10-сабақ. Көркем мінез– білімді сақтайтын сенімді сауыт Дәйексөз



Дата07.06.2021
өлшемі16.91 Kb.

2-бөлім. «Тұлғаның қалыптасуы»

10-сабақ. Көркем мінез– білімді сақтайтын сенімді сауыт

Дәйексөз

Мінез-құлық – әркімнің өзінің кейпін көретін айна.

И.Гете

-Даналық сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?



ОБәріміз қосылып, қыздар – 2 рет, ұлдар – 2 рет, барлығы - 1 рет қайталау. Дәптерге жазу.

Адамның мінез-құлық көріністері туралы ой-пікірлері

Мәшһүр Жүсіп Көпеев

«...Мысық бір тышқан алып жесе, аузы-басын сүртіп, жаланып, өзін өзі таза ұстауға тырысады. Сол үшін оның өзі арам емес, тазалықты мұнан ғибрат алуға жарайды. Кішкененің қайраттысы мысық. Өзі кіп-кішкентай болып, зор нәрседен қорықпайды. Қараңғы түнек жерге хайуаннан қорықпай жетіп баратын мысық».

Өзінің қаралдысынан үлкенді құмырсқа көтереді. Ол үмітінің зорлығынан үмітті болуды мұнан ғибрат алуға жарайды.

Жігіт адамның қырағылығы бүркіттей болсын. Зеректігі байғұздай болсын. Жүрісі маймылдай болсын. Он екі қырлы, бір сырлы, отыз аяқты болсын. Бұлай дегені – басқан ізін білдірмей, жүрген ізін кісіге сездірмейтін болсын дегені. Орнына қарай мінез қылсын. Сонда адам болып, адам қатарына кіреді...

Адам мінезді қайдан үйренем десе керек. Түйе деген малдан ғибрат алу керек. Түйе сондай зор биіктігін ойына алмай, бір тышқанның құйрығына байлап қоя берсе, еріп жүре береді. Өзі қырық күн шөлге шыдайды. Көзіне көрінгенді қорек қылып, ешнәрсені талғамай жеп, қанағат қылып жүре береді. Күштілікте қара жердің кемесі десе болады. Көнгіш те, сондай көнгіш бола, шөгерсе де, шөгіп жатады. Түн болса байлап қойған жерден қозғалмайды. Оның жалғыз-ақ құмар нәрсесі тұз болады. Тұз жалата берсе, жаны кіре береді. Қазақта мақал бар: «Түйе тұзға тоқтайды, жігіт-қызға тоқтайды». Және де бір мақал бар: «Тұз десе, түйе тұтпайды, төркін десе, қыз тұтпайды» – деген.

...Жапалақ деген құс болады. Өзі он жұмыртқа табады. Соның бәрін жеке жарып ұшырмайды. Екеу – екеуден жарып, бала қылып ұшырады. Бәрін бірден жарып бала қылсам, тамақ жеткізе алмаспын деп. Өзі намаздыгерден жоғары, бесіннен төмен бір-ақ мезгіл ұшады. Алса бір тышқан алады, алмаса алмай қалғаны. Сонда да құстың сезімі болады. Себебі қанағаты мол болғанннан. Адам ғибраты содан ғибрат алса керек.

... Байғұз деген құс бар. Ғариплықты, бейшаралықты мойнына алып, таста жатады, қайда бұзылған жай болса, сонда жатады. Су ішпейді, бидай, тары жемейді. Өзінде көлденең тістеген қылдан да жіңішке шөп болады. Оны да жемейді. Құр тістеп жүрсе керек. Қазақ та бір сөз бар: «Тұрымтай екеш тұрымтай да тайлы биенің етін жейді» деген. «Бір тауыққа hәм дән керек, су керек деген». «Бір нәрсені қорек қылып жейтұғын болсам, соның қарғысына ұшырап бейнетке қалсам керек» – деп. Сол үшін ешкімнің көзіне түспей, жанға көрінбейді. Сүлеймен пайғамбарға барша құстар қызметкер, құл болғанда, ол келмеген. Сонда Сүлеймен патша:

– Не үшін келмейсің? – дегенде, байғұз айтты:



– Менің жалған дүниеден ешбір керек қылған нәрсем жоқ. Сенен не іздеп келейін, деген. Бұл сөзге ақыл жіберіп, ықылас қойған адам мұны ойлап, пікір қылу керек. Ұшқан құсты торға түсіретін, жүгірген аңды орға түсіретұғын – тамақ екен. Жұтқан тамағына ие болған адам торға да түспейді, орға да түспейді. Осы күнгі адаммын деп жүрген адамдардың жауы иегінің астында. Ол жау не десеңіз, жұтқан тамақ. Жалғанды мазаққа, ақыретке, ғазапқа түсіретін – тамақ. Тамағынан тартылған бәріне ықыласты болғаны».
Тапсырма 1. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіз.


  • Адамның мінезін неліктен аң, құстардың мінезімен салыстырған?

  • Адам қанағатқа қалай келу керек дейді?

  • Адам мәтінде берілген мысықтың, құмырсқаның, бүркіттің, байғұздың, маймылдың және т.б. қандай қасиеттерінен үлгі алуы керек?

  • Кемел мінезді адамның қасиеттерін атаңыз ?


Тапсырма 2. Өзіңізге мінез тұрғысынан сипаттама жазыңыз. Сізді үнемі қиын жағдайға қалдыратын мінез-құлқыңыздың жағымсыз тұстары қандай? Онымен күресу мақсатында, яғни өз-өзіңізді тәрбиелеуде қалай жұмыс жасаудасыз?

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
Сабақтың мақсаты
бойынша жиынтық
Сабақ тақырыбы
жиынтық бағалау
ғылым министрлігі
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
тоқсан бойынша
қызмет стандарты
бекіту туралы
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Әдістемелік кешені
Қазақстан республикасы
тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың
туралы хабарландыру
жиынтық бағалауға
арналған жиынтық
бағалау тапсырмалары
арналған тапсырмалар
білім беретін
республикасы білім
Қазақстан республикасының
бағалаудың тапсырмалары
мерзімді жоспар
Қазақстан тарихы
пәнінен тоқсанға
Жұмыс бағдарламасы
арналған әдістемелік
біліктілік талаптары
әкімінің аппараты
Қазақ әдебиеті
туралы анықтама
Мектепке дейінгі
мамандығына арналған
нтізбелік тақырыптық
қойылатын жалпы
жалпы біліктілік
Конкурс туралы
мемлекеттік әкімшілік
болып табылады
оқыту әдістемесі
жалпы конкурс
Реферат тақырыбы
қатысушыларға қойылатын
Қазақстан облысы
әдістемелік ұсыныстар
әдістемелік кешені
тақырыптық жоспар