1.Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі №151-i қазақстан Республикасының Заңы


Етістіктің шақтары. Келер шақ, оның түрлері



бет18/30
Дата10.06.2022
өлшемі132.13 Kb.
#267566
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
400 гос ҚҚТ

1.Етістіктің шақтары. Келер шақ, оның түрлері.
Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.
Келер шақ
Келер шақтың негізгі 3 түрі бар:

1) Болжамды келер шақ — есімшенің “-ар”, “-ер”, “-р”, “-с” қосымшалары арқылы жасалады: “берерміз”, “айтпассың”. Болжамды келер шақ аналитикалық тәсілмен: “-атын”, “-етін” есімше тұлғалы етістікке “шығар”, “секілді”, “тәрізді” сөздері тіркесуі мен “-і” тұлғалы тұйық етістіктің тәуелдік немесе барыс септік формасына “мүмкін”, “тиіс”, “қажет”, “керек” тәрізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалады.


2)Мақсатты келер шақ етістік түбірге “-мақ, -мек”, “-бақ, -бек”, “-пақ, -пек” қосымшалары жалғану арқылы жасалады: “жүрмек”, “айтпақпын”.


3) Ауыспалы немесе жалпы (анық) келер шақ — етістік түбірге көсемшенің “-а”, “-е”, “-й” қосымшалары жалғанып, жіктеліп жасалады. Мыс.: “барады, оқиды”. Морфологиялық талдау үлгілері. Сөздерді тұлғасына қарай талдағанда мына шартты белгілер қойылуы керек. -түбір -жұрнақ -жалғау


Мысалы: Оқушылар жазғы демалыс кезінде тауға серуенге шықты. 1.Сөйлемдерге морфологиялық талдау жаса. Мен хайуанаттар саябағында көптеген аңдарды көрдім. Піл өте үлкен екен. Менің бір кішкентай күшігім бар. Мысығым мен күшігім жақсы достар. Мен күшігіме әр түрлі тамақ беремін. Менің мысығым ұйықтағанды жақсы көреді.




2.Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту. Ертегілерді оқыту.
Әдебиет сабағындағы ең басты жұмыстардың біріне оқушылардың көркем шығарманы қабылдауы, одан әсер алуы, көркем туындыны бүкіл бітім – болмысымен түсіне білулері жатады. Яғни мұғалім осы мақсатпен ізденуі керек, осы мақсатта оны жүзеге асырудың ең тиімді деген әдіс – тәсілдерін сұрыптай отырып пайдалануы керек. Оқушының көркем шығарманы қабылдау белсенділігін, әсерлі сезімін дамытудың жолдарын қарастыруы керек. Еліміздің өз тәуелділігіне қол жеткізіп, саяси – әлеуметтік және экономикалық дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта терең білім, сауатты ұрпақ тәрбиелеу – негізгі міндеттердің бірі.
Бастауыш сыныптарда ертегілерді оқыту.
Қазақ фольклорындағы мазмұны терең, тілі бай, тақырыбы әр алуан, оқиғасы қызғылықты шығармалардың бірі – ертегілер. Ол әдеби мұраның ең көне түрі болса да, осы күнге дейін өскелең ұрпақты жан-жақты тәрбиелеуде маңызы жойылмаған жанр. Ертегі – көркем фантастикалық шығарма. Мұнда ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жауыздық қатар көрсетіледі.
Ертегілерді оқуда мыналарды есте сақтау қажет:
1. Ертегіні оқу барысында «Бұл ойдан шығарылған, өмірде кездеспейді» деудің қажеті жоқ. Себебі балықтың, жан-жануардың сөйлемейтінін балалар өздері де біледі. Бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп, ондағы кейіпкерлердің іс-әрекетіне бірде күліп, бірде қайғырып, бірде қуанып отырулары, оларды армандауға үйретеді.
2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйрету ертегілердің пайдасы мол.
3. Қара сөзбен берілген ертегі мәтінге жақын үлгімен мазмұндалады. Кейде мұғалім ертегіні оқымай-ақ, мазмұнын қызықты етіп айтып та береді. Ертегі баланы жоспар құруға үйрету үшін де қолайлы.
4. Жануар туралы ертегі оқығанда алдын-ала дайындықтың онша керегі де жоқ.
5. Кейбір ертегіні пьесаға айналдырып, қуыршақ жасатып, сыныптан тыс сабақтарда орындатуға болады.
Қазақ ертегілері мазмұнына, оқиға желісіне, сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі ең бастылары:
А). Қиял-ғажайып ертегілері.
Ә). Хайуанаттар жайындағы ертегілер.
Б). Тұрмыс-салт ертегілері.
Бастауыш сыныпта ертегілерді оқытудың маңызы зор. Ертегі – халық шығармасы, халық мұрасы. Онда халықтың ертеңге деген сенімі мен үміт-арманы, əділдік пен шындық, бақыт туралы ойлары тоғысып жатады. Қай халық болсын өзінің даму жолында қилы-қилы тарихи кезеңдерден өтеді. Жақсылық пен жамандықтың бітіспес тайталасын бастан кешіреді. Ертегі қаһармандарының үнемі күрес үстінде көрінетіні жəне осы жолда жеңіске жететіні, əділдіктің əркез үстем болатыны – халықтың осынау көкейтесті ой-арманының көрінісі. Халық ойының аса бай құнарынан жаратылғандықтан да ертегі əрбір оқушы үшін ерекше маңызға ие. Əр алуан ертегілермен танысу оқушыны қиялдай білуге үйретеді. Халықтық тəрбиенің қасиетті бұлағынан сусындауға мүмкіндік жасайды. Ел мен жерге деген сүйіспеншілігін оятады, азаматтық көзқарасының алғашқы негізінің қалыптасуына септігін тигізеді. Жалпы алғанда ертегі бастауыш сынып оқушыларын оқуға ынталандыратын шығармалардың бірі. Қазақ халқы педагогикалық қағидаларды «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің». «Беске дейін піріңдей күт, он беске дейін құлыңдай күт», «баланы жастан…» т.б. сияқты түсініктермен толықтай дəлелденген, теориялық ұғымдар. Халық балаға жастай тəрбие беруде баланың қалыптасып жетілуіне тікелей ықпал ететін тəрбиелік дүниелерді, ертегілер, батырлар жыры, ұлттық ойындар т.б. пайдаланған. Ертегіден халықтың əр кездегі тұрмыс-тіршілігі, қоғамдық өмірі, ой-арманы, дүниетанымы мен көзқарасы, тағы басқа көрініп отырады. Сондықтан да Белинский мұны «Халық жанының айнасы» деген болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
республикасы білім
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
рсетілетін қызмет
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
мерзімді жоспар
Қазақстан республикасының
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
бағалаудың тапсырмалары
Қазақ әдебиеті
пәнінен тоқсанға
Инклюзивті білім
нтізбелік тақырыптық
Зертханалық жұмыс
Әдістемелік кешені
білім берудің
республикасының білім
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
атындағы жалпы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру