Кім не істейді?
Дидактикалық міндет. Балалардың ауыл шаруашылығы жайлы білімдерін тереңдету; ойлау, сергектік пен ептілікке тәрбиелеу, құрбыларымен ойнауға деген қызығушылығын арттыру.
Ойын ережесі. Бөлшектелген суреттерден ауыл шаруашылық еңбекке байланысты тұтас бір суреті құрастыру: мәселен, тракторшы жер жыртып жатыр, комбайнер бидай жинауда, сауыншы сиыр сауып жатыр, бақташы жануарларды бағып жүр, құс бағушы тауықтарды тамақтандыруда, колхозшылар егін жыртуда т.б.
Ойын әрекеттері. Суреттің қажет бөлшектерін іздеу; тұтас суретте көрсетілген еңбек туралы әңгімелеу. Кім бірінші суретті құрастырады деп жарысу.
Ойын барысы. Ойын ауыл шаруашылығының еңбегі жайлы шағын әңгімелесуден басталады. Сол арқылы балалар әр түрлі мамандықтар, ауыл шаруашылығына көмектесетін машиналар жайлы еске түсіреді. Содан кейін тәрбиеші ойын ережесімен таныстырады. Ойын бөлшек суреттердің санын 10-12-ге дейін көбейту арқылы күрделенеді. Бұл ойында өте байқампаз, тапқыр болу қажет. Кім бірінші суретті құрастырса, сол жеңімпаз атанады. Ол жеңімпаздың төсбелгісімен марапатталады, мәселен жұлдызшаға ие болады.
Достарыңызбен бөлісу: |