114 “Сайрам” жалпы орта білім беретін мекемесінің 1-в сыныбы Сынып жетекшісі

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі87.97 Kb.
114 “Сайрамжалпы орта білім беретін мекемесінің 1-В сыныбы Сынып жетекшісі: Ташходжаева Шоира Азадовна

Тақырыбы: Абай Құнанбаев

Мақсаты: Оқушыларға Абай өлеңдерін және қара сөздері мен поэмаларын 

  терең меңгерту, мәнерлеп жатқа айту, сөз өнерінің қыр сырымен таныстыру. Халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, дәстүр мен жаңашылдық, оның адамзат тарихымен тығыз байланысы жайындағы білімдерін қалыптастыру

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, Абайдың суреттері

Барысы:

І Ұйымдастыру

ІІ. Құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1-В сыныбының «Абай –дара, Абай дана қазақта!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!

Көп адам дүниеге бой алдырған

Бой алдырып аяғын көп шалдырған

Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,

Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.

         Қазақтың ұлттық философиясының негізін салушы, жаратылыстың құпиясына, табиғат пен қоғамның, адам мен заманның сырына терең бойлаған кемеңгер ойшыл, данышпан ақын, тарихи тұлға – Абай Құнанбаев. Абай атамыз адам тіршілігінің сан – саласын қамтып, кешегі мен бүгінді, болашақты ұштастырған дана әрі дара ақын. Халық тарихи дамудың қаншама асуларынан асып, қандайлық биігіне көтерілсе де Абай аты мен Абай сөзі әрдайым оның аузындағы жыры, көкірегіндегі иманы, санасындағы ар-ұжданы болып қала береді.

Ақын мұрасы – халқымыздың сарқылмас асыл қазынасы.

Абдужаппарова С:

         Қазақ халқының түтас бір дәуірінің ақыл ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері- Абай Құнанбаев. Дана ақын Абай 1845 жылы тамыз айында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауында туған. Абайдың әкесі Құнанбай өз еліне атағы шыққан аға сұлтан. Зерделі зерек ел ағасы, ірі тұлға. Абайдың анасы – Ұлжан, әжесі – Зере.

Жүрегім шырақ етіп жандырған кім,

Жырымен жан сусынын қандырған кім.

Өзіне -өзі орнатып ескерткішті,

Мұрағып, кейінгіге қалдырған кім.

 

Ерте оянып, ойланып, ержеткен кім,



Талабын тас қияға өрлеткен кім.

Құбажон, құрбақан құм, құла қырда,

Өлеңнің бесігінде тербеткен кім.

 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім,



Үнінен әділдіктің лебі ескен кім.

Арманын аттандырып келешекке,

Біздермен осы күнгі тілдескен кім.

Тайсалмай, мыңмен жалғыз алысқан кім,

Жауына найза сөзін шанышқан кім.

Өзендей құйған бәрін көк теңізге,

Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім

Ол Абай Құнанбаев - ұлттың мәңгі ұйтқысы.

Атаханов Х:

         Сегіз жасар Абай өзінің зеректік қабілетіменәке көзіне ілігіп, үміт күтер, ата жолын ақтар бала болар ма деген ой салады. Міне осы себептен әкесі Құнанбай Абайды Семей қаласына апарып, әуелі Ғабдулжаппар молдаға оқуға береді. Бұл молданың қарамағында екі жылдай оқып, мұсылманша бастауыш білім алады. Бұдан кейін он жасар Абай, бір басқыш ілгері дәрежедегі, жабық оқу орны, мешіт жанындағы медресеге түседі. Медресенің соңғы жылында Абай мұсылманша оқумен тоқтамай, Семейдегі «Приходская школаға» түсіп, үш айдай орысшы да оқыған. Бұл Абайдың орысшаны игеріп кетуіне негіз болған.

                            Абай дана

Болғамыз жоқ әлі өзіңді ұғынып,

Ғұламасы ғасырдың.

Жырларына жабырқау жоқ, жасың мұң,

Өлең болып бізге жетті өнегең

Сәулесі боп

Өнер деген асылдың

Жырларыңыз тұнып тұрған ұлылық,

Жабырқасам жанға құяр жылылық

Абай деген жұмбақ әлем, биік шың

Қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ, Абай бар елдің мерейі үстем.

Ирисматов У:

Он үш жасында Абайды әкесі Құнанбай оқудан шығарып, ел билеу әдісін үйретеді. 60-жылдардың аяқ кезінен бастап Абай аздап оқыған орысшасын өз бетімен оқу арқылы дамытып, орысша кітаптарды көп оқиды. Семей кітапханасынан кейде өзі барып, кейде арнайы кісі жіберіп кітаптар алдырады. Сөйтіп жүріп, ол 1870 жылы Петербургтен жер аударылып келген жас революционер Михаэлиспен кездеседі. Кітапханада Лев Толстой кітабын сұрап тұрған қазақы адамды көріп таңырқаған Михаэлис оған таяп келіп, жөн сұрайды. Екеуінің таныстығы осыдан басталып, кейін үлкен достыққа айналады.

 

 Мұғалімнің сөзі



Абай Құнанбаевтың өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық қасиеттерін жасауға мінез – бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер.

Абайдың ешкімге ұқсамайтын мораль, өсиет, толғау тәрізді көркем сөздерінің бірі – қара сөздер. Абайдың қара сөздері 1890-1898 жылдар арасында жазылған. Жалпы саны 45 жыл оның әрқайсысы өз алдына жеке шығарма. Абай қара сөздеріндегі негізгі ортақтақырып адам бойындағы адамгершілік, адамзаттық, тазалық, ақтық жөніндегі тәрбиелік ойлар айтылады. Абай адамның жан-жақты, толық саналы болу үшін адамды адам етіп өсіретін ақыл, ғылым, қайрат, жүрек бәрі бірдей болып, тең табыссын деп талап қояды.

Мұғалім:

          Абай бұл жерде нағыз адам атына лайық болу үшін надандықтан,

еріншектіктен, залымдықтан аулақ болуға үндейді.
Мұғалім:

Бұл даналық сөздердің негізгі мағынасы мынаған сыяды: есті кісілердің айтқан ақылдарын есіңде сақтап, көп естіп, көп көріп, оқып өскен бала есті болады. Бірақ адамға білгенін, ұққанын өмірде ескеріп, қолдану керек.

 

Мұғалім:



Абай өзі дара, өзі дана, ақын әрі жазушы, философ, композитор, аудармашы ақын, жаңашыл ақын, лирик ақын.

Абай Құнанбаевтың қозғаған мәселелерін өзге шет елдің де ақындарын ойландыратын. Орыс тіліне аударылған өлеңдерінің бірі: «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»

1) қазақ тілінде  Ходжаберген Гүлшат

2) орыс тілінде  Джайжанова Нұршат

 

Мұғалім: Абай атамыз қазақ тіліне аударған шығармаларының бірі «Қараңғы түнде тау қалғып» әні. Бұл өлеңнің негізгі авторы батыс европалық классиктерінің бірі Гетенің өлеңі. Орыс тілінде аударған – Лермонтов



Ән «Қараңғы түнде тау қалғып»

Мұғалім: Ақын қоғамдық қайшылықтар негізінде ауыр тұрмыстағы халықтың аянышты өмірін, қайғы-қасіретін, күйзелісін, шебер бейнелеген

 

Мұғалім:

Абай жастардың білімді, дарынды, талапты болуын аңсады.

Тораханов Н: «Әсемпаз болма әрнеге»

Садирддинов С: «Адам болам десеңіз»

Абай  қазақ халқының бай қазынасы – поэзияға, ән мен күйге арнаған өлеңдері де өте көп.

Хасанханова М: «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»

Шухратова М: «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы»

 

Мұғалім:



Құлақтан кіріп, бойды алар,

Жақсы ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең, менше сүй.

 

Ән «Желсіз түнде жарық ай»

 

Мұғалім:

Табиғаттың әсемдігі тек қана тіршілікпен жарасымды. Тіршілікті аялағанда ғана табиғаттың тамаша болатындығы айқын. Табиғат тіршілік үшін қажет болса, тіршілікке табиғат қажет. Абай атамыз табиғатты тамаша суреттеумен қатар тіршіліктің онымен байланыстылығын дәл тауып, әдемі де, тартымды жырлай білген.

 

1) «Қыс»                  Бақытжан



2) «Жазғытұрым»   Ардақ

3) «Жаз»                   Арайлым

4) «Күз»                    Әйгерім

 

Абай атамыздың сөзінің терең мағыналы, ешқашан ескірмейтін шындық екенін мына нақыл сөздері мен мақал-мәтелдерінен байқауға болады.



1. Адал еңбектен мал іздемек-ол арлы адамның ісі

2. Еңбексіз мал дәметпек-қайыршылық

3. Адам баласына адам баласының бәрі дос

4. Білімдіден шыққан сөз

Талаптыға болсын кез

5. Досыңа достық – қарыз іс

Дұшпаныңа әділ бол

6. Кімде – кімнің әділеті жоқ болса, оның ұяты да жоқ.

7. Нысап, ұят-бұл  әділеттен шығады

8.  Өз қайратыңа сүйеніп еңбек ет, еңбек етсең қара жер де береді, құр

тастамайды.

9.  Еңбек қылмас еріншек, адам болмас

10. Берекені көктен тілеме, еткен еңбектен тіле

Мұғалім сөзі:

-   Абай Құнанбайұлы – дүние жүзіне танымал әледік деңгейдегі ақын. Ақынның 150 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша 1995 жылы дүние жүзі елдерінде мерекеленді. Абай оқулары ағылшын, француз, неміс тілдерінде Еуропада өтті. Абай шығармалары әлемде тоғыз тілге аударылып басылып шықты. Бұл басылымдарға өзге елдің дүние жүзі ғалымдары мен жазушылары өз ойларын білдіріп, Абай бейнесін аша түсті. Қазақтың ұлы ақыны, ойшылы Абай атамыздың есімі мәңгілікке халық жүрегінде сақталады. Абай қазақтың атын әлемге таратқан, артына өшпес мұра қалдырған дана әрі дара, ұлы тұлға.

Тәрбие сағатымызды аяқтай келе, бүгінгі кешіміздің куәсі болып отырған ұстаздарымыздың құрметіне арнап, дайындап келген өнерлі оқушыларымыздың өнеріне кезек берейік.

Мұғалім:

Қазақ әдебиетіне сансыз жаңалық енгізген, қазақтың шебер суретшісі, сұлу сөздің атасы, тереңге сырлы, кең мағыналы кестелі өлеңнің  атасы, қазақ өлеңіне үлгі, өрнек берген, түрін көбейтіп, қалыбын молайтқан – Абай атамызға арналған тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Көріп тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

 

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...