№11 дәріс Лекция тақырыбы



Pdf көрінісі
бет1/3
Дата20.05.2022
өлшемі165.81 Kb.
#256498
түріЛекция
  1   2   3
Байланысты:
ATTNGUCTTNCS19052022132103




№11 дәріс 
1.Лекция тақырыбы: Лингвистикалық дүниетаным – оқу мотивін 
қалыптастырудың жолы 
2.Лекция жоспары: 
1.Тілді оқыту барысында тілдің білімдік, танымдық, практикалық қызметтерін тұтастықта 
таныту оқу әрекеті. 
2.Сабақтың түрлері. 
3. Дәрістің күтілетін нәтижесі: Лингвистикалық дүниетаным – оқу мотивін 
қалыптастырудың жолын меңгереді. Тілді оқыту барысында тілдің білімдік, танымдық, 
практикалық қызметтерін тұтастықта таныту оқу әрекетін қолданады.
4.Лекция мазмұны: Тілді оқыту барысында тілдің білімдік, танымдық, 
практикалық қызметтерін тұтастықта таныту оқу әрекетінің барлық сатыларында 
дамытылып, бекітіліп отырды. Оқушы бойында тілге деген қызығушылық қалыптастыру, 
мүдделік сезімін ояту мақсат етіп қойылды. Ол білімді терең меңгеруге ұмтылдырудың да 
факторы ретінде көрінді. Біз ұсынған жасөспірімдердің танымдық, білімдік деңгейлеріне 
сай іріктелген тапсырма жүйесінде тілдің қоғамдық рөлін, ана тілінің өзіне тән сұлулығы 
мен байлығын, ішкі ерекшеліктерін, даралық сипатын барынша кең ауқымда түсіндіру 
көзделді. Бұл мәселе белгілі ақын-жазушылардың, ғалымдар мен үлкен ойшылдардың ана 
тілі жөніндегі нақыл сөздерін жиі, орынды пайдалана отырып, талдау жасату арқылы; 
қарым-қатынастың басқа түрлеріне қарағанда адам тілінің артықшылығын дәлелдейтін 
практикалық жұмыстар арқылы; тіл жайында жазылған дидактикалық мәтіндерді іріктеп, 
жан-жақты талдау, оқушыға өз ой қорытындысын жасату арқылы; тіл, сөз жайында халық 
ауыз әдебиеті үлгілерінен үзінділер, мақал-мәтелдер, афоризмдер жинату арқылы;тіл 
жөнінде оқушының өз ой-пікірлерін, толғаныстарын ауызекі сөйлеу тілінде, жазба 
жұмыстарда кең түрде білдіруге мүмкіндік беру арқылы шешімін тауып отырды. 
Тілдің адамзат тарихындағы орнын дұрыс түсіндіру, оның ұрпақтар арасын 
жалғастыратын «алтын көпір» екеніне оқушы назарын аударта отырып, баланың тіл 
мәселесіне жауапкершілік сезімін арттыруға әсер ететін практикалық жұмыс түрлері 
сараланып беріліп отырды. Ана тілі, оның жүйелі дамуы жөнінде оқушының саналы 
түсінігін қалыптастыру оқытудың басты бір міндеті ретінде белгіленді. Ауызша және жазба 
тілдердің негізгі ерекшеліктерін, оларға қойылатын талаптарды таныту мақсаты қойылды. 
Мұнда білім мазмұны оқушының саналы қатынасына негізделген мотив мәселесімен 
тікелей байланыстырылды. Балаға тілдің алам үшін қаншалықты маңызға ие болатынын 
таныту көзделді. Бұл пәнді меңгеруде өздігінен білім алуға деген ұмтылысты бірте-бірте 
дамыту, лингвистикалық дүниетаным қалыптастыру деңгейіне сай мотивтерді саралаумен 
тікелей қатысты қаралды.
Ана тілін оқытудың басты мақсат-міндеттері қандай, оқушының бұл пәнне алатын 
білімі не үшін керек деген мәселе төңірегіндегі әңгімелердің грамматикалық 
тақырыптардың ерекшеліктерімен сәйкестендіріліп жеткізілуі оқушылар мен оқытушылар 
арасындағы ынтымақтастық педагогикасының ізгілікті қатынастарын қалыптастыруға 
игіліктерін тигізді. Ең бастысы, ана тілін оқу барысында баланың өмірге қажетті қарым-
қатынас этикасын меңгеруге бағыттайтын міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік туды. 
Оқушының өздік әрекеттерін ұйымдастыра отырып, қазіргі қоам талабымен үндесетін оқу 
үдерісіне қол жеткізілді. Оқуға деген саналы қарым-қатынасты тәрбиелеу, оның мәнін 
түсіну білімнің жекелік те, қоғамдық та маңызын танытумен қатар, оқуға қызығушылық 
тудыруға ерекше әсер ететіні анықталды. 
Қазақ тілі сабақтарында пәнді оқытудың ең басты мақсатын әр сабақтың мақсаты 
арқылы жүйелі түрде дамытып беру көзделді. Бұл пәнді оқытудың мазмұн жағынан 



тұтастығын сақтауға негіз болды. Сонымен бірге сабақты өткізуде оқушылардың оқу 
мотивтерінің кешенді түрде қамтылуы, оқушыны бірте-бірте дамытып отыруға да 
мүмкіндік беретініне де қол жеткізілді. Жасөспірімдердің әлі де толық тұрақтанып 
болмаған танымдық қабілеттерін детілдіруде де, оқуға, сабаққа қатынасын тиянақты, даму 
ерекшелігіне сай деңгейде қалыптастыруда да бұл ұстанымның мәнді екені айқындалды.
Сабақ жоспарларында оқушыны өз әрекетінің субъектісі ретінде тани отырып, баланың 
танымдық-шығармашылық әрекеттеріне бағыт беріп, олардың өздік жұмыстарын
ұйымдастырудың жолдары белгіленді. 
Біз эксперимент жүргізуде 5-сыныптың орта мектептің алғашқы сатысы, тілдің 
ғылыми жүйесімен танысудың бірінші баспалдағы екенін ескере отырып, балалардың пән 
туралы саналы көзқарасын алғашқы кіріспе сабақ мазмұнынан бастап қамтуды жөн көрдік. 
Себебі кіріспе сабақ бүкіл білімге саналы қатынас қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. 
Сондықтан кіріспе сабақтың өту деңгейі оқушы мен пән арасындағы байланысқа әсер ететін 
маңызды фактор болып саналады. 
Өзіміз өткізген кіріспе сабақта қазақ тілі пәні жайлы түсінік беріп, неғұрлым кең, 
оқушы ұғымына сай деңгейде тілді оқудың, үйренудің маңызы жөнінде айтылды. Әңгіме 
тақырыбында тілдің қарым-қатынастық қызметі тек сөйлесу, пііралысу қажеттігін өтеу 
үшін ғана емес, адамның жалпы мәдениетін, ішкі рухани дүниесінің деңгейін танытатын, 
көрсеткіш екенін білгізу арқылы пәнге оқушы зейінін аудардық. Тілден басқа да қатынас 
құралдары /көшеде жүру белгілері, теңізшілердің байланыс белгілері, түрлі таңбалар, 
символдық мәні бар белгілер/ туралы олардың белгілі бір дәрежеде маңызды орын алатыны 
туралы айту оқушының өзі күнделікті көріп жүрген фактілерін жаңа бір қырынан тануына 
себеп болды. Сабақ сұрақ-жауап әдісі арқылы жүргізілгендіктен, оқушылар бір-бірінің 
пікірлерін мұқият тыңдап, тілдік қарым-қатынастың басқа қатынас құралдарынан 
артықшылығының негізгі адам сезімімен байланыстығындаекндігіне көздерін жеткізді. 
қолдарын жеткізді. Бұл оқушылардың танымдық мотивтерін туғызуға сол арқылы 
оқушылардың тілдік білімнің қажеттілігін сезінуіне ықпал етеді. Осындай қызықты 
мәліметтерді жинақтап, тілдің бірнеше қызыметін саралап көрсеттік. Тіл-қарым қатынас 
құралы, тіл-айналадағы дүниені танудың құралы, тіл-адамның жеке мәдениетінінің 
көрсеткіші, тіл-өткен тарихты танудың құралы, адамдарың ақыл-ойын жалпы дүние 
танымын қалыптастырудың құралы, қортындыда осы сыныптан бастап тілдің ғылым 
ретінде оқытылатыны түсіндірілді. Қазақ тіл білімінің өзіндік ерекшеліктері, заңдылықтары 
болатынына тоқтадық. Бұл ақпаратта балалардың жаңа пәнге ықыласын аударды. Сабақ 
мазмұны төмендегідей жүйемен өтілді.
Сабақтың тақырыбы: Тіл-адам қарым қатынасының маңызды құралы. 
Сабақтың мақсаты; 
-білімдік:тілдің адам тіршілігіндегі орны туралы, қоғамдық мәні туралы түсінік 
беру;адамдар арасындағы қарым-қатынастың ең маңызды құрал болуы тілдің тәбиғи 
қызыметі екнін таныту;''қазақ тілі''пәннің мақсаты мен таныстыру. 
-тәрбиелік: ана тілін сүйіп, құрметтеуге тәрбиелеу;ұлттық өасиетті сақтауға, тілді 
ұлттық мұра ретінде қадірлеуге үйрету.
-дамытушылық: тіл, оның ішінде ана тілі туралы түсініктерін кеңеите отырып, пәнге 
қызығушылығын туғызу. 
Сабақтың жабдығы: тіл туралыМ.Жұмабаевтың ''тіл-ұлттың жаны'' деген сөзі 
жазылған плакат, қазақстан республикасының әнұраны жазылған үнтаспа, ''маржан 
сөз'',''ана тілім-ардағым'' атты кітаптар.
Сабақта қолданылатын әдістер: әңгіме, түсіндіру, талдау, көрнекілік. 
Сабақтың барысы; 
1. Ұйымдастыру. 
2.жаңа сабақты түсіндіру.
3.жаңа матерялды қабылдауға дайындық. 



а/ мұғалімнің кіріспе сөзі; сабақтың тақырыбымен, мақсатымен тныстыру;ә/ 
оқушылардың бұрынғы білімдерін жаңғырту үшін сұрақтар қою. 
адамға тіл не үшін қажет деп ойлайсыздар? 
ана тілі дегенді қалай түсінесіздер? 
егер тіл болмаса адам тіршілігін көзге қалай елестетер едіңіздер? 
тіл тек сөйлеу үшін керек пе, әлде тағы басқа қызыметі бар ма? 
4. Жаңа ұғымдар мен әрекет-тәсілдерін қалыптастыру. 
әңгімелесу тәсіл арқылы сабақты түсіндіру. 
-адамның сөйлеу тілінің пайда болуы; 
-тілдің екі түрі бар;ауызша сөйлеу және жазбаша тіл
Олардың қажеттілігі; 
-тіл дүниені танып-білудің құралы; 
-Тіл-адамдардың бірігіп еңбек етуінің, түсініуінің құралы. 
Адамның сөзі-оның ішкі болымысының айғағы. 
-тіл- ұлттың жаны/м .Жұмабайев/ 
-ана тілін сақтау, қорғау, құрметтеу-парыз. 
2. оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыру. 
а/ ғ.Мүсіровтың “ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан да 
қол үзеді. Қай халықтың болса да басынан кешкен дәуірлері, қилы-қилы кезеңдері ана тіліне 
із қалдырмай өте алмайды. Ана тала ғасырлар бойында жасара да береді, жалғаса да береді. 
Ана тілін тек өгей ұлдары ғана менсінбейді, өгей ұлдары ғана аяққа басады ”деген пікірін 
дәптерлеріне жаздырып, осы пікірден туған түсініктерін әңгімелеу.
ә/ Қазақстан Республикасының әнұранын үнтаспадан тыңдатып, ұрпақтан-ұрпаққа 
аманат ретінде тапсырылатын үлкен қасиетті ұғымдарды атату. өлең жолдарана сүйеніп, 
оқушылардың өздеріне түйін жасату.
б/ ауыз екі сөйлеу және жазба тілдің ерекшеліктерін танытатын қырларын нақты 
мысалдар арқылы бөліп жаздыру. 
Ⅳ. Сабақта алған білімдерді өорыту; 
а/ тіл-асыл қазына, ұлы мұра; 
ә/пәннің басты мақсаты-тілдің қасиетін таныту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру, тілді 
ғылым ретінде түсіну. 
Ⅴ. Үйге тапсырма; ана тілі, сөз құдіреті туралы нақыл сөз немесе мақал-мәтл тауып 
жазу, онда айтылған ойды өз сөзімен кеңейтіп түсіндіру. 
Осы осы кіріспе сабақтағы оқушы түсініктері ары қарай“бастауыш сыныптарда 
тереңдетілді. Оқулықта берілген материялдармен шектелмей, тіл туралы, ұлттық өнер, 
қазақтың тарихы жөніндегі танымдық мәтіндерді ұсына отырып осының бәрі де тіл арқылы 
танылып, тіл арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқанына үнемі назар аударып 
отырдық.
Балалардың мәтін мәтін мазмұнын түсініп қана қоймай, оны өз сөздерімен айта 
білулері талап етеді. Бұл балалардың сөйлеу, жазу дағдыларын дамытуымен қатар, ойы мен 
танымын кеңейтіп, әрі пән мақсатын, өзінің оқу міндетін дұрыс түсінуге жол ашты. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы