14 дәріс педагогикалық шеберлік жоспар

Loading...


бет1/2
Дата05.05.2021
өлшемі0.76 Mb.
  1   2

14 дәріс

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК
Жоспар:

1. Педагогикалық шеберлік негіздері

2. Озық педагогикалық тәжірибе
Мұғалім оқушыларын тек біліммен қаруландырып қана қоймай, назарын, білгендерін жадында сақтауға, қабілетін, ойлауын, тіл шеберлігін ұштауға, дүниеге деген құштарлығын, өмірге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ықыласын, сенімін, төзімділігін, іскерлігін, ізденімпаздығын тағы басқадай танымдық қасиеттерін жетілдіріп, адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуді өзінің өмірлік мақсаты, ізгілік мұраты деп санайды.

Ұстаздың барлығы талантты болып тумайды. Егер кез келген мұғалім ынта – ықылас қойып, табандылық танытатын болса, өз бетімен көп еңбектенсе, идеялық жағынан сенімді, саяси жағынан есейген азамат болса, өз пәнін жақсы білсе, оқытудың әдістемесін меңгеріп, бала психологиясын жете білсе, педагогикалық техниканы қалыптастыра алса, педагогикалық шеберлікке жету қасиеттеріне ие бола отырып, педагогикалық кәсіпті меңгерсе, педагогикалық әдепті бойына сіңірсе, онда талантты, шебер ұстаз бола алады.

Педагогикалық шеберлік – ұстаздық талантпен тығыз байланысты. К.Д.Ушинский: «Педагогика теориясын қаншама жетік білгенмен, педагогикалық әдептің қыр-сырын меңгермейінше, бұған оның қолы жетпейтіндігін», - айтады.

Педагогикада кәсіби қызметтің сапасын анықтайтын біртұтас әрі жүйелі түсінік «педагогикалық шеберлік» болып табылады. Орыс тілінің сөздігінде «шеберлік белгілі саладағы өнер деп анықтама берілген, ал шебер өз ісінде өз ісінде жоғары нәтижеге қол жеткізген маман» делінген (С.И.Ожегов, 1990). Педагогикалық шеберлікті адамның педагогикалық жұмысындағы жоғары өнерге қол жеткізген ерекше қалпы ретінде қарастыра отырып, оның кәсіби қызметтік және тұлғалық тұрғыдан өзіндік өлшемі бар екенін ескеру керек.

Педагог түрлі ғылым саласында озық білімді меңгерумен шеберлікке қол жеткізе алады ма? Өз әріптестеріміздің тәжірибесінде кәсіби қызметінен көре аламыз ба? Жоқ, себебі педагог сағат сайын айналадағы өзгерістерді, жаңалықтарды қамтып, ғылымның заңдылықтарына сүйену арқылы әдемілік пен тәрбиелікті жеткізе білу керек. Бұл жағдайда ең объективті заңдар туралы сөз болып отырған, яғни нақты бір адамның-педагогтің өмірге көз қарасы, қарым-қатынасы туралы екенін түсіну маңызды болмақ. Педагогикалық шеберліктің кейбір анықтамаларының мазмұнын кеңес дәуірі мен қазіргі отандық ғылыми-әдістемелік әдебиеттерден қарастыруға болады.

Педагогке қойылатын талаптар туралы ағарту саласы бойынша халық комиссары А.В.Луначарскийдің мақалалары мен басылымдарда жарияланған сөздерінен білеміз. 1928 жылы тәрбиешілер мен қоғам қайраткерлерінің мәжілісіндегі сөзінде ол педагогке жүктелетін жауапкершілік ерекше екенін атап айтқан: «Егер алтын құятын шебер оны бүлдіріп алатын болса, онда оны қайта құюға болады, егер асыл тастар бүлінсе, онда іске алғысыз болып қалады, бірақ ең зор баға жетпес гауһар – өмірге келетін адам. Адамды бұзу ең ауыр қылмыс немесе күнәсіздіктің үлкен күнәсі. Бұл материалмен алдын ала не істейтініңді анықтап нақты, айқын жұмыс істеу керек» дейді.

Н.К.Крупская (1960) 1932 жарыққа шыққан «Мұғалім туралы» деген мақаласында «үлгілі мұғалімнің мерилі» ретінде төмендегі критерийлерді анықтады: мұғалім өз пәнін, әрбір оқушыны, еңбекті ұйымдастырудың ғылыми негіздерін білуі керек, оқушының қабілетін оята білуі, оқытудың әдістемесін меңгеруі, оқу мен тәрбие жұмыстарын ұштастыра білуі, беделді бола білуі қажет.

Педагогикалық шеберлік туралы А.С.Макаренконың (1988) пікірлеріне сүйенер болсақ, оның дәлелдеуінше шеберлік – бұл «тәрбие процесін шын мәнінде білу, тәрбие ісінде біліктің болуы». Бұл жөнінде ол: «Мен білік пен дағдыға негізделген шеберлік қана мәселені шеше алатынына өз тәжірибемде көз жеткіздім» дейді. Одан әрі жоғарыда келтірілген шеберлік туралы түсінікті ережелер қатары кездеседі, «дауысты келтіру – өнер, көзқарасы мен қозғалысы, тұру, отыру, орындықтан көтерілу, күлу бәрі – 17 өнер болып табылады». «Мен өзімді нағыз шебер болдым деп есептедім, тек «мұнда кел» деген сөзді 15-20 түрлі етіп айта алатын, даусымды, бет- әлпетімді 20 түрлі етіп құбылта отырып, кімді болса да өзіме шақырғанда келетіндей және не істеу керек екенін бірден түсінетіндей дәрежеге жеткенде ғана» дейді.

Кеңес педагогикасы педагогикалық шеберлік корифейінің мәнін мінез-құлық білігінің кең ауқымында қарастырады.

В.А.Сухомлинсий (1981) бұл түсінікке нақты анықтама бермейді, дегенмен, ол педагог тұлғасы тәрбиеленушіні тәнті ететін, өзіне тарта білетін, рухтандыратын болуы керек деген пікір айтады. Ол : «Идеалдар мен қағидалардың, көзқарастары мен талғамының, симпатия мен антипатияның, моральдық-әдептілік қағидаларының педагогтің сөзі мен ісіндегі гармоналды тұтастығы – міне, осындай қасиеттер жалындаған жас ұрпақтың жүрегіне жол табатын шоқ жұлдыз болады» дейді. Сондай-ақ ауызбіршілік тәрбиеші үшін органикалық қажеттілігі ретінде өте маңызды, әрі жан дүниесін, жеке бақытын, ой-санасын онсыз елестете алмайтын өмір заңы екенін айтады.

А.И.Щербаков (1968) педагогикалық шеберлік – мұғалімнің ғылыми, әдістемелік өнерінің, білігі мен дағдысының, жеке қасиеттерінің үндесіп, үйлесуі деп санайды. Мұндай үйлесімді тұтас әдістемелік өнер тек шығармашылықпен ғана туындайтыны айдан анық. Бұл өнердің негізгі атрибуты – өз жұмысын үлкен жауапкершілікпен орындау дейді.

