Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды. Шағын жинақты мектептің жоғарыда келтірілген түрлерге жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асырылады: «Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:
1) бастауыш шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;
2) негізгі шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;
3) орта шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді»
«Шағын жинақты мектеп қызметінің тәртібіне» сәйкес 1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.
9, 11-сыныптар бiтiрушi сыныптар болғандықтан, олардағы бала саны аз болған жағдайда да өзге сыныптармен қосып оқытылмайды [3].
Лингвистикалық талдау.
Қандай? Не? Нені? Не істеді? Қандай? Не? Кімді? Не істейді?
Алыс жол атты сынайды, ауыр күн ерді сынайды. (5)
~~~~~ _____ _ _ _========== ~~~~ _____ _ _ _ ======
Күн- 3ә, 3д, 1□,2▲, ø тас.ж
К-▲, қатаң, шұғыл, тіл арты
Ү-□, жіңішке, еріндік, қысаң
Н-▲, үнді, тіл алды, мұрын жолы
Ауыр
Омо- ø
Син- зіл (дей)
Ант- жеңіл
Жол- сөзжасам, дара, негізгі.
Атты- ат- з.е, ты- табыс с. жалғ.
Құрмалас сөйлем. Салалас құрмалас, ыңғайлас салалас
№ 22 Билет
1.Одағай,оның түрлері,тыныс белгісі.
Одағай-толық мағынасы болмайтын,адамның түрлі көңіл-күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.Одағайға тән негізгі белгілер:лексикалық мағынасы болмайды,сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді,сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.Одағайдың үш түрі бар:1)көңіл күй одағайлары;2)жекіру одағайлары;3)шақыру одағайлары
1)Көңіл күй одағайлары шаттану,таңырқау,ренжу,өкіну,қуану мәнінде қолданылады:пәлі,алақай,пай-пай,әттеген-ай,қап.
2)Жекіру одағайлары тыйым салу,жекіру мәнінде айтылады:тәйт,тек,жә.
3)Шақыру одағайлары хайуанаттарды,жан жануарларды қуу,шақыру мәнінде жұмсалады.Жылқыға қатысты:құрау-құрау;сиырға қатысты:ауһау-ауһау;қойға қатысты:пұшайт пұшайт;түйеге қатысты:көс-көс;итке қатысты:кә-кә,айтақ-айтақ;мысыққа қатысты:пырс,т.б одағайлар қолданылады.
Одағай сөйлем басында да,ортасында да,соңында дам кездеседі.Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:
1)Одағай сөйлем басында келсе,одағайдан кейін үтір қойылады.Мысалы,пай-пай,туған жер қандай ыстық!Құрау-құрау,кер бесті!
2)Одағай сөйлемнің ортасында келсе,одағайдың екі жағынан да үтір қойылады.Мысалы,Далаға шықсам,ойпырай,батыс жақ от болып жанып жатқандай,,,
3)Одағай сөйлемнің соңында келсе,алдынан үтір қойылады.
4)Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады.Мысалы,
Қазақстан!Пай,пай,пай,ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.
5)Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады.Мысалы,Паһ-паһ!Сөз деп осыны айт!
Достарыңызбен бөлісу: |