3.Қазақтың халық және ұлт тілдерінің қалыптасуы Қазақтілі шығу тегі және құрылымы жағынан түркі тілдері семьясына жатады, ол тілдерде сөйлейтін халықтар Дунайға дейінгі Еуразия далаларын, Орталық, Орат Азия, Сібір, Кафказ, Кіші Азия жерлері мекен еткен. Басқа тілдер семьясымен салыстырғанда түркі тілдері грамматикалық құоылысы мен сөздік құрамы жағынан бір – біріне өте жақын.Тілдерінде ортақ белгілері көпкездесетіндіктен, бірқатар түрік халықтарның өкілдері (қазақ, өзбек, башқұрт, татар, ноғай, қарақалпақ, ұйғыр, азербайжан, т.б. бір-бірімен түсінесе алады).
Түркі тілдерінің жақындығын оларға тән мынандай жалпы типологиялық белгілерден көруге болады:
-фонетика саласында: тілдің және еріннің қатысына қарай дауысты дыбыстарға езу үндестігі және ерін үндестігі, ал дауысыз дыбыстарға олардың өзара үйлесіп отыруына байланысты ықпал үндестігі тән екендігі;
-морфология саласында: сөзжасам мен сөз түрлендіру тұлғалары сөздің түбірі мен негізіне қосымшалардың жалғануы арқылы жасалатыны, сол себепті түкі тілдері жалғамалы тілдер деп аталатыны, грамматикалық род категоряиысының болмайтыны, тәуелдеу категориясының арнайы грамматикалық тұлғалар арқылы жасалатыны, предлогтардың қызметін септеулік шылаулар атқаратынын т.б.
— синтаксис саласында: сөз тіркесі мен сөйлемде сөздердің өзіндік орны тәртібі қалыптасқаны, ол тәртіп бойынша сөзінің алдында орналасатыны, анықтауыш пен анықталушы сөздердің тұлға жағынан өзара қиыспайтыны; сабақтас құрмалас сөйлемдардің бағынышты сыңарларының негізінен есімшелік, көсемшелік оралымдармен беріліп отыратыны т.б.
Қазақ тілі батыс түркі тілдерінң өыпшақ тобына енеді. Батыс түркі тілдеріне одан баяқа бұлғар, оғыз, қарлық тобындағы тілдер жатады. Қыпшақ тобындағы тілдердің басқа топтардан негізгі тілдік ерекшеліктері төмендегідей:
— дыбыстық ерекшеліктері: а) сегіз не тоғыз дауысты дыбстың болуы, ә) қосымшаларды қысаң дауыстылардың еріндікке айналмауы, б) дауыстыларда ерін үндестігінің әлсәз болуы, в) созылыңқы дауыстылардың болмауы, г) дауысты және дауыссыз дыбстардың көне тіркестеріне жаңа тіркестердің сәйкес келуі: ағ-ав (ау), ег-ий, өг-үй, мысалы, тағ-тау, тег-тий, өгрен-үйрен, д) сөз басында қатаң т,к, қ дыбыстарының қолданылуы (ср. Тіл,кел, ал оғыз тілдерінде дил, гэл), сөйте тұра сөз басында ұяң б дыбысның айтылуы (балта), е) сөз басында и – ж – дж дыбыстарының тұрақсыздығы (йақшы – жақсы — джақсы), ж) дауысты дыбыстар арасында п-б, қ-ғ, к-г болып ұяңдап кетуі (қақ – қағу, көк-көгеру, тап-табу) т.б.
Тайпалық одақтар тілінде олардың бәріне ортақ халықтық тіл белгілерінің басым болуы бірыңғай халық тілінің дамуы мүмкіндік береді. Мұның өзіне қазақ тілі қыпшақ тілдеріне, оның ішіне қыпшақ – ноғай тобындағы тілдерге тән белгілерді сақтай отырып, өзінің ішкі даму заңымен жетіліп отырады. Бұл процесс, яғни қазақтың халық тілінің қалыптасуы, ХҮ-ХҮІ ғасырлардан басталып, ХІХ ғксырдың 2-жартысына дейні созылды.
Қыпшақ тл\ілдері өз ішінде үш топқа бөлінеді: қыпшақ-бұлғар тобы, қыпшақ – половец тобы, қыпшақ-ноғай тобы. Қазақ тілі қыпшақ – ноғай тобына кіреді. Оған қазақ тілінен басқа ноғай, қарақалпақ тілдері және өзбек тілінің қыпшақ диалектілері енеді.
Қазақта тайпалық одақтар болғаны жаыйында тарихышыла мен тіл мамандарының арасында талас жоқ. Онда тайпалық одақтар үш жүз немесе үш орда мекен бәрі де мойындады. Жүздер қазақ қоғамындағы феодальдық бөлініс кененін де бәрәі де бмойындайды. Демек бұл бөлініс қоғамның эканомикалық саяси аудиториялық бөлінісіне сай келеді. Револю циядан бұрын да одан кейінде бірен саран болмаса қазақта дөздерінің ру тайпалсын үш жүздің біріне жатқызады.
Енді біздің алдымызда: “жүз” сөзінің өзін нені білдіреді. Қазақтардың осылайша бөлінуі қашан және неге байланысты деген сұрақтар туады. Қазақ тарихындағы жүздердің шығу тегі және қалыптасу мәселесін анықтау этногенез мәселелсінің аса маңызды одан ажыратуға болмайтын бөлігі болып табылады. Бұл проблеманы айқындап алмағанша қазақ халқының және оның біртұтас тілінің қалыптасу туралы мәселені шешешу мүмкін емес. Бұл мәселелер жергілікті аймақтық диалектілердің қалыптасуымен тығыз байланысты, сеьеі мұндай бөліністі не ғұрлым күшті бірліктің тайпалар одағының жекеленуі және тіл жағынан аса жақын туыстас тайпалапдың одағының жекеленуі тұрғысынан қарау қажет. Тайпалық одақтардағы қазақ хандары бөлудің осы дәстурін қабылдап өз иелігіндегі жерлерді өзінше атаған болып шығады. Бірақ ода не себепті өзбек, башқұрт, татар, қарағалпақ, түрікмен жүзге бөлінбейді деген сұрақ туады. Олар да белгілі бір монғол ұлыстарына кірген ой. Екіншіден не себепті манғолдар бұл дамыға (ХІІІ — ХІҮ) ұлыс термині қазақтар “жүз” терминімен ауыстырған. Жүздердің шығу тегімен қалыптасуы жайында Зернов былай деп жазған: “Меніңше бұл жұмбақ бөліністі қырғыз – қайсатардың Ташкент пен Түркістан билеген дәуірінде яғни ХҮІІ ғасырға қатысты деуге болмас па екен. Жаулап алған өлкеде қала қырғыз қазақтарды жартылай отырықшы бөлігі сахарадағы көшпелілерде бөлінуге тиіс болды. Осылайша ордалар пайда болған. Ташкент пен Түркістан өздеріне жақын елімен орта Орданы құрастырған.
Ш. Уәлихановтың пікрінше қыпшақ немесе Түрікстанордаларынан бөлінген ордалар мен тайпалар ХҮ-ХҮІ ғғ.-да қазақтың үш жүзін құраған. Қазақ қоғамының ұлы, орта, кіші жүздерге бөлінуі монғол үлгісімен пайда болған сияқты. Бұған байланысты ол ежелгі моңғол заңы бойынша ең алғашқы одақ “кіші орда” атына ие болғандар алшындар болуға тиіс деп тұжырымдайды.