Ю.П.Азаров (1971), тәрбиешінің шеберлігінің маңызы туралы айта келіп, оның мәнін төмендегіше ашады: «педагогикалық шеберліктің негізі бала тәрбиесінің заңдылығын білу болып табылады» дейді. Одан әрі шеберлікті құрайтын құрамдас бөліктерінің өзара әрекеті туралы айта келіп, шеберлікке берген анықтамасын дамыта түседі: «сезім мен техниканың өзара әрекеті педагогтың жеке тұлғаға немесе ұжымға жаппай эмоционалды образды ықпал жасауына әкелетінін айтады».

Міне, шеберліктің құдіреті – осындай тұтасқан үйлесімде. Ю.П.Азаров (1989) қалың оқырман қауымына арнаған публицистикалық басылымында: «мен шеберліктің формуласын қайта-қайта айта беруге дайынмын, оның мәні: технология, қарымқатынас, тұлға сияқты үштікте» дейді. Шеберлік ... істейтін ісіміздің материалдық жағында болуы тиіс, мен технология деп атап отырған. Бұл технологияны кешіктірмей іске асырсақ, соның арқасында қарым-қатынас жасалады. Ал бұл қарым-қатынас мені және мен қатысатын балаларды қалыптастырады деген екен.

Н.В.Кузьмина (1972, 1980) шеберлікті маманның өз жұмыс жағдайын зерттеп, зерделей білуі, кәсіптік міндеттерін оңтайлы шешу үшін кәсіби біліктілікті меңгеруі деп анықтайды. Н.В.Кузьминаның пікірінше (1980), педагогтың кәсіби шеберлігі тәжірибе мен оқу міндеттерін шеше білуді жоғары деңгейде меңгеру. Бұл жалпы еңбек пен жалпы интелектуалдық білік қалыптасқанда ғана жеткілікті биік дәрежеге ие болады (талдау, синтездеу, жалпылау, ауыстыру, нақтылау саласында).

Ю.К.Бабанский (1989) «мұғалім – кәсіби технологияны еркін меңгерумен, шығармашылығымен бала оқытуда және бала тәрбиелеуде ерекше шебер» деп көрсетті. Сондай-ақ автор педагог еңбегінің қарапайым қырларын дұрыс талдау және педагогтық оптималды шешім жасау мен оқушының жеке басы сияқты қасиеттерге тоқталады.

В.А.Сластениннің (1998) педагогикалық шеберлікке берген анықтамасы Ю.П.Азаровтың (1989) пікіріне жақын, ол педагогтік шеберлікті педагогикалық технологиямен өзара байланыстырады, дегенмен, ол тек операциялық компоненттерімен шектелмеуі керек, адамның жеке іскерлігі мен оның бойында педагогтік прцестің жоғары тиімділігін анықтайтын қасиеттерінің сабақтасып жатуы керек деген пікір айтады.

И.П.Андриади (1999) педагогикалық шеберлікті жеке тұлғаның рухани- әдеп және интелектуалдық дайындығы, қоғамның әлеуметтік- мәдени құндылықтарын шығармашылықпен ұғындыратын қасиеті деп қарастырады. Және де теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда кәсіби білік, дағдының болуы маңызды деп атап көрсетеді.

Педагог әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым-қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті бар, өз пәнін жетік білетін әрі уағыздаушы, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі негізінде оқушыларға үлгі болуы керек.

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты және әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол – әр сөзді оқушылырға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы. Ұстаздық шеберлік:

1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;

2) пәнді жетік білген, ойын толық жеткізетін және оқушылардың бойында әдеп, әдет, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерін меңгерген, білгенін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогикалық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие болады.

Педагогикалық шеберліктің негізі – балалардың өз еркімен дамуына жол ашу, оқу-тәрбие процесінде оқушылармен педагогикалық ынтымақтастықтар, жұмыс атқарудың формаларын, әдістерін дамыту, шәкіртке деген қамқорлық пен сүйіспеншілікті арттыру педагогикалық шеберліктерінің басты сипаты болып табылады.

Болашақ ұстаздың педагогикалық мамандыққа өзін-өзі бағыттап, жұмысты ұйымдастыруы педагогикалық шеберлік негіздерін білумен шарттас. Бұл саланы зерттеуші ғалымдардың пікірінше педагогикалық шеберлік мынадай жүйелерге бөлінеді:

- педагогикалық іс-әрекеттегі гуманистік бағыттылығы;

- педагогикалық кәсіби білгірлігі;

- педагогикалық іс-әрекетке бейімділігі;

- педагогикалық техникасы.

Бұл аталған педагогикалық шеберлік жүйелері бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асады.

Зерттеу жүргізген ғалымдардың пікірінше, педагогикалық шеберлік жөніндегі ғылыми-зерттеу пайымдаулар мыналар:

- педагогикалық мақсаттылық, бағыттылық;

- тәрбие мен білім беру ісінің нәтижелілігі;

- әдістерді, құралдарды қолдана білудегі үйлесімділік;

- іс-әрекет мазмұнының шығармашылық сипат алуы.

Сонымен қатар әлеуметтік-қоғамдық өмірдің жаңаруына байланысты кәсіптік педагогикалық шеберлік деңгейіде дамуы тиіс.

Педагогикалық кәсіптік шеберлікті дамыту міндеттер:

1. Педагогикалық білім бірлігі.

2. Педагогикалық кәсіпке бейімділігі.

3. Ситуацияларды меңгеру.

4. Балалардың психологиялық жағдайын меңгеру.

Мұғалім шеберлігі – бұл өте жоғары білімді сапалар жиынтығы, әрі ұдайы жетіліп отыратын тәрбиелеу мен оқыту өнері.

Қазіргі заман мұғалімінің тұлғалық белгісі – ой өрісінің кеңдігі мен оның ауқымды дүниетанымы. Заман ағымымен теңдей қадам басамын деген әрбір адам өте көп ақпараттан хабардар болуы қажет. Қазіргі заман оқу әдістерін жеке меңгеру де осы шеберліктің бір қыры. Енді бір қыры – шәкіртпен қарым-қатынастың, шәкірттің ісәрекетін қуаттау немесе тежеу болып табылады. Ұстаз өмір бойы бала тәрбиесіне ықпал етумен яғни дәлелдеп сендіру, шәкірттің қызығушылығын дамыту, талап ете білу. Осы ықпал түрлерін іске асыруда ұстаз нағыз шебер болуы керек.

Педагогикалық шеберлік – мұғалімге оқу-әрбие процесін ұйымдастыруда қажетті кәсіби білім, білік және дағдылардың жиынтығы. Педагогикалық шеберліктің негізі жоғары оқу орнында қалыптасады. Оның мазмұнына:

1. Кәсіби педагогикалық білім;

2. Педагогикалық тәжірибе;

3. Шығармашылық тәжірибе;

4. Тұлғалық қасиеттері;

5. Кәсіби педагогикалық бағыты енеді.

Мысалы, педагогикалық тәжірибе – біріншіден, мұғалімнің нақты жағдайларды, балалардың, балалар ұжымының ерекшеліктерін және өзінің жеке ерекшелігін есепке ала отырып, педагогиканың практикадағы заңдарын және принциптерін шығармашылықпен, белсенді меңгеру мен іске асыруы.

Ал, педагогикалық шеберлікті меңгеру екі деңгейде жүргізіледі:

1. Кәсіби педагогикалық қызметке дайындық кезінде алынған білім, білік, дағды.

2. Кәсіби педагогикалық қызмет барысында алынған білім, білік, дағды.

Педагогикалық шеберліктің нәтижесі ретінде мұғалімнің шығармашылығы, жеке тәжірибесі және оның жариялылығы болып табылады. Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі мен кәсіби қабілеттілігінің өзара байланысын А.С.Макаренко: педагогикалық шеберліктің туа біткен ерекшеліктері, қасиеттері арқылы белгіленетінін жоққа шығара отырып, ол оның кәсіби қабілеттілік деңгейіне байланысты екендігін көрсетті. Оның айтуынша, іскерлікке, педагогикалық квалификацияға негізделетін педагогикалық шеберлік - бұл тәрбие процесін білу, оны құру, қозғалысқа түсіру. Педагогикалық шеберлікті меңгеруге әрбір педагогтың жеке практикалық тәжірибесі мен еңбектенуі нәтижесінде қол жеткізуіне болады.

Шебер педагог - бұл жоғары мәдениетті, өз ісінің шебері, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесін білетін, психологиялық білімі бар, сонымен қатар әртүрлі ғылым саласынан хабардар маман.

Педагогикалық шеберлік – балаларды сүйетін, жүрек қалауымен жұмыс істейтін, әрбір педагогтің қолы жетерлік тәрбие мен оқытуда тұрақты жетілдіріліп отырылатын өнер.

Педагогикалық үрдістің ерекшелігі, оның кұрылымы және мазмұны дамыту, оқыту, тәрбиелеу функцияларын тәжірибе барысында тарататын шеберліктің ашылу себептері болып табылады.



Педагогикалық шеберлік педагогикалық мәдениеттің маңызды құрамдас бөлігі бола отырып, мынадай төрт жүйені қамтитын күрделі кұрылымды қамтиды:

1. Педагогикалық технология (сөйлеу мәнерінің техникасы, ойлау логикасы мен нақтылығы, бейнелі көрсетілімдері, қажетті құралдарды таңдай білу дағдысы, формалары мен тәсілдері);

2. Педагогикалық шығармашылық (шығармашылық талдау, стандартты емес ойлау, жаңа ақпараттар іздестірудегі қажеттілік, экспериментке ұмтылыс);

3. Пәндік білім (кәсіптік құзырлылық, арнайы кәсіби даярлығы, оқыту мен тәрбиелеудегі тәжірибесі, ғылыми біліктілігі);

4. Педагогикалық стиль (педагогикалық нақтылық, өзінің және өзгенің әрекетін қабылдай және бағалай білу дағдысы, педагогикалық бағыттағы тіл табысу мен әрекетшілдік, педагогикалық тактика мен этика, тыңдай және тыңдата білу дағдысы, адамдардың ішкі дүниесін тануға қызығушылық).

Оқыту пәнін толық меңгеру, оның тарихын, теориясын, тәсілдерін, қазіргі заманға сай тәжірибесін білу педагогикалық шеберліктің негізін құрайды.

Педагогикалық (білім беру) технология.

1) кәсіби педагогтің басқаруымен жүргізілетін оқушылардың (студенттердің) өзіндік және өзара білім алу процесі, оқу жоспары мен оқу бағдарламасында анықталған білім мазмұны мен әрекет түрлерін меңгеруіне байланысты олардың жұмысының әрбір сатысында болатын өзгерістер мен түрленулер;

2) студенттерді педагогикалық мамандықтарға кәсіби дайындауға анрналып бағытталған оқу (ғылыми) пәні;

3) дәстүрлі педагогикада:

а) іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру және оны жарақтандыру;

ә) өте аз шығынмен нәтиже алуға мүмкіндік беретін бірізді амалдар;

б) педагогикалық проблемаларды әдіснамалық деңгейде талқылауға мүмкіндік беретін педагогикалық категория;

в) педагогика, оқу процесін толық басқаруға мүмкіндік беретін жүйелі ойлау тәсілін енгізу;

г) орындалуы кепілдікпен педагогикалық мақсаттарға алып келетін әрекеттің тәртіптелген жүйесі;

д) дидактикалық инфрақұрылым, яғни оқытудың техникалық құралдарын немесе компьютерлерді пайдалану, сонымен бірге пайдаланылған әдістердің көмегімен білім берудің тиімділігін арттыратын ықпалдарды талдау жолымен білім беру процесін оңтайландыру тәсілдерін жасақтау және принциптерін анықтау;

е) педагогикалық шеберлік;

ж) оқыту мен тәрбиелеудің бірегей әдістемелері;

з) дәл берілген мақсаттары мен оған жету жолдарын нақты анықтауға және сипаттауға болатын оқу процесін басқару бағытындағы дидактикалық проблемаларды шешу.

Педагогикалық шығармашылық - педагогикалық шеберліктің маңызды және белгілі құрамдас бөлігі. Оның маңыздылығы оқыту мен тәрбиенің жоғары дәрежелі нәтижесінде және «мұғалімоқушы» жүйесінің оңтайлы қарым-қатынасы нәтижесінде ғана ашылады. Педагогикалық шығармашылықта әр түрлі проблемалы жағдайлардың пайда болуы және оларды педагогтің өз көзқарасы мен стандартты емес тәсілдермен шешуге ұмтылуы шартты. Нақты шығармашылық ақпараттың толықтығы және педагогтің оқу-тәрбие үрдісінде педагогикалық өзара әрекеттесудің әр түрлі құралдары, формалары мен тәсілдерін тиімді жэне жаңаша колдану негізінде қаланады.

Педагогикалық стиль - педагогты (бір мектептің) өзге педагогтарден ерекшелеп тұратын өзіндік ойлары мен әрекеттерінің ерекшелігімен сипатталады.

Әр педагогтің оқу-тәрбие процесін үйымдастыру сипаты өзгеше болып келеді. Оны оқушылар байқайды. Оңтайлы сипат әлемдік позициядағы көрегенділікпен, үнемі өз-өзін жетілдірумен, жұмысқа, өзіне, тәрбиеленушілерге деген дұрыс қатынасының әр алуан бағыттылығымен сипатталады. Психологиялық-педагогикалық өзара қатынасқа түсе отырып, педагог-гуманистің өзіндік танымы мен рефлексиялық қабілеті ашылады.

Аттракция (латын тілінен attractic – тартылыс) - педагогтің тартымдылық күшіне ие болу, өзге жанды баурап алу, ашық, сүйкімді болу кабілеттілігі.

Эмпатия - педагогтің өзге адамды, оның уайым-қайғысын, әрекет ету мотивін және сыртқы ортаға деген әсерін іштей түсіне білу дағдысы; бұл - рухани-эмоционалды күйді түсіну, осы күйді онымен бірге қайғыру.

Рефлексия - педагогтің өзін, өзінің психикалық жағдайын сезіну, өзін сырттай елестете және сезіне білу, өзге адамдардың өзін қалай бағалайтындығын байқай білу дағдысы.

Жоғарыда аталып өткен қасиеттерді өз бойынан таба білетін педагогтың мәдениеттілігі, оның педагогикалық тыңдай және тыңдата білу әдісі бойынша ерекшеленеді. Күнделікті қызметте өзіндік сыншылдық негізінде ол өзінің және өзгенің әрекетін бағалай білетін жағдайда болып педагогтың оқу-тәрбие міндеттерін сәтті шешуіне мүмкіндік береді.

Білім сапасын дамытудың негізгі көрсеткіші мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты өрнектеледі. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі келесі педагогикалық шарттарды жүзеге асыруы барысында дамытылады:

Мақсаттылық – мұнда мұғалім іс әрекетіндегі саналы мақсат, әдістер, әрекеттердің тиімді түрлері таңдаланып анықталады да, күтілген нәтижелерге іс әрекет пен оқыту нәтижесінің қорытындыларын салыстыру әрі басқару құралы қызмет атқарады.

Тұлғалық - әрекеттік. Мұнда жобалауда қойылған міндеттерді шешуде мұғалімнің оқушылармен, әріптестерімен педагогикалық ұтымды қарым-қатынастарды тағайындаумен байланысты іс-әрекеттер қамтылады. Ең бастысы, тыңдаушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің дамуын қамтамасыз ететін өзіндік жұмыстарға ерекше назар бөлінеді.

Процессуалдық. Мұнда білім беру қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың аймақтық жүйесінде білім беру іс әрекетінің арнайы ұйымдастырылған үрдісі ретінде қарастырылады және оқытудың топтық форма мен бірлескен іс әрекетке бағдарлануын талап етеді.

Басқарушылық. Бұл жерде білім арттыру курстарындағы оқыту үрдісін рефлексивтік түрде басқаруды мұғалім-мазмұндаму деп қарастыруға мүмкіндік береді.

Мұғалімнің бір ғана сыры – оның мамандығы. Бұл дүниеде теңдесі жоқ мамандық тек мұғалімге ғана лайық. Сондықтан ұстаз адам – кәсіби мамандығына құштар, оны жан-тәнімен сүйетін, барлық өмірін соған арнауы тиіс. Олай болса, мұғалім еңбегінің сан қырлылығы осыдан өрбиді. Мұғалім адамның өз пәнін терең меңгеруі оның ең алғашқы қыры, кәсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай, шыңдай түсуі екінші қыры болмақ.

Үшінші қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің өзі – өнер. Себебі, тіл – тәрбие құралы.

Төртінші қыры – байқағыштық сезімі және көрегендігі.

Бесінші қыры – әр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең төте жолын таба білетін жасампаздығы.

Алтыншы қыры – жан-жақты дарындылығы.

Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы.

Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі, мұғалім мәдениеті немесе педагогикалық әдеп-этикасы деуге болар еді. Себебі, мұғалімнің келбеті – сыртқы мәдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мәдениеті, үздіксіз жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең басты этикалық сапалық белгісі.

Мұғалім – Ұстаз тұлғасы, оның іс-әрекетінің сан-қырлылығынан ұстаз беделі деген ұғым туындайды. Мұғалімнің беделді болуының алғы шарттары: біріншіден, балаға үлгілі болуы және үлгі көрсетуші болуы керек.

Білім беру саласында қоғам қойған міндеттерді шешу үшін ұстаздар педагогикалық шеберлікке ие болуға тиісті. И.А.Зязюннің пікірінше, педагогикалық шеберлік – бұл кәсіптік педагогикалық іс-әрекетті өзі ұйымдастырудың жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін тұлғаның қасиеттерінің кешені. Ал, В.А.Сластениннің пайымдауынша, педагогикалық шеберлік – бұл педагогикалық процестің жоғары пәрменділігін қамтамасыз ететін жеке адамның жекелік іскерлік белгілері мен қасиеттерінің синтезі.

Ал, оның компоненттеріне гуманистік бағыты, кәсіби білімі, педагогикалық қабілеті және педагогикалық техника жатады.

Сондай-ақ, педагогикалық шеберліктің маңызды бөлігі ретінде педагогикалық техника қарастырылады. Бұл жеке оқушыға немесе ықпал жасауға арналған әдістемелік құралдардың тиімді және дұрыс қолдану шеберлігі. Оған мұғалімнің сөйлеу техникасы, өзінөзі ұстауы, жүріс-тұрысы, киім киісі, эмоционалдық тұрақтылығы, дауыс ырғағы және тағы да басқа қасиеттері жатады.

Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.



Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық ісәрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жекедара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.

Мынадай түрлерге ажыратылады:

- гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі);

- дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі);

- коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі);

- ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әрекеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру,өкілеттік беру, барлық қатысушыларды біріктіру және олардың қызығушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі);

- перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі);

- болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі);

- суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы, оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті нәтижесіне жету білігі);

- экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі).

Педагогикалық шеберліктің бар немесе жоқтығын анықтау үшін И.А.Зязюн мынадай критерийлерді белгілеген:

- мақсатқа лайықтылығы (бағытталғандығына қарай)

- өнімділігі (нәтижесіне қарай білімдік, тәрбиеленгендік дәрежесі)

- оптимальдылығы (әдістерді, құралдарды таңдауына қарай )

- шығармашылығы (іс-әрекеттің мамұнына қарай)

Сонымен, болашақ мұғалімдердің кәсіби білімін қалыптастыру қазіргі кезеңде кәсіби білім беру жүйесін дамытудың мазмұнды сұраныстары және даярлық жүйесіндегі сәйкес мазмұнды қарастыруға, кездесетін қайшылықтарды жеңуге бағытталады.

Тұлғаның өзін-өзі кәсіби – шығармашылық дамыту мұғалімнің өзіне маңызды және шығармашылықпен қабылданған сыртқы факторларға негізделген саналы тұлғалық қалыптасу үрдісі болып табылады. Ол мұғалімнің өзін-өзі тану, өзін-өзі ұйымдастыру, өз бетімен білім алу механизмдері арқылы жүзеге асырылады. Мұнда шығармашылық пен ой-өріс осы үрдісте үдету тәсілдері ретінде қолданылады.

Мұғалімнің кәсіби білімі – мұғалімнің әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, игерген білім, білікті тәжірибеде қолдана білуі және өзінөзі, қоршаған ортаны жаңарту қабілетімен қатар басқа адамдармен қарым-қатынас жасай білу қабілетімен сипатталады.

Кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімнің шешуге тиісті міндеттері:

- жаңаша ойлауға, таным және өзіндік ұйымдастыру әдістеріне оқыту;

- оқушыны құбылысқа тұтастай және қозғалыс кезінде қарауға үйрету;

- оқушыны өзін өзі ұйымдастыруға үйретіп, өз бетінше өмір сүрудің нақты жолын көрсету;

Педагогикалық кәсіби білімді жоғары деңгейде меңгерген мұғалімге тән мінез-құлық:

- балаларды сүйе білу ізгіліктік қағида мұғалімнің адами маңызды сапасы;

- баланы, адамды құрметтеу әр адамның бойынан тұлғаны көре білу қасиеті;

- балаға, адамға сену, оқу процесіндегі жетістік кепілі, ізгіліктік пен өзіне өзі сенім;

- оқу процесіне қатысушы ретінде баланың, адамның досына айналу, оған қолдау көрсету және көмектесу;

- педагогикалық еңбек мәдениетіне бағытталу мұғалімнің тұтастай дүниетанымын қалыптастыруға бағытталу;

Педагог тұлғасының арнайы қасиеттері мен сапалары:

- әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар намысшылдық, еңбексүйгіштік, нақтылық).

- рефлексивті сапа (ұқыптылық, тиянақтылық, өзіндік сыншылдық, білімпаздық).

- коммуникативтілік сапа ( шыншылдық, сенімділік, ұстамдылық, талап қоя білушілік, міндеттілік).

- элепатиялық сапа (өзіндік түсіністік, қайырымдылық, түсінушілік, қайғыға ортақтаса білуге қабілеттілік).

Мұғалімнің педагогикалық шеберлігі оның өзіне деген сенімділігін, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады.

Қазіргі заманғы құзырлылығы қалыптасқан мұғалімнің кәсіби әрекетінің құрамына енетін бөліктерді меңгеру мектептің әр мұғалімнің міндеті, олар:

- ақпараттық (біліктер: ақпараттық қабылдау, жинау, таңдау, жүйелеу, талдау, түзу, жалпылау, бағалау, бейімдеу, шолу);

- зерттеу (біліктер: проблема туғызу, мақсатты, міндетті, пәнді, обьектіні тұжырымдау, зерттеу әдістерін меңгеру жіне жоспарлау, бақылау, эксперимент жүргізу, зерттеу нәтижелерін өңдеу, қорытындыны тұжырымдау және т.б.);

- интеллектуалдық (біліктер: жүйелеу, жалпылау, талдау, жіктеу, салыстыру, мәнін түсіну, жалпы мен жекені айыра білу, мақсат қою, ой жүгірте алу.)

- креативті (біліктер: елестету, жалғастыра алу, негізін бөліп алу, алдын ала білу, жаңаша түрлендіру);

- диагностикалық (біліктер: диагностиканың тәртібі бойынша жүргізу, оның нәтижелерін өңдеу және т.б);

- болжау (біліктер: мақсат қою, ақырғы нәтижені болжау, болжамды, мақсатты, міндетті тұжырымдау, қор іздестіру, түзетулер жасау және т.б.);

- коммуникативті (біліктер: байланыс орнату, ақпараттарды алмастыру, вербальды және вербальды емес қарым-қатынас, өзара әрекеттестік жасау және т.б);

- аксиологиялық (біліктер: обьект пен бақылау формаларын таңдау, параметрді таңдау, нәтижені қажетті мөлшерімен салыстыру, өзін-өзі ұйымдастыру, реттеу және т.б.);

- басқару (біліктер: ұйымдастыра басқару, ынталандыру, мақсат қою, болжау, бақылау, әрекет нәтижелерін түзету және қадағалау);

- жобалау (мақсат қою, жоспарлау, жобалау, түзеу, модельдеу, құрастыру, технологияландыру);

- инновациялық (мәліметтер жинау, ой жүгіртулер арқылы бағалау, қадағалау, эксперимент жүргізу, өңдеу, енгізу);

Мұғалімнің өзін өзі кәсіби шығармашылық дамыту көрсеткіштері мен белгілері мынадай:

1. Мамандық құралдары арқылы өзін өзі дамытуды көздейтін дербестік:

- тұлғаның өз біліктілік деңгейін, кәсіби білімділік дәрежесін, кәсіби ынтасы мен өз іс әрекетіне қанағаттанушылық деңгейін бағалай алу қабілеті;

- өз жұмысын орынды жоспарлау мен ұйымдастыру, өзін-өзі реттеп отыру қабілеті, ұжымды жұмыс істеудегі ұйымдастырушылық және коммуникативтілік қабілеттері;

- өз бетімен мамандығына сәйкес білім, білік және дағдыларды меңгеру, кәсіби маңызды сапалар мен қабілеттерді тереңдету және кеңейту, кәсіби жаңаруға деген тұрақты дайындық.

2. Кәсіби бағдарланған ойлау, нақты білім беру саласындағы мәселелерді шешуде қабылданған тәсілдерді қолдана білу, кәсіби әрекет стратегиялары мен әдістерін өңдеу.

3. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетке шығармашылық қарым-қатынас, еңбектегі инновацияға дамыған қабілет, жеке шығармашылық еңбек есебінен тәжірибесін байыту.

Қазіргі уақыттағы мұғалімнің кәсіби, көп жағдайда әдістемелік ой-өрістің жоғарлығы мен мұғалімнің кәсіптік білім беру ісәрекетінің деңгейінен байқалады.

Біліктілікті арттыру жүйесінің осындай тұстарын жоюдағы негізгі салмақ қазіргі таңда қосымша білім беруді жүзеге асыратын білікті арттыру институтына түседі.

Мұғалімге ең қиын жұмыс, баланы қырық бес минут бойы сабақта отырғызып, сабақ тыңдату. Қазіргі кезде балалар жан- жақты, ақпаратты тез қабылдайды. Сол үшін мұғалімге актерлық шеберлік керек. Актер болу ол шеберлікті талап етеді.

Мұғалім - шебер актер, әрі тәрбиелеуші. Бір уақытта бірнеше рөлге енеді.

Шебер мұғалім сабақты қалай өткізу керек екенін біледі, бірақ актер болуды көздемейді. Сабақта, сабақтан тыс уақытта да актерлік элементтерін пайдалана білу керек. Мысалы: сабақты нашар оқитын оқушы, бірақ ол ешбір дайындықсыз күнделікті сабаққа келеді. Мұғалім оны қалай қызықтыратынын білмейді. Бір сабақта оқытушы Ерболды мұғалім рөліне өзі оқушы болып сынап көрмекші болып шешті. «Сен бүгін мұғалімсің, ал мен оқушы рөлін ойнаймын. Ал кіріс»,- деп оған орнын берді. Тақтада есеп шығару барысында «оқушы» қате жібереді. Ербол қатесін түзеп, ескерту айтады, сөйтіп алма-кезек рөл ауыстыру арқылы мұғалім оқушыны сабақ барысына араластыра білді. Бұл белсенділік принципінің бір элементі болып табылады.

Педагогикалық шеберлік – тек қана мұғалімнің жалпы, жанжақты, әдістемелік сауаттылығы ғана емес, ол әр сөзді оқушыларға жеткізе білу, олардың толық қабыл алуы.

Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. Егер ол сыныпқа күлімдеп кірмей, қабағын түйіп келсе, қол сілтеп, бей-берекет сөйлеп, өзөзімен абыржып тұрса, жоқтан өзгеге ашуланып қалса, онда ол ұстаздың сабағын оқушылар тыңдамайды, оқушылар алдында сенімнен де, абыройдан да айрылады. Сондықтан, педагогикалық техника, әдеп, шек, сақтық, ұстамдылық қажет.

Педагогикалық техниканың өзі мұғалімнің ішкі жан-дүниесімен байланысты және ол мұғалімнің сырт келбетінен білінетін құрылым. Педагог шеберлігі-мұғалім жан дүниесінің мәдениеті мен сыртқы келбетінің көркемдігін көрсетеді.

Сонымен, техника - қабылдау болып табылады. Оның құрамынасөйлеу және вербальды емес қарым-қатынас жатады.

А.П.Черняевская бойынша, педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы.

Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.

Педагогикалық техника, педагогтың ішкі және сыртқы құрылымына гармониялық себеп болады. Педагогикалық шеберлік – педагогтің ішкі мақсатының бейнелі, мәнерлілігі мен рухани мәдениетінің синтезі.

