1.Қарым қатынас құрылымы Қарым-қатынас

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі25.49 Kb.
1.Қарым қатынас құрылымы

Қарым-қатынас[– адамдар арасында бірлескен іс-әрекет қажеттілігін туғызып, байланыс орнататын күрделі процесс; екі немесе одан да көп адамдардың арасындағы танымдық немесе эмоционалды ақпарат, тәжірибе, білімдер, біліктер, дағдылар алмасу. Қарым-қатынас тұлғалар мен топтар дамуының және қалыптасуының қажетті шарты болып табылады.

Қарым қатынас барысында адамдардың танымдық хабарлармен, ақпаратпен, тәжірибемен, біліммен, дағдылармен алмасуы және өзара түсінісуі, бірін-бірі қабылдауы жүзеге асады. Қарым қатынастың интерактивті, коммуникативті, перцептивті деген үш жағы және мезо, макро, микро, рухани, іскер, т.б. деңгейлері болады. Негізгі қызметі:

  • 1) ақпараттық-коммуникативтік (ақпарат алмасу және адамдардың бірін-бірі тануымен байланысты);

  • 2) реттеуші-коммуникативтік (адамдардың іс-әрекетін реттеу және біріккен әрекетті ұйымдастыру);

  • 3) аффективті-коммуникативтік (адамның эмоционалдық аясымен байланысты).

Адамдар арасындағы қарым-қатынастың басты мақсаты – өзара түсіністікке қол жеткізу. Қарым-қатынас жасауда қатынасқа түскен адамды тыңдап, түсіне білудің маңызы зор. Бұл басқа адамның ішкі жан дүниесін түсініп, оған өз ойын дұрыс жеткізуге мүмкіндік береді. Адамдар басқаларға өз ойлары мен көзқарастарын түсіндіре отырып, түсініспеушілік, ұрыс-керіс пен дау-жанжал секілді жағымсыз құбылыстарды болдырмауға әрекет жасайды. Адамдармен жақсы қарым-қатынас орнатуға мынадай ережелердің орындалуы көмектеседі: барлық адамдармен тең дәрежеде, дөрекілік пен жағымпаздықсыз қарым-қатынас жасау; сұхбаттасушының жеке пікірін сыйлау; бұйрық емес, өтініш деңгейінде қарым-қатынас жасау; басқа адамның пікірін сыйлау және тәжірибесін қабылдай білу. Қарым-қатынас мәдениетін меңгерген тұлға өзімен қатынас жасайтын адамға құрметпен қарап, сыйластық білдіреді. Адамға сыйластықпен қарау жақсы қарым-қатынас жасаудың негізгі өлшемі болып табылады.

Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынан байқалады. Олар:

ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;

өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.

түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады.

Коммуникативті жағы- ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым – қатынас серіктерінің қарым – қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті - әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады.

Қарым қатынас – а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі.

Қарым-қатынаста бірінің әрекеті екіншісінің әрекетіне бейімделуіне қол жететін кемінде екі адамның әлеуметтік коммуникациясының не қарым-қатынасының формасы - әлеуметтік әрекеттестік болып табылады. Тұлға диспозициясы – әрекеттің белгілі бір жағдайлары және осы жағдайлардағы белгілі бір мінез-құлықты қабылдауға деген бейімділіктердің жүйесі.

2.Қарым қатынас түрлері

Психологияда қарым-қатынастың негізгі үш типі: манипуляциялық, императивті және диалогтық көрсетеді.

Императивтік қарым-қатынас, кейде өктемшіл немесе директивті деп атайды. Ол қарым-қатынастағы серіктестерінің бірі екіншісінің мінез-құлқы мен ойын бақылауға, қандай-да бір іс-әрекетке итермелеуге талпынуымен ерекшеленеді. Бұл жағдайда қарым-қатынастағы серіктес басқаруды қажет ететін машина сияқты, жансыз обьект ретінде қарастырылады; ол пассив, «ырықсыз» жақ болады. Императивті қарым-қатынас құралы ретінде бұйрықтар, нұсқаулар, ережелер, талаптар, қорқыту және сол сияқтылар қолданылады.

Дегенмен кей мамандықтарда қарым-қатынастың бұл түрі өте тиімді қолданылады. Бұған: барлық әскери уставпен анықталған, әскердегі қатынас; талқылауға уақыт жоқ, ал кез келген кідіру орны толмайтын шығындарға алып келетін төтенше жағдайлардағы барлық жұмыс түрлері. Бірақ императивтің қолданылуы орынсыз болатындай салаларды көрсетуге де болады. Ол достар, жұбайлар арасындағы қарым-қатынас, бала – ата-ана, сондай-ақ педогогтік қатынастардың бүкіл жүйесі.

Манипуляциялық қатынас императивтікке ұқсайды. Оның мақсаты - қарым-қатынастағы серіктесіне ықпал ету. Бірақ бұл жерде көздегеніне қол жеткізу жасырын жасалады. Императив сияқты манипуляцяда екінші адамның мінез-құлқы мен ойын бақылауға ұмтылады. Манипуляция бизнесте және ресми қатынастарда жиі кездеседі.

Өзгені өзінің ықпал ететін объектісіне айналдыру арқылы, шынайы серіктесін көрмей, байқамай, өз-өзімен өзінің мақсаттары мен міндеттерімен қарым-қатынас жасайды.

Диалогтық қарым-қатынас өктемшілдік және манипулятивтік типтерге қарсы, ол серіктестер құқықтарының теңдігіне негізделген. Диалогтық қарым-қатынас тек бірқатар арақатынас ережелерін сақтағанда ғана жүзеге асады. Диалогтік, басқаша айтқанда гуманистік қарым-қатынас түсінісудің, ашылудың анағұрлым терең деңгейлеріне жетуге мүмкіндік береді. Қарым-қатынасты қарастыру бұл құбылыстың күрделілігін, алуан түрлілігін оның функцияларының көп сатылылығын көрсетеді.

Қарым-қатынас адам дамуының қайнар көзі.Ол бірлескен іс-әрекеттегі адамдар арасындағы ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны шешу процесі. Бірлескен іс-әрекетті тудыратын қажеттілік, ары қарай қарым-қатынасты орнату стратегиясы жоспарланады. Қарым-қатынас адамның қабілетін, дүниетанымын,рухани адамгершілік құндылықтарын қалыптастырудың жолы. Тұлға әрекетінің негізгі түрлері осы қарым – қатынас арқылы дамып жетіліп жүзеге асады. Өзге адамдармен қарым-қатынаста бола отырып адамзат жинаған білімді, оның тәжірибесін, заңдары мен нормаларын құндылықтары мен әрекет ету тәсілдерін меңгеру арқылы адам тұлға ретінде қалыптасады

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
бойынша жиынты
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
білім беретін
жалпы конкурс
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
дістемелік сыныстар
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік мекемесі
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
білім беруді
жалпы білім
дістемелік материалдар
мектепке дейінгі
ауданы кіміні
мерзімді жоспар
конкурс туралы
облысы бойынша
рметті студент
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
аласы кіміні

Loading...