11- сынып қазақ тілі Сәуірдің жетісі

Loading...


Дата13.04.2020
өлшемі26.65 Kb.
11- сынып қазақ тілі

Сәуірдің жетісі


Пікірталас мәдениеті.
Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері.
Монолог пен диалог.
Пікірталас мәдениетіндегі ең бастысы аудиторияға ой тастау, ал көпшілік ойын әрқашан бір арнаға құя бермейді. «Ойды ой қозғайды», жаңа пікір тудырады немесе жаңа пікірдің ашылуына жағдай жасайды, не қарсы көзқарас пайда болады.

Сұрақтың мазмұнына қарап, оны екіге бөлуге болады:



  1. түсіндірме сұрақтар;

  2. қосымша сұрақтар

Сұраққа берілген жауапқа әрқашан да барлығы бірден келісіп, мойынсұну бола бермеуі де мүмкін, осы тұста пікірталас пайда болады.

Пікірталас – түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, салғастыру арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу.



Пікірталасты мынадай түрлерге бөлуге болады:

  1. Пікіралмасу

  2. Ойталасы

  3. Пікірсайыс

  4. Ойбөліс

  5. Айтыс

  6. Сөзталас

Пікір – көрген, оқыған, естіген әңгіме, баяндама, көркем шығарма т.б. еңбектер жайындағы әсер, туған ой.
Пікірталас мәдениеті.


Қарсыласына тойтарыс беру шарттары мен тәсілдері




Тәсілдері

Шарттары

Дәлелдеу

— ой қорытындысы

— аргументтер

— дәлелдеу тәсілі


Сендіру

— шешендік тәсілдер

— көтеріңкі көңіл-күй

— сенімді дауыс

— айбынды түр



Бекерге шығару

ойды бекерге шығару

— айғақтарды сынау

— дәлелдеу тәсілдерін бекерлеу

— юмор, ирония, сарказм



Сұрақпен төпелеу

-сұрақты үсті-үстіне қою

Монолог және диалог



Монолог – (гр. monos - дара, гр. logos - сөйлеу) кейіпкердің көпшілікке қарата немесе өзіне арнап айтқан сөзі, толғанысы, өсиет-уағызы.

Монолог – сөз өнерінде кейіпкердің ішкі жай-күйін, толғаныс-тебіренісін бейнелеу мақсатында қолданылатын тәсіл. Монологтың ерекшелігі бір адамның ойы, сөзі көрініс табады. Сахналық Монологта кейіпкер өзімен-өзі сырласқандай болып, тыңдаушы не көрерменнен жауап күтпейді. Абайдың “Болыс болдым, мінеки” өлеңі лирикалық монолог.

Диалог – (гр. διάλογος) екі не бірнеше адамның кезектесіп сөйлесуі арқылы берілетін ауызекі тілдегі ерекше форма.[1]

Диалог - ғылымда танымдық процестің іздеген нәтижеге әр түрлі, бірақ бір-бірімен жарыспайтын көзқарастар, қатынастар, бағыттардың өзара байланысы жолымен жүзеге асырылатын прогрессивтік дамуының түрі ретінде көрінеді. Диалогиялық байланыс процесс диалогтің бір жағы ғана басқаның көзқарасын игеріп қоймайды, сонымен бірге өзінін идеяларымен дамытады және байытады, оны анықтайды, түзейді, жақсартады.[2]

Диалог – екі адам арасындағы сөйлеу әрекеті (егер сөйлеушілер екеуден көп болса онда полилог деп аталады). Монологтан айырмашылығы диалогта сөйлеумен қатар тыңдау механизмдері қатар жүреді.[3]

Біліктіліктері:

  • Сұрақты мәселені талқылауға қатысу және өзінің ойын жеткізе білу;

  • Пікірлестерден алынған хабарды толықтыра алу, нақтылай алу;

  • Сөйлесушінің айтқандарына дау айта алу, келіспеу, өз дәлелін келтіру;

Құрылымы: Диалогта сұрақ / жауап / қарсы сұрақ / сөйлеушілердің көңіл-күйі, реакциясы (сөзбен берілмейтін) болады. Диалогтар қысқа (2-3 сөйлем) және «мазмұнды» яғни ұзын болуы мүмкін.

Диалогта келесі айтылғандар орын алады:



  • Фразаларды, сөйлемдерді аяқтамау;

  • Сөздің орнына қимыл, жест, мимика қолдану;

  • Тек қана ауызекі сөйлеу барысында қолданылатын сөздерді қолдану.

Тапсырмалар:

95- жаттығу.

97- жаттығу.

Үйге тапсырма:

112- жаттығу.

Қосымша:


Аудио немесе видео арқылы монолог оқып түсіру

Достарыңызбен бөлісу:
Loading...


©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін ызмет
Жалпы ережелер
ызмет стандарты
дістемелік кешені
бекіту туралы
туралы хабарландыру
біліктілік талаптары
кіміні аппараты
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
ойылатын жалпы
мемлекеттік кімшілік
жалпы конкурс
білім беретін
Барлы конкурс
республикасы білім
бойынша жиынты
ызмет регламенті
ткізу туралы
конкурс атысушыларына
біліктілік талаптар
атысушыларына арнал
идаларын бекіту
Республикасы кіметіні
облысы кімдігіні
рсетілетін ызметтер
мемлекеттік ызмет
стандарттарын бекіту
Конкурс ткізу
мемлекеттік мекемесі
дістемелік сыныстар
Мектепке дейінгі
дебиеті маманды
дістемелік материалдар
білім беруді
ауданы кіміні
жалпы білім
конкурс туралы
мектепке дейінгі
рметті студент
облысы бойынша
мыссыз азаматтар
Мемлекеттік кірістер
дарламасыны титулды
Конкурс жариялайды
дістемелік кешен
мерзімді жоспар
разрядты спортшы
мелетке толма
ызметтер стандарттарын
директоры бдиев

Loading...