1.Қазақ тілінің тарихы мен жазуды оқытудың мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны, көздері, қарастыратын мәселелері



бет2/35
Дата05.05.2023
өлшемі180.85 Kb.
#561236
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Байланысты:
Гулбану апай толық шпор
кмж, 1-daris, Расписание, 5 сынып көлік, ОХТ РК1 [21-42], нидер , oueui oaaaoiaad naiu oueui oaeiaeoiaad naiuia uiae aoiaea
Пәннің қысқаша мазмұны. Курстың мақсаты: «Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» пәніні оқытудың мақсаты- бүгінгі тілдің фонетикалық, грамматикалық құрылымының осы күйге жету жолын, эволюциясын тарихи- салыстырма әдіс негізінде түсіндіру және жазудың тарихын оқыту болып табылады.
«Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» пәнінің негізгі міндеттері: тарихи грамматика курсы зерттеу көздеріне сүйеніп, сөздердің грамматикалық кластарға жіктелу тарихын, жеке грамматикалық категориялардың қалыптасу эволюциясын, дыбыстар жүйесінде болған тарихи өзгерістерді, олардың тілдік лексикалық қорына, грамматикалық құрылымына әсерін түсіндіру жазудың тарихын оқыту.
Пәнді игеру нәтижесінде магистрант қабілетті болады:
Пәндік құзіреттілігі: «Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» пәнін оқыту нәтижесінде студент сөздердің этимологиясын, дыбыстардың тарихи өзгерісін, грамматикалық тұлғалардың қалыптасу тарихын, сөз тіркесі мен сөйлемдердің даму сипатын және жазудың тарихын білуі керек.
Кәсіби құзіреттілігі: тарихи грамматикаға материал беретін зерттеу көздерін салыстыра талдап, бүгінгі тіліміздің қол жеткізген жетістіктерін тарихи тұрғыдан меңгеруі керек. Қазақ тілінің тарихына зерттеу жүргізген ғалымдардың еңбектерін зерделеп, тілдің және жазудың тарихына қатысты ой-пікірлерді талдай алуы тиіс.
Тұлғалық нәтижелері: студент «Қазақ тілінің тарихы мен жазуын оқыту» курсын оқу арқылы

  • тілдік бірліктердің тарихи мәтіндерде қолданылуын;

  • тілдік бірліктердің тарихи өзгерісін пайымдай алуы;

  • тілдік бірліктер туралы теориялық білімді жинақтауы;

  • сөйлемге грамматикалық талдау жасай алуы;

  • тарихи сөздердің этимологиясын аша алуы;

  • жазудың тарихын зерделей алуы;

  • жаңа технологиялар бойынша тұжырымдарды бағалай білуі тиіс.

Аталған курсты оқу арқылы студент:

  • зерттеу қабілеті мен тұжырымдау дағдысын дамытады;

  • өзіндік ізденістері мен шығармашылық қабілетін жетілдіреді;

  • сөзге, сөз тіркесіне, сөйлемге грамматикалық талдау жасай алады;

  • өз бетімен түрлі СӨЖ тапсырмаларын орындау арқылы білімін тереңдетеді;

  • қазақ тілінің тарихи грамматикалық жүйесін ғылымда әбден зерттеліп тұрақталған көзқарас тұрғысынан танып біледі;

  • жазудың тарихын білу арқылы қазақ тілінің даму эволюциясын түсіне алады;

  • Практикалық сабақтар мен СӨЖ, СОӨЖ тапсырмаларын орындау арқылы түйінді (қатысымдық, танымдық, ақпараттық, мәдени, проблемалардың шешімін табу) құзіреттіліктерін жетілдіреді.

Тіл- адамдар арасындағы қарым-қатынастың аса маңызды құралы ғана емес, ойлаудың, дүниетанымның, рухани мәдениетті жасаудың, ұлттық ұжымдық тәжірибесін жинақтаудың, сақтаудың құралы.Орта ғасырларда қоңырат, қыпшақ, алшын, үйсін, дулат, арғын, найман, керей, жалайыр т. б. тайпалардың, олардың бірлестіктерінің ауызекі сөйлеу тілімен қатар жазба әдеби тілі болған, ол ауыз әдеби тілімен қатар өмір сүрген. Ескі Қазақ тілінің негізінде Қазақтың халық тілі, одан кейін қазіргі ұлттық тілі дамып қалыптасқан.


