47.Есімдіктердің қалыптасу тарихы
Қазақ тіл білімінде есімдіктер мәселесі А.Байтұрсынов, Қ.Жұбанов, А.Ысқақов, А.Ибатов, А.Төлеуов еңбектерінен орын алган. Аталган ғалымдардың кай-қайсы да есімдіктерді орынбасар сөздер ретінде қарастырады. Мәселен, А.Байтұрсынов есімдікке былайша анықтама береді: «Есімдік дегеніміз есімдердің, яғни зат есімнің, сын есімнің, сан есімнің орнына жүретін сөздер» . Ғалым есімдікке осылайша анықтама бере отырып, есімдікті магыналык жағынан бес топқа бөледі. Олар: 1) жіктеу есімдігі, 2) сілтеу есімдігі, 3) сұрау есімдігі, 4) жіктеу есімдігі, 5) таныктык есімдігі. Көріп отырғанымыздай, есімдіктердің саны да, атауы да казіргіден баскаша. Сондай-ақ ғалым «жіктеу есімдігі» деген атауды екі рет колданып, біріншісіне казіргі мен, сен, (сіз), ол деген жіктеу есімдіктерін жатқызса, екіншісіне бәрі, барша деген казір жалпылау есімдіктері аталып жүрген есімдіктер тобын кіргізеді. Профессор Қ.Жұбанов есімдікке: «Орынбасар есім (есімдік) деп түбірдің де, қосалкы шылаулардың да орындарында жүре беретін түбірлерді айтамыз» — деген аныктама береді. Қ.Жұбанов есімдікке мынадай сөздерді жаткызады: мен, сен, ол (зат есім орнына), бұл, сол, ол (зат пен сын орнына), мұндай, сондай (сын есім орнына), сонша, мұнша (бұ да), олай, бұлай (бұ да), ойтіп, сөйтеді (етістік орнына), өйткені, онда (жалғауыш орнына), т.т.
48. Етістіктердің даму тарихы
Етістіктердің даму тарихы
1.Етістіктердің даму тарихы. Жіктік категориясы. Рай тұлғаларының дамуы.
2.Ескі түркі тіліндегі бұйрық рай, шартты рай, қалау рай тұлғаларының қолданылу ерекшеліктері, қазіргі қазақ тіліндегі көрінісі.
2.Шақ тұлғаларының дамуы
Етістіктер тарихы. Етістіктердің дербес грамматикалық топ ретінде жіктелуі түркі негіз тілі дәуірінде басталып, кейбір іздері оның жеке тілдерге ыдырау дәуірінен кейін де жалғасады. Тарихи- түркологиялық зерттеулер қазіргі тілдердегі етістік тұлғаларының арғы негізі қимыл есімдері деп дәлелдеді. Жалпытүркілік аяда қолданылатын қимыл есімдерінің негізгі түрлері мынадай: -ғы, -ынч (-ынш), -мақ, -ма, -ыш (-ыс), -ық (-ығ), -ы (-у), -а, -ыт, -ын, -мыш (-мыс), -ғын, -ған, -дық, -ыр, -ар, -ғыр.
Қимыл есімдерінің кейбір түрлері қолдану процесінде субстантивтер мен адъективтерге айналып кетті, біразы вербализацияға ұшырады. Вербализацияға ұшырағандар біздің бүгінгі тілімізде есімше деп ұғынылатын топтар; -ғалы тәрізді бірен-саран тұлғалар ғана көсемшеге айналды
Достарыңызбен бөлісу: |