«Педагогикалық техника» түсінігі екі компоненттен тұрады:

1) Педагогтің ішкі дүниетанымын: өз денесін басқаруы (мимика, пантомимика), сезімді басқаруы (психикалық күш салу, шығармашылықты сезіну), әлеуметтік – перцептивті қабілеті (зейін, бақылау, ойлау), техникалық құрал (тыныс алу, дауыс ырғағы, дикция, темп) басқара білу қабілетімен байланысты.

2) Оқыту – тәрбиелеу процесінде тұлғаны, ұжымды техникалық жағынан, педагогикалық техникамен байланыстырып, дидактикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативті қабілет, педагогикалық қарым-қатынасты бақылау, ұжымды шығармашылық істермен байланыстыру.

Педагогикалық техникадағы педагогикалық шеберлік төмендегідей критерийлерге бөлінеді:

-мақсаттылық (бағытталған)

-продуктивтілік (білім, тәрбие деңгейінің нәтижесі).

-оптималдық (таңдамалы)

-шығармашылық (құрамына байланысты)

Педагогикалық техника:

- Дене қозғалысы - жест, поза, пантомимика;

- Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді;

- Пантомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды;

- Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді;

- Бейнелеуші жесттер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды;

- Психологиялық жесттер – сезімді білдіреді;

- Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері;

- Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;

- Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.

Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:

- Өзін-өзі басқару іскерліктері;

- Ұжыммен, жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері жатады.

1) Өзін-өзі басқару іскерліктері:

- өз денесін игере білу (физикалық денсаулық, төзімділік, мимика, понтомимиканы бақылай алу)

- эмоционалды жағдайды бақылай әрі пайдалана білу (жағымды, жағымсыз эмоционалды көңіл-күй, эмоциялар және т.б.);

- әлеуметтік перцепция (зейін, әлеуметтік сезімталдық – басқалардың көңіл-күйін сезіне алу және олардың себептерін білу және қабылдау);

- сөйлеу техникасы (дауысты қою, дұрыс демалу, сөз темпі мен тембірін басқара алу, дикция)

2) Ұжыммен және жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері:

- дидактикалық іскерліктер;

- ұйымдастырушылық іскерліктер;

- коммуникативті іскерліктер;

- талап қою іскерліктері;

- бағалау іскерліктері;

- конструктивті іскерліктері;

- педагогикалық қарым-қатынасты басқару іскерліктері.

2. Педагогикалық шеберліктегі басқару технологиясы.

Педагогикалық шеберлік:

1) мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымды, моральды бойына сіңірген адам екендігі;

2) пәнді жетік білген, ойын оқушыға толық жеткізетін, оқушылардың бойына әдет, әдеп, дағды сияқты моральдық нормаларды сіңіре білгендігі;

3) оқыту мен тәрбиелеудің әдіс – тәсілдерін меңгерген, білгендерін қызықты да, тартымды өткізе алатын, педагогтық әдеп пен талантын ұштастырған адам ғана шеберлікке ие бола алады.

Шебер ұстаздың сыртқы құпиясының жетістігін оның әр түрлі практикалық тапсырмаларды орындауындағы педагогикалық әрекетінен байқаймыз. Мұндағы басты рөл арнайы қабілеттілігін мойындау оқушыларды интенсивті қызметінен тануға, сұрақтар қоюға, ұжыммен жеке тұлғамен араласуға, барлығының назарында болып, ұжымды ұйымдастыруға, өзінің көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қозғалысын, басқаруға баулу.

Педагогикалық қарым-қатынастағы маңызды рөл паномимика және пластика. Пантомимика - дененің, қолдың, аяқтың қимыл-әрекеті ол образды бейнелеуге, негізді бөліп алуға көмектеседі. Егер біз сабақ түсіндіріп тұрған мұғалімді бақыласақ, оның барлық денесі, қолдары, бет әлпеті, аяғы үнемі қозғалыста болады.

Мұғалімнің әуелгі жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері оның ішкі жан дүниесін бейнелейді. Жинақылық пен емін еркін қимылы педагогтың өз біліміне, күшіне деген сенімін білдіреді. Сонымен қатар салбыраңқы бас, жиі қобалжу мұғалімнің әлсіздігін, өз-өзіне деген сенімсіздігін білдіреді.

Сабақ беру барысында мұғалім оқушылардың алдында тұру тәртібін ескеру керек (екі аяқтың ара қашықтығы 12-15 см, бір аяқ екінші аяқтан сәл алға шығуы керек). Барлық қимыл әрекетімен оқушылардың назарын өзінің қарапайымдылығына аудартуы керек. Сонымен қатар эстетикалық зиянды әрекеттерден арылуы керек: алға-артқа теңселу, екі аяғына кезек-кезек сүйену, орындықтың арқасын бір қолмен сүйеп тұру, қолында өзге бір заттарды қозғап немесе айналдырып тұру, басын (шашын) қасу, мұрынын жиі сүрту, құлақтарын ұстау және т.б.

Педагог іс-әрекеті, қимылы өз дәрежесінде шектеулі және ұстамды болуы керек. Мұғалімнің әрбір іс-әрекеті, қимылқозғалысы, бет әлпетінің қозғалысы оның сөзіне сай болуы керек. Мысалы: сабақ түсіндіру барысында мұғалім тұрған жерінен алға қадам басса, ол тақырыпты ары қарай толығырақ түсіндіріп тұрғанын, артқа шегінсе оқушыларға демалуға мүмкіндік бергені. Ал оқушыға қойылған сұраққа жауап алу барысында, оң қолын кеуде тұсына дейін көтеріп, сәл алға созу керек.

Әрбір ұстаз оқу процесі барысында оқушыларға өз білімінің басты байлығы мен құнарлылығын жеткізе білуі керек.

Педагогикалык шеберліктің маңызды бөліктерінің бірі - сөз мәнері мәдениеті болып табылады. Сөз мәнері педагог үшін оку материалын тарату және тәрбиелік өзара қарым-қатынас құралы болып саналады.

Тілдегі сауатсыздық – адамның жалпы сауатсыздығының, мәдениеті төмендігінің көрінісі, рухани байлығының әлсіздігі.

В.А.Сухомлинский: «Сөз - ең маңызды педагогикалық құрал, оны еш нәрсемен ауыстыра алмайсың...»- деп оның маңызына ерекше назар аударады

Мұғалімнің сөзі әсерлі, тартымды, сенімді, сондай-ақ дауыс ырғағы мен мимикасы мәнерлі және бай болғаны қажет. Бұл ойымыз дәлелді болу үшін Ы. Алтынсаринның пікірін келтірейік: «Мұғалім балалармен істес болады: егер олар бір нәрсені түсінбесе, онда мұғалім шәкірттерді кіналамай, оларға дұрыс түсіндіре алмағаны үшін өзін-өзі кіналауы керек. Мұғалім балалармен сөйлескенде ашуланбай, күйгелектенбей, сабырлылықпен сөйлеп, шұбалаңқы сөздер мен керексіз терминдерді қолданбастан әрбір затты ықыласпен, қарапайым тілмен түсіндіру керек».

«Сөз мәдениеттілігі» немесе «тілдік мәдениет» сөз тіркестері үш мағынада қолданылады: Сөз мәдениеттілігі - сөз өнеріндегі коммуникативтік жетілдіру үшін көрсететін қасиеттері мен белгілері; Сөз мәдениеттілігі - адамның сөз мәнерін тіл табысу мақсатында дұрыс колдануын қамтамасыз ететін білімділігі мен дағдыларының жиынтығы; Сөз мәдениеттілігі - сөз мәнері және оның коммуникативті сапалы жүйесі жөніндегі лингвистикалык білімдер жиыны.

Сөз мәнерінің коммуникативті сапасы оқушыларға сөз мәдениеттілігі ретінде әсер етсе, біз оның құрылымын коммуникативті әсері жағынан қарастырамыз.

Сөйлеу әрекетінің мәдениеттілігін анықтайтын сөз сапаларының төмендегідей түрін айқындайды. Олар мыналар: сөздің дұрыстығы (мінсіздігі), тазалығы, байлығы, дәлдігі, қисындылығы, мәнерлілігі, бейнелілігі, әсерлілігі, орындылығы, түсініктілігі, жүйелілігі, мағыналылығы, байланыстылығы, айқындылығы, жандылығы, тартымдылығы, айғақтылығы, ғылымилығы, идеялылығы, ықпалдылығы, сендірімділігі, тұтастылығы.

Сөз қолдану мәдениетін арттыратын негізгі шаралардың бірі – тіл тазалығы. Тіл тазалығы дегеніміз – айтайын деген ойымызды еркін жеткізу, сөйлегенде бөгде тілдік элементтерді − диалектілерді, варваризмдерді араластырмай сөйлеу халқымыздың асыл сөз қазыналарын тиімді пайдаланып, жатық, анық сөйлеу, әдеби тілде сөйлеу.

Жұрт алдында сөйлеу кезінде ең бастысы – тіл заңдылықтарын сақтау мен сөйлеу техникасын меңгеру. Сөйлеуші айтар ойын, сезімін, көзқарасын дауыс ырғағы, дауыс күші, ым-ишара, әрі қимыл-қозғалысы арқылы жеткізеді. Сөйлеуші сөзінің тыңдаушы көңіліне қонуы таңдап алған сөздерін дұрыс қолдану әрі оларды дұрыс байланыстырумен бірге сөзді құлақпен естіп, қимылын көзбен көруінің де ықпалды екенінде.

Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:

1. Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, ана тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет.

2. Оқушылардың тілінде байқалатын кемшіліктерді (мәселен, кекеш, тұтықпа, кей дыбыстарды дұрыс айтпау және т.б.) жою мәселесі де мұғалімге қатысты мәселе. Осы мәселе жөнінде ол логопедтермен (тіл кемістігін түзейтін мамандар) тығыз байланыс жасау қажет.

3. Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс.

4. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу – оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі.Өйткені сөйлеу мәдениеті– мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу – сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.

Мұғалімдер мен ата-аналар, оқушылар, бір сөзбен айтқанда барша жұртшылық осы айтылғандардан тиісті қорытынды шығарып, өздерінің сөйлеу мәдениетін, әсіресе ана тілінің кәусәрінен мол сусындап жетілдіріп отыруды естен шығармаулары тиіс. Педагогтің сөйлеу мәдениеті дегеніміз – сөз мәнеріне шеберлігі, стилистикалық ойды нұсқаны тандай білу, ойын анық және айқын жеткізе білу дағдысы.

Педагогикалық тіл табысудағы сөйлеу мәдениеттілігінің кажетті шарттарының бірі - ойды ауызша жеткізудің маңызды белгілері - қарапайымдылық пен қысқаша сөйлеу. Сөйлеу мәнерінің сапасын бір нәрсені қайталап айта беру, яғни тавтология (мағынасыз сөздерді қайталап айта беру) бұзады.

Педагогтің сөйлеу мәнері табиғи және анық болуы тиіс. Сөйлеудің грамматикалық дұрыстығы - бұл сөз тіркестерін және сөйлем құрудағы сөз формаларының орынды қолданылуы мен нормативтілігі.

Мұғалімнің сөйлеу мәнерінде оқушылар жеңіл қабылдайтын қарапайым, қүрделі емес сөйлемдер болуы тиіс.

Дыбысталу дұрыс болмаса, жоғары дәрежедегі сөйлеу мәдениеттілігі мүмкін болмайды. Бұл - орфоэпия саласы. Екпін орфоэпиямен тығыз байланысты. Көптеген жағдайларда екпін қоя білу киынға соғып жатады.

Педагогтің сөйлеу мәнері тек дұрыс болып қоймай, сонымен бірге анық, бейнелі, эмоционалды болуы тиіс. Бұл жайға тек фразеологиялық мұраларды, мақал-мәтелдерді, қанатты сөздерді қолдану дағдысы арқылы қол жеткізуге болады. Фразеологизмдер әр түрлі құбылыстарды сипаттау үшін, сөйлеу мәнерін анық ету үшін қолданылады.


Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкін-діктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субъективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ұжымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педагогикалық тәжірибеде объективті және даралық құндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшелік-тері ғана назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю. К. Бабанский). Озық педагогикалық тәжірбиенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелер-ден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерт-теудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Эрдинов, Е. А. Ямбург және т.б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды.

Озат тәжірбие мектебі негізінен дербес және ұжымдық тәлімгерліктің мақсаты мен міндетін іске асыратын әдістемелік жұмыс түрі. Қазақстан мектептерінде тәлімгерлік дәстүрдің бай тарихы бар болғанымен бір мектеп қабырғасында ұйымдастырылған озат тәжірбие мақсатты, толыққанды сипат алады. Бұл мектептің негізгі міндеті - тәжірибелі мұғалімнің, басшының тәжірибесі өз әріптесіне әдістемелік көмек көрсету. Бұндай мектепті қалыптастыру көбіне ерікті негізде басталады.

Озат тәжірбие мектебі жұмысын бағалау екі жақты тиімділікті ескеру тиіс. Мектеп басшысы мұғалімдердің сабақтарына қатысып, оларға сабақ технологиясы мен әдістемесі, жоспарластыру мәселелерімен ақыл-кеңес беріп, білім берудің теориялық мәселелерін талқылаумен бірге мектептің педагогикалық жүйесін жетілдіреді, өзінің кәсіптік позициясының дұрыстығына көз жеткізеді. Озат тәжірбие мектебінің екінші тиімділігі - мұғалім әріптес-тердің жаңашыл, шебер мұғалімнің шығармашылық лабораториясымен тікелей танысуға мүмкіндігінің болуы деп білеміз.

Озат тәжірбие мектебінің құрылымында оның бір көрінісі немесе дербес буыны ретінде жас мұғалім мектебінің жұмысын ұйымдастыруға болады. Оның мәні - жұмысты жаңа бастаған жас мұғалімдер тәжірибелі мұғалімнің немесе мектеп басшысының жетекшілігімен бірлестікте бірігеді. Оның жұмысы сабақтың және сыныптан тыс шараның мақсатын белгілеудің техникасы мен әдістемесі, сынып жетекшісі жұмысын жоспарластырудың ерекшеліктері, сынып ұжымының тәрбиелік деңгейін анықтау сияқты арнайы жоспармен жүргізілді. Жас мұғалім мектебіндегі оқуларда сабақтың технологиялық картасын жасау, оқу процесінде компьютер құрал-дарын қолдану сияқты практикалық шаралар қарас-тырылады. Тәжірибелі педагогтің жетекшілігімен бір-бірімен араласқан жас мұғалімдер кәсіптік дамуын жолға қойып, өзінің шығармашылық қасиетін іске асыруға ұмтылады.