Даму мен жетілу дәуірі ( XІV - XVІІ ғғ.) және жаңа дәуір, яғни оның одан әрі де өркендеген уақыты ( XX ғ.). Ескі қазақ тілі өзінің бастау кезін орта ғасырдың орта кезеңінен ( ІX - XІІІ ғғ. ) алады. Ол кездегі халықтар "түрк/түрік, түркі" сияқты жалпы атаумен аталып, сол дәуірдегі жазылып қалған мұралар "ескі түркі ескерткіштері" деген атпен белгілі болған. Алғашқы орта ғасырдан ( V - VІІІ ғғ. ) қалған жадыхаттарды "көне түркі ескерткіштері" деп есептейді. Қазақ халқының ұлт болып қалыптасуына үлкен үлес қосқан рулар мен тайпалардың, ұлыстар мен халықтардың өз заманында қолданған тілдері - қазіргі қазақ тілінің қалыптасуы мен дамуының қайнар көзі. Олар X - XV ғғ. өмір сүрген бұлғар, қыпшақ, оғыз және қарлұқ сияқты басты-басты тайпалар одақтарының құрамына еніп, солардың тілінде сөйлеген. Басты бір фонетикалық заңдылықтар д-з-й (адақ - азақ - айақ), н-ң-й (қон-қоң-қой), ғ мен г дыбыстарының й, у болып өзгеруі немесе айтылмай түсіп қалуы т. б. осы кезде қалыптасқан (д, з, н, ң, ғ, г дыбыстарын қолданатын тілдер не көне, не ескі болып есептеледі, осыған орай қазақ тілінде адақтау - айақтау, суғар - суар, жаз-жай сияқты сөздер кездесе береді).
Қазақ тілі тарихы – қазақ тілін зерттейтін ғыл. саласы. Қ. т. б-нің тарихы шартты түрде: а) ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең; ә) ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезең болып екіге бөлінеді. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең 19 ғ-дың 2-жартысынан басталады. Қазақ тілінің граммат. құрылысы туралы алғашқы мәліметтер Н.И.Ильминскийдің «Материалы к изучению киргиз-казахского наречия» (1860–61) деген еңбегінде ұшырасады. Бұл – қазақ тілінің кейбір ерекшеліктерімен таныстыруға арналған тұңғыш еңбек. Кейін М.А.Терентьевтің «Грамматика турецкая‚ персидская‚ киргизская и узбекская» (1875), П.М.Мелиоранскийдің «Краткая грамматика казах-киргизского языка» (1894‚ 1897)‚ В.В.Катаринскийдің «Грамматика киргизского языка» (1897)‚ т.б. еңбектер жарық көрді. Қазақ тілін таныстыру мақсатын көздегендіктен бұл еңбектерде белгілі бір категориялардың сырын ашу, оның ерекшеліктерін анықтау жағы қарастырылмаған. Олар негізінен қазақ тілінің заңдылықтарын, орыс тілімен салыстырып, сол тілдің негізінде түсіндіруге тырысты. 19 ғ-дың 2-жартысында қазақ тілінің лексикографиялық жұмыстары қауырт қолға алынып‚ дами бастады. Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезеңде 40-қа жуық сөздік жарық көрді.
Орыстардың Ресей империясына қараған халықпен қарым-қатынас жасауына көмектесу мақсатын көздеген бұл сөздіктер қазақтың сөздік құрамын хатқа түсіріп‚ жаңа‚ көне сөздердің мағынасын ашып көрсетті. Ұлттық тіл білімі қалыптаса бастаған кезеңнің өзі: а) қуғын-сүргінге дейінгі кезең (1912–29); ә) қуғын-сүргіннен кейінгі кезең (1930–88) болып екіге бөлінеді. Қ. т. б-нің ғыл. ретінде қалыптасып, дамуы А.Байтұрсыновтың есімімен тығыз байланысты. Оның қазақ тілі оқулығы ретінде жазған «Тіл-құрал» атты еңбегінде, мақалалары мен баяндамаларында тіл білімінің өзекті мәселелері сөз болады. Қ. т. б-нің салалары: Әліппе мен емле. 19 ғ-дың 2-жартысында Ы.Алтынсарин қазақ жазуын орыс графикасына негіздеуге талпыныс жасаса, 20 ғ-дың басында Байтұрсынов қолданылып келген араб графикасын жетілдіре отырып, қазақ жазуына икемдеді. Бұл орайда ғалым қазақ тіліндегі дауысты және дауыссыз дыбыстар санын анықтап, үндестік заңдылығын, тілдің фонологиялық ерекшеліктерін айқындап шықты. Байтұрсыновтың Қ. т. б-нің фонетика, фонология салалары бойынша жасаған тұжырымдары Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Т.Шонанов, Ж.Аймауытов, Қ.Жұбанов еңбектерінде жалғасын тапты.

Қазақ тілінің грамматикалық жүйесін дамуын зерттеуде сүйенетіндерек көздер мыналар: 1.көне дәуір ескерткіштері 2.қазақ тілі диалектілері, фольклор, ономастика, кірме сөздер 3.ХУШ-ХІХ ғасырларда жазылған қолжазбалар, қазіргі қазақ тілі. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы пәні Қазақ әдеби тілінің тарихы, Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы пәндерімен тығыз байланыста тілді зерттейді. Тарихи-салыстырмалы әдістің қолдану мақсаты - қазіргі тілдегі дыбыстар мен морфемалар жүйесінің алғашқы сипатының тарихын, жобасын анықтау. Қазіргі түркі тілдерінің арасындағы фонетикалық, морфологиялық, лексикалық айырмашылықтарын салыстыра отырып, сол тілдердің көне дәуір ескерткіштеріне қатысын айқындауға мүмкіндік береді


Морфологиялық принцип Түркі тілдері құрылымының ерекшеліктерін морфологиялық талдаудың негізгі мақсаты, мысалы, түркі тілдерінің құрылымдық құрылымына сәйкес олардың бастапқы түбірі, қарапайым түбірі, туынды түбірі және грамматикасы болады. Сөздердің тұлғалық өзгерістеріне байланысты заңдылықтарына негізделеді. Мәселен, түркі тілдерінің жалғамалық құрылысына сәйкес, олардың ілкі түбір, жай түбір, туынды түбір және граммат. тұлғалардың ара-жігін ажырату болып саналады. Семантикалық принцип - сөздердің мағынасын анықтауда этимологияның негізгі критерийлерінің бірі болып саналады. Өйткені мағынасыз сөз болмайтыны белгілі және ол мағына сол сөздің дыбыстық не морфологиялық тұлғасына да тікелей қатысты. Этимологиялық принцип. Сөз мағыналарының көнеруі, күңгірттенуі, ұмыт болуы, тоғысуы, іштей жіктеліп, көп мағынаға, тіпті біртекті омонимдерге айналуы, т.б. сөз табиғатына тән семанткикалық заңдылықтар.
Қазіргі қазақ тіліндегі ж дыбысы көне түркі тіліндегі сөз басындағы й-дің орнына қолданылған. Й-дің, сонымен қатар көне түркі й-дің көрінісі екенін жазба ескерткіштердегі йана (жəне), йол (жол), йаш (жас), йүз (жүз), йер (жер), сияқты мысалдардан байқауға болады. Ерте замандағы орхон-енисей, сондай-ақ көне ұйғыр жазба ескерткiштерiнде й дербес дыбыстық бiрлiк ретiнде кездескенiмен, ұяң ж бұл сипатта орын алмаған. Сөздің басында кездесетін көне түркі й дыбысының қазіргі түркі тілдеріндегі көрінісі мынадай: Й -- ж: түрік, əзербайжан, түрікмен -- йол, йоқ; қазақ, қарақалпақ -- жоқ, жол; Й -- ч: татар -- йақа; қазақ -- жаға; хақас, тува -- чаға; түрікмен, түрік, ұйғыр -- йер; қазақ -- жер; хақас, тува -- чир; шор -- чер; өзбек -- йыл; қазақ -- жыл; хақас, тува, шор -- чыл; Сондай-ақ сөз басындағы с дыбысының көптеген сөздер құрамындағы біркелкілігімен қоса, с-һ, с-ш, с-з сəйкестіктерін көре аламыз
Ежелгі түркі тілдеріндегі дауыссыз дыбыстардыңбейнесін өзара немесе көне түркі тілімен салыстырсақ, көне түркілік сипатты сақтағандары да, жаңаша түрге енгендері де орын алып отырғандығы белгілі жəне бұның барлығы тілдің даму заңдылығынан келіп туындап отыр. Тілдің даму заңдылықтарын ежелгі жәдігерлер арқылы да, қазіргі тілдердің функциялары арқылы да зерттеуге болады. Ежелгі қолданысы сақталған көне түркі тілдері біздің ежелгі тарихымызға жақын болғанымен, кейбір тілдердің ерекшеліктері тілдік уақыттың дамуын, қалыптасуы мен өзгеруін көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі