№10 тапсырма Бағалау үдерісіндегі тарих мұғалімінің орны мен рөлі


Тарихты оқыту — шығармашылық қызмет



бет3/4
Дата19.11.2021
өлшемі22.53 Kb.
1   2   3   4
Тарихты оқыту — шығармашылық қызмет

К. Д. Ушинский педагогикалық қызметті «…практикалық өнердің бір түрі» деп бағалаған еді. Мұғалім мамандығының шығармашылық сипаты оның еңбегінің үнемі даму жағдайында болатын өзгермелі табиғатынан туындайды. Олай дейтініміз, тарих пәнінің бағдарламасы жаңаланады, жаңа педагогикалық идеялар мен оқу әдістері пайда болады, оқытуды ұйымдастыру түрлері жетілдіріледі. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде оқушының өзгеруі, дамуы мұғалім әрекетінің мазмұны мен сипатын үнемі өзгертіп отыруды талап етеді, оқу-тәрбие процесінде үнемі жаңа педагогакалық міндеттерді шешумен айналысуға итермелейді.

Бұл міндетгерді шешудің көптеген құралдарының арасынан ең түйіндісін тандап алу үшін тек тарих саласында білім мен дағдыларының жеткілікті болуы, педагогика, психология және окыту әдістемесін жетік білуі жеткіліксіз, сонымен бірге өз қызметін шығармашылық ізденіс деңгейінде атқара алатын қабілеттілік те қажет.

Тарихшы мұғалім әдістемелік құралды, оқыту мен тәрбиенің мақсаты мен мазмұны, оқушылар әрекетін ұйымдастырудың тәсілдері белгіленген дайын сабақ жоспарлары мен ұсыныстарды пайдаланғанмен де оларды өз мәселесіне бейімдеп, жаңадан ой елегінен өткізеді. Мүның өзі шығармашылық ізденістің көрінісі.

Мұғалім мамандығының ерекшелігі оның тарихты оқытуда оқу-тәрбие міндеттерін шешуден туындаған педагогикалық шығармашылығының мазмұнынан туындайды. Белгілі бір педагогикалық тиімділікке жетуді мақсат етіп қойған мұғалім оқушының дербес танымдық әрекетін ұйымдастырып, алган білімдерін қорытып, тарихи құбылыстардан қорытынды ой түйіндей алатын дәрежеге жеткізуі тиіс.

Жұмысты жаңа бастаган тарихшы мұғалімге шығармашылық ізденіс қиын және күрделі болады. Бұл оның нақты педагогикалық жағдайда алға қойған мақсатына негізінен өзінің еңбегімен қол жеткізуге мөжбүр болатындығынан туындайды. Осы қиыншылықтан жалтарып, оңай жол іздеу — шығармашылық дамуды тежейді.

Өзінің тұлғалық сапаларына өзі таддау жасай алған мұғалім өзінің педагогикалық әрекетіне түзету жасап, оған шығармашылық тәсілдер енгізеді. Сол сияқты білімі мен біліктілігін көтеріп, қазіргі заманғы педагогикалық және тарихи білімінің дамуы мен өскелең қоғамның талаптарына сай тұрақты кәсіптік өсуді қамтамасыз ете алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
тоқсан бойынша
Жалпы ережелер
қызмет стандарты
бағалауға арналған
бекіту туралы
Сабақ жоспары
Қазақстан республикасы
жиынтық бағалаудың
тоқсанға арналған
жиынтық бағалауға
Әдістемелік кешені
бағалау тапсырмалары
арналған жиынтық
республикасы білім
арналған тапсырмалар
туралы хабарландыру
білім беретін
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
Қазақстан тарихы
Реферат тақырыбы
Жұмыс бағдарламасы
Қазақ әдебиеті
болып табылады
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
бағдарламасына сәйкес
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
мамандығына арналған
туралы анықтама
оқыту әдістемесі
қойылатын жалпы
әдістемелік ұсыныстар
Конкурс туралы
жалпы біліктілік
республикасының білім
жалпы білім
мемлекеттік әкімшілік
білім берудің
қазақ тілінде