11-Апта срсп тақырыбы:Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы

Loading...


Дата07.04.2020
өлшемі21.56 Kb.
11-Апта

СРСП

Тақырыбы:Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы дегеніміз – қандай да бір әрекеттердің (әрекетсіздіктердің) заңға қайшы, кінәлі деп танылған, әкімшілік жауапкершілікке алып келу үшін қажетті, әкімшілік заңнамада белгіленген белгілер жиынтығы.

Іс-әрекет құқық бұзушылық деп саналу үшін онда құрамның барлық белгілеріболуға тиіс. Олар ӘҚтК-тің ІІ тарауының Жалпы бөлімінің нормаларымен анықталған. Ол құқық бұзушылықтың обьектісі, объективтік жағы, субъектісі және субъективтік жағы. Осылардың біреуінің болмауы құрамның толық болмауын білдіреді. Яғни, жауапкершіліктің негізі болмайды.

Жинақтау дәрежесіне қарай құқық бұзушылық жалпы, тектік және тікелей обьектілерге бөлінеді. Құқықтың әр түрлі салаларымен реттелген, әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылық объектісі, оның ішінде жалпы объектісі болып табылады. Жалпы объектінің дербес бөлігін құрайтын қоғамдық қатынастар әкімшілік құқық бұзушылықтың тектік объектісі болып саналады. ӘҚтК тектік объектілерді тек мемлекеттік басқару салалары бойынша ғана емес, сонымен қатар реттелетін қоғамдық тәртіп, табиғат қорғау, т.б. бөліктеп қарайды. Бір текті бірқатар құқық бұзушылық (жол қозғалысы, төқұжат режим ережелерін, кеден ережелерін бұзу) үшін ортақ қоғамдық қатынастар тобы түрлік объекті деп танылады. Тікелей объекті дегеніміз - әкімшілік жауапкершілік шараларымен қорғалатын нақты қоғамдық қатынасқа зиян келтіру (Кеден бақылауы аймағында режимді бұзу). Мысалы, ұсақ бұзақылық кезінде тікелей объект азаматтардың тыныштығы және имандылық.

Объективтік жақ әкімшілік құқық бұзушылықтың сыртқы көрінісін, іс-әрекеттің (әрекеттің немесе әрекетсіздіктің) өзін сипаттайды. Құқық бұзушының құрамында, көбіне, құқық бұзушылық жасау тәсілінің, сипатының (қайталанушылық, бірнеше рет жасалғандық), жасалған уақыт пен орнының (қоғамдық орын, шекара зонасы, әуе кемесі), келген зиянның, қылмыс жасауда пайдаланылған құралдардың (көлік құралы, ішімдік, есірткі заттар, қару) маңызы зор. Объективтік жақтың іс-әрекеттің бірнеше рет жасалғандығы және қайталанғындығы сияқты белгілері әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамдарына жиі қарастырылады. Бірнеше рет қайталану дегеніміз – бір текті әрекеттің немесе әрекетсіздіктің бір реттен көп жасалуы. Бір тектілік болмаса бұл белгі әкімшілік құқық бқзушылықтың объективтік жағына жатқызылу мүмкіндігі болдырамайды.

Ал, қайталанушылық дегеніміз – бір адамның әкімшілік жаза берілген біртекті құқық бұзушылықты бір жыл ішінде қайталап жасауы. Қайталанушылық әкімшілік құқық бқзушылықты жасағаны үшін жауаптылықты ауырлататын мән-жай болып табылады.

Бірнеше рет құқық бұзушылық, қайталанушылыққа қарағанда, бірнеше құқық бұзушылық емес, бір құқық бұзушылық деп саналады.

Әкімшілік құқық бұзушылық субъектісі дегеніміз – оны жасаған жеке тұлға, басқа сөзбен айтқанда - әкімшілік құқық бқзушылықты жасауға қабілеті бар, құқық бұзғандығы үшін заңға сәйкес әкімшілік жауаптылыққа тартылуы мүмкін адам Әкімшілік жауапкершілік субъектісінің жалпы және арнайы белгілері боладв. Жалпы белгілері – 16 жасқа толғандық және ақыл-есінің дұрыстығы. Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын адамдардың барлығында болуы тиіс. Егер құқық бұзушылықтың құрамына сәйкес осы екі белгілерге ие адам субъект ретінде танылса, онда әкімшілік құқық бұзушылықтың жалпы субъектісі жайында сөз болады. Кейбір жағдайларда қандай да бір адамды құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылыққа тартуға жалпы белгілердің болғандығы жеткіліксіз. Сондықтан да заң шығарушылар мұндай жағдайларды құқық бұзушылық құрамына қосымша, субъектіні сипаттайтын арнайы белгілер кіргізген. Бұл жерде әңгіме арнайы субъект жайында, ондай адамда жалпы белгілермен қатар әкімшілік құқық бқзушылық құрамына заң шығарушы кіргізген арнайы, қосымша белгілер де болады. Бұл белгілер үш топқа бөлінеді, олар мынаны сипаттайды:

-тұлғаның құқықтық жағдайын немесе қызмет түрін (лауазымды адам, әкімшілік мемлекеттік қызметкер, сауда немесе қоғамдық тамақтандыру кәсіпорынның қызметкері, көлік құралын жүргізуші, кәсіпкерлік қызмет);

-субъектінің құқықтық мәртебесінің ерекшеліктері (әскери міндетті, ата-ана, шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға);

-субъектінің бұрынғы құқық бұзушылық іс-әрекеті (әкімшілік қадағалаудағы адам; құқық бұзушылықты қайтара жасаған адам).

Әдебиетте заңды тұлғаларды жауаптылыққа тарту жөніндегі даулар ұзақ уақыт айтылып келеді. Заңды тұлғалардың әкімшілігін болдырмайтын дәлел ретінде мамандар көңілге қонымды және жеткілікті мысалдардың жоқтығына сілтеме жасайды. Әс жүзінде мүлде басқаша. Қазақстан Республикасының заңнамасында заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі көзделген. Бұл жерде осы құбылыстың жаратылысын, әсіресе уәкілетті лауазымды адам заңды тұлға болып құрылған кезде, бөліп алып саралаудың маңызы зор.

Субъективтік жақ, бұл – субъектінің өзі жасаған заңсыз әрекетке немесе әрекетсіздікке және оның мүмкін болатын салдарына психологиялық қатынасы. Кінә арам ниеттіліктен немесе абайсызда туындауы мүмкін. Қасақана әрекет немесе әрекетсіздік жасағанда адам өз іс-әрекетінің сипатын ұғынады, оның теріс зардабын алдын ала көреді, сол зардаптардың болуын қалайды немесе саналы түрде оған жол береді.

Ал, абайызда жасалған деп танылады, егер адам зиянды салдардың болатынын білуге тиіс болса немесе біле алса, бірақ оларды болады деп ойламаса.

Әкімшілік құқық бұзушылық жасағанда кінәнің формасы, көбіне, көрсетілмейді және онда сараланушылық маңыз болмайды. Кінә - субъективтік жақтың міндетті белгісі. Құқық бұзушылық жасаудың себебі мен мақсаты факультативтік белгілерге жатады, себебі олар тек бірнеше құрамдарда ғана көрсетілуі тиіс.

Әкімшілік құқық бұзушылық құрамы толық болған жағдайда ғана, оны жасаған адам жауапкершілікке тартылуы мүмкін. ӘҚтК құқық бұзушылық жасаған адамды әкімшілік жауаптылықтан босатудың негіздемелерін қарастырған. Жасалған құқық бұзушылықтың сипаты мен құқық бұзушының жеке басы сондай негіздемелерге жатады. Бұл ретте әкімшілік құқық бұзушылық үшін жауапкершілікті жеңілдететін мән – жайлар (шын жүректен өкіну, кінәлінің зиянды салдарын тойтаруы, құқық бұзушылықты кәмелетке толмағанның жасауы және т.б.), құқық бұзушының қаншалықты кінәлі екендігі, оның мүліктік жағдайы ескеріледі. ӘҚтК-тің 67-70 және 71-баптарына сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өзінің іс-әрекетімен өкінуіне, құқық бұзушылықтың елеусіз болуына, ескіру мерзімінің өтуіне, рақымшылық жасау актісіне, науқасына байланысты одан босатылуы мүмкін.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын дәлірек түсіну үшін ӘҚтК-тің 114 бабын «Кәмелетке толмағандарға темекіні және темекі бұйымдарын сату» - алып қарастыруға болады. Бұл баптың жалпы объектісі – кәмелетке толмағандардың құқықтары. Және қоғамдық тәртіп. Субъект болып әкімшілік құқық субъектілігіне ие жеке тұлға. Яғни, заңды тұлға емес. Бұл құқық бұзушылықтың субъективтік жаға қасақана немесе абайсызда болуы мүмкін. Ал, объективтік жағы- әрекет.

Әкімшілік құқық бұзушылық белгілерін оның заңды құрамына айырудың практикалық маңызы бар. әкімшілік құқық бұзушылықтың барлық белгілері бола тұрып, құрамы болмауы мүмкін, сол себепті әкімшілік жауапқа тарту заңсыз болып табылады.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы – нормативтік-құқықтық актілерімен бекітілген белгілердің (элементтердің) жиынтығы, солар бар болғанда әкімшілік жауаптылық ппайда болады. Әкімшілік құқық бұзушылық құрамының белгілері (элементтері) болып: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы табылады.

Құқық нормаларымен реттелген және әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалатын қоғамдық қатынастар объект болып табылады. Ісжүзінде объект ретінденақтылынормалар, тпасырмалар, заңдыталаптар, тыйымсалуларболады. Бұл нақтылы объектілер көрінісінің нысандары әртүрлі болатын мүмкіндігін білдіреді. Мысалы, ұсақ бұзақылық қоғамдық тәртіпке қол сұғұ деген сөз, бірақ ол заңда айтылған «ұсақ бұзақылық» түсінігінің тұжырымдамасында берілген үлгі тізімдегі іс-қимыл жасаудан көрінуі мүмкін.

Объективтік жағы әкімшілік құқықпен тыйым салынған әрекетке немесе әрекетсіздіккке саяды. Жоғарыда айтылғандай, әрекет немесе әрекетсіздік көптеген құқық салаларымен реттелінген нақтылы қоғамдық қатынастарға қол сұғұы мүмкін.

Әкімшілік теріс қылықтың объективтік жағы – бұл оны сыртқы көрінісінің актісі ретінде сипаттайтын әкімшілік құқық нормаларымен қаралған белгілердің жиынтығы. Бұл белгілердің ішіндегі ең маңыздысы әрекеттің өзін сипаттайтын белгі болып табылады, оның түрлері әрекет не әрекетсіздік болуы мүмкін. Әрекет – басты белгі, ол объективтік жақтың басқа ерекшеліктерімен (тәсіл, уақыт, орын және басқа) толықтырылуы мүмкін. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамында орын мен уақыт белгілері, мысалы, қоғамдық орындарды спирт ішімдіктерін ішу өте жиі кездеседі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жааған адам танылады. Субъектілерді сипаттайтын белгілерді 2 топқа бөлуге болады: азаматтық жауаптылыққа қабілеті бар және әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамның 16 жасқа толуы жалпыға жатады, ал арнайы топқа кәсіби қызметі, лауазым жағдайы, бұрынғы құқық бұзушылық фактілері, құқықтық мәртебенің ерекшеліктері (әскери қызметші, шетелдік т.с.с.) жатады.

Әкімшілік құық бұзушылықтың субъективтік жағы – субъектінің құқық бұзушылық әрекетіне не әрекетсіздігіне және оның салдарына психикалық көзқарасы. Оның түйіні кінә болып табылады, ол маскүнемдік немесе абайсыздық нысанында көрінісін табады. Осы көрсетілген нысандарда құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам, құқық бұзушылық құрамның басқа белгілері бар болса, оны жасаған үшін кінәлі болып табылады.


11-Апта

СРС
Тақырыбы: Кеден саласындағы әкімшілік құқықбұзушылықтарға мысал келтіру.

-Кедендік бақылау аймағының шекарасы арқылы тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеден органдарынан басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың өткізілуі, сондай-ақ осы аймақта мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз өндірістік және өзге де кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;

-Кеден өкілінің, меншікті тауарларды сақтау қоймасын, уақытша сақтау қоймасын, еркін қойманы немесе кеден қоймасын, бажсыз сауда дүкенін иеленушілердің "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес осындай қызметті жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, кеден қоймасын немесе еркін қойманы, бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жайлардың немесе аумақтардың Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

-Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралында мемлекеттік кіріс органының осы көлік құралы тұрған жерді анықтауына мүмкіндік беретін техникалық жабдықтың болмауы не оның жарамсыз болуы;

-Тауарларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелген кезде мемлекеттік кіріс органын Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес құжаттарды ұсынбау арқылы олардың келгені туралы хабардар етпеу;

-Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тауарлардың кету тәртібін бұзу не Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес кету үшін құжаттарды ұсынбау;

-Авария, еңсерілмейтін күштің әсері немесе өзге де мән-жайлар жағдайында тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету үшiн шаралар қолданбау, жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына осы мән-жайлар және осындай тауарлардың тұрған орны туралы хабарламау не оларды жақын маңдағы мемлекеттік кіріс органына немесе мемлекеттік кіріс органы көрсеткен өзге де орынға тасымалдауды (тасуды) қамтамасыз етпеу;

-Тауарлар мен көлiк құралдарын жеткiзу орнына бермеу және олардың құжаттарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына тапсырмау

Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының рұқсатынсыз кедендік бақылаудағы тауарларды және көлік құралдарын беру;

-Көлік құралын тоқтатпау оның техникалық ақаулығынан немесе еңсерiлмейтiн күштiң әсерiнен болған жағдайларды қоспағанда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы өтетін көлiк құралын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауарларды өткізу орындарында тоқтатпау;

-Кедендiк бақылауда тұрған көлiк құралын не Еуразиялық экономикалық одақтың кедендiк шекарасы арқылы тауар ретiнде өткiзiлетiн көлiк құралын оның тұрған орнынан Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жөнелту;

-Тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыруға байланысты кедендiк операцияларды жасау және тауарларды кедендiк тазарту тәртiбiн бұзу, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды кедендiк рәсiммен орналастыру, кедендік операцияларды жасау орны мен уақыты жөнiндегі талаптарды, сондай-ақ тауарлардың жекелеген санаттарын кедендiк рәсiммен орналастырудың бiрiншi кезектегi тәртiбiн қолдану шарттарын сақтамау;

-Өздеріне қатысты кедендiк тазарту аяқталмаған тауарлармен Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген талаптар мен шарттарды бұза отырып, операциялар жүргiзу, олардың жай-күйiн өзгерту, оларды пайдалану және (немесе) оларға билiк ету;

-Мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз не оны хабардар етпей, кедендік бақылауда тұрған тауарлар мен көлiк құралдарын тасымалдау, тиеу, түсiру, қайта тиеу, қаптамаларының бүлінген жерін жөндеу, қаптау, қайта қаптау немесе тасымалдау үшін қабылдау, мұндай тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу, көрсетілген тауарлар мен көлiк құралдары болуы мүмкiн үй-жайларды, ыдыстарды және басқа да орындарды ашу не кедендік бақылауда тұрған тауарларды тасымалдайтын халықаралық тасымалдың көлік құралын ауыстыру;

-Мемлекеттік кіріс органдары, оның ішінде шет мемлекеттердің мемлекеттік кіріс органдары пайдаланатын сәйкестендіру құралдарын мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз жою, алып тастау, өзгерту не ауыстыру немесе мұндай сәйкестендіру құралдарын зақымдау не жоғалту;

-Декларанттың және (немесе) кеден өкілінің тауарларды кедендік декларациялау тәртiбiн бұзуы, яғни Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген, тауарларды алдын ала, толық емес, мерзiмдiк және уақытша кедендік декларациялауды қоса алғанда, тауарларды кедендік декларациялау орны бойынша кедендік декларацияны толтыру және кедендік декларациялау тәртібі жөніндегі талаптарды сақтамауы;

-Кеден өкiлiнiң үшiншi тұлғамен азаматтық-құқықтық шарт жасаспай не шарттың қолданылу мерзiмi өткен соң немесе оны бұзғаннан кейiн үшiншi тұлғаның мүддесi үшiн кеден iсi саласындағы қызметтi жүзеге асыруы;

-Уәкiлеттi экономикалық оператордың осындай қызметтi жүзеге асыру үшiн Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген талаптарды сақтамауы;

-Тауарларды кедендiк декларациялау кезiнде кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi мемлекеттік кіріс органына белгiленген мерзiмдерде ұсынбау;

-Кедендiк тасымалдаушының, кеден өкiлiнiң, меншікті тауарларды сақтау қоймасын, уақытша сақтау қоймасын, кеден қоймасын немесе еркiн қойманы, бажсыз сауда дүкенiн иеленушілердiң, уәкілетті экономикалық операторлардың, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кедендік аймақтар аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, қайта өңделетiн, дайындалатын, сатып алынатын және өткiзiлетiн тауарлар туралы есептiлiктi Қазақстан Республикасының мемлекеттік кіріс органына Еуразиялық экономикалық одақтың және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртiппен және мерзiмдерде ұсынбауы не анық емес есептілікті ұсынуы, сол сияқты мұндай тауарларды есепке алуды жүргiзу тәртiбiн сақтамауы.

-Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткiзiлетiн не өткізілген тауарларды кедендiк бақылаудан жасыру, оның iшiнде тауарларды табуды қиындататын құпия орындарды не басқа да тәсiлдердi пайдалана отырып жасыру немесе бiр тауарларға басқалардың түрiн беру;

-Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кедендік бақылаудан тыс не осындай бақылаудан жасырып, не құжаттарды немесе сәйкестендіру құралдарын алдап пайдалана отырып, не декларацияланбай немесе анық емес декларацияланып әкелiнген тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау, сатып алу, пайдалану немесе оларға билiк ету, сол сияқты өздеріне қатысты кедендік төлемдер және салықтар бөлігінде кедендік жеңiлдiктер берiлген, оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берiлгеннен өзге мақсаттарда Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органының рұқсатынсыз пайдаланылатын не иелiктен шығарылатын тауарлар мен көлiк құралдарын тасу, сақтау және сатып алу;

-Пайдаланылуы және (немесе) билiк етілуі шектелген тауарларды, сондай-ақ шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделгеннен, оның ішінде оларға байланысты осындай жеңiлдiктер берілгеннен өзге мақсаттарда пайдалану және (немесе) оларға билiк ету;

-Төлеушілердің және (немесе) төлеушімен бірге ынтымақты міндет жүктелетін тұлғалардың кедендік баждарды, салықтарды, арнайы, демпингке қарсы, өтемақы баждарын төлеу жөніндегі міндетті белгіленген мерзімдерде орындамауы немесе тиісінше орындамауы, кедендік алымдарды, пайыздарды белгіленген мерзімдерде төлемеу.

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
ызмет регламенті
бойынша жиынты
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
Республикасы кіметіні
идаларын бекіту
облысы кімдігіні
мемлекеттік ызмет
рсетілетін ызметтер
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
дебиеті маманды
мемлекеттік мекемесі
Мектепке дейінгі
дістемелік сыныстар
дістемелік материалдар
ауданы кіміні
конкурс туралы
жалпы білім
рметті студент
облысы бойынша
мектепке дейінгі
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
білім беруді
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
разрядты спортшы
аласы кіміні
директоры бдиев

Loading...