13. Ранг басқа объектілердің тобындағы бағалауға жататын қүбылыс немесе объекттің рет орнын сипаттайтын көрсеткіш



Дата22.11.2022
өлшемі14.89 Kb.
#361182

13.Ранг - басқа объектілердің тобындағы бағалауға жататын қүбылыс немесе объекттің рет орнын сипаттайтын көрсеткіш. Рангілеу - зерттелген объектілердің бір бірінің алдындағы артықшылығы негізінде, салыстырмалы мәнділігін айқындау тәртібі. Көп артықшылығы бар объектіге бірінші ранг, ал онысы аз объектіге - соңғы ранг беріледі. Рангты тағайындау үшін тәуелсіз сарапшылар шақырылады. Жалпы әрбір сарапшы рангілеу барысьшда барлық объектілердің қүндылық дәрежесін бағалап, ретпев орналастырьш тізуі керек. Әрбір объектіге 1-ден бастап орьш беріледі. Рангілеу сенімділігі меп бағалау дәлдігі объект санына байланысты: олардың саны аз болған сайын, оларды ажырату жоғары және ранг дүрыстығы анық болады. Бірақ күрделі өндіріс және ғылыми мәселелерді шешуде жеке мамандардың жүйесіз пікірін пайдалану тиімсіз болып шығады. Себебі олар үлкен жүйе элементтері арасындағы өзара байланыс байлығын қамти алмағандықтан, туындаған мәселелерді шешуде альтернативті жолдарын ескере алмайды. Мүндай жағдай білімнің түрлі саласындағы - экономика, математика, техника, дизайн, т.б. -
Мамандарды сарапшы ретінде топтауга мәжбүр етеді. Осындай топ көмегімен ғалымдар түрлі вариантты бағалап, қойылған мәселенің ең жақсы шешімін табуға талаптанады.
Рангілеуді бірнеше сарапшы жасайды, алдымеи әрбір объект үшін ранг қосындысы есептелінеді, мүнда жоғары ранг ең аз қосындыны жинаған объектіге береді. Керісінше, ең көп қосындыға ие болған объектіге ең темен ранг беріледі. Басқа объектілер ранг қосындысына қарап бірінші ранпсе ие болған объектіден төмен қарай реттеледі.
Ранг басқа объект арасында нақты объекттің орнын анықтайды, бірақ рангілеу әдісі зерттелгсн объектілер бір бірінш қанпіалықты алшақ түрганына жауап бермейді. Ранг қай вариант, қайсысына жақсы екенін көрсетпейді. Сол себептен рангілеу әдісі тікелей бағалау әдісімен қатар қосарланып қолданды. Ол үшін интервал шкаласы жасалады, әрбір градацияға белгілі салмақ (балл) беріледі, мысалға 1-ден 5 дейін, немес 1-ден 100 дейін, т.б. Сарапшы көзқарасымен интервал шамалары тең болу керек. Сарапшылардың міндеті - қарастырылған объектілерді белгілі бағалау интервалына орналастыру, яғни оған белгілі балл беру.
14.Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Балалардың мектепке дейінгі сапалы тәрбие және оқыту мен толық қамтылуын, олардың мектепке дейінгі тәрбие және оқыту бағдарламаларына теңдей қол жеткізуін және «инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруін» қамтамасыз ету көзделген.Қазіргі уақытта дамуында ақаулары бар балалар саны артып отыр.Оларды оқыту кеңейіп, түзетіп қолдау технологиялары жетілдірілуде. Білім беру жүйесінде даму мүмкіндігі шектеулі балаларға айырықша орын бөлінген. Бұл балаларға қатысты біздің алдымызда тұрған негізгі міндет-олардың әлеуметтік ақталуы мен биімделуіне, қоғамдағы толыққанды өмірге дайындалуына жағдай жасау және көмек көрсету. Қ.Р Президентінің 07.12.2010 жылғы №1118 Жарлығымен бекітілген білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы инклюзивті білім беру жүйесін жетілдіруді қарастырады. Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медика-педагогикалық тұрғыдан қолдау»туралы заңы қабылдады.Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Инклюзивті білім беру –мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы білім беретін мектептерде тең жағдайда бірдей білім алуына қолжетімділігін ұйымдастыру. Мәселен арбамен қозғалатын балалар үшін мектептерде арнайы панустар өзге де мүмкіндіктер қарастырылуы керек. Бұл индикаторлар 2011-2015жылдарға арналған стратегиялық жоспарда да талап етілген. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен бірге оқытудың ерекше қажеттігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру.Тәжірибе көрсеткеніндей қатаң білім беру жүйесінен балалардың бір бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыру үшін қандай арнайы жағдайлар қажет Ең алдымен, даму мүмкіндігі шектелген балалармен жұмыс жасай алатын мамандар даярлау.Екіншіден архитектуралық кедергілерді жою. Білім мекемелерін арнайы тұтқалармен, парталармен, үстелдермен және басқа да компенсаторлық құралдармен жабдықтауды, көтергіш қондырғылар, пандустар, санитарлық бөлмелердің арнайы қондырғыларын орнататын іс-шаралар кешенін бастау қажет. Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында инклюзивті білім беруді жетілдіру мақсатында төмендегідей мәселелерді қарастрады. 2015 жылға қарай аталған міндетті шешу үшін қажетті нормативтік база құрылады. Инклюзивті білім беру шеңберінде жалпы және арнайы білім берудің өзара әрекетінің тетігі әзірленеді, мүмкіндігі шектеулі балаларды біріктіріп оқытудың модульдік бағдарламалары әзірленеді мүгедек балаларға қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың тәртібі әзірленеді. 15. Қазіргі Кезде көптеген елдер БҰҰ Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын (МҚК) ратифика-
циялады және мүгедектігі бар балаларды қорғайтын және олардың әлеуметтік интеграциялануына
ықпал ететін заңдардың толық пакетін қабылдады. Қазақстан Республикасы Мүгедектер құқықтары
туралы конвенцияны ратификациялау жолында. Бірақ конвенцияны ратификациялап, заңдарды
қабылдағаннан кейін ағымдағы жағдайға бақылау жасау және жағдайды түзету қажет пе, оны қалай
түзету керек екенін көрсететін ұзақ мерзімді бақылауды жүзеге асыратын тетіктер қажет. Мүгедектігі
бар адамдардың құқықтары мен жағдайларына қатысты ағымдағы жағдай туралы білім мемлекеттік
мақсаттар мен ағымдағы прогресті уақытша бағалауға көмектеседі.
Мониторинг мүгедектігі бар балалар құқықтарының қорғалуына және олардың әлеуметтік интегра-
циялануына қатысты ағымдағы мақсаттарға қаншалықты қол жеткізілетіні туралы фактілерді жүйелі
түрде жинау мен бағалаудан тұрады.
А 1-кесте. Мониторинг құралдары
САЛА МАҚСАТТАР МАҚСАТТАРДЫ
БАҚЫЛАУ ИНДИКАТОР
Білім беру
2020 ж. қарай
мүгедектігі бар ба-
лаларды 100% оқыту
Қазіргі кезде қанша
бала мектепке дейінгі
мекемеге және баста-
уыш мектепке бармай-
ды?
- Білім алушы мүгедектігі бар балалардың
қанша пайызы Білім және ғылым министрлігі
әзірлеген жеке бағдарлама бойынша білім
алады?
2020 ж. қарай
инклюзивті мектеп-
терде кемінде 50%
баланы оқыту
Үйде оқытудың тиімділігі
қандай?
Мүгедектік деңгейін негізге алғанда,
мүгедектігі бар балалардың жалпы санының
қанша пайызы:
Мүгедектігі бар
б а л а л а р д ы ң
қатысуын және ара-
ласуын 100%-ға
дейін арттыру.
Күнделікті / үзбей
мектепке бару туралы
дұрыс деректер бар ма?
Егер бар болса, мек-
тепке барудың негізгі
ерекшеліктері қандай,
балалардың қандай
топтары мектепке үнемі
бармайды?
мектепке дейінгі білім беру мекемесіне
бармайды, бастауыш мектепке бармайды,
әдеттегі мектептерде оқиды, инклюзивті
мектептерде оқиды, үйде оқиды?
Жеке сабақтарға, жалпы және инклюзивті
мектептерге мұқтаж мүгедектігі бар
балалардың қанша пайызы сабақ алады?
Мүгедектігі бар балалардың қанша пайызы
орта мектепке барады?
Мүгедектігі бар балалардың қанша пайызы
кәсіптік білім алады?
Мүгедектігі бар балалардың қанша пайызы
ЖОО-да оқиды?
ЖОО-да оқитын мүгедектігі бар балалардың
қанша пайызы оқуын төлеу үшін субсидия
алады?
Денсаулық сақтау
қызметі
М ү г е д е к т і к т і
мүмкіндігінше ерте
анықтайтын тиімді
бақылау жүйесін
қамтамасыз ету.
Туғаннан кейінгі
бірінші айдың ішінде
қанша мүгедектік
жағдайлары анықталды
(туа біткен мүгедектік
жағдайларының жал-
пы санынан пайызға
шаққанда)?
Мүгедектігі бар балалардың қанша
пайызының мүгедектігі туған бойда
анықталды (осы жылы туған іштен мүгедектігі
бар болып туылған балалардың жалпы саны-
нан пайызға шаққанда)? 16.Сурдопедагогика (латын сөзі «surdus»-саңырау) арнаулы педагогиканың бір бөлігі, бұл естуі бұзылған тұлғаларды зерттейді. Мүмкіндігі шектелген балалардың көпшілігі есту түрлерінің ауытқушылығының салдарынан айналадағы ортада ерекшеленіп байқалады.Есту –дыбыстық құбылыстар формасының қабылдаудағы шынайы анық, дәл түрдегі бейнеленуі. Дыбыстарды ажырату тірі организмге тән қабілеттілік болып табылады. Бұл қабілеттілік - есту органының немесе есту анализаторының қатысуымен таратылады. Есту анализаторының қалыпты дәрежеде қызмет етуі баланың жалпы дамуына үлкен әсерін тигізеді. Есту жағдайының қалыпты болуы балалардың сөйлеуі мен психологиялық жағынан қалыптасуында шешуші орын алады.Есту аппараты — есту нашарлағанда, не мүлде естімей қалғанда дыбысты зорайту үшін пайдалынады. Аппарат микрофоннан, электр тербелісін күшейткіштен, телефоннан және қорек беретін электр көзінен тұрады. Дыбыс тербелісін микрофон қабылдап, онда электр тербелісі дыбыстық жиілікке айналады. Электронды күшейткіште бұл тербеліс қажетті деңгейге дейін ұлғайтып, телефонға беріледі де, онда ол қайтадан дыбысқа айналады. Естудің нашарлау сипатына қарай есту аппаратына ауа телефоны ( зорайтылған дыбыстық сигналды сыртқы құлақта беретін ) немесе сүйек телефоны ( дыбысты бас сүйегі арқылы ішкі құлаққа жеткізетін ) қолданылады. Ауа телефонын құлақ тесігіне, сүйек телефонын — құлақ жарғағының сыртына орнатады.Естімейтін және нашар еститін балаларға арналған мектептің жалпы және негізгі мақсаты- естімейтін және нашар еститін оқушыларды жан-жақты дамытып, өз бетімен өмір сүруін және еңбек етуіне даярлық жасау. Бұл міндеттерді шешу үшін жүйелі түрде коррекциялық шаралар жасау, есту кемістігі бар балалардың кемістігін жақсарту, жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуы мен әлеуметтік бейімделуін жоспарлап жүргізу керек. 17. Арнайы педагогикада көруі бұзылған тұлғаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейтін ғылымды – тифлопедагогика деп атайды.

Тифлопедагогика грек сөзінен алғанда «tiflus» - соқыр деген мағынаны білдіреді,педагогика-тәрбиелеймін деген мағынада.Көруі бұзылған тұлғалар,соқырлар және нашар көретіндер тұлғалар арнайы педагогикада психоденелік бұзылысты қамтиды.Бұларда көріп қабылдаудың шектеулілігі анық байқалады.Болу себептері көруі бұзылған тұлғалардың бұзылу себептері мынандай:туғаннан соқыр,көруі бұзылған,жүре бара пайда болу.


Туғаннан ішкі даму жағдайы тұқым қуалаудан,зақымдану әсерінен созылмалы ауруға шалдығудан болады.


Жүре бара:көру мүшесінің ауруға ұшырауы,организмнің жалпы асқынып ауруы,мидың трамвалық соққыға ұшырауы(әсіресе көру аймағы) мұнда (бастың жарылуы,көздің жарақаттануы,көзге тиген қатты соққы).Көруі бұзылған тұлғалардың жалпы қоршаған ортамен қарым-қатынаста өзіндік сипаты анық байқалады.Көруі бұзылған тұлғалар соқырлар,нашар көретін.Көру ақаулығының болуы жалпы жеке тұлғаның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді.


Соқырлар- көру қабілетінен мүлдем айырылған тұлғалар немесе толықтай көру түйсігі мүлдем бұзылған тұлғалар.Бұлар бұзылу дәрежесіне қарай абсолюттік және практикалық соқыр.Абсолюттік соқырларды кей әдебиеттерде тотальдік деп атайды.Бұл екі көзі соқыр көрмейтін көру түйсігі мүлдем болмайтындар (түсті ажырату және жарықты түйсінуі болмайды).Ал практикалық соқыр бұлар жарықты және түсті аз да болса түйсініп қабылдай алады.Жарықты қараңғыдан айыру зат пішінін ажырату,оны қабылдай алу аз да болса саңылау болады.


Нашар көретіндер- көруі бұзылған тұлғалар,бірақ көзілдіріктің көмегімен көре алатын тұлғалар.


Бұларға кеңістікті бағалау қиынға түседі.Жалпы көру анализаторы іс-әрекетте(ойын,оқу,еңбек) және айналадағы ортамен қарым-қатынаста негізгі орын алады.Көруі бұзылған тұлғаның айналадағы ортамен қарым-қатынас жағдайы қалыс қалады,кеңістікті бағдарлай алуы бұзылады.Ұғым түсініктер жайындағы білімнің қалыптасуы заттармен іс-әрекеттік қызметі,эмоциялық ерік сапасы,еңбекке бейімделу әлеуметтік комуникациясы бұзылып келеді.Бұл тұлғалармен арнайы жұмыс жүргізу қажет болып табылады.Көруі бұзылған тұлғалардың оқу және жазу әрекетінде қиындыққа ұшырауы байқалады.Дер кезінде көру бұзылысын түзету бойынша алдын-ала шаралар өтілмесе,көру ақаулығы асқына түседі.Көруі бұзылған тұлғалармен түзету жұмычсын жүйелі жүргізуді қажет етеді.


Тифлопедагогика көру мүшесі бұзылған адамның оқыту және тәрбиелеу туралы ғылым.Олар өз кезегіенде нашар көретін және мүлдем көрмейтін болып 2-ге бөлінеді.Соқыр-бұл адамдарда көру мүшесі,түйсігі мүлдем жоқ.Тек жарық түйсігі бар.Бұлар негізінде екіге бөлінеді:1) екі көзі мүлдем көрмейді;2)жарықты,түсті,бейнені қабылдай алады.


Нашар көретіндер- бұл көрудің бұзылуы көру өткірлігі 0,05-0,02 дейін түзету көзілдірік көмегі арқылы нашар көретін басқа көру қызметінің ауытқуы болуы мүмкін. 18.Аутизм – бала дамуындағы ауытқушылықтың ауыр түрі, ол әлеуметтік ортамен қарым-қатынастың жоқтығын білдіреді. Симптом ретінде аутизм көптеген психикалық ауруларда кездеседі, бірақ кейбір жағдайларда ерте жастан байқалып, бала дамуына кері әсерін тигізеді. Бұл жағдайды ерте балалық аутизм (БЕА) синдромы дейді.Ол болса психикалық даму зақымдалуының бір нұсқасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар бала бойында аутизмнің кейбір клиникалық көріністері байқалса оны аутистикалық тұлғалық қасиеттер деп атайды. Нақты симптом ретінде 2-3 жасқа қарай қалыптасуы мүмкін. Қазіргі уақытта аутизмнің нақты себептері анық зерттелмеген. Көп ғалымдардың деректері бойынша аутизммен ауырған балалардың себебі орталық жүйке жүйесінің бұзылуы салдарынан болады. Тұқым қуалаушылық фактордың әсері мол екенін көптеген зерттеушілер мойындайды. Сонымен бірге мидың органикалық зақымдалуы да аутист балаларда жиі кездеседі.