Озат педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі – қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.

Озат тәжірибенің екінші белгісі – педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық «өнім» - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі.

Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озат тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.

Жаңалық – озат тәжірибенің бір белгісі.

Педагогикалық озат тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.

Озат тәжiрибенiң жинақталып, ендiрiлу жолдары:

Әрине, iстiң көзiн тапқан адамға озат тәжiрибенiң ендiрiлу жолын табудың қиындығы жоқ. Ендiрiлу жолдары мына төмендегiше:

- Ғылыми – практикалық конференция арқылы.

- Ашық сынып сағаты арқылы

- Семинар – практикум арқылы

- Үлгiлi тәрбие мектебi арқылы

- Әдiстемелiк бiрлестiк немесе кафедра арқылы

- Педагогикалық оқу арқылы

- Тамыз, қаңтар педагогикалық кеңестерi, секция жұмысы арқылы

- Жас мұғалiмдер мектебiндегi оқу-практикум арқылы;

- Теледидар арқылы, бейнефильмдер арқылы;

- Баспасөз, ақпарат құралдары арқылы;

- Ендiрiлген озат тәжiрибе нәтижесiн анықтау жолдары

- Жартыжылдық, жылдық /бiрнеше жылдық/ салыстырмалы бақылау, байқау жұмыстарының нәтижелiгiнен;

- Оқушылардың пәндiк олимпиадаларда жақсы нәтиже беруi;

- Жоғары оқу орында грант, несиеге түсу санының артуы;

- Оқушылардың ойлау жүйесiнiң, парасат-пайымының артуы;

- Отандық патриотизмi;

- Ғылыми жобаға қатысушылар саны және нәтижелiгiнiң артуы;

- Тереңдетiп оқуға ынталылық бiлдiруi, нәтижелiгi;

- Өзiн-өзi дамыта бiлуi;

- Оқушылардың өмiрлiк белсендiлiгiнiң артуы, өзiндiк көзқарастарының қалыптасуы;

- «Алтын белгi» орта мектептi үздiк бiтiруi, негiзгi мектептi үздiк бiтiруi, жеке пәндер бойынша ғылыми жұмыспен айналысуы;

- Уақытты тиiмдi пайдалану /азуақытта көп iс тындыру/;

- Мұғалiмнiң, оқушының зертханалық жұмысын НОТ /еңбектi ғылыми ұйымдастыру/ нәтижесi арқылы.

Педагогикалық тәжiрибенi әдiс ретiнде зерттеудiң ерекшелiгi мұнда, ол басқа да жеке әдiстер мен тәсiлдердi қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады: бақылау, әңгiме, сауалнама өткiзу, мектеп пен бiлiм органдарының құжаттарымен танысу.

Мектеп тәжiрибесiн зерттеуде сауалнаманың бiрқатар белсендi жақтары бар: сауал арқылы аз уақыт iшiнде салыстырмалы деректер алуға, алынған материалдарды өңдеудiң сандық әдiсiн қолдануға болады.

Түрлi мектептерге жiберiлген сауалнама деректерi зертеушiнi бұқаралық тәжiрибеде бағдар беруге, жаңа әрі озық тәжiрибе элементтерiн табуға көмектеседi. Бiрақ та, сауал арқылы алынған деректер педагогикалық зерттеуде негiзгiсi болып табылмайды. Сауалнама оқушыларға, мұғалiмдерге, ата-аналарға, мектеп әкiмшiлiгiне жолдануы мүмкiн. Сауалнама оқушының оқуға деген көзқарасы, тәртiбi, мiнез-құлқы, өмiрлiк жоспарлары жөнiнде материалдар алуға мүмкiндiк бередi.

Мектеп тәжiрибесiн зерттеудегi сауалнамалар деректерiн сандық өңдеу кез келген құбылыс, даму қайшылығын анықтауға мүмкiндiк бередi.

Анкетаға сапалы тандау жасау зерттелетiн құбылыстың iшкi құрылымын ашуға көмектеседi. Мектеп тәжiрибесiн зерттеу кезiндегi сауалнама әдiсi суреттемелi ерекшелiктегi ғылыми мiндеттердi шешу үшiн қолданылады.

Әңгiме алдыңғы қатарлы тәжiрбенi оқу үшiн кең қолданылады. Әңгiме – мұғалiм, класс жетекшiсi, оқушылар,т.б. жөнiндегi жалпы сипаттама беретiн материал. Әңгiмеде бұрын болған және қазiргi уақытта бақылауға болмайтын кейбiр құбылыстардың суреттемесiн алуға болады. Әңгiмеде мұғалiм тәжiрибе алады, өз тәжiрбесiн жолдайды, өзiнiң неге солай әрекет еткенiн түсiндiредi. Әңгiме өткiзу зерттеушiден белгiлi бiр шеберлiк пен дағдыны талап етедi. Егер әңгiме оқушылар тәртiбiне бақылау деректерiмен бекiтiлiп бақыланса, оның материалдары үлкен нақтылыққа және ғылыми құндылыққа ие болады,

Зерттеушi үшiн түрлi мектеп құжаттарымен танысу қызықты материалдарды бередi. Мектеп құжаттарын екi үлкен топқа бөлуге болады: педагогикалық ұжымның қызметiн айқындайтын және балалар ұжымының өмiрi. Мектеп жоспары және есептерi мен мұғалiмдер бiрлестiк, үйiрме жетекшiлерi, педагогикалық кеңес пен басқа да құжаттармен танысу мектептiң даму жолдарын, оның дамуындағы қайшылықтар, қызықты жұмыс формаларын айқындайға жол салады. Зерттеушiлер үшiн күнделiктер, балалар ұжымы мен жеке оқушылар өмiрiне бақылау үлкен қиындық туғызады. Балалар әрекетiнiң нәтижелерi де тиянақты зерттеудi талап етедi: шығармалар, суреттер, дәптерлер, бұйымдар, т.б.

Мектеп, балалар ұжымы өмiрiн көрсететiн құжаттарды оқу үлкен қызығушылық тудырады: қабырға газеттерiнiң тiгiндемесi, күнделiктер, журналдар, т.б. Жиналған материалдар, деректер бiр-бiрiн толықтырады, оқылатын құбылыстағы жаңа талаптарды көрсетедi.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2
Loading...




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
рсетілетін қызмет
ғылым министрлігі
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
тоқсан бойынша
бекіту туралы
Әдістемелік кешені
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
туралы хабарландыру
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
арналған жиынтық
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
бағалаудың тапсырмалары
Қазақстан республикасының
республикасы білім
білім беретін
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
біліктілік талаптары
Қазақстан тарихы
арналған әдістемелік
әкімінің аппараты
туралы анықтама
мамандығына арналған
қойылатын жалпы
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
мемлекеттік әкімшілік
Қазақ әдебиеті
мерзімді жоспар
Мектепке дейінгі
жалпы конкурс
қатысушыларға қойылатын
әдістемелік кешені
оқыту әдістемесі
Қазақстан облысы
ортақ біліктілік
қызмет регламенті
пәнінен тоқсан
мамандығы бойынша
болып табылады

Loading...