1)Етістік шақтары.Өткен шақ, оның түрлері.
Етістіктің мағынасы іс-әрекетті білдіру болса, кез келген іс-әрекет белгілі бір мезгілде орындалады. Ол сөйлеуші айтып тұрған мезгілде өтуі мүмкін, немесе үнемі өтіп жататын әрекет болады, сондай-ақ не сөйлеп тұрған кезден бұрын, не кейін орындалуы да мүмкін. Ендеше, етістік шағы сөйлеп тұрған кезге қатысты анықталады.
Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.
Мысалы: Мен 1990 жылы тудым немесе биыл мен 14 жастамын. Бұл сөйлемдерде мезгілдің нақты уақыты айтылған. Ал шақ жұрнақтары арқылы іс, қимылдың өту кезеңдері сөйлеп тұрған кезбен анықталады. Осыған орай етістік шақтары үшке бөлінеді: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.
1. Өткен шақ
Іс-әрекеттің сөйлеп тұрған кезден бұрын болғанын білдіретін шак түрін өткен шақ дейміз. Қазақ тілінде өткен шақтың үш түрі бар. Олар: жедел өткен шақ, бұрынғы өткен шақ және ауыспалы өткен шақ.
1) Жедел өткен шақ - сөйлеп тұрған мезгілден аз уакыт бұрын болған, сол кезге жақын өткен істі білдіретін өткен шақ түрі.
Жедел өткен шақ етістік түбіріне -ды, -ді, -ты, -ті жұрнағының және оған жіктік жалғау жалғану арқылы жасалады. Мысалы: 1. Мен ауылга келдім. 2. Сен кітапханада болдың. 3. Олар теледидар көрді. Осы сөйлемдерде етіс-тік шағының үш жаққа қатыстылығы жіктік жалғаулармен берілген.
жақ жекеше көпше
I Мен оқыдым Біз оқыдық
II Сен оқыдың Сіз оқыдыңыз Сендер оқыдындар Сіздер оқыдыңыздар
III Ол оқыды Олар оқыды
2) Бұрынғы өткен шақ іс-әрекеттің сөйлеп тұрған уакыттан көп бұрын өткенін білдіреді. Мысалы: Үйлерді қурылысшылар аудан жәрдемімен салған. Бұрынғы өткен шақтың іс-әрекет мезгілді білдіруде жедел өткен шақтан өзгешелігі қимылдың өткендігі туралы нақтылық сөйлеушінің сөзінде басым болады.
Бұрынғы өткен шақтың жасалу жолдары
1. -ып, -іп, -п жұрнақтары және жіктік жалғаумен: Гүлнұр бұны апасына да айтыпты.
2. -ған, -гең -қан, -кен жұрнақтары және жіктік жалғаулармен: Гүлнұр бұны апасына да айтқан.
3) Ауыспалы өткен шақ қимыл иесінің ертеден дағдыға айналған іс-әрекетін білдіреді. Мысалы: 1. Демалыс сайын кездесіп тұратын 2. Әжесі ертегіні дәмдеп айтушы еді
Ауыспалы өткен шақтың жасалу жолдары
1) -атың -етің -итың -итін жұрнақтары және жіктік жалғау арқылы:
жақ жекеше көпше
I Мен оқитынмын Біз оқитынбыз
II Сен оқитынсың Сіз оқитынсыз Сендер оқитынсыңдар Сіздер оқитынсыздар
III Ол оқитын Олар оқитын
2) -ушы, -уші қосымшасына еді көмекші етістігінің тіркесуі арқылы:
жақ жекеше көпше
I Мен барушы едім Біз барушы едік
II Сен барушы едің Сіз барушы едіңіз Сендер барушы едіндер Сіздер барушы едіңіздер
III Ол барушы еді Олар барушы еді
Достарыңызбен бөлісу: |