№11 дәріс Лекция тақырыбы



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата20.05.2022
өлшемі165.81 Kb.
#256498
түріЛекция
1   2   3
Байланысты:
ATTNGUCTTNCS19052022132103

Сабақтың түрі: тіл дыбыстары туралы өткенді қайталау. 
Сабақтың мақсаты: 

білімдік –оқушылардың бастауышта алған білімдерін жаңғырта отырып, тіл 
ғылымының фонетикалық саласы туралы жалпы мағұлүмат беру; 

тәрбиелік –қазақ тілі туралы айтылған ғалым В.Радлов пікіріне сүйеніп 
балаларды өз тілін құрметтеуге, сүюге тәрбиелеу; 

дамытушылық- оқушылардың тілдік сезімдерін дамыту, өз ой пікірін жүйелі 
айта білуге баулу; Оқыған, жазған мәтіндердің мазмұнын түсіне білу дағдыларын 
жетілдіру; бастауышта алған білімдерін кеңейту; ойын арқылы ойлау қаблеттерін дамыту. 
Сабақ өту әдісі: түсіндірмелі қозғау салу, әңгіме, талдау, ішінара ізденіс, ойын. 



Сабақтың жабыдығы: дыбыстардың жіктелуіне арналған кесте, перфокарталар, 
“Даналардан шыққан сөз” атты кітап. 
Сабақтың барысы: 
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырамаларын сұрау; 
1. 
Тіл туралы жазып келген нақыл сөздер мен мақал, мәтіндерін оқыту. Сол 
жазғандарына сүйеніп, өз пікірін, түсінігін айтқызу. 
2. 
Балалардың сөздерін қорытып, тіл қызыметі жөнінде түйін жасау. 
III. Сабақтың тақырыбына қызығушылығын оятуға байланысты жұмыстар: 
1. 
/ Сабақтың мақсатымен таныстыру 
2. 
/Бастауышта алған білімдерін еске түсіру; 
а/ Сұрақ-жауап арқылы мынадай мәселелр. Еске түсіріледі; 
- дыбыс пен әріптің айырмашылығы; 
- дыбыстардың дауысты, дауыссыз болып жіктелуі; 
- дауысты дыбыстардың іштей жіктелуі;
- дауыссыз дыбыстардың іштей жіктелуі; 
- дыбыс пен сөз мағыналарының ара қатынасы; 
ә/ перфокарталар таратылып, мынандай жұмыстар жасау тапсырылады: 
№1. Балалар мектепке келді./сөйлем құрамындағы дауыстылардың астын бір, 
дауыссыздардың астын екі сыз/. 
№2. мен кітапты қызыға оқыдым. /сөйлемдегі дауысты дыбыстарды үлгі бойынша 
талда. Үлгі: е – жің, ез, қыс/.
№3. «Мерей», «Батыр», «Сән» сөздеріндегі дауыссыз дыбыстарды үлгі бойынша 
талда. Үлгі: м, .... 
№4. «Көрік», «Тарақ», «Себеп» сөздеріне қандай қосымша жалғанғанда соңғы 
дыбыстары өзгереді? Жазып көрсет. 
№5. Айтылуда «Қырық үй, аман есен келді, айтып бар»сөз тіркестерінің қай 
дыбыстары өзгереді? Неліктен? 
3. 
/ Мәтінмен жұмыс:
Қазақтың басқа бауырластарына қарағанда сөзге тапқырлығы мен шешендігі маған 
ерекше әсер етті. Қазақтаардың ақыл-ой қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жетуде. 
Қандай әсем сөйлейді!айтқысы келгенінің бәрін тез түсіндіріп, қарсыласының сөзіне де 
шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балаларының ақыл-ісі де өте тез жетіледі. /В.В.Радлов/ 
а/ мәтінді жаздырып, В.В.Радловтың ориенталист-ғалым екендігі 
туралы қысқаша мәлімет беріледі. /бұл оқушылардың ойын, ықыласын аудартудың 
бір жолы/; 
ә/ мәтінді оқытып, автордың негізгі ойы анықталады; 
б/мәтіндегі “басқа бауырластарына қарағанда” деген сөздердің
мағынасы сұрақ-жауап арқылы түсіндіріледі; 
в/автордың қай сөзінде адамның ақыл-ойы мен сөзінің байланысты екні туралы ой 
тапқызады; 
г/”қандай әсем сөйлейді” деген сөйлем түйіні қандай талаптарды қамтитыны 
анықталады; 
ғ/мәтіндегі соңғы сөйлемге өз ой-пікірімен талдау жасайды; 
д/ мәтіндегі тірек сөздердің асты сыздырылады, сөзге
тапқырлық, шешендік, ақыл-ой қабілеті, көз жету, қарсыласының сөзі, тойтарыс т.б./ 

ж/мәтінге ат қойғызылады: /”қазақ шешен халық” ,”қазақтар туралы” , т.б./. 
з/ өзі қалаған бір сөйлемнің құрамындағы дыбыстарды жіктеп
көрсету тапсырмалары; 



IV.Дидактикалық ойын: «Кім тапқыр?». Ойын шарты: басқа және сонғы дыбыстары 
бірдей, қай жағынан оқысаң да бірдей сөздерді тап. Үлгі: қазақ, мақам, тарат, қырық, аша 
т.б.
V. «Сәукеле» сөзінің құрамындағы дыбыстардан мағыналы сөздер құраңдар. Үлгі: 
Кел, еле, сәл т.б.
VI. Сабақты қорытындылау: / сабақты оқушылармен біріге отырып /
тіл дыбыстарынан сөз құралады; 
- тіл дыбыстары сөз мағыналарын ажыратуға негіз болады; 
- дыбыстарды дұрыс жазып, дұрыс айта білу- сөйлеу мәдениетінің көрсеткіші;
- 5-сыныптан бастап тіл дыбыстарының арнайы заңдылықтары оқытылады; / мұндай 
бағыттардың көрсетілуі баланың алдағы сабақтарға қызығушылықпен қарауына түрткі 
тудырады /
VІІ. Үйге тапсырма: 1- қатарға: дауысты дыбыстан басталатын жер-су аттарын 
жазып келу; 2-қатарға: дауыссыз дыбыстарданбасталатын аңдардың аттарынт жазу; 3-
қатарға: қатаң дауыссыздан басталатын ән-күй аттарын жазып келу тапсырылады.
V-сыныптың теориялық материалы «Синтаксис және пунктуациядан» басталады. 
Тарауды өтуге біз білімнің сабақтастығын үзіп алмау үшін міндетті түрде осы тарау тілдің 
қандай мәселесін зерттейді, оны зерттеудің қажеттігі неде деген мәселені түсіндіруге 
арнадық. Ондағы мақсат-әр саланы тілді үйренудегі маңызы қандай, оның оқушыға беретін 
пайдасы, қажеттігі неде деген мәселелерді шолу арқылы оқушылардың ішкі мотивтеріне 
қозғау салу. Әр тараудың кіріспе сабақтарында қазақ тілін оқытуды жеке тұлғаның 
қажеттігімен сабақтастырып танытуға ерекше көңіл бөлінді.
Қазақ тілінің ана тілі ретінде ұлттық дамуыдың бір арнасы екеніне, әр халықтың 
мәдениетінен, өнер дәстүрлерінен, әдет –ғұрыпарынан байқалатын ұлттық психология 
ерекшеліктерінің тілдеде көрініс табатынына белгілі дәрежеде көңіл бөлінуі оқушы ойына 
қозғау салды. Тілдің көмегімен ұрпақтан-ұрпаққа жететін ұлттық талғам сақталады. 
Ұлттық тіл арқылы ұлттық ой –сезімді, мінез-құлықпен көңіл-күйді эмоциялық халді 
жеткізуге болады. Бұл түсінік «төл сөз», «қаратпа сөз», «диалог» т.б. тақырыптарды 
оқытуда кеңейтіліп берілді. Әрбір халықтың өз теңеулері, метафоралары, мақал-
мәтелдерді,мал шаруашылығымен, төрт түлікпен байланысты айтылатын еркелету 
мәніндегі сөздерді, баламаларды, тіл жүмсаудағы ұлттық этикет нормаларын жиі 
пайдаланып, оқушыларды оның терең сырларына қанықтырып отыру барысында пән 
мазмұнын дамыта түсті. Ұлттық этикет нормалары жөнінде түсініктер әр ұлттың 
адамдарының бір бірімен қарым қатынасында қалыпасқан үрдістің болатынын таныту 
арқылы тереңдей түседі. Ұлттық ерекшелікті танытатын ұлттық таным тіл арқылы 
көрінетінін дәлелдеу үшін тамыры тереңнен басталатын мақал-мәтелдерді, тұрақты сөз 
тіркестерін орысша баламаларын тапқызу арқылы көз жеткізуге балалардың бұл 
ұғымдарды саналы түсінуіне және қызығушылығын арттыруға себеп болды.
А. Бір мәселе жөнінде айтылған екі түрлі айтылған екі түрлі көзқарасты білдіретін 
төл сөздерді тауып айтыңдар. Оларды салыстырып айтушыға мінездеме беріңдер. 
Ә. Төл сөз туралы анықтамаға тағы қандай ойды қосуға болады? Төмендегідей 
сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларыңды айтыңдар.
1. Төл сөздер арқылы адамның жалпы мінез құлқын ақыл ойын тануға болама? 
2. Төл сөз тек көркем әдебиетте ғана қолданыла ма? 
3. Төл сөзді өзгертпей айтудың не үшін қажеті бар деп ойлайсыңдар? 
Б. Төмендегі мәтінде төл сөз қандай мәнге ие болып тұр? 
Оны алып тастағанда мәтін мазмұнында қандай өзгеріс болады?
Мен көркем әдеби кітаптармен қатар су асты тіршіліктері туралы баяндайтын 
ғылыми кітаптарды да сүйіп оқимын. Одан табиғаттың таңғажайып құбылыстары жөнінде 
көп мағлұматтар алуға болады.
Тіліміздегі дыбыстардың жазудағы таңбасы әріп деп аталады. Әріп – жасанды, 
шартты нәрсе. Сондықтан дүние жүзіндегі тілдердің жазу таңбалары әртүрлі болып келеді. 



Мысалы, қазақ тілінің өзіне тән әріптері /қ,ғ,ү,ұ,ә,ң,ы,і, т.б/ орыс іліне тән ь,ъ белгілері, шет 
тілдерінің таңбалары әртүрлі. Тілдегі әріптердің рет-ретімен түзілуін әліпби деп атаймыз. 
«Әліпби» - гректің алғашқы екі әріпінің /альфа, бэтта/ аттарынан алынған. Әліпбидегі 
әріптер бір дыбыстың да /а,ә,и,у,і т.б/, екі дыбстың да /ю-ию, я-иа/ таңбасын белгілейді. 
Әріптердің айтылуында да белгілі бір заңдылық бар. Мысалы, г-гэ, ғ-ға,з-зэ, м-эм, ф-эф 
түінде айтылады. Тағы бір айта кететін нәрсе егер тілдегі әріп таңбасы айтылуымен сәйкес 
келмесе онда оны өзгертуге де болады. Мысалы, ұ әрпінің орнына 1959 жылға дейін у әрпі 
қолданылып келді.
ІV. Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру 
1. 
Дидактикалық ойын: «Әліпби эстафетасы». Бұл ұлттық «рамал тастамақ» 
ойыны түрінде жүргізіледі. Шарты: Бір оқушы өз қалаған әріптен бастап, бірнеше әріпті 
айтып, қолындағы орамалады келесі бір оқушыға тастайды. Ол оқушы әріпті әліпби етімен 
ары қарай жалғастырып, үшіншісіне береді. Сүрінген оқушы айыбын ән, жұмбақ, өлең 
арқылы өтейді.
2. 
Қос дыбысты таңбалайтын әріптерді қатыстырып, бес сөз, оларды 
қатыстырып бес сөйлем құрап жазу тапсырылады. 
V. Cабақта өткен материалдар бойынша түсініктерін үш оқушы бірін-бірі 
толықтырып айтып қорытынды жасайды.
VI. Үйге тапсырма. Құрамындағы әріп пен айтылуындағы дыбыс сандарында 
айырмашылық бар жеті сөз тауып жазу. Үлгі: Бояушы, ащы, т.б. 
Фонетика бойынша алынған білімдерді қайталау кезінде ауызша жүргізілетін 
жұмыстармен қатар диктант білім бекітудің өзіндік орны бар. Мысалы,
Сабақ мақсаты: 
білімділік – фонетикалық талдау жасай білуге үйрету. 
тәрбиелілік – өз еңбегін бағалай білуге үйрену. 
дамытушылық: өздігінен ой қорыту, сол ойын жинақы, тұжырымды түрде бере білу 
дағдыларын дамыту.
Сабақ тақырыбы:Диктант /өзін-өзі тексеру/ 
Диктанттың бұл түрі оқушылардың сауаттылығын бақылаумен қатар, олардың 
ойын дұрыс, жүйелі жетілу дағдыларын дақалытастыруға көмектеседі. сондай-ақ әр қатарға 
әр түрлі вариант ұсынылатындықтан оқушының өз бетінше ізденіп, ой қорытындылауына 
себеп болады. Ережені жаттанды түрде емес, саналы меңгеруіне негіз болады. Диктант 
жұмысы екі бөлімнен тұрады. 
І бөлім. Ұсынылатын сөздер: педегогтар, поезға, фондыдан, Асылбековтар, грамдап, 
Кузбаста, балдық, митингінің, парктер, лифтімен, ведомоста, клубқа т.б. 
Шарты: әр қатарға осының ішінен 3 сөз жаздырып, оның а/ қандай сөз екенін / төл 
сөзіміз бе, әлде термин бе?/ә/ түбірі қайсысы, қосымшасы қайсысы, олар қандай өзгеріске 
ұшырап тұр, не себептідеген сұрақтарға жазбаша жауап жазылады. Мысалы, «педагогтар», 
«педагог» - орыс тілінен енген сөз, г әрпі орыс тілінен енген сөздерде, яғни сөз соңында 
келеді. Ол айтылуда к болып естілетіндіктен, қосымша қатаң сөзден басталып тұр, бірақ 
жазылуда г сақталады.
«Поезға» - «поезд» - орыс тілінен енген сөз. Егер сөз зд қосарлы дауыссыз 
дыбыстарға аяқталса, оған қосымша жасалғанда д әрпі түсіріліп жазылады т.с болып 
жазыла береді.
ІІ бөлім.Әр қатардағы оқушыларға тағы да үш-үштен сөз ұсынып, оларға мынадай 
формада фонетикалық талдау жасау тапсырылады.
Сөз панфиловшылар ертегімен уағыздау 
Қатаң п,ф,ш т, ---------- 
Ұяң в,г,ғ,з,д 
Үнді н,л,р 
р,м,н 
у 
Дәптер жинау 
Үйге: қайталау 



Қазақ тілінің фонетикасында елеусіз ғана аталып өтетін мәселенің бірі – екпін. «Бұл 
құбылыс біздің тілімізде өте көмескі байқалатындықтан, оныторыстілі арқылы түсіндіруге 
тура келеді, өйткені екпін бұл тілде сөз мағынасын ажыратуда ерекше рөл атқарады» деген 
түсініктен әрі тереңдей алмай тосырқап қалатын да жасырын емес. Шындығында, қазақ 
сөздерінде екпін соңғы буынға түсетіні дау тудырмайды. Оның өзінде де арнайы мән 
бермесең байқалмай да кетуі мүмкін. Бірақ сөйлеушінің көңіл-күйі мен ой түйінін 
аңғартуда сөздің бір буынын ерекше көтеріп екпін түсіре айтатыны, ал сөйлем ішінде бір 
сөзді ерекше екпінмен бөлек айту арқылы тыңдаушының назарын өз діттеген нәрсесіне 
аудару екпіннің тек буынға ғана емес, сөзге де, тіпті сөйлемге де қатыстылығын аіғартады. 
Сондықтан балаға сөз екпіні логикалық екпін түсінік беріліп, ол оқушының тіл 
мәдениетімен ұштастырылды.
Морфология, сөзжасам тарауларындағы грамматикалық тақырыптар оқушыларға қазақ 
тілінің негізгі сөздік қорындағы түбір сөздердің әртүрлі қосымшалар арқылы түрленіп, 
жаңа мағынаға ие болғанына, олардың стильдік бояуларына, қазақтың ойды құбылтып 
жеткізудің тетігі ретінде жұрнақтарға да ерекше мән бергендігіне мәтіндерге тілдік талдау 
жасату арқылы көз жеткізілді. Оқушының ауызекі сөйлеу тілі болсын, жазба жұмысы 
болсын сауаттылыққа үйретуге қолайлы, лингвистикалық дүниетанымды кеңейтуге негіз 
болады деп танылған жұмыстар іріктелініп алынды.Морфологияның объектілерін оқыту 
жасөспірімдердің саналы білім меңгеруіндегі жас ерекшеліктеріне орай олардың өздігінен 
ой қорытуына негіздей отырып жүргізілді. Эксперимент сабағының жүйесі төмендегідей 
болып құрылды.
Сабақтың тақырыбы: Қосымша 
Сабақтың мақсаты: 
білімділік – қазақ тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге жалғану заңдылықтары, 
ерекшелітері туралы ұғым беру; «қосымша» терминін саналы меңгерту.
тәрбиелік – қазақ тілінің морфологиялық заңдылықтарын түсіндіре отырып, 
тілдік-эстетикалық сезімдерін тәрбиелеу; ұжымдық жұмыс жасау барысында адамдық 
қасиеттерін дамыту.
дамытушылық – фонетика, лексика тараулары бойынша бастауышта меңгерген 
білімдеріне сүйене отырып, тілдік нормалар туралы түсініктерін дамыту; сауатты жазу, оқу 
дағдыларын жетілдіру; оқушылардың белсенді ойлау қызметтерін жандандырып, оқу 
мотивтерін туғызу.
сабақтың жабдығы – тақырыпқа арналған кесте, суреттер, кеспе карточкалар. 
Сабақты өту әдісі: интерактивтік әдістер – проблемалық жағдаят тудыру, 
ұжымдық талдау, ой қорыту; көрнекілік әдісі, танымдық ойындар. 
Пәнаалық байланыс: әдебиет, орыс тілі, шет тілі. 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру 
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 
а/ 216 жаттығуды ауша тексеру 
ә/ жаттығуды оқыған балаларға сыныптағы басқа оқушылар қосымша сұрақтар 
қойып, білімі бұрынғы өтілген тақырыптармен байланыстырылып, жаңғыртылады. 
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: 
1. 
Жаңа материалды қабылдауға дайындық 
а/ тақырыптың аты жазылып, сабақтың мақсаты түсіндіріледі.
ә/ өткен сабақтағы «түбір сөз» туралы білімдері, түсініктері пысықталады.
б/ «қосымша» терминінің мағынасы проблемалық жағдаят тудыра отырып, 
оқушылардың өзіне анықтатылады. 
2. 
Жаңа ұғымдар мен әрекеттерді қалыптастыру. 
2.1 
Репродуктивті түрдегі өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру:
а/ төмендегі мәтінді жаздырып түбір сөздер мен қосымша жалғанған сөздерді 
тапқызу. 



Ел бас/та/у қиын емес, -
Қон/атын жер/ден қол таб/ыл/а/ды 
Қол бас/та/у қиын емес, -
Шаб/атын жер/ден ел таб/ыл/а/ды. 
Шаршы топ/та сөз бас/та/у/дан 
Қиын/ды көр/гн/ім жоқ. 
/Бұқар жырау/ 
ә/ қосымшаның не үшін жалғанғанын пайымдату үшін тақтада жазылған 
жоғарыдағы мәтіндегі қосымшаларды өшіріп, мәтін дауыстап оқылады /қосымшалардың 
сөйлемдегі сөздерді байланыстыратынын, сөзге мағына үстейтінін оқушылардың өздеріне 
шешкіземіз/. 
б/ «жұрнақ», «жалғау» туралы бастауышта алған білімдерін еске түсіріп, соларды 
тірек ете отырып мәтін құрамынан жұрнақ пен жалғауды тапқызу, екеуінің ерекшеліктерін 
аңғарту.
в/ қосымшалардың түбірге жалғануында қандай дыбыстық заңдылықты байқауға 
болатынын назар аударту. 
1. 
түбір сөз бен қосымшадағы дауысты дыбыстарды салыстыру. 
2. 
түбір сөз бен қосымшадағы дауыссыз дыбыстардың үндесуін байқату. 
3. 
қосымшалардың сөз мағыналарына қандай әсері барын байқату. 
4. 
мәтіннен ауыспалы мағынада қолданып тұрған сөзді тапқызу: қол, сөз 
/мұндай талдаулар оқушылардың тіл салаларының бір-бірімен байланысын тануына негіз 
болады. 
2.2 
Көрнекілікпен жұмыс. /кестеде берілген сөздердің құрамына талдау жасатып, 
мынадай қорытынды шығарту/.

тәлім - гер І. Түбірдегі дыбыстарды ескермей, 

қамшы -гер жалғанатын қосымшалар болады. Олар:

өнер -паз -гер, -паз, -хана т.б. 

кітап -хана ІІ. Басқа тілден енген сөздерге қосымшалар

хирург -ке жалғанғанда, кейде қазақ тілінің

Әбішев -пен заңдылығы бұзылады. 

маркетинг –те 
2.3 
Дидактикалық ойын. /оқушылардың өздеріне ой қортындысын жасату/. «Кім 
жылдам?». Ойын шарты: мына сөздердегі қосымшаларды өз орнына қой: 
- мемлекет-дей-гі-нде-і-тер 
- қысыл-ғы –да-шаң 
- шешен-ге-дік-іңіз 
- бауыр- да-ы-дар-ғы-нда 
- естелік- дің-іміз-тер 
/Оқушылар қосымшалардың сөздерге белгілі бір заңдылық бойынша жалғанатынын 
пайымдайды: түбір+жұрнақ+көптік ж.+септік ж. немесе түбір+жұрнақ+көптік ж.+тәуелдік 
ж.+жіктік ж./. 
ІV. Қазақ, орыс, шет тілдеріне қатысты сөз ойлап, оған қосымша жалғатып 
жаздыру. Сөз құрамындағы тұлғалық айырмашылықтарды салыстыру. 
V. «Қосымша» тақырыбы бойыншаайтылған пікірлерді жүйелетіп, ереже 
дәптерлеріне жаздыру: 
-қосымша түбір сөзге жалғанады; 
-қосымша түбір сөздегі дыбыстардың ерекшелігіне сәйкес жалғанады; 
-қосымша өзі жалғанған сөзге мағына үстейді; 
-қосымша сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстырады; 



-қазақ тілінің төл сөздерінде қосымша мен түбір сөздің арасындағы дыбыс, буын 
үндестіктері сақталады, ал кейбір басқа тілден енген сөздерде сақталмауы мүмкін; 
-қазақ тіліндегі қосымшалар белгілі бір заңдылық бойынша бір-бірінің үстіне 
жалғана береді, ал орыс тілінде түбір сөзге бір ғана қосымша жалғанады; 
VІ. Үйге тапсырма: қосымшасы ең көп екі сөз тауып, оны сөйлем ішінде келтіріп 
жазу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы