1861 жылы крепостное право жойылғаннан ХХ ғ. дейінгі 40 жыл аралығында Ресейдегі өндіріс көлемі 7 есе асты. Ресей Европаға нан,шикізат экспорттады



Дата23.12.2021
өлшемі26.98 Kb.
#147368
Байланысты:
баяндама 20 г басындагы Ресей


1861 жылы крепостное право жойылғаннан ХХ ғ. дейінгі 40 жыл аралығында Ресейдегі өндіріс көлемі 7 есе асты. Ресей Европаға нан,шикізат экспорттады. Тіпті аштық жылдарында да астық,жұмыртқа,майдың жартысы сыртқа шығарылып жатты. Ресей Европаны тамақтандырды десе болады. Ал оның орнына машина,агротехникасын кіргізді.

Крепостное право жойылганнан кейін Ресей қоғамында үлкен мәселе туындады:крестьяндар көбейіп жатты,халық саны өсіп жатты,сәйкесінше жер жетіспеді. Норма бойынша қалыпты шаруашылық жүргізу үшін шаруаға 8 десятина жер керек болса,1877 жылы крестьяндарша орта есеппен 8,9 дес.жер болды,ал 1905 жыл бұл көрсеткіштер 6,7 дес.дейін төмендеген. Бірақ бұлай бәрінде болмады. «Зажиточные крестьяне» да болды,оларды кейін кулактар деп атады.

Ауылдарда әлеуметтік бомба жарылайын деп жатты,бірақ қалаларда жағдай одан бетер қиын еді. Өйткені ауылда күн көре алмаған миллиондаған адамдар жұмыс істеп қалаға келеді. Бірақ қалада бос жұмыс орны жоқ. Ресейдің өнеркәсібі оған дайын емес. Сонша адамды қамтитындай деңгейде емес.

Осының салдарынан жұмысшы еңбегінің құнсыздануы болды. Яғни, егер жұмысшы басшысының кей талаптарымен келіспейтін болса,онда басшы оңай-ақ оның орнын алмастыратын адамды табушы еді. Сондықтан,қолда барын жоғалтып алмас үшін, жұмысшылар келісуге мәжбүр болды. Бұл-болшақа І Орыс революциясының алғашқы ұсақ шоқтары еді.

1900 жылы әлемдік кризис Ресейге де әсер етті. Ол одан тек 1909 жылы ғана шықты,ал Европа елдері болса 1903 жылы-ақ шыққан болатын.

Осы кезде Европадан Ресейге түрлі саяси ағымдар ене бастады,мысалы , социализм, марксизм... 1883 жылы Г.Плеханов марксизм пропагандасын Ресейде бастады. 1895 жылы Петербургте марксистік ұйым құрылады,оған Ульянов,Мартов сынды болашақ қоғам қайраткерлері қатысады. 1898 жылы ІІ Съезд болып,РСДЖП партиясы құрылады. Оның бағдарламасы Искра газетінде жарияланады. Осы газеттік редакторлары – Плеханов, Ульянов, Мартов еді. Съезде ұйымның бөлінуі байқалады. Сұрақ- партияның басында кім тұру керек? Ленин мен Плеханов бастаған белсенді революционерлер, әлде Мартов бастаған ерікті идеологтар ма? Мартов жеңеді. Бірақ ОК сайлау кезінде,Ленин мен Плеханов жеңіске жеткді. Олардың жақтаушылары көп болғандықтан,оларды большевиктер деп атады,Мартовтың соңынан ергендерді көлеміне қарай меньшевиктер деп атады.

Осы кезде бірнеше қалаларда манағы шыдамы таусылған жұмысшылар ереулерге шығып жатыр,бунттар болып жатыр. Ресей ақырын-ақырын революцияға жақындап келеді.

Аграрлық кризис сұрағы,жұмысшылардың кедейлігі мен құқықсыздығы, ұлттық сұрақтар көтеріліп жатты. Бүкіл елде индустрияны дамыту үшін,олар бірін-бірі түсіну керек,бірі орысша сөйлеу керек . Үкімет барлығы орысша сөйлесін деп шешеді. Бірақ конфликттер пайда болады. Украина,Прибалтика, Кавказда түрлі бой көтерулер болып жатты. Қазақстан мен Орта Азияда орналастыру саясаты батсалады. Үкімет шаруаларды осы аймақтарға жіберіп,жер берді.Бірақ бұл жерде жергілікті халық өмір сүріп жатты. Ал ол кезде Ресей отар халықтарын 2-сортты адамдар деп санап,олардың құқығын елемеу керек деген ойда болды. Осыған жауапты реакция жүреді.

Бір кезде Қиыр Шығыста 1904-1905 ж Жапониямен соғыс жанданады.

1898 жылы Ресеей Сары теңіз жақтан Қытайдан оңтүстік-шығысындағы жерді арендаға алып,Порт-Артур салады. Мақсаты- ТрансСібір темір жол магистралін Қытай арқылы Владивостокпен байланыстыру. Бұл жерге Жапонияда қызығатын. Порт-Артурда Ресейдің Тынық мұхит эксадрасы Жапонияға қарап орналастырылған енді. 1904 жылы 26 қаңтарда Жапон әскері Порт-Артурға шабуыл жасайды. Соғыс көптен күтілсе де, орыс әскері дайын емес еді. Жапондар тез арада Порт-Артурды қоршап алады. Шілдеден желтоқсанға дейінгі уақытта орыс әскері жақсы қорғайды. Бірақ олардың күші көп болса да,тәжірибе жағынан олар дайын емес еді. Адмирал Макаров жиі-жиі теңізге шығып шабуыл жасауды бұйырады. Бірақ бұл пайда әкелмеді. 1904 жылдың наурызында Макаров отырған Петропавловск кемесі жарылып,суға батып кетеді.

Осыдан кейін орыстар шегінуге тырысады. 20 желтоқсанда 1904 жылы бекініс берілді. Бұл орыстар үшін үлкен шок болды,өйткені олар Жапонияны кішкентай ғана,артта қалған азиялық ел деп санайтын. Ал шын мәнінде Жапонияны Ұлыбритания мен АҚШ техникалық жағынан қолдап тұрды. Орыс армиясының екінші шансы болды:Петербургтан шығып,бүкіл әлем арқылы,Африка арқылы жапондарға сырттарынан шабуыл жасау. Бірақ жапондар мұнда даоларды бастып тастап, 1905 жылы 6-25 қаңтарда орыс әскері толықтай жеңіліс табады. Сергей Витте ауыр келіссөздер жүргізеді. Нәтижесінде Порт-Артурдан да,Манчжуриядан да айырылды. Сонымен қоса Сахалиннің жарты бөлігін беруге мәжбүр болады. Сол үшін оны халық «граф Полусахалинский» деп атады.

Параллельно ішкі Ресейде революция жүріп жатыр. 15 шілдеде Ішкі Істер минситрі-В.Д.Плеве эсерлермен өлтіріліп,орнына Святополк-Мирский келеді. Оның жетекшілік еткен уақыты әлдеқайда тыныш заман болды. Святополк-Мирский соншалықты шулап жатқан халықпен ортақ тіл табуға тырысты. Либерал-интеллегенция халықтың атынан шығып,патшамен сөйлесетін орган құру керек деп шешеді,бірақ халық деп олар өздерін-зиялыларды ғана меңзеп тұр. Осы кезде Г.Гапон деген священник жұмысшылар атынан шығады. Святополк-Мирский Гапонмен интеллегенцияға қарсы одақтасқысы келеді. Бірақ Гапонның мақсаты- зиялылар емес еді. Ол келіспейді де Петербургте алғашқы профсоюз ұйымдастырады.

Гапон шенеуніктерді аттап өтіп патшаның тура қолдауын тапқысы келді. Бірақ шенеуніктер бұған жол бермеді. Осыдан кейін Гапон социал-демократтарға,либерал-интеллегенцияға барып,барлығының атынан петиция жазып патшаға баруды ұсынды. Петицияда 8 сағаттық жұмыс күні,жұмысшылар құқығы,жалақы көлемін бекіту,парламент құру сынды талаптар болды. Николай ІІ жұмысшылар петициямен келе жатқанын естіді,бірақ проблеманы түсінбеді де қаладан кетіп қалды.

1905 жылы 9 қаңтарда «Қанды жексенбі» оқиғасы орын алды. Гапон бастаған ҮЛКЕН жұмысшылар колоннасы,біреулері қаруланған, Петербург орталығына жақындап жатты. Гапон патша оларды қабылдамаса да, жауап бермесе де,петицияны алады деген үмітте болды. Бірақ қалың колоннадан шошыған әскер оқ атады. Бұл ескерту болды. Бірақ адамдар қайтпайды. Тағы да атады. Енді халыққа қарсы нағыз соғыс басталды. Бұл хабар бүкіл елді дүрліктірді,өйткені халық патшаға сенетін, жаман министрлер болса да,патша-қауіпсіздіктің символы еді. Осы жағдайға дейін. Патша абыройын жоғалтты. Халық «Долой Самодержавие!»ұрандарын тастайды. Революция!Хаос!Бүкіл жерде!

Патша әлі тақта отыр,бірақ Ленин,Троцкий сияқты қоғам қайраткері оны құлатқаннан кейін елдің жағдайын ойластырып отыр. Троцкий «ел аграрлы,социализмді қалай құрамыз?Пролетариат пен РСДЖП уақытша билейді» деп ойланса, Ленин «самодержавиені тек қана жұмысшылар табы құлата алады.Бірақ біз жалғыз ел билей алмаймыз. Соныдқтан жұмысшылар мен шаруалардың бірлескен Кеңісін құру керек» деп шешеді.

Бірақ кенеттен 1905 жылы қазанда үлкен бүлік шығады. Темір жолшылар ереуілдетіп жатыр.Бүкіл елде темір жол жұмысы тоқтап қалды. Кейіннен ол Жалпыортақ революцияға өршіп,17 қазанда Николай ІІ жұмысшылардың азаматтық құқықтары және Мемлекеттік Думаға сайлау туралы манифест жариялайлы.

Дума бюджетті бекітіп,заң шығарады. Сонда да соңғы сөз патшада. Сонымен қоса ол атқарушы билік-Министрлер кабинетін енгізеді. Думаға сайланушылар арасында фракцияаралық теңсідіктер болды. Мысалы,1 помещиктің дауысы 3 қалалықтың,15 шаруаның,45 жұмысшының дауысына тең болды. Ал шет аймақтардағы адамдар сонымен қоса міндетті түрде орыс тілін білу керек болды.

Қарашада революционерлер мен патша мен ескі укладты қолдаған черносотенцтер арасында қарсы тұрулар болды.Желтоқсанда Мәскеуде,кейін Петроградта қарулы көтерілсі болды. Оларды қамады,бірақ ол қалаларға жайылып кетті. Кеңес билігі жарияланып жатты. Бұл көтерілістерді ұйымдастырған Тройцкий бастаған Шаруалар мен Жұмысшылар Кеңесі еді. Патша да жеңіліс тапты. Ол Думаға үміт артқан еді. Помещиктерге үміт артты. Бірақ помещиктер жұмысшыларды,революционерлерді қолдаған. Депутаттар арасында черносотенцтер болмады. Олар реформа талап ете бастады. Николай ІІ көп ойланбай Думаны таратып жіберді де Столыпинді премьер-министр етіп тағайындады. Экс-депутаттар бірден тарамай, Выборгте жиналыс жасайды. Осы жиналысқа Ә.Бөкехан да қатысқан.Олар халықты салық төлеуден бас тартуға шақырды. Кейін олар қамауға алынды,Ә.Бөкейзан 3 айға Семей түрмесіне жабылған. 1906 жылы революция құлдырай бастады. Столыпин аграрлық реформа жасады.

1907 жылы ІІМемлекеттік Дума құрылады. Бірақ ол бірнеше есе радикалды болады. Өте көлемді. Ең үлкен фракция-жұмысшылар фракциясы болды. Осы Думаға эсерлер,социал-демократтар кірді.

Маусымда Столыпин Думаны таратып жіберді. Думаның таралуымен революция жеңілді. Бірақ бірнеше нәтижеге әкелді:самодержавие билігі аздап шектелді;ішінара жұмысшылар құқықтары сақталды;кәсіподақтар құру құқықтары пайда болды;Столпиннің аграрлық реформалары басталған еді.

Столыпиннің саясаты тек аграрлық саланы қамтыған жоқ .Алдындағы басты мәселе- революцияны тоқтату болды. Сондықтан ол сот құрады. Сотта юристтер емес,офицерлер төрайымдық етеді. Олар аяусыз,ойланбастан адамдарды атып тастай берді. Мысалы,бунт жасағаны үшін,лавкада ұрлық жасағаны үшін,өтірік айтқаны үшін...

Бірақ революционерлер де жауап ретінде офицерлер мен шенеуніктерді өлтіріп жатты. Столыпин отырған мекемені жарып жіберу әрекеттері болып,оның қызын өлтіруге тырысқан.

Осы кезде орыс шаруалары общиналарға біріккен еді. Общинадағы көрші шаруалар өздерінің жерлерін (надел) біріктіріп,техникамен жырту мүмкіндері болды. Оны «широкая полоса» деп атады.Жақсы жағы- жерің кішкентай болса,біреумен бірлесіп,жыртып алуға болды;салық төлей алмай қалсаң,общинадағы көршілер жинап төлеп беретін. Теріс жағы-өзің күтіп-баптаған жерді біреуге беруге тура келді.

Столыпиннің аграрлық реформаларының мәні – енді шаруа қалауынша жерін өз атына жазып ала алды.Общинадан бөлінген жер – отруб деп аталды.

Осы жерде үлкен мәселе пайда болды:егер шаруалар «широкая полоса» жасағысы келіп, оның жолында отруб болып,иесі бірге жыртуға келісімін берсе де,бұл мүмкін емес болды. Шенеуніктер келіп «реформа бойынша ондайға рұқсат жоқ» деп тыйым салған.

Жалпы Столыпин реформалары әрқашан шаруалар арасында кикілджіңдер шығарып отырды.Үкімет үшін бұл тиімді болды. Столыпин осы конфликттер тоқтағаннан кейін мықты шаруалар шығып,олар мемлекеттің аграрлық тірегі болады деп ойластырған. Бірақ олай болмады. Столыпин өзгертулерінің масштабы ауқымды болмады- жер жетіспеушілігі мәселесі шешілмеді,артық жұмыс орындары пайда болмады,урбанизация тоқтамады.

Жердің жетіспеу мәселесін шешу үшін Столыпин шаруаларды Сібірге,Азияға жер аудартты. Ол жақтарда жер көп деп ойлады. 3 млн-дай адам кетіп, оның 500 адамы қайтып оралды. Себебі ол жақта климат өзгеше,бейімделу үшін көп уақыт керек,жер ойлағандай көп емес,ал Азия елдерінде далада халық мал бағады,егіншілікпен айналысу оңай емес болып шықты.

1907 жылы ІІІ Думаға сайлау болды. Мұнда өткен Думалармен салыстырғанда үлкен теңсіздік болады: енді 1 помещиктің дауысы – 260 шаруаның,543 жұмысшының дауысына тең болды. Осы Думада ол үміт артқан октябристер көп болды. Солар арқылы Столыпин Думаны басқарып отырды.Бірақ бұл Мемлекеттік Дума халық арасында беделін жоғалта бастады,соншалықты белсенді де емес еді.

Социал- демократ топтар,партиялар 3 фракцияға бөлінді:1)елде енді бостандық бар,тығылмай,қызметімізді ашық жүргізейік деп ұсынды;2)керісінше,билікке сенуге болмайды, жасырын «подпольно» жұмыс істей берейік,ІІ Революцияға дайындалайық деп тұжырымдады;3)Ленин басқарды;екі фракция элементтерін қамтыды;кейін осыдан партияда қиын проблемалар болды:Малиновский,Азеф деген адамдар құпия полиция,агент қызметшілері болып шықты.

Осыдан кейін 1912 жылы В.И.Ленин өзінің бөлек партиясын құрады. РСПЖП(б) деп аталады. Қызметі-билікті басып алу мен сақтап қалу. Ленин өзіне не керегін біледі. Легальды,легальды емес қызмет жасап,революцияға дайындалады.

Осы кездері Ресей халқының жағдайы әртүрлі болды. Жалпы залық олар 10-60руб. арасында жалақы алып тұрды. Орта есеппен бір айда бір адам 8-10 руб.азық-түлікке жұмасған,2 руб.бала оқытуға берген. Ауыл шаруалары 10руб. жалақы алды,өйткені олардың өз азық-түлігі бар. Ауыл мұғалімі 20 руб алды және шаруалар оны тамақпен қамтамасыз етіп тұруға мәжбүр болды. Офицерлер мен шенеуніктер 50-150 руб алды. Жоғары жалақы алатындар елдің тек 2% құрады,қалғандары-шаруалар. Бірақ ХХ ғ.басымен салыстырғанда 1913 жылы шаруалардың жағдайы жақсырақ болды.

Аштықтар да болды. 1911-1913 жылдары Столыпин реформаларының салдарынан Поволжьені қамтыған аштық болады.Столыпиннің ықпалы төмендей бастады. Николай ІІ оны қатты жақсы көрген. Әсері күшті болды. 1911 жылы 1 қыркүйекте Киевте Багров деген адам Стлыпинді өлтіріп кетеді. Кейін белгілі болғанындай,Багров- полицияда істеген құпия адам болды. Сондықтан ол Столыпинді революционер ретінде өлтірді ме,жоқ әлде жасырын агент ретінде өлтірді ме- белгісіз.

Столыпиннің өлімінен кейін тарихи аренаға Распутиннің фигурасы шығады. Растутин-тұлғасы өте қызықты,жұмбақ адам болған. Ол да Николай ІІ сенімін жаулап алды.

1912 жылы 04.04. Ленскийде тағы да жұмысшы ереулдерінің толқыны басталады. Осы толқу оқпен басылған болатын . 1914 жылы Петербурге стачка болады. Басқа қалаларға жайыла бастайды.

Ал әдебиетте,мәдениетте осы период «Серебряный век-Күміс ғасыр» деп аталады. Жазушылар халықты саясаттан аалыстақысы келді. Бірақ ,қанша қашса да,1914 жылы І Дүниежүзілік соғыс басталды.

Басында бұл соғыс жағдайы ауылдықтар үшін өте тиімді болды. Өйткені миллиондаған адамдар соғысқа кетіп жатты,жер босап жатты,жұмыс орындары босап жатты. Ал қалада жағдай керісінше-жұмыс күрделенді,қалада азық-түлік дефициті болды.

Сырта қарайтын болсақ,мемлекеттер союздарға,коалицияларға бірігіп жатты. 1898 жылдың өзінде Франция мен Ресей ИмпериясыГерманияны екі жақтан қыспаққа алу туралыкелісім жасасқан болатын. Осы соғыста да бұл сақталды. Бірақ Франция Ұлыбританиямен одақтасқысы келді. Ал Ұлыбритания- Ресейдің ескі жауы. Бірақ екеуі тіл табып , 1907 жылы Ұлыбритания,Франция,Ресей кірген Антанта құрылады. Оған Германия,Австро-Венгрия,Италиядан тұрған Үштік одақ қарсы тұрды. Бірақ Италия тұрақсыз болып,бір кездері жау жағына да шығып кеткен. Кейін Германия мен Австро-Венгрияға Осман Империясы мен Болгария қосылады.

1914 жылы 18 маусым сербтік ұлтшыл Гаврилла Принцип Австро-Венгриялық ерц-герцог Фердинантты өлтіреді. Мұндай әрекетті осыған дейін болған. Австр-В осыны пайдаланып,Сербияны өзіне қаратпақ болды. Оны Германия қолдады.Бірақ Ресей Империясы қарасыласты,өйткені сербтер-орыстарға туыстас халық. Бірақ Ресей оңтүстікке,Дарданелл мен Босфор бұғаздарына,яғни Стамбулға көз тікті. Германия болса шығыс жерлерін қалаған еді.

1914 ж 28 шілде Австро-Венгрия Сербияға берілу туралы ультиматум жібереді.Сербия оны қабылдамайды.Ресей Сербияны қорғау үшін халықты мобилизациялайды,бірақ Сербияға дейін жету үшін уақыт керек. Мобилизацияны тоқтат деп,Германия Ресейге ультиматум қояды. Ресейдің келіспеу жауабына 1 қыркүйек 914 жылы Германия Ресейге соғыс ашады.Одақтасы-Францияға да шабуыл жасайды. Одақтастары үшін Ұлыбритания Германияға соғыс жариялайды. Осылай І Дүниежүзілік соғыс басталады.

Ресей мен Францияның «тұншықтыру» жоспары туралы біліп,екі фронтта әрекет ету- қиын болатынын түсініп,Германия аумағы жағынан кішкентай француз елінің әскерін талқандап,Парижді алып,кейін Ресейге соғыс ашуды шешеді. Бұл-Шлифмен жоспары деп белгілі.

Ал орыс армиясы мобилизацияның толық дайын болуын күтпей,Францияға көмекке асығады. Пруссия жерінде орыстың екі әскері орналастырылған еді:генерал Ренненкампф пен генерал Самсонов. 7.08.14. Ренненкампф неміс отрядтарын жеңеді. Осы кезде немістер дереу Самсонов әскерін қыспаққа алады. Самсонов өзін-өзі атып тастап,Ренненкампф артқа шегінуге мәжбүр болады. Ресей үшін соғыс ауыр жеңіліспен аяқталды.Германияның техникасы ілде қайда дамыған болып шықты.

Шегініп бара жатқан армия АвтстроВаенгрияға шабуыл жасайды. Ал ол ел тұрғындары соғысқысы келмеді. Львов қаласы тартып алынды,бірақ оның стратегифлық маңызы болмады. Қорғаныс күші шабуылдау күшінен әлде қайда күшті болды. Танктер әлі жоқ еді. Фронт қатып тұр. 1914 соғысқа Түркия кіріседі,бірақ дайындықтары жақсы емес. 1915 жылы олар армяндарға қарсы геноцид үйвмдастырада.Соғысқа Болагрия кіріседі. Бірақ Ресей территориясында соғыс қимыдарын жүргізбейді. Германия таңы да шабуыл жасайды.Ресей әскері шегінеді. Тойтарыс беретін мүмкіндік жоқ-снаряд аз. Демек,жеңіліс-тылдың проблемасы.

1915 ж тамызда Николай ІІ жоғарғы қолбасшы болып, барлық жауапкершілікті өзіне алады.Армияны жабдықтау мәселесі тұрды.

Дума депутаттары патша қара күштердің арасында жүр деп алағдап,үкімет құруды ұсынады.Патша көп толғанады:өз билігін босатқысы келмейді. Сондықтан ол министрлерді бір сайлап,бір құып отырды. 4 жылдың ішінде 25 шақты министр ауысты.

Депутаттар,либерал ұйымдар лигалды,легалды емес бір нірсе жасамақ болады. Мысалы:патшаны тақтан тайдыру,конституциялық монарзия құру. Енді ешкім Николй ІІ қызметіне риза емес. Үкімет жүйесі ескірген,жараймайды,өзегрту керек болды. 1916 эылы аристократтар Распутинлі өлтіреді.Одан кецін барлығына императрица кінәлі деп,оған да қарсы шығды. Бірақ бұлардан ештеңе шыққан жоқ.

1915 жылы Циммервальдта халықаралық социалистік конференция өтеді. Онда соғысты қалай тоқтатуға болатыны талқыланды. 1914 жылдың қзінде большевиктер патшаны құлатып,импералистік соғысты азаматтыққа айналып жіберуді үасынғанда,бұл идея- ессіз,абсурд болып көрінді.Ал 1915 жылы соғыс адамдарды шаршатқанда жағдай керімінше болды.

