1.Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы және тарихи деректері


Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа



бет41/107
Дата23.12.2021
өлшемі323.27 Kb.
#147227
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107
Байланысты:
тарих жауап-1
Футбол футболда ойыншыны? ?ай дене м?шесіне доп тимеу керек ? (?
41.Ғылыми-техникалық прогресс және 1965 жылғы шаруашылық реформа.

1965 жылғы шаруашылық реформасы. 60-жылдардың ортасында кеңес

экономикасын барынша нығайтуға тырысқан ел басшылығы жаңа

шаруашылық реформаларын жүргізе бастады. Бұл бір уақытта бірнеше

саланы - енеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығын қамтыған, соғыстан

кейінгі кезеңдегі экономиканы қайта ұйымдастырудағы ең, ірі шаралар

болды. Сол кездегі КСРО Министрлер Кеңесінің

төрағасы A.Н.Косыгин бастаған реформашыл

күштер экономиканы басқарудағы әкімшілдікті сынай отырып, өнеркәсіпті

басқаруды салалық қағидамен, жузеге асыруды, өнеркәсіп салалары бойынша

одақтық-республикалық министрліктер құруды ұсынды. Кәсіпорындарға

дербестік берілді, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен ене бастап,

қызметкерлерді экономикалық жағынан ынталандыру мен материалдық

жағынан марапаттау шаралары неғұрлым ойластырылған түрде қолданыла

бастады. 1965 жылы алтыншы шақырылған КСРО Жоғарғы

Кеңесінің сессиясы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу мен

бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң

қабылдады. Мұның соңынан осындай қаулылар мен заңдарды республикалық

басқару органдары қабылдады. Осыған сәйкес өзгерістер Қазақ

КСРКонституциясының мәтініне де енді. Қабылданған шешімдерге сай Қазақ

КСР халық шаруашылығы Кеңесі мен экономикалық аудандардың

совнархоздары таратылды. Республикада бірқатар одақтық-республикалық

салалық министрліктер (түсті металлургия, геология, мелиорация мен су

шаруашылығы т. б.) құрылып, құрылыс материалдары, орман, целлюлозакағаз және ағаш өңдеу, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары біріктірілді.

Ғылыми-техникалық прогресс. Бұл шаралар елдің әлеуметтік-экономикалық

дамуындағы қолайсыз бағытта өрістеуін белгілі бір уақытка тежеп,

экономикадағы хал-ахуалды жаксарту үшін жаңа алғышарттар

калыптастырды. Мұндай қажеттілік 60-жылдардың бас кезінде, КСРО қуатты

экономикалық және ғылыми әлеуетке ие болған кезде пісіп-жетілді.

Ғылымның дамуының ерекше жетістігі - 1961 жылы 12

сәуірде Ю.А.Гагариннің адамзат тарихында алғаш рет гарышқа сапар шегуі

болды. Бұл тарихи оқиға экономиканы ғылыми-техникалық революцияның

жетістіктеріне сүйенген ғылыми- өнеркөсіптік өндіріске көшіруді бастаудың

кажеттігін көрсетті. Бұл окиғаның құрметіне казақтың жас ақыны Олжас

Сүлейменов «Адамға табын, Жер, енді!» атты поэмасын жазды.Техникалық

прогрестің негізінде республика үшін өнеркөсіптің жаңа салалары дами

бастады. Республика титан, магний, синтетикалық каучук, полиэтилен,

көтергіш крандар шығара бастады. Өскемен конденсатор және Кентау

трансформатор зауыты, Семей кабель зауыты тәрізді электротехникалық

машина жасаудың ірі кәсіпорындары қатарға қосылды. Павлодар машина

жасау зауыты трактор зауыты болып қайта құрылды. Химия өнеркәсібі

қуатты салаға айналды. Маңғыстаудағы мұнай және газ кең орындарын игеру

женінде ірі шаралар жүзеге асырылды. 1965 жылы Өзен кен орны өзінің

бірінші мұнайын берді.КОКП ОК-нің 1965 жылғы наурыз Пленумында ел

басшылары тиімді аграрлық саясат талдамасын түзуге кезекті әрекетін

жасады. Оның шешімдері колхоздар мен совхоздардың экономикасын

көтеруге бағытталған шаралар жүйесін қарастырды. Бірнеше жылға тұрақты

жоспарлар белгіленіп, ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алу бағасы екі есе

өсіріліп, жоспардан тыс өнімдер үшін үстем ақы телеу еңгізілді.

Колхоздардан табыс салығын алудың шарттары өзгертіліп,

шаруашылыктардың материалдық-техникалық базасы нығайтылды.

И. Худенконың шаруашылықты басқарудағы жаңа әдісі. 70- жылдары

республика ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің бірқатары шаруашылық

жүргізудің қалыптасқан құрылымын өзгертуге әрекеттенді. Сондай

адамдардың бірі - И.Н.Худенко еді. Еңбекшіқазақ ауданындағы «Іле»

совхозын, кейін Алматы облысы Күрті ауданының «Ақши» совхозын

басқарған ол ауыл шаруашылығын басқарудың жаңа формаларын еңгізе

бастады. Мысалы, ол сол кездің өзінде фермерлік шаруашылықты дамытуға

әрекеттенді, қағаз- бастылықты құрт азайтып, шаруаларға бірқатар

еркіндіктер берді. Совхоздағы жағдай анағұрлым жақсарып, еңбек өнімділігі

артты, тәртіп нығая түсті. Мұндай бастама бұрынғыша шаруашылық

жұргізудің ескі әдістерімен бұйрық беріп, өмір етуге үйренгендерге ұнауы

мүмкін емес еді. Совхозға бірінен соң бірі республика Ауыл шаруашылығы

министрлігінен бастап партияның аудандық, облыстық комитеттерінен әр

түрлі комиссиялар жиі келе бастады.И.Н.Худенконың тиімді әрі болашағы

зор әдісінің тамырына балта шабылды. Оған қоса оның ісі сотқа беріліп,

сотталды. Түрмеге отпырғызылған И.Н.Худенко сонда қайтыс болды. Тек

бірнеше жылдан соң, елде қайта құрулар басталған кезде И.Н.Худенко Қазақ

КСР Жоғарғы Соты алқасының шешімімен ақталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   107




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді