3.Лингвистикалық талдау
Бірте-бірте Ерасылдың шын есімі үлкен-кішінің аузына сирек алына бастады.
1)Бастады- 7ә, 7д, 3 буын (бас- бітеу буын, та-ашық буын, ды- ашық буын , 2 тасымал жігі 4 дауыссыз; 3 дауысты дыбыс.
Б- д/з, ұяң, ерін дау-ы,шұғыл
А-д/ы, жуан, ашық, езулік
С-д/з, қатаң, тіс дау-зы
Т-д/з, қатаң, шұғыл, тіл арты
А-д/ы, жуан,ашық,езулік
Д-д/з, ұяң, тіс дау-зы, тіл алды
Ы-д/ы, жуан, қысаң, езулік
2) Сирек- тура мағына
Антоним-жиі
Омоним- -----
Синоним-кейде, анда-санда,арасында
3) Ерасылдың – сөзжасам, күрделі сөз, біріккен сөз, тұтаса біріккен сөз.
4) Аузына- ауз-түбір, ы- тәуелдік жалғау 3 жақ, на- тәуелдік жалғау
5) Жай сөйлем, хабарлы, жақты, толымды, жайылма.
Бірте-бірте : пысықтауыш
Ерасылдың шын есімі: бастауыш
Үлкен-кішінің: меншікті анықтауыш
Аузына- толықтауыш
Сирек- пысықтауыш
Алына бастады- баяндауыш
№4 билет
1.Тіл дыбыстары, оның түрлері.Дауыссыз дыбыстар, оның үн қатысына және жасалу тәсіліне қарай түрлері
Тіл дыбыстары дегеніміз- адамның дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы жасалған, бір-бірінен сапалық жағынан ажыратылған,әлеуметтік мәні бар дыбыстар. Тіл дыбыстарының ерекшелігі олардың өзара тіркесіп, мағыналы сөз құрауында. Тіл дыбыстары дауысты және дауыссыз дыбыстар болып 2-ге бөлінеді.
Дауыссыз дыбыстар-өкпеден шыққан ауаның кедергіге ұшырап шығуынан жасалады.
Қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырдың қатысына қарай ұяң,үнді, қатаң болып 3-ке бөлінеді. Ұяң- үн мен салдырдан тұрады, салдыр басым (б,в,г,ғ,д,ж,з,һ)
Үнді- салдырдан үні басым (й,л,м,н,,ң,р,у)
Қатаң- тек салдырдан тұрады ( к,қ,п,с,т,ф,х,ч,щ,ш)
Жасалу тәсіліне қарай шұғыл және ызың болып бөлінеді.
2.Көшіріп жазу және оның түрлері. Грамматикалық тапсырмасы бар көшіріп жазу
Көшіріп жазу- жазу дағдысын жетілдіретін, нығайтатын сонымен қатар іс жүзінде сыналған жаттығу жұмыстары.Көшіру жұмыстарында керекті әріптердің, сөздердің, сөз тіркестерінің астын сызу, сөз табын анықтау,қосымшасын анықтау белгіленеді. 3 түрі бар. 1.Көрі,қимыл факторларына негізделетін көшіріп жазу.2.Есту арқылы қабылдауына сүйенетін мәтінді жазу.3. Грамматикалық тапсырмалары бар жаттығулар
Грамматикалық тапсырмасы бар көшіріп жазу-бұл оқушылардыграмматикалық және орфографиялық құбылыстар ара қатынасын түсінуге, грамматикалық қиындықтарды таба білуге дағдыландыру. Бұл талдау өз алдына жаттығу ретінде бөлек немесе басқа жаттығулар элементі ретінде де жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |