1.Қазақ тілінің тарихы мен жазуды оқытудың мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны, көздері, қарастыратын мәселелері



бет14/35
Дата05.05.2023
өлшемі180.85 Kb.
#561236
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Гулбану апай толық шпор
кмж, 1-daris, Расписание, 5 сынып көлік, ОХТ РК1 [21-42], нидер , oueui oaaaoiaad naiu oueui oaeiaeoiaad naiuia uiae aoiaea
Тарихи принцип – этимологияның тарихи лексикологиямен, этнолингвистика және этнография, т.б. тоғысар бір туысы. Өйткені тіл абстракция емес, ол белгілі этностың туындысы, ал этнос белгілі бір геосаяси аумақта, тарихи кеңістікте жасап келген феномен. Оның болмысын анықтайтын өзіндік дүниетанымы, салт-дәстүрі, өмір тіршілігі, т.б. рухани-материалдық мәдениеті болады. Бұл аталған этимол. принцип-критерийлер өзара тығыз байланыста, қатыстырыла қолданылады.Осы орайда, өзімнің туған жерімнің атауы «Сарқан» сөзінің тарихи этимологиясын мысалға келтіргім келеді. Сарқан (Сарықан) өзенінің аты. Мағынасы «Сары өзен» дегенді білдіреді» деп тұжырымдауына Жетісулықтар келіспеген. Себебін тағы да Тәңірберген ақсақал өткен ғасырдың ортасында айтып кеткен екен. Ол кісі «Өзеннің қазақша аталуы «Сарыққан». Ерте заманда тау басындағы көл құлап, өзен соның табанынан сарқылып ағып жатыр»деген. Қазіргі атауы «Сарқан».

Билет 22 Қазақ тіліндегі ономастикалық, топонимикалық атаулардың шығу төркіні.


Ономастика атаулардың шығу, қалыптасу жайын тексереді. Ол зерттеу нысанына қарай топонимика, антропонимика, этнонимика, астронимика, зоонимика, теонимика, фитонимика секілді түрлерге бөлінеді. Топонимика географиялық атауларды зерттесе, антропонимика кісінің аты-жөнін, тегін, лақап, бүркеншік есімдерін қарастырады.
Қазақ тіліндегі әйел есімдері гүл, күн, ай, сұлулық, асыл тастармен байланысты болса, ерлер есімі батыр, бек, би, құл, мырза, хан сөздерімен, сан есімдермен бірлікте келуімен ерекшеленеді. Араб, парсы тілдерінен енген есімдер де (Жамал – сұлу, Абдолла – құдайдың құлы, Нәзипа – таза, пәк) кездеседі. Этнонимика ел, ру аттарын, астронимика (космонимика) аспан әлемі, жұлдыз, планета атауларын, зоонимика жануар, фитонимика өсімдік, теонимика құдай аттарын, рухтар мен мифтік түсініктерге байланысты атауларды тексереді. Ономастика халықтың этнографиясымен тығыз байланыста қаралып, басқа халықтармен жүргізген тарихи, мәдени қарым-қатынастың сыр-сипатын танытады. Ономастика қазақ тілінде ғылым ретінде соңғы 20 жыл ішінде дами бастады.
Жер - су, елді мекен атауларының қай қайсында болмасын табиғат құбылыстарының, жер бедерінің ерекшеліктері, елдің шаруашылық тыныс тіршілігінің бейне көріністері, қоғам өміріндегі тарихы, әлеуметтік - экономикалық және саяси өзгерістердің жай - жапсарлары тайға таңба басқандай, анық та айқын көрініс береді. Олар өткен өміріміз бен тіршілігіміздің рухани байлығына тән мәдени ескерткіш ретінде ғана құнды емес, бүгінгі таңда да зор мән - мазмұнға ие. Өйткені ешбір қоғам өмірінде, тарих деңгейінде қандай оқиға болмасын жер - су атауларының қатысынсыз болған емес. Олар заман ағымына сай толысып, жаңарып, жаңаша жасарып, қазіргі өмірімізде ерекше қызмет атқаруда. Өйткені жер бетіндегі өзен, су, тау, тас, елді мекендер мен алуан түрлі ірілі - ұсақты объектілердің бәрі де нақтылы есім - атауға ие.«Топонимика» грек сөзінен аударғанда «топос - жер, орын, ономос - атау» деген мағына береді. Топонимика - географиялық атаулардың шығуын, дамуын, формасы мен мағынасын, грамматикалық безендірілуін зерттейтін ғылым саласы. Топонимдер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:

  1. семантикасы (мағынасы);

  2. жасалу жолдары;

  3. этимологиясы.

Топонимика география, тарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды. Кез келген аумақтың географиялық атауларының жиынтығы сол жердің топонимиясын құрайды. Қазақ тілінің Топонимикасын Ғ.Қоңқашбаев, Н.Баяндин, А.Әбдірахманов, т.б. ғалымдар зерттеген.

Билет 23


  1. Түркі халықтарының Отаны жер шарының екі материгі – Азия мен Европа. Дегенмен басым көпшілігі Азия болып саналады. Оған себеп – көпшілік түркілер осы жерлерді мекендейді, екіншіден, тарихи тамыры да осы құрлықта. Ал Еуропадағы түркілер, негізінен, оның оңтүстігінде орналасқан да, Еділ мен Кавказ тауларының етегін мекендеген.

Жеке түркі тілдерінің қалыптасу дәуірлері әр түрлі. Олардың кейбіреулері ерте қалыптасып, өз іргесін басқалардан бұрынырақ алыстатқан болса, енді біреулері ортақ тіл қауымына соңғы дәуірлерде (ХІҮ-ХҮІ ғғ.) ғана бөлініп шыққан.
Түркітанушы ғалымдар түркі тілдерінің даму кезеңдерін белгілі кезеңдерге бөліп, әрқайсысының өзіндік ерекшелігін анықтауға әрекет етіп келеді. Мысалы, Н.А. Баскаков түркі тілдерін дамуы мен қалыптасуына қарай 6 кезеңге бөлген:
1). Алтай дәуірі;
2). Хун дәуірі (Ү ғасырға дейін);
3). Көне түркі дәуірі (Ү-Х ғасырлар);
4). Орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасуы мен даму дәуірі (Х-ХҮ ғасырлар);
5). Жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (ХҮ-ХХ ғасырлар);
6). Ең жаңа дәуір немесе түркі тілдерінің Қазан тіңкерілісінен кейінгі даму дәуірі.
Н.А. Баскаковтың бұл пікірін ғалымдардың көбісі-ақ қолдайды, бірақ онымен келіспеушілер де жоқ емес. Мәселен, біраз ғалымдар түркі тілерінің Алтай дәуірін мойындамайды. Алайда біз түркі тілдерінің қалыптасуын Н.А.Баскаковтың дәуірлерге бөлуіне сүйене қарастырамыз.

  1. Түркі тілінің дамуындағы Алтай дәуірі – мерзімі жағынан әлі анықталмаған, ғалымдардың арасында дау туғызып келе жатқан мәселелердің бірі. Тілдерді салыстырмалы-тарихи тәсілмен зерттеп, туыстық жақындығын анықтағанда олардың ортақ белгілеріне сүйену қажет. Осындай туыстық белгілер түркі-монғол тілдерінің арасында да бар және олар фонетика жүйесінде де, лексика мен грамматикалық құрамында да кездесетіндігін ескере келіп, бір топ ғалымдар «түркі тілдері өз алдына бөлініп шыққанға дейін алтай дәуірі тобында болған» деген топшылау айтады. Олар алтай тілдері тобындағы тілдерден: 1) түркі-монғол тілдері; 2) тунгус-маньчжур тілдері; 3) жапон-корей тілдері бөлініп шықты деген болжамды ортаға салады. Ал Х. Винклер, С.М. Широкогоров, Б. Колиндер, М. Рясянен, Д. Шинор, А. Дильачар сияқты ғалымдар тіпті алтай тіл бірлестігінен де арыға барып, орал-алтай тіл бірлестігі теориясын ұсынады.

Бұл жоба бойынша: бір кездерде, уақыт кезеңі анықталмаған дәуірде орал тілдері мен алтай тілдері генеологиялық жағынан туыстас болған. Тайпалар одағының ыдырауы негізінде орлал тілдері алтай тілдерінен бөлініп шыққан. Өз ретінде, уақыттың өтуіне байланысты, орал тілдері екі топқа (угро-фин және самоди) ыдыраған. Алтай тілдері жоғарыда айтылған үш тармаққа бөлінген.
Салыстырмалы-тарихи зерттеулер алтай тілдерінің деректерінде көптеген ұқсас келетін тілдік материалдардың барлығын анықтады. Жалпы алтай тілдері бірлестігінің құрамына енген тілдерде дыбыс үндестігі, екпіннің тұрақтылығы, жалғамалы тіл болуы, сөз алдынан келетін көмекші сөздердің (предлогтардың) болмауы, жыныс(род) категориясының болмауы т.б.
Көпшілік тілшілер алтай тіл бірлестігін анықтауда дыбыстық сәйкестікке көбірек көңіл бөледі. Мысалы, Н.А.Баскаков осындай белгінің бірі ретінде тунгус тіліндегі т дыбысы мен маньчжур тіліндегі с дыбыстарының и дыбысының алдында тұрғанда түркі тілдеріндегі ч, ш дыбыстарымен сәйкес келетіндігін көрсетеді.

  1. Хун дәуірі алтай дәуірімен ұштасып, байланысып жатады да, б.з.д. ІІІ ғ. мен Ү ғ. аралығын қамтиды. Егер Алтай дәуіріндегі тайпалар туралы бізде ешқандай тарихи мәлімет, жазба деректер болмай келсе, Хун дәуірі жайлы аз болса да деректер бар.

Хундар – Қытайдың солтүстігіндегі көршілестері. Ертеден отырықшылықпен айналысып, егін егумен айналысқан қытай халқымен іштей араласып, солармен тікелей байланыста болған, олардан азық-түлік, киім-кеегі мен тұрмысқа қажетті заттарын алып отырған.
Хун империясының өсіп-өркендеп, Қытай империясымен бой таластырған дәуірі – Модэ Шаньюй дәуірі. Б.з.д.. 209 жылы Модэ өз әкесі Тумань Шаньюйды өлтіріп, Хун империясының тағына отырады да, Шаньюй атағын алады.
Түрлі тайпалармен, халықтармен ұзақ араласу нәтижесінде хундардың этникалық, мемлекеттік құрамы бұрынғыға қарағанда әлдеқайда өзгерген еді. Біздің заманымыздың ІІІ ғасырында хундардың төрт тармағы қалыптасып, төрт түрлі тарихқа ие болды.

  1. Солтүстік хундардың бір тобы Қазақстанның солтүстігін жағалай отырып, Орал тауы мен Еділ жағалауына орналасты.

  2. Юебань хундары Тарбағатай мен Жетісу өлкелерін қоныстанып, Соғды мәдениетін қабылдаған.

  3. Сяньби хундары өз отанын тастап кетпестен, атамекенінде қалып қояды. Бірақ Сяньбилер көп болғандықтан, бірте-бірте түркі ана тілін ұмытып, монғол тілін қабылдайды. Кей ғалымдардың алтай тіл одағы болмаған, түркі тілдерінің монғол және тунгус-маньчжур тілдерінде көптеген ортақ элементтің, тілдік суббстраттың пайда болуына осы хундар себеп болды деуі осыдан.

  4. Қытайлық хундар – сянбилерден жеңілген соң оңтүстікке қарай шегініп, Ұлы Қытай қабырғасының екі жағын ала қоныстанған хундардың өкілдері. Бұлар уақыт озған сайын өз қатарын көбейтіп, ҮІ ғасырдың соңына дейін хун империясын құруға әрекет етті.

Түркі тайпалары Орта Азия мен Қазақстан, Еділ-Дон аралығы мен Кавказ тауларының етектерінде қаншама көшіп-қонып жүрсе де, олардың ту тіккен жері – Сібір өлкесі болатын. «Түрік» сөзі де осы Сібірде қоланылған. А.Н.Гумилевтің көрсетуінше, біздің заманымыздың 439 жылы тобасцилар хундардың қалдықтарын жеңіп, Хэси өлкесін қытайдың Вэй империясына қосқан кезде 500 үйлік хунның князі Ашина жужандарға қашып өтеді де, Алтай тауының оңтүстігіне орналасады, олар жужандар үшін темір қорытады. Қытайлықтар Ашина тобын және оның айналасындағы, қол астындағы халықты ту-кю деп атайды. П.Пелльо бұл қытай сөзін тюрк-ют деп транскрипция жасаған. «Турк» деген сөз «күшті», «мықты», «берік» деген
24. Тарихи лексикология мәселелері.
1.Қазақ лексикасының көне түркілік негізі. Өлі түбірлердің пайда болуы, лексика тарихының этимологиямен байланысы.
2.Түбір сөздерді бастапқы қалпы. Түбір этимологиясын, негізгі негізгі сөздік қордың сипаты.
3.Түркі тілдеріне ортақ лексика. Моңғол, қазақ тілдеріне ортақ лексика. Кірме сөздердің сипаты.
Тарихи лексикологияның зерттеу нысаны – лексика және оның пайда болу жолдары, даму заңдылықтары.

Тарихи лексикологияның жалпы лексикологиядан айырмашылығы мынада:ол тіл фактілерін зерттеуде тарихи принципке сүйенеді. Ол белгілі бір тілдің лексикасын сол халықтың тарихына, мәдениетіне, дүниетанымына, салт-сана, әдет- ғұрпына т.б. экстралингвистикалық факторларына қатысты зерттейді.


Қазақ тілі тарихи лексикологиясына қатысты проблеманың бірі- қазақ халқының этногенезі мен глоттогенезі. Қазақ этнониміне байланысты айтылып жүрген жорамалдар саны жүзден асады. Солардың ішіндегі ең дұрысы мынау: қазақ сөзінің мағынасын берген қассақ екі компоненттен тұрады: қас және сақ, қас бүгінгі тілімізде қас батыр, қас сұлу, қас жау тәрізді тіркестермен келіп, нағыз деген мағынаны білдіреді, сонда қассақ деген сөз нағыз сақ дегенді білдіреді. Қыпшақ сөзінің баламасы ретінде орыс жылнамасында қолданылатын половец– қыпшақ, куман сөздерінің аудармасы, «половый» - сын есім - «бледножелтый», яғни құба.Тараз- көне түркілік тараж,яғни тәж мағынасындағы сөз (түркі қағандығының ордасы болған) . Мерке аты – баба түркі тілінде құмалақ, қой мерчен- қой құмалағы. Мерке атауы парсы тілінде Иафинг деп аталған, иафинг жоғарыдағы мағынадан шыққан.
Қазақ тілінің басқа туыс, туыстас (моңғол, бурят,қалмақ) және өзге системалы (орыс,қытай,араб,иран) тілдерімен көрші ретінде де, тарихи-саяси, мәдени- географиялық жағдайларға байланысты да әр дәуірдегі қарым-қатыныстары лексикада өзінің ізін қалдырды. Түркі тілдерінің лексикалық қорында айтарлықтай із қалдырған- араб және иран тілдері. Қазақ тіліндегі араб, парсы элементтерінің саны, Л.Рүстемовтің айтуынша, жалпы лексикамыздың 15 процентке жуығы екен. Араб,парсыдан түркі тілдеріне сөздер еніп қана қойған жоқ, керісінше түркі тілдерінен де араб,парсыға көптеп сөздер енді.

25. Лексиканың толығу жолдары.


Қазақ тілінің басқа туыс, туыстас (моңғол, бурят,қалмақ) және өзге системалы (орыс,қытай,араб,иран) тілдерімен көрші ретінде де, тарихи-саяси, мәдени- географиялық жағдайларға байланысты да әр дәуірдегі қарым-қатыныстары лексикада өзінің ізін қалдырды. Түркі тілдерінің лексикалық қорында айтарлықтай із қалдырған- араб және иран тілдері. Қазақ тіліндегі араб, парсы элементтерінің саны, Л.Рүстемовтің айтуынша, жалпы лексикамыздың 15 процентке жуығы екен. Араб,парсыдан түркі тілдеріне сөздер еніп қана қойған жоқ, керісінше түркі тілдерінен де араб,парсыға көптеп сөздер енді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
бағдарламасына сәйкес
Сабақтың мақсаты
тоқсан бойынша
сәйкес оқыту
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
ғылым министрлігі
оқыту мақсаттары
Сабақ жоспары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
білім беретін
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасы
мерзімді жоспар
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жалпы білім
Зертханалық жұмыс
арналған жиынтық
нтізбелік тақырыптық
республикасы білім
арналған әдістемелік
Қысқа мерзімді
болып табылады
бекіту туралы
Қазақ әдебиеті
оқыту әдістемесі
Мектепке дейінгі
Қазақстан республикасының
Жалпы ережелер
Инклюзивті білім
білім берудің
бағалаудың тапсырмалары
атындағы жалпы
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
рсетілетін қызмет
әдістемелік ұсыныстар
пайда болуы
қарым қатынас
коммуналдық мемлекеттік
пәнінен тоқсан
Суммативное оценивание
мемлекеттік мекемесі