Шағын жинақты мектептерде тәрбие жұмысы 3 топтан құралған.
1 ) Сабақтағы тәрбие жұмысы;
2 ) Сыныптан тыс және сабақтан тыс тәрбие жұмысы;
3 ) Елді-мекендегі қоғамдық орта.
Тәрбие жұмысы тәрбие ісі формасында жүргізіледі. Осының негізінде әрекетті және комплекстік екі тұрғы белгілі. Біріншісі, әр түрлі
жағдайдағы оқушылар арасында ұйымдастыру, танымдық, еңбек, қоғамдық, спорттық және еркін қарым-қатынас, ал екіншісі барлық
әрекеттердің бірігуін қамтамасыз етеді. Тәрбие жұмысы әдептілік, әдемілік, ақыл-ой еңбекті өзінің құрамына біріктіреді. Тәрбие мақсатында
басымдылық нақты істерді анықтайды.
3.Лингивистикалық талдау.
Көңілің қалған адамның көлеңкесі де сүйкімсіз.(4)
1.Көлеңкесі – 9ә,9д/б,4д-ты,5д-сыз,4-б,4-т.
К-д/з,қатаң,тіл ортасы.
Ө-д/ы,ашық,жуан,еріндік.
Л-д-з,үнді,тіл алды.
Е-д/ы,жіңішке,ашық,езулік.
Ң- д/з,үнді,мұрын жолы,тіл арты.
К-д/з,қатаң,тіл ортасы.
С-д/з,қаттаң,тіс дз
І-д/ы, жіңішке,ашық,езулік.
2.(адам)
Антоним-жоқ
Омоним-жоқ
Синоним-пенде,тұлға,кісі.
5.Сүйкімсіз-анықтауыш сапалық анықтауыш сұрағы (қандай?)
№29 билет
Құрмалас сөйлем, оның түрлері. Сабақтас құрмалас, оның түрлері.
Бастауыш шағын жинақталған мектептегі педагогикалық үрдістің ерекшелігі, жұмыстың тиімділігі мен кемшілігін анықтау
Лингвистикалық талдау
«Құрмалас» деген сөз «құра, құрау» сөздерінен алынып, грамматикалық термин ретінде ғана қолданылады. Жай сөйлем жай бір ғана ойды бідірсе, құрмалас сөйлем – екі не одан да көп ойды, күрделі ойды білдірудің тәсілі, құралы. Жай сөйлемнің материалы сөз тіркесі болса, құрмалас сөйлемнің материалы – сөйлем.
Құрмалас сөйлемнің құрамына енген жай сөйлемдербір – бірімен қосымша, шылау, орын тәртібі, өзіндік интонация арқылы байланысады.
Құрмалас сөйлемнің сыңары жай сөйлемдер ішіндегі атаулы сөйлемнен басқаның бәрі бола алады. Құрмалас сөйлемдердің құрамындағы жай сөйлемдердің баяндауыштарының өз бастауыштарымен қиысу, қиыспау және аралас келуіне орай салалас, сабақтас, және аралас болып үшке бөлінеді. Сөйтіп, күрделі ойды білдіретін, бір – бірімен мағыналық, грамматикалық форма арқылы байланысқан жай сөйлемдердің тіркесі «құрмалас сөйлем» деп аталады.
Құрамындағы жай сөйлемдерінің алғашқысы тиянақсыз болып, соңғысына бағына байланысқан құрмалас сөйлемнің түрін сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы: таңертеңгі тұнық ауа енді мұнартып, кең даланы сұлу сағым басты.(Т. Абд ) Машина жолда бөгелмесе, тура үш сағатта барып қаламыз.
Бұл құрмалас сқйлемдердердің бірінші жай сөйлемдерін өз алдына бөлек айтуға келмейді, өйткені олар тиянақсыз.
Құрмалас сөйлемнің құрамындағы тиянақсыз жай сөйлемдерді бағыныңқылы сөйлем дейміз. Ал құрмалас сөйлемдердің екінші жартысындағы сөйлемдері тиянақты, олар өздігінен дербес айтыла да береді. Құрмаластың құрамындағы мұндай жай сөйлемдерді басыңқы сөйлем дейді. Сабақтас құрмалас сөйлемдер құрамындағы бағыныңқы сөйлемдердің басыңқы сөйлемдерімен мағыналық қарым – қатынасына ұарай алты түрге бөлінеді: шартты бағыныңқылы, қарсылықты бағынығқылы, себеп бағыныңқылы, мезгіл бағыныңқылы, қимыл – сын бағыныңқылы және мақсат бағыныңқылы.
Достарыңызбен бөлісу: |