2. Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
ШЖМ-тің жоғарыда келтірілген артықшылықтарымен қоса, кемшіліктері, кері жақтары да бар:
- мұғалімдер ұжымының аздығына қарай, әрбір мұғалімнің шығармашылық белсенділігінің артуына жол болмайды;
- сабаққа дайындалуда оқытушы шектен тыс жүктеме орындайды;
- мұғалім әрбір сыныппен сабақтың белгілі бір бөлігінде ғана жұмыс жасауға мүмкіндігі бар, ал қалған уақытта тек оқушылардың өздік жұмысын ұйымдастыруға, оны басқаруға ғана жұмсалады;
- мұғалімнің зейіні екі немесе одан да артық сынып оқушыларына бөлініп отырады;
- өзіндік жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалім тарапынан жеткілікті мөлшерде көмек ала алмайды;
- белгілі бір жастағы балалар болмағандықтан, ұжымдық жұмыс ұйымдастыруға мүмкіндік жоқ;
- оқушылардың өздік жұмысы басқа сынып оқушыларының шуылы, кедергі жасауы барысында жүргізіледі, мұның өзі оқушының тапсырманы түсіне отырып орындауына кері әсер етеді;
- ШЖБМ оқушылары көпке дейін өз ойын ашық айтуға, қандай да бір мәселені ауызша талдауға, өзгенің талдауын, талқылауын, ойын тыңдаудан кенде, кейін қалады;
- ШЖБМ бағдарламасын өз деңгейінде орындап шығу қазіргі кездегі көкейкесті мәселелердің бірі, өйткені қойылатын талап негізгі мектептермен бірдей. Аталмыш мектеп жағдайында бағдарламаны сапалы орындау төмендегі жағдайларды, талаптарды орындағанда ғана мүмкін болады: - егер мұғалім ШЖМ -нің өзіндік ерекшелігін, сабақтың ерекшелігін түсіне, сезіне алатын болса;
- егер мұғалім ШЖМ математика сабағын ұйымдастырудың мәселелері бойынша қажетті теориялық және практикалық дайындықтан өткен болса;
- математика сабағында мұғалім балаларды қызықтыра алатындай, сабақты түрлендіре жүргізетін, олардың сабақтағы іс-әрекетін ұйымдастыру формаларын дұрыс қолданатын болса.
3. Лингвистикалық талдау
3 1 4 2
Елбасы Жолдауы – елдіктің, бірліктің белгісі (5).
Ж – дауыссыз, ұяң, ызың.
о – дауысты, жуан, еріндік, ашық
л – дауыссыз, үнді, тіл алды
д – дауыссыз, ұяң, тіл алды
а – дауысты, жуан, езулік, ашық
у – дауыссыз, үнді
ы – дауысты, жуан, езулік, ашық
Белгі – омонимі жоқ
Синонимі – таңба, ен
Антонимі жоқ
Елбасы – сөзжасам, күрделі сөз, біріккен сөз, тұтаса біріккен сөз.
Елдіктің – түбірі ел, - дік зат есімнен зат есім тудырушы жұрнақ,
-тің ілік септігінің жалғауы
5. Жай сөйлем, хабарлы сөйлем, толымды, жақты сөйлем.
Достарыңызбен бөлісу: |