Тұқым қуалаушылық хромосомалық өзгерістер, зат алмасу өзгерістері, анасы жүкті және туу кезінде алған жарақаттар, нейроинфекциялар т.б. барлығы да жағымсыз әсер ету мүмкіндігі бар.


Кейде аутист бала туған кезде ерекше болады солғын, тамақ сұрап мазаламайды, жөргек суланса және бір жері ауырса сезбейді, өскен кезде ештеңеге қызықпайды, кейбір сөздерді немесе сөйлемдерді қағып алып, түсінбей қайталай береді. Жақын адамдармен анасымен байланысты симбиотикалық, сондықтан жақын адамдарды түсіну, аяу, көну деген ұғым жоқ.


Аутист бала ерке, тәртіпсіз сияқты әсер береді, бірақ диагнозды ерте қойып, ерте емдесе баланы жазып алуға болады. Аутист бала ешкіммен араласпайды, тұйық болады.


Жалпы тұйық мінез әр түрлі себептерге байланысты:


Баланың жеке мінезіне


Көру мен есту кемістігіне
Зияттың жетілмеуіне
Сөйлеу аппаратының бұзылғандығына
Невротикалық өзгерістерге
Ұзақ уақыт қарым-қатынассыз қалғандыққа (госпитализм)
Аутист бала қоршаған ортаға, қоғамға мүлде қызықпайды. Тұрақты қорқыныштары пайда болып тұрады, өзіне-өзі агрессиялы, қол жұмсағысы келуі де мүкін. Бала өскен сайын сөйлеу мен зият (интеллектісі) дамуы төмендейді. Аутист балалардың назарын адамға, басқа нысанға аудару және бірнәрсе үйрету қиын. Ауру бала өзіне айтқан сөздерге мән бермейді, сұрақтарға және атын атап шақырғанға көңіл аудармайды, естімейтін керең сияқты болып көрінеді.

Л.Каннер аутизмді нақты психикалық дамудың бұзылуы деп тапқан және келесі көрсеткіштерін ажыратқан:


жалғыздықты жақсы көру


ешқашан адаммен көзбе-көз кездеспеу
мимикасының, дауысының, дыбысының ырғағының, жестарының болмауы
бағытының шарттары тұрақты болуына тырысуы бәрі біркелкі болып өзгермеуі керек
эмоциялық тұрғыдан ешкіммен араласпау
біркелкі қимылдарды қайталай береді

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
бағдарламасына сәйкес
тоқсан бойынша
Реферат тақырыбы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
сәйкес оқыту
жиынтық бағалауға
арналған тапсырмалар
оқыту мақсаттары
білім беретін
Қазақстан республикасы
бағалау тапсырмалары
Қазақстан тарихы
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
мерзімді жоспар
Жалпы ережелер
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан республикасының
рсетілетін қызмет
нтізбелік тақырыптық
жалпы білім
болып табылады
арналған жиынтық
Зертханалық жұмыс
оқыту әдістемесі
арналған әдістемелік
Мектепке дейінгі
Қазақ әдебиеті
қызмет стандарты
бағалаудың тапсырмалары
Инклюзивті білім
білім берудің
тақырыптық жоспар
пәнінен тоқсанға
туралы жалпы
Қысқа мерзімді
атындағы жалпы
пайда болуы
Жұмыс бағдарламасы
әдістемелік ұсыныстар
республикасының білім
қарым қатынас
Әдістемелік кешені