Бір ғана шығу жолы болды:мемлекеттерге «бөтен жерге көз салмай,өз күштерін жинап артқа қайту» деп жариялау,сонда соғыс аяқталады деп ойлады. Дереу құпия документтер,қол қоюлар басталды. Бірақ Плехановтың өзі бұл ұсыныстарды қолдамады. Олөзі фронттар соғысып жатқан еді. Плеханов үлкен патриоттығымен ерекшеленді,сондықтан Ресей міндетті түрде жеңу керек деп есептеді. Плехановты қолдаушылар Ленинді шпион деп айыптады.

1917 жылы Ресей тағы да Австро-Венгрияға кіру әрекеттерін жасайды. Львовты алуға тырысады. Бірақ отандық экономика шытынайды. Тасымалдаудың жүкетемесінен өнідірс тоқтап қалады. Елде крисиз. Нан жоқ:Адамдар тамақ алу үшін өтке көп уазқыт өшіредтерде тұр.

Ескі күнтізбе бойынша 28 ақпан(8 наурыз)халықаралық әйелдер күні. Олар ереулдетті. Жәни жұмыстан құуылған кутиловшылар да,наразы халықтың барлығы Невскийге демонстрация жасуға барады. Олар бірге келген жоқ. Жан-жақтан ұйымдарсқан адам топтары бірінен-соң-бірі келіп жатты.

24 күні толқулар әлі жалғасып жатыр.Енді «Долой самодержавие!»лозунгтері айқаланып жатыр. Яғни,халық патшаны ғана емес,мемлекеттік форманың ауысқанын талап етті. Келесі күні атыстар естіліп жатты,бір дерде трамвай аударылған...

Николай ІІ Петербургте митин болып жатыр деген телеграммаға «соғыс кезінде кез-келген толқу басылу керек»деп жауап береді. Қалалық үкімет басшысы Хабалов демонстрацияны тек қана атыспен басуға болатынын түсінді.

26 ақпан әскери отрядтар халыққа қарсы от ашады.Бірақ адамдар тарамайды. Тағы,тағы,тағы шабуылдап жатыр. Кейде демонстранттар жағына солдаттар,офицерлер шығып жатты.Кейін үлкен полктар өтіп жатты. Жағдай ушықты.

27 ақпан Петроград гарнизонының жартысы өз командирлеріне қарсы шығады. Бірінен соң бірі митингшілерге қосылып жатты. Хабаровтың отрядтар өте аз болып қалды. Оларды халыққа қарсы жіберуге қорықты.

28 ақпанда Петроград толық қаруланған адамдардың қоршауында. Бұл енді революцияға ұласты. Оқиға барлық қалаларға тарайды.

Мем.Дума қызметін тоқтатады,өйткені оның қажеті жоқ, Бірақ депутаттар здерінің уақытша комитетін құралы. Кеңес құру туалы шешімге келеді,кеңес делегаттарын сайлауға шақыртулар таралады. Барлығы ескі Дума ғимаратына жиналады.Оның бір қанатында бұрыңғы депутаттардан тұратын уақытша үкімет жиналсы,екінші қанатында әртүрлі халық тотпарын(завод жұмысшылары,солдаттар) ағылып жатты. Сөйтіп Жұмысшылар мен Солдат Депутаттарының Кеңесі құрылды. Бұл кеңестің депутаттар түріндегі дипломатиялық,солдаттар түріндегі әскери базасы бар.

Ал фронттан Петроградқа Иванов отряды келе жатыр. Революционерлер де қорғануға дайын.

Хабаров генерал Алексеевке бір шешім табуды сұрайды. Егер осыған дейін Дума сынды органдарды құрып құтыла алса,енді бұл жеткіліксіз,адамдар патша түгіл бүкіл мемлекеттік форманы өзгертуді талап етті.Кеңесте жиналғандар республикашылар еді.

Николай ІІ фронттан Петроградқа жылжиды. Патша жолда болған уақытта генералдар оның билікті босатып,тақты ұлы Алексейге немесе ағасы Михаилға берген жөң болады деп шешеді. Ал патша болса Иванов сияқты қалаға кіре алмайды. Барлық жерде қаруланған әскерлер. Қарап отырсақ, патшаны қолдап жатқан ешкім жоқ Барлығы өзгеріс керек екендігін түсінеді.

Жұмысшы,солдат депутаттарының Кеңесі құрылтай шақырып,сайлау жасау керек деп шешті. Кеңестің бір бөлігі (Шляпников) билікті алып,өздерін үкімет деп жариялау керек деді,өйткені олар-барлығы сияқты-жұмысшылар,демек оларды бәрі қолдайды. Ал екінші жартысы «ел бізді емес,Думаға қатысқан депутаттарды біледі.Біз ғана билесек,онда бізді тез арада құлатады» деп тұжырымдайды. Сөйтіп депутаттар мен шаруалар біріккен билік құру туралы шешім қабылданды.

«Барлық билік Кеңестерге» лозунгі «Барлық билік митингшілерге» дегенмен тең болды бұл кезде. Бірақ бірнеше айдан кейін Ленин тағы осы ұранды тастап,жазда Кеңестің струтурасы құрылады,олар барлығымен келісімдер жасап жатты. Олардың басында атақты адамадр тұрған кезде жаңағы ұран-әбден орынды болады.

Уақытша үкіметке Кеңестік әскери күші керек,Кеңеске уақытша үкіметтің дипломатиялық қарым-қатынастары,байланыстары керек. Сөйтіп,1917 жылы 2 наурызда Жаңа Үкімет туралы келісім жарияланады. Бағдарламасы бойынша,азаматтық құқықтар беріледі,тұтқындалғандар босатылады,құрылтай болады.Осы құрылтайда кім жеңсе,сол билейтін болады.

Митингілер әлі өтіп жатыр. Патшаға қысым жасалып,4 наурызда «тақтан бас тарту манифесті» жарияланады. Николай ІІ ағасы Михаил орнын басады деп ойлады. Бірақ,Михаил билегісі келмеді. Ресей Империясының соңғы ханы тақтан түсті. Ал Ресей Империясы әлі формальды түрде күзге дейін өмір сүреді.

Уақытша үкімет құрылады.Революция тоқтамады.Ол Ұлы Орыс Революциясы болып үлкейді. Ақпан революциясы қазан революциясына ауысады. 24-26 қазан революциямы болды. Большевиктер мемлекеттік төңкеріске дайындалып жатты. Партиясыз РевКом құрылды.Оның қызметі-фронттан шетел әскері кіріп келетін болса,Петроградты қорғау және съезддердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Большевиктер бірте-бірте билікке жақындап келеді. Ленин подпольеде қала берді,ал барлық әскери дайындық Троцкийдің иығына түсті.

24 қазан уақытша үкімет пен Кеңес арасында әскери істер басталады.Осы кезде Сталиннің фигурасы пайда болады:Кеңестер үшін типография тауп,листовкаларды шығарып алады.

Кеңес күші молырақ болды.Олар қаланы басып алды. Ал ІІ Бүкілресейлік Съездде басым бөлігі РСДЖП(б)большевиктері болған,одақтастары-сол эсерлер,кішкене меньшевиктер,анархистер болған Кеңес үкіметі билікке келді. Ал 1917 жылы қарашада жаңа үкімет шаруа депутаттарының шұғыл съезінің депутаттарынан да қолдау тапты.



26 қазанда солдаттар,матростар Қысқы Дворецке басып кіреді. Қысқы сарайда уақытша үкімет орналасқан болатын. Уақытша үкіметтің билігі құлатылды деп жарияланды. Жаңа съед жиналып,онда ХКК құрылады,басшысы-В.И.Ленин,ХалКом-Троцкий болады,ал Ұлттар істері жөніндегі ХК басшысы-И.Сталин болды. Жаңа үкімет РКФСР деп аталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді