1.Әрбір ғимараттар мен ғимараттарда өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ететін эвакуациялық жолдарды көлемдік-жоспарлық шешу және құрастырылымдық орындау болуға тиіс

Loading...


Дата03.04.2020
өлшемі18.18 Kb.
1.Әрбір ғимараттар мен ғимараттарда өрт кезінде адамдарды қауіпсіз көшіруді қамтамасыз ететін эвакуациялық жолдарды көлемдік-жоспарлық шешу және құрастырылымдық орындау болуға тиіс. Адамдарды қауіпсіз көшіру мүмкін болмаған жағдайда, ұжымдық қорғау жүйелерін қолдану арқылы оларды қорғау қамтамасыз етілуге тиіс.

2. Осы Техникалық регламентте белгіленген талаптарға сәйкестік пестицидтердің (улы химикаттардың) нарықтағы айналымының қажетті шарты болып табылады.

Қазақстан Республикасының аумағында айналымға түскен пестицидтер (улы химикаттар) мемлекеттік тіркеуден өтеді және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтердің (улы химикаттардың) тізіміне енгізіледі.

Пестицидтердің (улы химикаттардың) әрбір партиясы буып-түюге, таңбалауға, зат белгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын техникалық регламенттің талаптарына сәйкес буып-түйіледі және таңбаланады.

пестицидтерді (улы химикаттарды) таңбалау үшін ілеспе құжаттарға (қауіпсіздік паспортына, ерекшелігіне, пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіруге (формуляциялауға) арналған нормативтік және техникалық құжаттамаға) сәйкес және нақты пестицидтерді (улы химикаттарды), оның ішінде пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істегенде туындайтын апат (төтенше) жағдайларда, қауіпсіз қолдану шаралары туралы барлық қажетті ақпарат пайдаланылады.

Ақпаратты ыдыстың затбелгі жапсырмасында орналастыру мүмкін болмаса, әрбір орама бірлігіне пестицидпен (улы химикатпен) жұмыс істеу кезіндегі алдын ала сақтық шаралары жазылып, оны қолдану жөніндегі ұсынымдар қоса беріледі. Пстицидтерге (улы химикаттарға) арналған орамалар мен ыдыс өнімді қауіпсіз сақтауды, тасымалдауды және өткізуді қамтамасыз етеді.

Орама мен ыдыс үшін адамды, қоршаған ортаны пестицидтердің (улы химикаттардың) қауіпті сипаттарынан қорғауға арнайы лайықталған және пестицидтердің (улы химикаттардың) құрамдас заттарының қиратушы немесе өзге де бүлдіруші зиянды ықпалына төзетін және олармен тұтану және (немесе) күшті жылу шығару; тез тұтанатын, улы немесе тұншықтыратын газдар бөлу; басқа да химиялық белсенді және қауіпті заттар шығаруды тудыратын реакцияға түсу арқылы өзара әрекет етпейтін материалдар пайдаланылады.

3.Өндірістік жарықтандыру. Табиғи және жасанды жарықтандыру түрлері, нормалау. Өндіріс орындарында конструктивті қолданысқа байланысты жасанды жарықтандыру жалпы және аралас болуы мумкін. Жалпы жарықтандыру кезінде жұмыс орны жалпы жарықтандыру қондырғысынан жарықтандырылады. Аралас жарықтандыру жалпымен қатар жергілікті жарықтандыру қосады, ол жарық ағынын жұмыс орында қамтамасыз етеді. Аралас жүйедегі жалпы жарықтандырудан туатын жарық норманың 10% құрайды, алайда ол люминисцентті лампы үшін 50 лк-дан кем болмауы тиіс. Аралас жарықтандыруды машина залында, мәліметті өңдеу бөлмелерінде, қызмет көрсету бөлмелерінде қолданылған жөн. Жалғыз жергілікті жарықтандыру болмауы тиіс, себебі ол көз жанарының әртүрлі жағдайға тез бейімделуге қажет етеді. Өткір, бұлыңғыр, терең көленке, жарақаттану қауіпін т.б жағымсыз фактор туғызады. Өндіріс бөлімдерін жалпы жарықтандыру үшін негізінен, люминцентті шам қолданылады.



Оның қасиеттері жоғарғы жарық беру (75лмВт-дан жоғары), қызмет көрсету уақыты ұзақтығы (10000сағ). Жанатын қабаттың әлсіз жарықтылығы, берілетін сәуленің спектрлі болуы. Сонымен қатар, оның кемшіліктері бар: жарық ағынының жоғары болуы (пульсация) осыған байланысты стробосскоптық эффектінің болуы (мүмкіндігі шамның жануың, пустереттеуші аппарат ПРА) жұмыс істеу қабілеті қоршаған орта температурасына тәуелді. Жұмыс уақыты аяғында сәуле ағыны жартылай азаяды. Қыздыру шамалары қондырғыда жалпы қадағалау жұмыстары, мысалы, желдеткіш пен ауа кондиционерін орнатуда қолданылады.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
Барлы конкурс
білім беретін
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дебиеті маманды
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
білім беруді
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
Конкурс жариялайды
дарламасыны титулды
дістемелік кешен
ызметтер стандарттарын
мелетке толма
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...