№10 тапсырма Бағалау үдерісіндегі тарих мұғалімінің орны мен рөлі



бет1/4
Дата19.11.2021
өлшемі22.53 Kb.
#119282
  1   2   3   4
Байланысты:
10 тапсырма
17-osh bzhb aza-tl-t1 8-syn, арыз акт, арыз акт, Бибала Құралай ХБ-21 6 неделя зоо, Doc1, Doc1, Жанерке Алаш партиясы, Қазақстандағы-ХХ-ғ-20-30-жылдарындағы-168210, 10 тапсырма

№10 тапсырма

Бағалау үдерісіндегі тарих мұғалімінің орны мен рөлі

Тарих пәнінің мұғалімі — жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі жетекші мамандықтардың бірі. Тарихи білім берудің барысында оқушылардың дүниетанымы мен көзқарастар жүйесін қалыптастыру тікелей кәсіптік міндеті болғандықтан да тарихшы мұғалім мамандығына жоғары талаптар қойылады.

Кеңестік білім беру жүйесінде тарих пәнінің мұғалімдеріне мектептегі идеологиялық жұмыстардың жетекшілігі сеніп тапсырылатын. Өйткені, тарихшы мамандығы партияның идеологиялық жұмыстарымен тікелей айналысатын саяси номенклатураға енгізілген еді. Ол кездегі тарихшы мұғалім кәсішік міндеттеріне қосымша лектор, үгітші, насихатшы сияқты көптеген қоғамдық қызметтер де атқаратын.

Мемлекеттік құрылыстың, саяси жүйенің өзгеруіне байланысты тарихшы мұғалім қызметінің мазмұны да түбірінен өзгерді. Жоғарыда аталған саяси сипаттағы қоғамдық қызметгерден «босаған» тарихшы мұғалім бірыңғай өзінің көсіптік қызметімен айналыса бастады. Мұғалім тұлғасына қойылатын талапта жаңарды.

Мұғалімнің тұлғасы, оның рөлі мен маңызы туралы пікірлер көп. Солардың арасында К. Д. Ушинскийдің «…Тікелей жеке ықпалсыз мінезге сіңетін шынайы төрбие жоқ. Тек тұлға гана түлганы» дамуы мен қалыптасуына ықпал жасайды», — деген пікірі ерекше.

Сан-салалы педагогикалық қызметте мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерінің атқаратын рөлінің маңызы зор. Кеңестік білім беру жүйесінде мұғалім қызметін кәсіптік тұрғыда жетілдіру бағытында көптеген зерттеулер жүргізілген болатын. Әйтсе де, таптық-партиялық идеология үстемдік еткен қоғамда мұғалім қызметіне шамадан тыс саяси міндеттер жүктелгені де рас.

Дегенмен, қазіргі кезде қоғамның жаңа әлеуметтік-саяси құбылыстарына, жаңа ғылыми тұжырымдарға бейімделу қабілеті, бұқаралық ақпаратты педагогикалық тұрғыдан тұсіндіре алу сияқты бағалы қасиеттер бүгінгі тарихшы мұғалім үшін де ауадай қажет.

Мұғалім тұлғасының қалыптасуы ұзақ та үздіксіз процесс. Ол жоғары оқу орнынан басталып, мұғалімнің бүкіл еңбек қызметі барысында жалғасады.

Еңбек жолын жаңадан бастаған жас маман немесе педагогикалық тәжірибеден ететін тарихшы студент алғашқы сабақтарында мынадай типтік кемшіліктерге жол береді:


  • негізгі, басты мәселені бөліп алуға, жүйелі түрде базалық білімді игеруге қиналады;

  • баяндап тұрған материалдың мазмұнын бұрынғы және кейінгі материалдармен байланыстыра алмайды;

  • материалды ұзақ, қажетсіз егжей-тегжейлілікпен тұсіндіреді;

  • уақытты ұтымды пайдалана алмайды, көбінесе үй тапсырмасын сұрау жаңа материалды тұсіндіруден де көп уақытқа сөзылып кетеді;

  • тарихты оқуға деген қызығушылықты дамытуды мақсат етіп қоймайды, танымдық ойындардың маңызын елемейді;

  • бір сарынды әрекет, бір үлгідегі сабақ типі мен оқыту түрін қолданады;

  • мектептің тарих оқулығымен жүйелі жұмыс жасай алмайды (ұғымдар, есімдер, даталар, сұрақтар мен тапсырмалар, сұлбалар мен кестелер)

  • оқушылардың оқу әрекетін бағалауға қиналады, сабақта окушылар мүлдем аз немесе мүлдем бағаланбайды, бағаланса да тек жоғары бағалар қойылады;

  • дербес тапсырмалар, оның ішінде проблемалық сипаттағы тапсырмалар бермейді;

  • оқушыларға белгілі бір өзекті мәселеге әртүрлі көзқарас ұсына алмайды; пікірталас жүргізбейді;

  • мұғалім мен оқушының сабақтың барлық кезеңіндегі бірлескен жұмысын өз дәрежесінде ойластыра алмайды; сұрау барысында көбіне мұғалім-оқушы диалогы сөзылып кетеді;

  • сабақты тұсіндіруді бастағанда дербес тапсырмамен жұмысын жалғастырып отырған оқушыларды ұмытып кетеді;

  • өзінің оқытушылық қызметінің нәтижелерін айқындауға өте аз көңіл бөледі.

Оқыту процесіндегі осындай олқылықтардың орнын толтырып, кемшіліктерді жою арқылы жас маман өзінің базалық білімімен бірге әдістемелік тәжірибесін де байытып, кемелдене тұседі. Өзінің педагогикалық қызметінде шығармашылык табыстарға жетуді басты мақсат тұтқан мұғалімнің жұмысы жинақы, әрекеті жүйелі болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
рсетілетін қызмет
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Жалпы ережелер
Қазақстан республикасы
қызмет стандарты
бекіту туралы
жиынтық бағалауға
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
тоқсанға арналған
бағалау тапсырмалары
Қазақстан республикасының
арналған тапсырмалар
Реферат тақырыбы
білім беретін
арналған жиынтық
бағдарламасына сәйкес
Әдістемелік кешені
болып табылады
мерзімді жоспар
бағалаудың тапсырмалары
туралы хабарландыру
Қазақстан тарихы
сәйкес оқыту
пәнінен тоқсанға
арналған әдістемелік
республикасының білім
Қазақ әдебиеті
оқыту мақсаттары
Мектепке дейінгі
нтізбелік тақырыптық
қазақ тілінде
Жұмыс бағдарламасы
жалпы білім
оқыту әдістемесі
білім берудің
Республикасы білім
әдістемелік ұсыныстар
Инклюзивті білім
пәнінен тоқсан
туралы анықтама
тақырыптық жоспар
Қысқа мерзімді