1.Қазақстанның қазіргі заман тарихының тарихнамасы және тарихи деректері



бет18/107
Дата23.12.2021
өлшемі323.27 Kb.
#147227
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   107
Байланысты:
тарих жауап-1
Футбол футболда ойыншыны? ?ай дене м?шесіне доп тимеу керек ? (?
16.Қазақстандағы азаматтық-саяси қарсыласу кезеңіндегі саяси партиялардың қызметі: мұсылмандық партиялар, Алаш партиясы, Үш Жүз, большевиктер, кадеттер, социал-революционерлер.

«Шура-и ислам», , Ислам кеңесі - 1917 жылғы мамырда Мәскеуде өткен бүкілресейлік мұсылман съезінің шешіміне сәйкес құрылған қоғамдық-саяси ұйым. Бұл ұйым Уақытша үкімет жағдайында, мұсылмандардың және олардың қоғамдық ұйымдарының Құрылтай жиналысына дейінгі іс-әрекеттерін қадағалап, үйлестіріп отырды. Құрамына Түркістаннан 7, Кавказдан 2, қазақ облыстарынан 5, Литва татарларынан 1, ішкі Ресей мұсылмандарынан 10 адам кірді. Шура-и исламның Петроград каласында орналасқан 12 адамнан тұратын атқару комитетінің төрағалығына Ж.Салихов, орынбасары болып Ж.Досмұхамедұлы сайланды. Атқару комитеті мүшелері қатарында алғашында У.Танашев, Жақып Ақбаев, Зәки Уалиди Тоған, Ғ.Ходжаев, Көлбай Төгісов, Ш.Мұхамедияров, И.Лиманов секілді қайраткерлер болды. Шура-и ислам Бүкілресейлік мұсылмандар съезінің шешімдерін басшылыққа алды. 1917 жылы шілдеде өткен Бірінші жалпықазақ съезі Шура-и исламға мүшелікке қазақ өкілдерін: Ақмоладан А.Тұрлыбаевты, Семейден Ә.Сәтбаевты, Торғайдан Ә.Байғуринді, Оралдан У.Танашевты, Жетісудан Б.Мәмбетовті, Сырдариядан М.Шоқайды, Ферғанадан Ғ.Оразаевты сайлады. Шура-и ислам 1917 жылы шілдеде Қазан қаласында Бүкілресейлік мұсылмандар сиезін өткізуді ұйымдастырды. Шура-и ислам Қазан төңкерісіне дейін жұмыс істеді

“Шуро-и-Улема”, Ғұламалар қоғамы, Ғұламалар кеңесі – қоғамдық-саяси ұйым. 1917 жылы 10 шілдеде Ташкентте көрнекті қазақ қайраткері Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің жетекшілік етуімен құрылған.

“Шуро-и-Улема” ұйымы Түркістан өлкесінің жергілікті халқының мүддесін қорғау ислам діні қағидаларымен ұштастырылғанда ғана жүзеге асады деп санады. Соған орай Уақытша үкіметтің Түркістан комитетінен мұндай ұстанымның жүзеге асуын талап етті. Түркістан өлкесіне Ресей Федерациясы құрамында аумақтық автономия берілуін жақтай отырып, олар ұлттық-діни ой-пікірлерді мерзімді баспасөз арқылы насихаттау күнделікті өмірде талас тудыратын мәселелерді Шариғат арқылы шешу керектігін өз ұйымдарының жарғысына негіз етіп алды. Жарғыға сәйкес ұйым мүшелері үш топқа бөлінді:



  • Жылына 6 сом төлегендер қарапайым мүшелер,

  • ұйымға айрықша қызмет сіңіргендер құрметті мүшелер,

  • ұйымның есепшотына 100 сом көлемінде қаржы салғандар тұрақты мүше саналатын болды.

Қазақ «Үш жүз» социалистік партиясы ұсақ буржуазиялық сарындағы ұлттық саяси ұйым еді. Партия большевиктерге ниеттес бағыт ұстап, «Алаш» партиясына Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша негізгі қарсылас болды. Партияның негізін 1917 жылы 17 қарашада Мұқан Айтпенов қалады. Бастапқы кезеңде басшылық орталықтың құрамына К. Тоғысов, Ш. Әлжанов, А. Досов, И. Қабеков енді. Партияның орталық баспасөз органы «Үш жүз» газеті болды. 1918 жылдың басынан бастап үшжүзшілер басқа қозғалыстарға қарсы күрестегі большевиктердің сенімді одақтасына айналды. Осының бәрі большевиктік ұйымдардың белсенді материалдық және рухани қолдауы жағдайында өтті. Белгілі бір әлеуметтік негізі мен айқын бағдары болмаған, сөйтіп елеулі саяси күшке айнала алмаған «Үш жүз» 1918 жылдың жазында тарап кетті.

Кадеттер – Коституциялық-демократиялық партия (КДП) мүшелері. Партия «Азаттық одаққа» мүше либералды зиялы қауым өкілдерінің тобынан бастау алады. Бұл «Азаттық одаққа» 1902 жылы патшалық билікке қарсы конституциялық жүйе енгізу мақсатында құрылған және көбіне земство қызметкерлерінен тұратын. 1904 – 1905 жылдары қозғалыс земстволық және қалалық қызметкерлер съездерінде кеңейтіліп, 1905 жылы 12 – 18 қазан күндері құрылтай съезде партия болып құрылды. Кадеттер 1917 жылы Ақпан төңкерісінде монархияны сақтап қалуға күш салса, көп ұзамай сол жылы болған Қазан төңкерісі кезінде республикалық жүйені жақтады. 1917 жылы жазда кадеттер әскери диктатураны қолдап, Л.Г. Корниловтың әскери төңкерісін ұйымдастыруға көмектескен еді. Төңкеріс сәтсіздікпен аяқталғаннан кейін олар Уақытша үкімет құрамынан шығарылды. Қазан төңкерісінен соң Кеңестер билігіне қарсы күрес бастаған, сол үшін Кеңестер билігі оларды «халық жауы» деп жариялап, қуғанға ұшыратты. Ресейде кадеттер ақтар үкіметінің негізін құрады. Партия XX ғасырдың 20-жылдарында эмиграцияда жүріп басты рөлді атқарды.

Эсер партиясы

•      1917ж. көктемінде үлкен қалалар мен өлкелерде Эсер ұйымдары құрылды;

•      1917ж. жазында Эсерлертер қолында барлық Кеңес жері болды;

•      Партия ұраны: «Жерді өңдеушілерге беру керек», «Жер – халықтың меншігі».

Патша өкіметінің отарлау саясатын айыптады. 1917 жылдың жазына қарай Черняев Кеңесінен басқа барлық Кеңестер эсерлердің қолында болды. Сонымен қоса казак партиясының бөлімшелері Орал, Атырау, Петропавл, Павлодар, Көкшетау, Семейде жұмыс істеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   107




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді