Семасиология (гр. semasia - мағына, гр. logosсөз - ілім) — заттар мен құбылыстарды, түсініктерді атап білдіретін сөздер мен сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын зерттейтін ғылым саласы. Семасиология - лексикологияның аса манызды бөлімдерінін бірі. Семасиология ғылымындағы негізгі ұғым семантика
Сөз мағынасы деп- әрбір сөздің білдіретін ұғымын айтамыз.Оның түрлері:
Тура және ауыспалы сөздер.
Көп мағыналы сөздер.
Омоним,антоним.синоним
Табу және эвфемизимдер.
Көнерген сөздер
Неологизмдер
Диалек сөздер
Кәсіптік лексика
Фразеогизм Табу.Эфемизим және дисфемизм сөздер.
Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер. Табу сөздер төмендегідей негізде қалыптасқан:
1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, найзағай түсті десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен жай сөзін жасыл сөзімен алмастырып қолданған;
2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан қасқыр сөзін ит-құс, ұлыма деген сөздермен алмастырып қолданған;
3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын атамай, оны қорасан деген сөзбен ауыстырып айтқан;
4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.
Тіл білімінде құлаққа түрпідей тиіп, жағымсыз, тұрпайы естілетін сөздерді сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айту эвфемизм деп аталады. Эвфемизм ойды көркем түрде бейнелеп жеткізу үшін қолданылатын, мәдениеттілікті, сыпайылықты білдіретін сөздер болып саналады. Дисфемизм-мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы, тұрпайы, дөрекі түрде айтылатын, біреуді қорлау, кеміту мақсатында пайдаланылатын сөздер.
Достарыңызбен бөлісу: |