байланыссыз, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауру
    b) Осы аймаққа тән кез келген инфекциялық аурумен ауру
    c) Сырттан әкелінген жағдайлармен байланысты, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауру++
    d) Осы аймаққа тін кез келген зоонозды аурумен ауру
    e) Осы аймаққа тән емес кез келген инфекциялық аурулармен ауру
    50. Пациент медициналық көмек алу, ал қызметкер-кәсіби қызметтің барысында жұқтырған жұқпалы аурулар қалай аталады?
    a) Карантиндік
    b) Аса қауіпті
    c) Ауруханашылық +
    d) Ішек
    e) Парентеральды
    51. Ауруханаішілк сальмонеллездің қоздырғышы болып табылады
    a) Salmonella typhi
    b) Salmonella enteritidis
    c) Salmonella cholerae suis
    d) Salmonella Potsdam
    e) Salmonella typhimirium+
    52. АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады?
    a) Дене температурасының жоғарлауы
    b) Лимфа түйіндерінің ұлғаюы
    c) Шырышты қабаттар мен тері жамылғыларында кандидоздың болуы
    d) АИВ-ке қарсы антиденелердің пайда болуы +
    e) Бірден салмақ тастау
    53. Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз
    a) Жедел вульвит
    b) Бартолин безінің кистасы
    c) Жедел лимфоаденит
    d) Бартолин безінің абсцесі+
    e) Қысылған шап жарығы
    55.Қабылдау бөліміне 3 күн бойы сі тәрізді сұйық нәжістің болуына шағымданып науқас келді. Клиникалық белгілері: АҚ 100/60мм с.б.б., пульс-98мин, шырышты қабаттары құрғақ. Осы жағдайда қандай ерітіндіні тамырішілік енгізуге болады
    a) Коллоидты ерітінді
    b) Изотониялық кристаллоидты ерітінді+
    c) Гипертониялық кристаллоидты ерітінді
    d) Гипотониялық кристаллоидты ерітінді
    e) Жаңа мұздатылған плазма
    56. Қай инфекциялық ауруларды убиквитарлы деп атайды
    a) Жаһандық таратылған+
    b) Аймақаралық таратылған
    c) Белгілі бір кең аймақтарда таратылған
    d) Белгілі бір табиғи аймақтарда таратылған
    e) Осы аймақта таратылған
    57. Сальмонеллез анықталған науқасты соматикалық бөлімшесінен ауыстырғаннан кейін қандай шаралар орындау қажет
    a) Дегельментизацияны
    b) Қорытынды дезинфекция жүргізуді+
    c) Ағымды дезинфекция
    d) Жалпы тазартуды
    e) Дезинфекцияны
    58. Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда мейірбикенің іс-әрекеті
    a) Педикулезға қарсы тазалауды санитарлық өткізу бөлмесінде жүргізу+
    b) Науқасты дезинфекциялық станцияға жолдау
    c) Педикулезға қарсы тазалауды емдеу бөлімінде өткізу
    d) Педикулез анықталған жағдайда бас дәрігерге хабарлау
    e) Науқасты инфекциялық ауруханаға жатқызу
    59. Жүкті әйел бас ауруға, көз алдында шіркейлердің пайда болуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғу минутына 80 рет, АҚ 170/100 мм.с.б., ісіктер жоқ. Жатырдың көлемі мерзімі жеткен жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, жүрек соғысы минутына 140 рет, тұйықталған, ырғақты. Сіз нені болжайсыз?
    a) Ауыр дәрежедегі созылмалы артериялық гипертензия
    b) Ауыр дәрежедегі преэклампсия+
    c) Жеңіл дәрежедегі преэклампсия
    d) Ауыр дәрежедегі гестациондық артериялық гипертензия
    e) Голомерулонафрит гипертониялық формасы
    60. Науқасқа ботулизм болжамды диагнозы койлды. Медбикеге асқазанды жуу керек. Асқазан-ішек жолдарындағы ботулотоксинді белсенсіздендіруде қолданылатын ерітіндіні көрсетіңіз
    a) Натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісі
    b) Натрий гидрокарбонатының 5% ерітіндісі+
    c) Су құбырындағы су
    d) Калий перманганатының әлсіз ерітіндісі
    e) Смекта ерітіндісі
    61. Потогенді қоздырғыштардың макроорганизмге ену жолы?
    a) Инфекцияның резервуары
    b) Инфекцияның кіретін жері +
    c) Суперинфекция
    d) Эпидемиялық процесс
    e) Диссаминация
    62. Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауруы, құсу, гипертермия, 39 С шағымдармен науқас түсті. Болжам диагнозы: менингококк инфекциясы, менингококты менингит. Менингиттің диагностикасы кезінде менингиалдық белгілерді анықтайды, олардың бірі болып табылады
    a) Желке бұлшықеттерінің сіресуі+
    b) Гепатоспленомегалия
    c) Розонберг симптомы
    d) Падалки симптомы
    e) Штренберг симптомы
    63. Жұқпалы ауруғанаға ауыз жұтқыншағының дифтериясы,жамылғы формасы диагнозымен науқас түсті. Науқасты тексергеннен кейін қандай бөлімшеге жібереді?
    a) Бокс+
    b) Диагностикалық
    c) Сары ауру
    d) Тифоздық
    e) Ішек
    64. Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады?
    a) Тежелу және адимания+
    b) Сүзек статусы
    c) Ұйқының қалыптасыуы
    d) Астеновегативті синдром
    e) Жалпы жағдайы өзгермейді
    65. Іш сүзегімен ауыратын науқастың потенциальды спецификалық мәселесі
    a) Пневмония
    b) Паротит
    c) Менингит
    d) Миокардтың диффузды зақымдануы
    e) Ішек ойық жарасының герфорациясы +
    66. 8 жасар бала іш және қолдарының терісінде 2 апта бұрын кейде жеңіл қышумен ұласатын бөртпелер пайда болды. Объективті: қалыпты тері түсіндей ортасында кіндік тәрізді басылған жылтыр байламы бар, сипағанда тығыз, көптеген бөртпелер көрсетілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз
    a) Тегіс теміреткі
    b) Контогиозды моллюск+
    c) Сүйел
    d) Өткір ұшты кондиломалар
    e) Есек жем
    67. Жедел жәрдем қызметкерлері науқаста ботулизм анықтады. Біріншілк медициналық көмекті көрсетіңіз
    a) Асқазанды шаю және жоғары сифонды клизма+
    b) Ішке сорбент қабылдау – белсендірілген көмір
    c) Глюкоза ерітіндісімен инфузиялық- дезинтоксикациялық ем
    d) Антитоксикалық ботулинге қарсы поливалентті сарысуды енгізу
    e) Бұлшықет ішіне шұғыл хлорамфеникол енгізу
    68. Әйел дене температурасының 37,9С дейін жоғарлауы,ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, шырыш пен қан аралас 15 ретке дейін нәжіс,тенезм,жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды.Қарау терісі бозарған. Тілі құрғақ. Пальпация кезінде сигма тәрізді ішек спазмдалған, қатты ауырсынады. Пульс 98 соққы/мин, АҚ 110/70мм.с.б.б., қай ауру жайлы болжауға болады?
    a) Жедел шигеллез+
    b) Сальмоноллез
    c) Іш сүзегі
    d) Жедел эшерихиоз
    e) Холлера
    69. Мерездің біріншілік белгісі
    a) Лимфаденопатия
    b) Аллопеция
    c) Лейкодерма
    d) Қатты шанкр+
    e) Гумма
    70. Токсикодермияның патогенетикалық ем үшін қолданылатын дәрілік заттарды көрсетіңіз
    a) Анаболитикалық гормондар
    b) Антибиотиктер
    c) Кортикостероидтар+
    d) Цитостатиктер
    e) Седативті препараттар
    71. А вирусты гепатит аурушандылығы анықталғанда бірінші кезекте жасалатын әрекетті көрсетіңіз
    a) Шұғыл хабарлама жіберу, инфекциялық ауруханаға жатқызу+
    b) Шұғыл түрде инфекциялық ауруханаға жатқызу
    c) Қалалық ауруханаға жатқызу
    d) Шұғыл хабарлама жіберу және қалалық ауруханаға жатқызу
    e) Үйге стационар ұйымдастыру, ЖТД міндетті бақылаумен ем жүргізу
    72. № 058/У формасы бойынша шұғыл хабарлама санитарлы эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік мекеменің аймақтық бөлімшесіне ауру тіркелгеннен кейін неше сағатта жіберілу керек?
    a) 1 сағат
    b) 3 сағат
    c) 12 сағат+
    d) 24 сағат
    e) 48 сағат
    73. Қабылдау кезінде науқас қынаптағы қышуға, жағымсыз иісі бар көпіршікті бөлінділерге шағымданады. Бұндай өзгерістер тән
    a) Трихомоналдық кольпитке +
    b) Гонореялық кольпитке
    c) Хламидиялық кольпитке
    d) Микоплазмалық кольпитке
    e) Вирусты кольпитке
    74. Науқас 24 жаста мейірбике ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөртпелерге шағымымен келді. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісін, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамдыдиагноз қойыңыз
    a) Шынайы экзема
    b) Микробты экзема
    c) Аллергиялық дерматит +
    d) Фотодерматоз
    e) Дәрілік токсидермия
    75. Күлдіреуік (пузырчатка) патогенезінде жатыр
    a) Аутоиммунды реакция +
    b) Некрозды қабыну
    c) Атрофиялық үрдіс
    d) Лимфа айналымының бұзылысы
    e) Қан айналымының бұзылысы
    76. Бозғылт трепонема қандай антибектериялық препараттарға сезімтал
    a) Пенициллиндер+
    b) Макролидтер
    c) Фторхинолондар
    d) Тетрациклиндер
    e) Стрептомициндер
    77. Глазго шкаласы бойынша бағалауда 15 балл сәйкес келеді
    a) Комаға
    b) Сопорға
    c) Клиникалық өлімге
    d) Анық еске +
    e) Ступорға
    78. Геморрагиялық инсульті бар науқаста тасымалдау кезінде қажет
    a) Басын төмен түсіру
    b) Аяқтарын көтеру
    c) Бас қалпын жиі өзгерту
    d) Денесінің қалпын жиі өзгерту
    e) Басының қалпын өзгертуді болдырмау +
    79. Стационарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен : дене қызуының 39 С, басының қатты ауыруы, жарықтан қорғау, спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықетінің ригидтілігі, Кернинг симптомы оң, көп қимылдағыш, беттің гиперемиясы, терісі ыстық,денесінде гемморрагиялық бөртпе анықталды. Болжамды диагноз:
    a) Менингококк инфекциясы+
    b) Тұмау
    c) Энцефалит
    d) Желшешек
    e) Қызамық
    80. 54 жасар науқас дерматологқа башпай арасында орналасқан бөртпеге, қышу және күйдіру сезіміне шағымданды. Ауырғанына 2 ай. Емделген. Моншада жұмыс істейді диагноз:
    a) Екіншілік мерез
    b) Табан эпидермофитиясы+
    c) Дисгидротикалық экзема
    d) Ихтиоз
    e) Алақан-табан кератодермиясы
    81. Қабылдауға 27 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз исті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жаныстық қатынаста болады. Қарауда: жыныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?
    a) Жедел гонорея
    b) Урогенитальды хламидиоз
    c) Урогенитальды трихомониаз
    d) Урогенитальды кандидоз+
    e) Гарднереллез
    82. Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі,үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз
    a) Миастения++
    b) Рейно ауруы
    c) Мишық ісігі
    d) Маңдай бөлігінің ісігі
    e) Самай бөлігінің ісігі
    83. Төменде көрсетілгендердің қайсысы шашыранды склероздың клиникалық сипаттамасы болып табылады?
    a) Деменция
    b) Көрудің нашарлауы+
    c) Клоникалық тырысулар
    d) Бұлшықет атрофиясы
    e) Алопеция
    84. 60 жастағы науқаста артериялық қысым жоғарлауы аясында дизартрия, аяқ қолының дистальды бөлімдерінің әлсіздігі мен парастезиялар пайда болды. Сіздің әрекетіңіз
    a) Нифедипин,эуфиллин, магний сульфаты +
    b) Нифедилин, фуросемид, нитроглицерин
    c) Нитроглицерин, аспирин, гепарин,морфин
    d) Морфин, добутамин,аспирин,гепарин, физиологиялық ерітінді
    e) Сальбутамол,эуфиллин, будесонид
    85. 43 жастағы ер адам себепсіз түсіріңкі көңіл-күй жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түңерінкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяулаған, өзің-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз
    a) Катоникалық
    b) Депрессивті +
    c) Апато-абулиялық
    d) Астеникалық
    e) Маниокальды
    86. Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала денісау болып туылып босану асқынусыз өткен әйел қозулы айқайлайды киімдерін шешіп жүгіруге тырысады. Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады болжам диагноз:
    a) Шизофрения
    b) Депрессия
    c) Босанудан кейінгі психоз +
    d) Невростения
    e) Деменция
    87. Өз істерінің мәнін түсінбейтін және олармен басқара алмайтын психикалық бұзылысы бар адамның сотпен анықталады
    a) Әрекеттілігі
    b) Құқық қабілеттілігі +
    c) Ақыл-есі дұрыстылығы
    d) Әлеуметтік қауіптілігінің дәрежесі
    e) Сыншылдығы
    88. 18 жастағы ересек бала бас-ми жарақатынан кейін есте сақтаудың нашарлауына, сөйлеудің қиындауына,сөз тауып сөйлеудің нашарлауына ....................................................тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымданады.Қандай синдром жайлы ойлауға болады ?
    a) Дементивті
    b) Онейроидты
    c) Ақымақтық
    d) Психоорганикалық+
    e) Астениялық
    89. Эпилепсиялық статустың 1 сатысына шұғыл көмек көрсету кезеңінде енгізілетін дәрілік препаратты көрсетіңіз
    a) 10 мг диазепам т/і+
    b) 40% глюкоза ерітіндсі т/і
    c) Дәрумен В1-5мл т/і
    d) Дексаметазон 4мг т/і
    e) 2,0-4,0мл фуросемид т/і
    90. Резонерлік тән
    a) Эпилепсияға
    b) Тамырлы деменцияға
    c) Параноялық тұлғаның дамуына
    d) Шизофренияға+
    e) Жабысқақ жағдайлар неврозына
    91. Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден тыс біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады. Дәл осы жағдай басқалардыңда бірдей еститініне сенімді. Бұзылушылықты анықтаңыз
    a) Рефлекторлы галлюцинация
    b) Шынайы галлюцинация +
    c) Психосенорлық бұзылулар
    d) Парейдолық иллюзия
    e) Псевдогаллюцинация
    92. 32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас Х., соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкілденесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда емдеуді бастау керек
    a) Психофармакотерапиядан+
    b) Инелік рефлексотерапиядан
    c) Психотерапиядан
    d) Электро-тырысулы терапиядан
    93. 23 жастағы А есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға,ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен:науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан.Сіздің болжамды диагнозыңыз
    a) Серозды иридоциклит
    b) Глаукоманың жедел ұстамасы
    c) Аллергиялық конъюнктивит+
    d) Тұқымқуалаушылық катаракта
    e) Бактериялық кератит
    94. 33 жастағы науқас Б., оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады.Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатасы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады?
    a) Глаукоманың жедел ұстамасы
    b) Онкологиялық ауру+
    c) Орбита флегмонасы
    d) Теріскен
    e) Аллергиялық конъюнктевит
    95. Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған.Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз?
    a) Мұрын аймағына суық қою
    b) Алдыңғы тампонада
    c) Артқы тампонада+
    d) Сақпанша таңғыш салу
    e) Мұрынды жансыздандыру
    96. Науқас Е., 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады.Шағымы: аяқтарында сыздап ауырсынуы, әлсіздік,жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек
    a) 30-40 минут
    b) 10-15 минут
    c) 20-30 минут+
    d) 25-35 минут
    e) 15-20 минут
    97. Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін дауысының қарлығуына,жөтелге, дене қызуының жоғарлауына шағымданады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық,дене температурасы 37,5С. Ларингоскопияда:көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған, дауыс саңлауы кең.Тыныс алуы еркін.Сіздің болжамды диагнозыңыз
    a) Жедел фарингит
    b) Жедел ларингит+
    c) Лакуналық ангина
    d) Паратонзеллит
    e) Жедел аденоид
    98. ДСҰ анықтамасы Мақсаты ауру немесе жарақат салдарынан бұзылған қызметтерін толық қалпына келтіру болып табыладыбелсенді үрдіс, егер ол мүмкін болмаса мүгедектің физикалық, психикалық және әлеуметтік потенциалын тиімді орындау, оның қоғамдағы адекватты интеграциясы сай келеді
    a) Медициналық реабилитация +
    b) Паллиативті көмек
    c) Гериатриялық көмек
    d) Санитарлы-шипажайлық ем
    e) Гериатриялық реабилитация
    99. Балалар саны0-4 жасқа дейінгі 8000, 0-4 жасқа дейінгі балалар арасында 320 қызылша жағдай тіркелген. Таралуы қошаған ортада 40%. Бұл көрсеткіш :
    a) Интенсивті көрсеткіші+
    b) Қатынастар көрсеткіші
    c) Қарау көрсеткіші
    d) Экстенсивті көрсеткіші
    e) Орта арифметикалық шама
    100. Әйелдер кеңесі жұмысының тиімділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз
    a) Фертильді жастағы 1000 әйелде өздігінен болатын түсік саны+
    b) Фертильді жастағы 1000 әйелде босану саны
    c) Фертильді жастағы 1000 әйелде қабыну ауруларының саны
    d) Фертильді жастағы 1000 әйелде түсік саны
    e) Фертильді жастағы 1000 әйелде қылмыстық түсік саны

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   37




    ©melimde.com 2022
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет
    Сабақтың тақырыбы
    бойынша жиынтық
    жиынтық бағалау
    Сабақ тақырыбы
    Сабақтың мақсаты
    ғылым министрлігі
    тоқсан бойынша
    бағдарламасына сәйкес
    бағалауға арналған
    Сабақ жоспары
    Реферат тақырыбы
    жиынтық бағалауға
    сәйкес оқыту
    арналған тапсырмалар
    Қазақстан республикасы
    білім беретін
    оқыту мақсаттары
    бағалау тапсырмалары
    Жалпы ережелер
    республикасы білім
    рсетілетін қызмет
    жиынтық бағалаудың
    бекіту туралы
    тоқсанға арналған
    Қазақстан тарихы
    Қазақстан республикасының
    мерзімді жоспар
    арналған жиынтық
    қызмет стандарты
    болып табылады
    жалпы білім
    арналған әдістемелік
    Мектепке дейінгі
    оқыту әдістемесі
    бағалаудың тапсырмалары
    Қазақ әдебиеті
    пәнінен тоқсанға
    Инклюзивті білім
    нтізбелік тақырыптық
    Зертханалық жұмыс
    Әдістемелік кешені
    білім берудің
    республикасының білім
    туралы жалпы
    Қазақстанның қазіргі
    Қысқа мерзімді
    Жұмыс бағдарламасы
    қазақ тілінде
    қазіргі заман
    атындағы жалпы
    туралы хабарландыру