Қателесіп қалма!
Дидактикалық міндет. Балалардың әр түрлі спорт ойындары жайлы білімдерін нақтылау; спортпен шұғылдануға деген қызығушылықтарын ояту, тапқырлық, ептілік, байқампаздық қабілеттерін дамыту.
Ойын ережесі. Спорттың бір түрі бейнеленген суретті (6 бөлшектен құралған) кім бірінші құрастырса, сол жеңіске жетеді.
Ойын әрекеттері. Суреттің қажетті бөлшектерін іздеу, құрастыру; жарысу.
Ойын барысы. Тәрбиешінің қолында әр түрлі спорт ойынының түрі – футбол, волейбол, гимнастика – бейнеленген суреттер бар. Ойын бөлшектелген суреттермен ойналады. Бір ерекшелігі – спортсмен бейнеленген сурет бөлшегі ортасына қойылады да, оан қажетті басқа суреттер таңдалынып алынады. Кім бірінші болып құрастырса, сол жеңеді.
Осы ереже арқылы әр түрлі мамандықтың құралдарын құрастыратын ойынды ұйымдастыруға болады. Мысалы, құрылысшы: оған қажетті барлық құрал-саймандарды іріктеу, - күрек, қалақ, бояу жаққыш, шелек; құрылыстың жұмысын жеңілдететін – көтергіш кран, экскаватор, жүк түсіргіш т.б.
Суреттерде балалар жыл бойы танысатын мамандықтар бейнеленеді: аспаз, аула тазалаушы, пошташы, сатушы, дәрігер, мұғалім, құрылысшы, тракторшы т.б. Олардың жұмысына қажетті құрал-саймандар бөлшек суреттерден таңдалынады: кішкентай ұсақ суреттерден үлкен, тұтас сурет құрастырылуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |