1.Қазақстан Республикасындағы тiл туралы 1997 ж. 11 шiлдедегі №151-i қазақстан Республикасының Заңы



бет14/30
Дата10.06.2022
өлшемі132.13 Kb.
#267566
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30
Байланысты:
400 гос ҚҚТ

15-талдау
Қызылқұмның ажары беті жаңа ашылған келіншектей әдемі екен.

  1. Жаңа 4 әріп, 4 дыбыс, 2 буын, 1 тасымал жігі, жа-ашық буын, ңа-ашық буын, 2 дауысты, 2 дауыссыз.

Ж-дауссыз ұяң, тіс дауыссызы
А- дауысты жуан еріндік ашық
Ң- дауыссыз үнді тіл арты
А- дауысты жуан ашық еріндік



  1. Ажар

Омоним – адамның ажары, беті. Адам аты
Синоним – түр , келбет ,бет.
Антоним – жоқ



  1. Қызылқұм

Сөзжасам, күрделі сөз, біріккен, тұтаса біріккен



  1. Келіншектей. Келін- түбір, -шек- етістіктен сын есім тудыратын негізгі жұрнақ , -тей- туынды үстеу тудыратын жұрнақ.




  1. Қызылқұмның (кімнің?)- анықтауыш, үйірлі анықтауыш

Ажары (несі?)- бастауыш, үйірлі бастауыш
Беті (несі?)- үйірлі бастауыш
Жаңа (қалай?)- пысықтауыш, амал пысықтауыш
Ашылған (не істеген?)- баяндауыш, дара баяндауыш
Келіншектей (қандай?)- анықтауыш, үйірлі анықтауыш
Әдемі екен (қандай екен?)- анықтауыш, үйірлі анықтауыш

16-билет



  1. Етістіктің түрлері. Осы шақ, оның түрлері.

  2. Көркем шығармалардың кейбір түрлерін оқыту. Өлеңдерді оқыту.

  3. Лингвистикалық талдау.




  1. Етістіктің түрлері. Осы шақ, оның түрлері.

Етістіктің шақ категориясы —іс-әрекет, жай-күйдің болу мезгілі мен сөйлеп тұрған уақыт арасындағы қарым-қатынасты білдіретін грамматикалық категория. Етістіктің шақ категориясы қимыл, іс-әрекеттің сөйлеп тұрған сәтпен байланысты болып өткендігін немесе болып жатқанын, не әлі болмағанын, бірақ болатынын білдіріп, әр түрлі жолдармен жасалады. Қимыл мен әрекеттің жүзеге асу кезеңін білдіру етістік шағы деп аталады. Етістік шақтары етістік түбірге -ды, -ді, -ты, -ті, -мақ, -мек, -пақ, -пек, -бақ, -бек жұрнақтары қосылу арқылы жасалады. Шақтық мағына дара етістікпен де, күрделі етістікпен де беріледі.
Мысалы: Мен 1990 жылы тудым немесе биыл мен 14 жастамын. Бұл сөйлемдерде мезгілдің нақты уақыты айтылған. Ал шақ жұрнақтары арқылы іс, қимылдың өту кезеңдері сөйлеп тұрған кезбен анықталады. Осыған орай етістік шақтары үшке бөлінеді: өткен шақ, осы шақ, келер шақ.
Қазақ тілінде етістіктің 3 шағы бар: осы шақ, өткен шақ, келер шақ.
Осы шақ
Осы шақ сөйлеп тұрған сәтпен байланысты қимылдың, іс-әрекеттің болып жатқанын, не дағдылы түрде болып тұратынын білдіреді. Мысалы, “келе жатыр”, “оқып отыр”, “жел соғады”.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   30




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы