№10 тапсырма Бағалау үдерісіндегі тарих мұғалімінің орны мен рөлі


-Тарих сабағына қалай дайындалу керек?



бет4/4
Дата19.11.2021
өлшемі22.53 Kb.
1   2   3   4
-Тарих сабағына қалай дайындалу керек?

Тарих сабағына қойылатын талаптар мынадай: сабақтағы тарихи мазмұнның, педагогикалық ойдың толықтығы, оның алға қойған мақсатқа сәйкестігі; білімнің ғылымилығы; тарихи деректердің анықтығы; түрлі білім кездерін қолдану; базалық білім қалыптастыруда негізгі шешуші мәселені тандап ала білу; оқушылардың жоғары деңгейдегі дербес ойлай білуі мен танымдық белсенділігін қалыптастыру; сабақ типін, оны өткізудің құралдары мен әдістерін дұрыс тандай білу; тандап алынған оқу жұмысы тәсілдерінің педагогикалық ниетке, оқушылардың танымдық мүмкіндігінің мазмұнына сай келуі; мұғалім мен оқушы ерекетінің біртұтастығы.

Сабаққа дайындық оқу жылы басталмастан бұрын мемлекеттік стандарт пен барлық сыныптардың оқу жоспарымен танысудан басталады. Осындай жағдайда ғана мұғалім жекелеген сабақты емес, тұтас тақырыптарды, курстарды жүргізуге дайын болады. Осы құжаттардың негізінде мұғалім оқушылардың іскерлігі мен дағдыларды меңгеріп, тұлға ретінде қалыптасуы барысында терендеп, нақтылана тұсетін деректер мен ұғымдар жүйесін айқындайды. Содан соң барып, ол жүйенің мектеп оқулықтарынан қалай көрініс тапқанын, тарихи материалдың баяндалу сипатын, оның құрылымы мен мазмұнын, әдістемелік аппаратының қандайлығына көз жетізеді. Оқулықтарға талдау жасау өзара байланысты сабақтарды, олардың оқу курсындағы орны мен рөлін айқындауға мүмкіндік береді. Мемлекеттік стандарт, оқулық және бағдарламамен жете танысу оқылатын бөлім мен курстың тақырыбының оқу-тәрбиелік мақсаттарын айқындауға көмектеседі.

Осыдан соң сабақты тақырыптық жоспарластыруға кірісуге болады. Оның мәні — сабақтарды тарихи және қисынды байланыстарына, оқу типі мен түрлеріне қарай жүйеге топтастыру. Мұғалім мазмұнын өзі ашатын және оқушылардың дербес игеруіне оңай тиетін тақырыптарды белгілейді. Нақты сыныптағы оқушылардың танымдық мүмкіндіктерін анықтап барып мұғалім тақырыптық жоспар негізінде сабақ жоспарын түзеді.

«Б.д.д. Ү-ІҮ ғасырларда эллиндік мәдениеттің гүлденуің тақырыбындағы сабақ бойынша жоспарлануы мүмкін.

1) Б.д.д. Ү-ІҮ ғасырларда Элладаның сәулет, сұңғат және сурет өнері (Афина Акрополіне ойша саяхат);

2) Ежелгі грек театры (көрініс-сабақ);

3) Ежелгі Грецияның ғылымы мен мектебі (ойын-сабақ);

4) Олимпиадалық ойындар (репортаж-сабақ);

5) Қорытынды сабақ (викторина-сабақ).

Оқытуды материалды мазмұндаумен шатастыруға болмайды. Оқыту мұғалім қызметінің сабаққа дайындалудан оның тәжірибесін талдауға дейінгі барлық кезеңін қамтиды.

Сабаққа дайындалу функциялары (міндеттері, қызметтері). Сабаққа дайындалудың әр кезеңінің атқаратын өз функциялары бар.



  1. Тексерушілік функция сабаққа дайындықтың мынадай негіздерін қамтиды:

1) оқу материалының мазмұнын ой елегінен өткізу;

2) тақырыпты, бөлімді оқып-үйренудің мақсатына сай дидактикалық мақсатты тұжырымдау;

3) сабақ типін анықтау;

4) сабақ құрылымын белгілеу.

Бұл кезенде қажетті іскерлікті қалай қалыптастыру, қандай сезімдерді ояту қажеттігі айқындалады. Білім көзін тандаған мұғалім оны іске асыруға көмектесетін тәсілдерді тандайды. Бұл жерде білім көзі ретінде оқулық мәтіні, оқу картинасы, мұғалім дәрісі, оқу телефильмі қарастырылады.

Жаңа сабаққа дайындық өткен сабақтың үйге берілген тапсырмасын талдауды да қарастырады. Өткен сабаққа қатысты сұрақтар жаңа тақырыптың мазмұнына байланысты болуы шарт.



  1. Құрастырушылық функция:

1) нақты сыныптағы оқушы құрамының ерекшеліктеріне талдау жасау;

2) оқушы әрекетінің басым сипатын айқындау. Оқушының таным денгейі еске тұсіруші, өзгертуші және шығармашылық-ізденушілік болып бөлінеді. Еске тұсірушілік ханым денгейіңдегі оқушы сабақ барысында мұғалімнің айтқанын, жасағанын қайталап отырады. Ал, өзгертушілік таным деңгейіндегі оқушы дәрісті тындай отырып, оны қорытады; оқулықтың бірнеше параграфы бойынша кесте құрастырады; ауызша бейнелеу бойынша картадан нысанды көрсетеді. Ең күрделісі — шығармашылық-ізденушілік деңгейде оқушы құжаттарды талдап, дербес қорытынды жасайды; тарихи оқиғаның дамуына баламалы жағдай ойластыра алады.

Оқушылардың талданған өрекет деңгейі мұғалімнің сабақтағы жұмыс әдісіне тікелей байланысты. Нақтылай айтқанда, мұғалім дайындыгы төмен сыныпта тұсіндіруге мол уақыт бөліп, дайындығы жоғары сыныпта іздену бағытында жұмыс жүргізуге баса мән беруі тиіс.


  1. Ұйымдастырушылық функция алдыңғы функциялармен тығыз байланысты. Оларды талдай отырып, мұғалім: сабақты калай бастау керек; оқушылар сабақта немен айналысады; жаңа материалды игеруге оларды қалай жұмылдыруға болады; барлық оқушыларды қандай жұмысқа жегуге, қандай тапсырма беруге болады деген сияқты кептеген сұрақтарға жауап қарастырады.

Мазмұны бірдей сабақтар оны өткізуде сынып оқушыларының танымдық мүмкіндігін ескеріп қолданған әдістеме бойынша бір-бірінен едәуір ерекшеленуі мүмкін.

Оқушылардың оқу іскерлігі жетілген сайын алға қойган оқу процесінің міндеттерін іске асыруда оларға дербестік берілуі тиіс.



  1. Ақпараттық немесе мазмұндаушылық функция сабақтың оқу мазмұнына қатысты, ол оқу мазмұнын баяндауда қандай тәсіл қолдануға болады дегенді білдіреді. Оқу мазмұнын талдау жасай отырып, мұғалім оны қандай көлемде, қандай түрде беруді айқындап, сабаққа қажетті оқу құралдарын тандайды.

Мұғалім сабақ үстінде оқулық материалын жалаң баяндап қоймайды, оқушыларға қиындық туғызатын сұрақтарды кеңінен тұсіндіріп, тақырыптың басты мәселесінің мәнін ашады. Мұғалім бағдарламалық материалдан нені алып тастауды, нені қысқа немесе жан-жақты мазмұндау керектігін белгілейді. Оқулықтағы нақты фактілермен жаңа ұғымдардың мәнін ашып, оқулық материалын көркем және бейнелі етіп мазмұндайды.

  1. Бақылау-есепке алу функциясы білімді қалай тексеріп, бекітуді; оқушылардың тақырып бойынша өз пікірін білдіруді; білімді қалай бағалауды алдын ала ойластыруды қарастырады. Осыған байланысты оқушылардың білімін бағалаудың мынадай өлшемдерін атауға болады: 1) объективтілік (еділдік); 2) бағалаудың жан-жақтылығы; 3) баға қоюдағы айқындық және жариялылық.

  2. Түзетуші функция сабаққа қорытынды жасайды. Ол материал дұрыс жинақталды ма, деректер маңызды ма; сабақтың дидактикалық мақсаты дұрыс қойылды ма және оған қаншалықты қол жетті; сыныптың ерекшелігі ескерілді ме; қолданған оқу әдістері, тәсілдері, түрлері талапқа сай келеме; тапсырмалар орынды және қызықты болды ма; білімді игеру деңгейін қалай бағалауға болады деген сұрақтарды қамтиды.

Түзетушілік функцияны мұғалім жетістіктері мен кемшіліктерін айқындап, әрбір сабақтан соң пайдаланады. Конспект немесе сабақ жоспарына «Сабақтың теориялық бөлімін кеңейту», «артық деректерді алып тастау» деген сияқты қысқа жазбалар тұсіреді. Ол ескертпелер келер оқу жылыыда ескерілуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
Сабақтың мақсаты
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
бағалауға арналған
қызмет стандарты
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
жиынтық бағалауға
тоқсанға арналған
Әдістемелік кешені
республикасы білім
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
арналған тапсырмалар
білім беретін
туралы хабарландыру
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
арналған әдістемелік
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Қазақ әдебиеті
Жұмыс бағдарламасы
бағдарламасына сәйкес
болып табылады
нтізбелік тақырыптық
Мектепке дейінгі
біліктілік талаптары
оқыту әдістемесі
республикасының білім
әдістемелік ұсыныстар
мамандығына арналған
әкімінің аппараты
туралы анықтама
жалпы білім
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
қазақ тілінде
білім берудің
мемлекеттік әкімшілік