19 cоөЖ тақырыбы: «Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері»



бет1/4
Дата18.11.2021
өлшемі29.45 Kb.
  1   2   3   4

19 CОӨЖ тақырыбы: «Бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері»
Жоспары:

  1. Бақылау жайлы түсінік

  2. Бақылау түрлері

  3. Өзін-өзі бақылау

  4. Бақылауда жіберілетін қателіктер

 

Белгілі жоспар бойынша жүйелі түрде біраз уақыт бойына зерттелуші адамның психикалық ерекшеліктерін қадағалауды бақылау әдісі деп атайды. Бақылау табиғи жағдайда, зерттелінуші адамның әрекетіне әдейі араласпай-ақ жүргізіледі. Осы әдіс арқылы зерттелінушінің мимикасын, сөз реакцияларын, түрлі қозғалыстарын, міңез-құлқын, жалпы әрекетін байқауға болады.


Бақылау әдісінің нәтижелі болып шығуы үшін қолданылатын қажетті кейбір шарттар:

  1. бақылаудың ұзақ уақыт бойына жүргізілуін және бір фактінің өзі бірнеше рет қайталанып зерттелінуін қамтамасыз ету;

  2. зерттелетін объектіні айқын белгілеу және бақылаудың мақсатын түсіне білу қажет;

  3. байқалған фактілерді сол сәтте жазып отыру, басты фактілерді іріктеп алу.
    Байқау әдісінің кейбір кемшіліктері бар. Біріншіден, зерттеуші мұнда өзіне керек құбылыстарды әп-сәтте зерттеп алмайды да, көп уақытын жіберіп алады. Екіншіден, бақылауды әр уақытта ойлағандай ұйымдастыруға жағдай болмай да қалады.
    Бақылау — зерттеу не тексеру әдісі. Бақылау арнайы жоспар бойынша жүргізіледі. Жоспарда бақылаудың мақсаты мен міндеттері, объектісі (сабақ, саяхат, лабораториядағы, шеберханадағы, оқу-тәжірибе учаскесіндегі оқушылардың жұмыстары), жүргізу әдісі мен жолдары дұрыс көрсетілуі тиіс. Ғылыми негізде шығармашылықпен жасалған жоспар зерттеу жұмысының нәтижелі болуына игі әсер етеді. Ғылыми бақылау зерттелетін психологиялық құбылысты дұрыс әрі дәл жазып алуды талап етеді. Сондықтан бақылаудың нәтижесі зерттеушінің педагогикалық іскерлігіне, қабілетіне және сауаттылығына байланысты. Зерттелетін тақырыптың мақсаты мен мазмұнына қарап, бақылауды жаппай және ішінара жүргізуге болады. Оқу-тәрбие барысында жалпы мәселелерді (сабақ үстіндегі оқушылардың танымдық іс-әрекеті, оқушылар зейінін жандандыру, балалардың ұжымдық іс-әрекеті, т.б.) зерттеу үшін жаппай бақылау әдісі пайдаланылады. Жеке оқушының іс-әрекеті мен мінез-құлқын зерттеу үшін ішінара бақылау әдісі қолданылады.

Бақылау кезінде зерттеуші баланын мінез-кұлқын табиғи жағдайда белгілі бір мақсат көздей отырып кадағалайды және көріп байқағандарын көзден таса қылмай есепке ала­ды. Бақылаудың табысты болуы оның мақсатының қаншалықты дұрыс тұжырымдалғандығына байланысты. Егер зерттеуші бақылау басталмас бұрын бала мінез-құлқынын қай жағына көбірек көңіл аударуы керек екенін анықтап алмаса, онда әсері бытыраңқы, тұрақсыз болады. Бала жақтағы бөлмеден бұл әйнек айна сияқты болып  көрінеді де, бақылаушы жақтан терезеге үқсайды. Жасырын бақылау үшін телевизиялық қондырғылар да  пайдаланылады.

Бақылау процесінде зерттеуші бала мінез-құлқындагы сыртқы белгілерді ғана оның әр түрлі заттармен іс-әрекетін, сөйлеген   сөздерін, мәнерлі   қимылдарын   т. б. қадағалай алады. Бірақ психологты сыртқы көріністер ғана емес, сонын астарында жасырынған психикалық процестер, сапалар, көңіл күйлер де қызықтырады.   Өйткені белгілі   бір   көріністердін, өзі түрлі ішкі жай-күйде   білдіруі   мүмкін   ғой.   Мысалы, қандай да бір  жағдайда бір бала қалжыңға күлуі, ал екінші бала жолдасына еліктеп қана күлуі мүмкін. Бақылаулар жүргізгендегі ең қиын нәрсе бала мінез-құлқындағы ерекшеліктерді   елеп   қана қоймай, оны дұрыс түсіндіру болып табылады.

Жақсы бақылаушылар бақылаулар материалы мен оны түсіндіруін арасын қатақ шектейді. Өйткені түсіндіру қате бо­лып қалуы да мүмкін. Ол үшін бақылау парақ қағаз екі бөлімге бөлініп жазылады. Сол жақ бөліміне баланын. сыртқы белгілерін жазады да, он. жағына оны өзінше түсіндіреді.

Жаппай және ішінара бақылаулар болады. Жаппай бақылаулар  ұзақ уақыт бойы жүргізіледі де, бала мінез-құлқының көп жағын  қамтиды. Ол бір немесе бірнеше балаға қатарынан жүргізледі. Әрине баланың әр қимылын, әр сөзін қалт жібермей есепке алып отыру мүмкін емес. Жаппай бақылаулар әрқашан азды-көпті іріктеліп жасалады: бақылаушыға манызды көңіл аударарлық болып есептелгендер, баланың жаңа сапасы мен мүмкіндігін көрсететіндер ғана жазылып отырылады.

Жаппай бақылаулар   нәтижелері   әдетте   күнделік   ретінде сақталады, олар   баланың   психикалық   даму   заңдылықтарын анықтау   үшін   пайдаланылатын фактілердің маңызды қайнар-көзі болып табылады. Көптеген белгілі психологтар өз балаларының даму күнделіктерін жүргізген. Неміс психологтары  В. Штерн (1871 — 1938)  әйелі   (К. Штерн)   екеуі жүргізген күндедігіндегі жазбаларды баланың психикалық дамуына әсер ететін себептер жөніндегі болжамына талдау жасауға және көркемдеп көрсетуге пайдаланған. Белгілі швейцар психологы Ж. Пиаже (1896 жылы туған) сәбилік шақтағы балалардын ақыл-ойының  даму кезеңдерін бөліп  көрсете отырып,  немерелерін  бақылау қорытындыларына жиі сүйенеді. Совет зерттеушісі Н. Н. Ладыгина-Коте  (1889—1963)  кішкентай шони шимпанзе мен өз ұлы Рудиге жүргізген ыждағатты бақылаулар  нәтижесінде бала  мен жануарлар   балалары   дамуынын ерекшеліктерін салыстырды. Маман-психологтар  сияқты,  ата-аналар   да   күнделікті жиі жүргізеді. Бүл күнделіктерді, әдетте психологтар  мен педагогтар жиі пайдаланады  (мысалы, А. Д. Павлованың, Э. И- Станчинскаяныңкүнделіктері)

Ішінара  бақылаулардың жаппай бақылаулардан айырмашылығы сол, мұнда баланың мінез-құлқының бір жағы немесе онын белгілі бір мерзімдегі (мысалы, тек онын кезіндегі, тек тамақтану кезіндегі) мінез-құлқы есепке алынады. Ч. Дарвиннің өз ұлынын эмоцияларды білдіруін бақылауы ішінара бақылаудың классикалық үлгісі болып табылады. Осындай алынған материалдар «Адам мен жануарлардың сезім білдіру белгілері» (1872ж) деген кітапта пайдаланылды. Екінші мысал — совет лингвисі А. Н. Гвоздев өз ұлының тілі шығуын сегіз жыл бойы күн сайын бақылап, содан кейін «Балада орыс тілінің грамматикалық құрылысының қалыптасуы» деген кітап жазды  (1949ж).

Фактыларды алғаш рет жинақтау үшін бақылау әдісі өте тиімді. Бірақ ол уақыт пен күшті көп жұмсауды қажет етеді. Баланың психикалық өмірінін оны қызықтыратын фактылары қатаң өзінен-өзі пайда болғанынша зерттеушінің күтуіне тура желеді. Оның үстінде (ең маңыздысы да осы) бала өмірі мен тәрбиесіндегі күрделі жағдайлар кейбір мінез-құлықтың себебін ашуға мүмкіндік бермейді. Көптеген зерттеушілер біз бакы­лау жүргізе отырып, өзіміз білетіндерімізді ғана көретінімізді, ал белгісіз нәрселердің әлі де назардан   тыс   қалатынын байқаған.

Бақылау нәтижелері дұрыс шығу үшін түрлі формулалар, кестелер, фотосуреттер, сұлбалар, әсіресе, техника құралдарды (киноға түсіру, магнитофонға жазу, т.б.) кеңінен пайдаланады. Бақылау материалдары арнайы күнделікке, хаттамаға жазылады. Зерттеуші психологиялық  бақылау материалдарын анкета мәліметтерімен де толықтырады. Бақылау — сондай-ақ, педагогикалық құбылыстың ішкі процесі (оқушы санасында болатын психикалық процесс) жайлы толық мәлімет алу үшін қолданылатын әдістердің бірі. Оқыту процесіндегі бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні — оқушыларға дер кезінде көмек көрсету; олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың оқу тапсырмасын нәтижелі етіп орындау үшін ынталандыру, іске жұмылдыру. Өзін-өзі байқау және бақылау әдістері. Тәрбие әдістерінің ықпалын, оның сапасын және нәтижесін анықтау және талдау үшін мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, адамның өзін-өзі бақылауы және өзіне-өзі баға беру әдістері қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік