11. Дәріс тақырыбы: Еркіндік философиясы. Қазақ философиясындағы еркіндік мәселесі және оның табиғаты



бет1/7
Дата19.11.2021
өлшемі83.48 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7

11.Дәріс тақырыбы: Еркіндік философиясы. Қазақ философиясындағы еркіндік мәселесі және оның табиғаты

2.Оқу нәтижелері:-Ойлау мәдениеті және ой-өрісі кең, жоғары білімді тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін гуманитарлық пәндер саласындағы базалық негіздерді біледі және түсінеді;

3.Дәріс жоспары:

1.Философия тарихындағы еркіндік ұғымы

2.Адам және оның еркіндігі(Б.Спиноза) М.Хайдеггердің шығармаларындағы еркіндік пен ақиқат байланысы

3.Еркіндік пен жауапкершілік(Ж.П.Сартр ), Еркіндік және абсурд (А.Камю).Н.Бердяевтің еркіндік концепциясы

4.Ерік еркіндігі. Еркіндік деңгейлері. Оң және теріс еркіндік.

5.Еркіндік, әділдік, адамның өмірі мен намысы- адамгершілік- құқықтық құндылықтар. Құқықтың дүниетанымдық мәселелері

1.Саяси еркіндік. Ұлттық еркіндік. Еркіндік қазіргі демократиялық мемлекеттердің негізгі идеалдарының бірі. Жеке еркіндік және табиғи құқық.

2.Тұлғаның , оның еркіндігінің , өмірді, табиғатты және мәдениетті сақтау жауапкершілігінің қалыптасу шарттары.

3.Сөз және көзқарас еркіндігі. Еркіндік пен шығармашылық-адамның мәдениетте шын мәнінде өмір сүруінің тәсілі

4.Абайдың «толық адам» концепциясы.

5.Алаш қайраткерлерінің философиясындағы еркіндік және тәуелсіздік идеялары

4.Дәріс тезистері:



1. Еркіндік — адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы. Адамдар өз әрекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы еркіндікке ие. Ғылыми-техникалық ілгерілеу әрбір адамға, әлеуметтік топқа, тұтас ұлтқа қызмет ете отырып, олардың табиғаттың объективті заңдарын игеруіне, іс жүзінде қолдануына жәрдемдеседі. Жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесінің артуы тұтастай алғанда қоғамның ілгерілеу үрдісінің өзекті өлшемі болады. Оның әлеуметтік кедергілерге қарсы күресі, жалпы алғанда, қоғамның алға басуының қуатты қозғаушы күші болып табылады. Адамдардың дүниедегі объективті жағдайды таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік мақсаттарды көздей алады және оған жетудің әр түрлі мүмкіндіктері қатарынан неғұрлым тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ, бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен мүмкіндікке, субъектілердің (жеке адамның, әлеум. топтың, этникалық топтың) жаратылыс заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру қабілетіне және басқаларына байланысты. Әлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық актілерімен байланыстыра қарастырады. К.Маркс еркіндік мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны игерумен байланысты түсіндіреді. Ф.Энгельс өзінің “Анти-Дюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр түрлі. Мұның өзі қоғамдағы өндіргіш күштердің дамуына да тікелей қатысты. Сонымен қатар ол әлеуметтік, этникалық топтардың, жекелеген адамдардың еркіндігін анықтайтын қоғамның әлеум.-саяси құрылымына да тәуелді. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін саясаттану жағынан алып қарайтындар оны азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық құрылым мен басқару түрін таңдауы деп түсіндіреді. Экономика саласында еркін базар, еркін бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш күштер дамитыны, адамдардың еркіндік аясы кеңейе түсетіні рас. Әр адамның, әр ұлттың еркіндік дәрежесін олардың табысы мен меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге олардың материалдық және рухани игіліктерді өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу мүмкіндігі анықтайды. Саясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез келген қоғамдағы жеке адам мен ұлттың еркіндік дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның түрлеріне (деспоттық, либералдық-демокр., т.б.) байланысты болып келеді. Либералдық-демократиялық басқару моделінің саяси еркіндік саласындағы негізгі принципі — жеке адамдардың үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік құқыларын пайдалана алуы. Жеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі әр түрлі объективті және субъективті себептерге байланысты. Мыс., тоталитарлық, авторитарлық жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқыларға, саяси бостандықтарға (сөз, жиналыс, митинг, бірлесу, сайлау және сайлану, т.б.) қысым жасалуы, сондай-ақ, материалдық жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б. Шынайы еркіндік — адамдар арасындағы мәдени қарым-қатынастардың кепілі. Ендеше оның ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты міндеттерінің бірі болып табылады.[1]
2.Адам, ерік және сезім қысымы мәселелері• Б.Спинозаның ойынша, адам таби ғаттың ажырамас бір бөлігі, олай болса, ол толығынан табиғат заңдылықтарына тәуелді. Егер Дүниеде механикалық заңдылықтар үстем болатын болса, адам арқылы табиғаттың екінші ойлау қасиеті өзінің көрінісін табады. Бірақ адамның дене құрылысы толығынан табиғатқа бағынады. Сезімдік идеяларда да адамның денелік, таби ғи жа қтары басым болады. Ал адамның жан дүниесінің өзінен шығатын идеялар, егер олар сезімдік танымнан ана ғұрлым алшақ болса, соншалықты айқын, таза, ақиқатты. Оның ойынша, “дене жан-дүниені ойлауға итере алмайды, алжан да денені қозғалтып, иә болмас тұрақтата алмайды”.Яғни субстанцияның бұл екі қасиеті бір-бірімен қатар өмір сүріп отырады.Адамның жан дүниесінде бір-бірінен бөлек неше түрлі идеялар болғаннан кейін, онда сүю, керек қылу, еріктікті аңсау сияқты күрделі құбылыстар болуы мүмкін емес дейді Б.Спиноза. Табиғаттың ажырамас бөлігі ретінде адам бүкіл дүниелік шытырман қарым-қатынастарға кіреді. Соның ішінде ол ең алдымен өзін сақтап қалуға тырысады. Ал мұның өзі оның неше түрлі сезімдері мен іңкәрлерін тудырады .• Оны философ аффектілер дейді. Олардың ішіндегі ең негізгісі - құштарлық, ол денені сақтап қалу жолында пайда болады. Жан дүние саласына кіріп, құштарлық іңкәрлікке айналады. Тағы екі күшті сезім – ол қуаныш пен қайғы.

• Б.Спиноза көне замандағы Платон мен Сократқа ұқсас барлық дұрыс емес іс-әрекеттер танымдағы қателіктермен байланысты деп есептеген. Адам өзін қоршаған жағдайларды дұрыс түсінсе, онда ол өзінің іс-әрекетінде қателеспейді, өзін бақытты сезінеді, бірақ ол басқаларға бақытсыздық болып көрінуі де мүмкі Ойшыл Дүниедегі ең жоғарғы игілік - ол Құдайды танып-біліп, оған деген зерделік (интеллектуалдық) тмахаббат деңгейі көтерілу дейді. Ал Құдайдың субстанция мен табиғатқа тең екенін есімізде сақтасақ, ал адамзаттың рухының сол табиғаттың модусы (көрінісі) болса, онда адамның ғылымның қиын да ауыр жолы түсіп дүниетануы оның жүрегінде бақыт сезімін тудырып, oны ләззатқа жетелейді.

3. Орталық категория болып көзге түсетін экзистенция немесе өмір, тіршілік. Осымен субъектінің әлемдегі өз болмысынан әсерленушілігі түсініледі. Бұл болмыс ешбір затқа бағытталмаған, және өзінің шектілігін мойындайды. Экзистенциалистер болмыс мәселелерін адам болмысына саяды, ал соңғысы субъективтік идеализм тұрғысынан түсіндіріледі. Ясперстің ойынша «субъект өзінің әлемін қандай қылып көргісі келсе, сондай қылып жасайды». Хайдеггер де өз жағынан болмысты заттар мен денелердің жиынығына сайған, бұрынғы өткен «барлық философия оны тануға қабілетті болған жоқ, деп пайымдайды. Болмыс деген не? «Болмыс» түсінігінің анықталуы мүмкін емес. Бұл оның жоғарғы жалпыға ортақтығынан туындайды». Болмыс анықталмайды, бірақ ол туралы сұрақ мәнсіз емес. Бұл адам болмысының мәні. Болмыс мәселесі- болмыс туралы сұрап білетін, болмыс туралы әсерленетін адам мәселесі болады.

Бұл Сартр ойынша «өзі үшін болмысқа» қарсы тұратын «өзіндік болмыс» болады. Бұлардың арасында абсолюттік қарама қарсылық бар, бірақ, бір-бірінсіз болуы, өмір сүруі мүмкін емес. Экзистенциализмде объективтік идеализм элементтері де бар: адамнан тәуелсіз болмыстың өмір сүретіні мойындалады, бірақ оның материалдық та, идеалдық та өзгешеліктері болмайды. Діни экзистенциализм осы объективтік ақиқатты Құдай, атеистік экзистенциализм «өзіндік болмыс» деп атайды.

Экзистенциалистерде объективтік ақиқат кейде трансценденция деп аталады, экзистенциямен ажырамайтын байланыста болады. Сонда объект субъектіден тәуелсіз, тыс өмір сүре алмайтын болып шығады. Қорыта айтқанда экзистенциализмде субъективтік біржақтылық басым.

Адамға қорқыныш пен торығу сезімін тудыратын әлемнің «қираған» және мағынасыз болмысы туралы уақытында Къеркегор айтқан болатын. Сыртқы әлемге сүйенуге талпыныс жасау қауіпті, орынсыз да, сондықтан құтқаруды Құдайдың еркінен іздеу керек. Оны қолдаған Ясперс экзистенцианы тек қана адамның өзіне деген қатынасы емес, сонымен қоса трансценденцияға, демек Құдайға да қатынасы деп есептейді. Қоғам адамға жау, ол адамды жояды оны өзіндік түрі болмайтын бұрандаға, үлгі болатын бөлшекке айналдырады. Адамды көпшілікке араластыру, бұқараландыру, оның өзінен өзінің жатсынуын білдіреді.

Адамды қоршаған қорқынышты әлемде құтқарушы болатын тек оның өзі, қайталанбайтын Өзіндігі немесе құпия және танылмайтын экзистенциясы. Адам өзін өзі құтқарып, өзінің еркіндігіне келуі керек. Өзіндік тек адам толғанысының еркін шешімінде ғана жүзеге асуы мүмкін.

Біз бұл жерде экзистенциализмнің маңызды пікірі еркіндік пен «шекаралық жағдай» тұжырымдамаларына келеміз. Бұл тұжырымдамалардың мәні мынада: өмір мәнсіз, сандырақ, адам өмірінде жиіркенушілік пен қорқынышты басынан кешіреді, сондықтан болмыстың жоқтығына, ең жоғарғы еркіндік өлімге ұмтылады. Тек өлім, еркіндіктегі болмыс - өмірге мақсат береді және экзистенцияға, оның аяталуына алып келеді. А.Камюдің ойынша «шын мәнінде байыпты бір сұрақ бар – бұл өзін-өзі өлтірушілік туралы сұрақ. Өмірді сүруге тұратындығы әлде тұрмайтындығы турлы пікір айту – бұл философияның негізгі сұрағына жауап беруді білдіреді... Қалғанның бәрі – әзіл, қалжыңдар, өйткені бәрінен бұрын философияның негізгі сұрағына жауап беру керек» [2. 26-27 б.].

Өлімге келер жолда адам «шекаралық жағдайға» экзистенциалистер көп мәнділік беретін түсінікке кез болады. Бұл жағдай адамның экзистенциясының өзін шүбәсіздік есебінде тану жағдайы. Біз әрқашан бір жағдайдамыз, дейді Ясперс. Оны өзгерту үшін мен жұмыс істей аламын. Бірақ, әрқашан қандай болса, сол қалпында қалатын шекаралық жағдайлар болады: менің өлуім керек, менің азап шегуім керек, менің күресуім керек, мен кездейсоқтыққа душармын, мен сөзсіз кінәлімін. Шекаралық жағдайлар таң қалу, күмәнданумен қатар философияның бастауы болады. Біз өзіндік болмысымыздың (өзіндік санамыздың) қайта қалпына келуіне қабаттасып жүретін шекаралық жағдайларды астыртын немесе тайсалмай тура сезінеміз.

Шекаралық жағдайға кіру сөзсіз болатын жағдай. Оған кірген адам жоғарғы еркіндікке ие болады және өледі. Өзіне-өзі қанағаттанбау – бұл міңгі, өшпейтін, таусылмайтын сезім, адаммен бірге өмір сүретін жазылмайтын жара. Азап шегуден құтылу мүмкін емес, оған тек шыдауға, жанның қолайсыздығын елемеуге болады.

Сартрдың құлықтылық ұстанымы басқалармен салыстырғанда тартымды көрінеді. Шын мәнінде ол да барлық экзистенциалистерге ортақ өмірден торығушылыққа ортақтасып, кез келген өмірдіңі тарихы, оның жеңілу тарихы болады, бұлай болса, онда бәрі сандырақ: дүниеге келу де, өлім де, адамның өмірі де сандырақ деп есептейді. Бірақ адам ешқандай сүйенішсіз, ешқандай көмексіз әрбір кезде «адамды шығаруға» жазаланған. Адам өз алдына жауапкершілік алады, ол үшін «дәлелі, сылтауы (алиби) болмайтын», жауапкершіліктен қашатын мүмкіндік жоқ. Қорқақ өзінің қорқақтығы үшін жауап береді, сатқын – сатқындығына... Адам біреумен берілмеген, ол әрқашан өзін-өзі «жобалайды», мүмкіндіктерді таңдайды. Адамның өзіндік құндылығы оған әр түрлі мүмкіндіктерді таңдау еркіндігі берілген, және осы таңдау үшін жауапкершілік те талап етіледі.

Экзистенциализм философиясы ХХ ғасырдағы буржуазиялық өркениеттің терең тоқырауының көрінісі болады. Бүгінгі әлемдегі адам өмірінің сандырақ, танушылықтығын экзистенциализм ғана ашты. Бұл философияның қайғылы өмірден түңілушілігі кездейсоқ емес. Назар аударылған әлемді көркейтетін, тани алатын адам емес, керісінше азап шеккен, жалғыз, терең бақытсыз, сонымен бірге еркіндікке ұмтылатын,өзінің барлық іс-әрекетіне жауап беретін жан болды.

вАльберт Камю 1913 жылы 7 қарашада Франция отарындағы Алжирде, нақтап айтқанда Мондови жеріндегі «Сан-Поль» фермасында дүниеге келген. Әкесі Люсьен Комю, арғы атасы Эльзастық болып, шарап өндіретін фирмада жұмыс істеген. Әкесі І дүниежүзілік соғыс уақытында жеңіл жаяу әскерде қызмет етіп, 1914 жылы Марне жердегі ұрыста ауыр жараланып, лазаретте қайтыс болады. Анасы Кутрин Сантэ, ұлты испандық, жартылай саңырау және сауатсыз кісі болып, Алжир қаласының Белкур ауданына екі ұлы Альберт Камю және оның ағасы Люсьен Камюмен көшіп келіп, әжесімен бірге кедейлікте өмір сүреді. Кутрин отбасын асырау үшін алғашында фабрикада жұмыс істесе, кейін тазалықшы болып нәпақа табады.

1918 жылы Альберт Камю бастауыш мектепке түседі және 1923 жылы мектепті үздік тамамдайды. Ол кезде тұрмыс тым жапалы болғандықтан, Алжирде оның жасындағы кедей отбасының балалары оқуды тастап, отбасына көмектесу үшін түрлі қара жұмыстар істеуге мәжбүр болады екен. Дегенмен, бастауыш мектеп мұғалімі Луи Жермен Камю отбасына Альберт Камюдің міндетті түрде оқуды жалғастыруы керектігін түсіндіріп, үлкен болашағы бар бала екеніне сендіреді. Сол Луи Жермен Камюді лицейге түсуге дайындайды және оқу жәрдемақысын алуына да көмектеседі. Осы ризашылық үшін кейін Альберт Камю Нобель сыйлығын алу сәтіндегі сөзін үлкен құрметпен мұғалімі Луи Жерменге арнаған болатын.

Лицейде Камю француз мәдениетімен терең танысады, өте көп кітаптар оқиды. Футболмен де шұғылданып, «Racing Universitaire d' Alger» клубының жастар командасында ойнайды. Спортпен шұғылданып, командада ойнау Камюдің мораль және парыз мәселесіне назарын аудартады. 1930 жылы Камюден құрт ауруы (туберкулёз) анықталып, оқудан қол үзеді, командадан да шеттетіліп (футболға деген махаббатын өмір бойы сақтады), бірнеше ай санаторияда өткізеді. Кейін толық сақайғанымен, бұл аурыудың зардабы оның өміріне жаман әсер етеді. Денсаулық жағдайына байланысты ол екі жыл бойы дипломнан кейінгі оқуды жалғастыруға мүмкіндігі болмады және дәл осы себеп бойынша әскерге шақырылмады.

1932-1937 жылы Альберт Камю Алжир университетіне түсіп, философия мамандығында оқиды. Университетте ол өте көп кітаптар оқыды, күнделіктер жазумен болды, эссе жанырында қалам тербеді. Сол уақыттарда ол Андре ЖидФёдор Михайлович ДостоевскийФридрих Ницше ықпалына қатты ұшырады. Оның жазушы және философ досы Жан Гренье жас Альбер Камиюдің қалыптасуына айырықша әсер етті. Камю сабағын оқып жүріп түрлі жұмыстар істеуге мәжбүр болады және бірнеше рет жұмыс ауыстырады: жеке мұғалім, бөлшек сатушысы, метеорология институтында ассистент. 1934 жылы экстравагантті он тоғыз жастағы қыз - Симоне Ийеге үйленеді, ол морфинист болған екен. Кейін, 1939ж. олар ажырасып кетті.

1935 жылы Альберт Камю бакалавр дәрежесін алады және 1936 жылдың мамырында философия магистрі дәрежесін алады. Ғылыми жұмысының тақырыбы: «"Неоплатонизм және христиандық ой" - Плотиннің Августин теологиясына ықпалы» туралы болды. Сол жылдары «Бақытты ажал» повестін жаза бастады. Бұл кезде Камю экзистенциализм мәселелеріне назар аудара бастаған болатын: 1935 ж Л.ШестовМартин ХайдеггерКарл Ясперстіңшығармаларын зерттеді; 1936-1937 жылы А.Мальроның «абсурттық өмір» идеясымен танысты.

Альберт Камю университеттің жоғарғы жылдығында социалистік идеяға бой ұрды. 1934 жылы Ауструндағы көтерілісті жақтады және 1935 жылы көктемде Франция коммунистік партиясына мүше болды. Бірақ бұл партия сапында бір жыл шамасында ғана болды, өйткені оның Алжирлік халық партиясымен байланысын үзбегені білініп, «троцкиші» деп айыпталды және партиядан шығарылды.

1936 жылы А.Камюдің жеке белсенділігімен «Еңбек театры» (фр.Theatre du Travail ) ашылды. 1937 жылы ол «Команда театры» (фр. Théâtre de l'Equipe) деп қайта аталды. Ол Достоевскийдің ең маңызды романының бірі «Ағайынды Карамазовтар» желісімен көрініс ұйымдастырды және Камю өзі "ақыл" тұлғасы Иван Карамазов рөлінде ойнады. 1936-1937 жылдары денсаулығын түзеу мақсатында, әсіресе асқынған туберкулозды емдеу мақсатында Альпі тауына барды және жолай ФранцияИталия, орталық Еуропа елдеріне саяхатта болды. 1937 жылы «Сыр мен сымбат» (сөзбе-сөз: «астары және беті») атты тұңғыш эсселер жинағы жарық көрді.

Университет бітірген соң біраз уақыт Алжир мадениет үйін басқарды. 1938 жылы «Жағалау» журналының редакторы болды. Кейін опозициялық «Альжен републикен» (“Algen Republіcaіn”) және «Суар републикен» ) газеттерінде саяси шолушы және редактор болып жұмыс істейді. Сол кездерде Камю әлеуметтік саясатты жақсартуды, Алжир еліндегі арабтардың дамуына көмектесуді жақтады. Алжир, Суар газеттері екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда цензурамен жабылды.

Соғыс жылдары Камю бар уақытын эссе және публицистика жазумен өткізді. 1938 жылы «Неке» атты кітабы жарық көрді. 1939 жылдың қаңтар айында «Калигула» пьессасының бірінші нұсқасын жазып бітті.

1940 жылдары «Суар Республикен» газеті жабылған соң, математика оқытушысы, болашақ жары Франсин Формен бірге Оранға көшіп барды және сонда жеке сабақ берумен айналысады. Кейін екі айдан соң Алжирден Парижге қарай көшеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік