1 вби жасанды берілу жолын көрсетіңі: Ауалы тамшала



Дата23.06.2022
өлшемі106 Kb.
#272260
Байланысты:
ЛД каз
ОШ СОР Алгебра 9 класс каз, зож физра

1 ВБИ жасанды берілу жолын көрсетіңі:
Ауалы - тамшала
Байланыс-шаруашылық
Артифициалды +
Ауалы - шаңды
Фекальды-оральды
2 Жүрек қан тамырларының ауруы, ентігу бар науқастарға жартылай отыру қалпын қабылдау, мына мақсатпен тағайындалады:
Емізу кезіндегі ыңғайлылық
Кіші қан айналым жүйесіндегі кептелуді азайту +
Ойылудың пайда болу қаупін азайту
Киімін ауыстыру ыңғайлығы
Асқорту жолының жұмысын жақсарту
3 Науқаста күнделікті диурез 350 мл болса, қандай симптом бар?
Никтурия
Анурия
Полиурия
Протеинурия
Олигурия +
4 Науқасты тексеру барысында жүрек қағу жиілігі минутына 96 болса, тамыр соғысының жиілігі 86 болды. Бұл жағдайға анықтама беріңіз:
Брадикардия
Тахикардия
Пульс тапшылығы +
Пульс диссоциациясы
Экстрасистолия
5 Науқасқа несептің құрамындағы диастазаны анықтау тағайындалған. Науқасқа несепті дұрыс алу туралы кеңес беріңіз:
Несептің ортаңғы бөлігін
Тәуліктік несепті
8 үлес жинау
Жаңа бөлінген несепті жылы күйінде +
3 сағат ішінде жинау
6 Сіздің ауруханаңыздың қызмет көрсету аймағында пойыздың рельстен шығуы анықталды, көп адам зардап шекті. Қабылдау бөліміне бір уақытта бірнеше адам түсті. Бірінші кезекте кімге назар аудару қажет?
тоқпан жілігі сынған 78 жастағы науқас
кеуде клеткасы жараланған, жарақаттан ауа шығып жатқан 36 жастағы науқас +
жұлынның жоғары зақымданумен 23 жастағы науқас
оң балтырының көлемді жарақатымен, байламы бар 10 жастағы науқас
оң иық аймағы жараланған 23 жастағы жүкті әйел
7 Асқазанды шаю үшін зондты енгізу қажет ара қашықтық формула бойынша анықталады: бойы (см-мен) – х, мұндағы х тең:
100 +
80
50
бойдың 1/2
бойдың 1/3
8 Дуоденальды зондтау кезіндегі порция В дегеніміз:
Асқазанның құрамы
Он екі елі ішіліктегі сөл
Өт қабығындағы сөл
Тоқ ішектің құрамы
Өт қабындағы өт +
9 Науқасқа көктамырға дәрі енгізу кезінде ентігу, АҚ төмендеуі, жүрек айнуы, бас айналу пайда болды. Осы жағдайдағы мейірбикенің тактикасын анықтаңыз:
енгізуді жалғастыру, дәрігерді шақырмау
енгізуді жалғастыру және дәрігерді шақыру
енгізуді тоқтату және дәрігерді шақыру +
көктамырдан шығу және дәрігерді шақыру
қан қысымын өлшеу, дәрігерді шақырмау
10 Өкпе туберкулезін DOTS-стратегиясы бойынша диагностикалаудың негізгі әдісі:
қақырықтың бактериоскопиясы +
бронхоскопия
өкпе рентгенотомографиясы
өкпенің компьютерлік томографиясы
иммунологиялық зерттеу
11 Бір сыныпта оқитын 7 оқушының арасынан бір жасөспірімге жедел А гепатиті диагнозы қойылды.Онымен контактіде болған басқа оқушыларға мынаны тағайындаған жөн:
иммуноглобулин +
С витамині
сарысу
А гепатитіне қарсы рекомбинантты вакцина
анатоксин
12 Көп мөлшерде іріңді қақырықтың бөлінуі мына жағдай үшін тән болып келеді:
ошақтық пневмония
созылмалы бронхит
бронх демікпесі
құрғақ плеврит
өкпе абсцесі +
13 Терапия бөлімшесінде емделуші пациентте 6 күн бойы таңертеңгі уақытта, 36,7-37,2 ОС, ал кешкі уақытта – 37,4-37,7 ОС қызу болды. Пациенттің қызба түрін атаңыз:
әлсіретуші
ауыспалы +
бұрмалаушы
тұрақты
титықтататын
14 Гломерулонефрит кезіндегі трида белгісінге тән сиптомдарды атаңыз:
Тершеңдік, боз, бас ауыру
Дисфагия, дене салмағының төмендеуі, ауырсыну
Шөлдеу, полиурия, ацидоз
Дизурия, поллакиурия, ауырсыну
Ісіну, гипертония, гематурия +
15 Науқата асқазаннан қан кетуіне күмәнданасыз, егер:
Ол алқызыл тісті көпіршікті қанды бөлінісімен жөтеледі
«Татты қақырық» бқлінісімен жөтеледі
Бұл әйелде «қабыршық табанды » дәрет және құсығы «кофе тұнбасы » тәріздес +
Алқызыл қан аралас нәжіс
«ет жуындысы» тәрізді зәр
16 Бронхиалды астма ұстамасына күдіктенесіз, егер ауқаста анықталса:
Стридор, тұншығу, қанды бөліністі шырыты қақырық шығуы
Ентігу, кеуде торындағы жедел ауыру, жөтел, қан түкіру
Тұншығу, ентігу қиындаған дем алумен, бет гиперемиясы, қозу
Ентігу, бет гиперемиясы, куссмауль демі, құсу
Ентігу қиындаған дем шығарумен, дистанционды сырыл +
17 Науқасқа диагностикалық мақсатпен құрсақ қуысы мүшелерінің ультрадыбыстық зерттеуі тағайындалған. Тамақтану бойынша қандай кеңес беру керек:
3 тәулік бұрын сүт, көкөністерді, қара нанды қолданбау +
7 тәулік бұрын сүт, жеміс- жидектерді қолданбау және суды шектеу
3 тәулік ішінде ет пен ет өнімдерін қолданбау
2 тәулік бойы тез сіңетін көмірсуларды қолданбау
Еш шектеуді қажет етпейді
18 Асқазанды шаю үшін зондты енгізу қажет ара қашықтық формула бойынша анықталады: бойы (см-мен) – х, мұндағы х тең:
100 +
80
50
бойдың 1/2
бойдың 1/3
19 Қақырықты сапалы жинауға ең маңызды болып табылады:
қақырық жинау ережелерінің сақталуын қадағалау +
қақырық жинау бөлмесінің болуы
арнайы контейнерлердің болуы
тек таңғы уақыттарда қақырықты жинау
тек кешкі уақыттарда қақырықты жинау
20 Дуоденальды зондтау кезіндегі порция Б дегеніміз:
Асқазанның құрамы
Он екі елі ішіліктегі сөл
Өт қабығындағы сөл
Тоқ ішектің құрамы
Өт қабының ішіндегі өт +
21 Ауыл халқына медициналық көмек көрсетудің бірінші кезеңін жүзеге асыратын денсаулық сақтау құрылымын анықтау:
Қалалық емхана
ОАА
Қалалық аурухана
ФАП +
Облыстық аурухана
22 Аналар өлімін есептеу үшін қажет көрсеткіштер:
Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік) әйелдер саны, тірі туғандар саны +
Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 42 тәулік) әйелдер саны, жалпы туғандар саны
Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 30 тәулік) әйелдер саны
Өлген жүкті, босанатын, босанған (жүктілік аяқталғаннан кейін 7 тәулік) әйелдер саны, барлық босанғандар саны
Жалпы есепте тұрған жүктілердің саны, өлген жүктілердің саны
23 Жылағыштық, жазуының бұзылуы, қозғалу кезіндегі мазасыздық, сөйлеу мәнері баяу – тән:
Гастритқа
Миокардитқа
Хореяға +
Полиартритқа
Остеомиелитқа
24 Бауыр циррозының диагностикасында зерттеудің ең нақты әдісіне жатады:
биохимиялық қан анализі
жалпы қан анализі
холецистография
ультрадыбыстық зерттеу
бауырдың пункциялық биопсиясы +
25 Бауыр циррозына тән симптом:
"Грефе"
"көбелек"
"медуза басы" +
"отырған мысық арқасы"
"мысық пырылы"
26 Асқазанды жуу үшін мына құрал-жабдықтарды дайындау керек.
Жанэ шприці, 5 пробирка, 33% магний сульфат ертіндісі
асқазан зонды, 8 пробирка, гистамин ерітіндісі
Эсмарх кружкасы, штатив, марганцовка ертіндісі, судно
ұзындығы 50см зонд, 3 пробирка, 33% магний сульфат ертіндісі
ұзындығы 120см зонд, воронка, леген, су +
27 Сифонды клизманы мына жағдайда қояды:
іш қату
улану +
босану алдында
іш қуысына жасалған операциядан кейін алғашқы тәулікте
тоқ шекті рентгенологиялық зерттеу алдында
28 Газ шығару түтігін шекке мына тереңдікке енгізеді.
5-10 см
20-30 см +
40-50 см
60-60 см
65-75 см
29 Жартылай бақыланатын бронхты демікпенің клиникалық белгілері болып табылады:
қажетті физикалық белсенділік
түнде тұншығудан ояну +
дем шығару шыңының қалыпты көрсеткіштері
«шұғыл көмек» дәрі- дәрмектеріне қажеттіліктерінің болмауы
демікпенің күндізгі белгілерінің болмауы
30 Фебрильді қалтырау, тамақтағы ауырсыну, петехиялармен терінің бозаруы, қандағы гиперлейкоцитоз, дифференциалданбаған жасушалар, лейкемиялық шұқыр келесі аурудың белгілері:
созылмалы миелолейкоз
созылмалы лимфолейкоз
В12 дәрумені тапшылықты анемия
жіті лейкоз +
темір тапшылықты анемия
31 Науқаста физикалық жүктемеден кейін тұншығу ұстамасы, қызғылт көпіршікті қақырық бөліндісі бар жөтел туындады. Тексеру барысында: барлық өкпе аумақтарында әр түрлі калибрлі ылғалды сырылдар, жыпылық аритмия, бауырдың үлкеюі, аяқтардың ісінуі. Көрсетілген белгілер қандай симндромға тән?
бронхты обструкциялар
жіті сол жақ қарыншалық жетіспеушілік +
оң жақ қарыншалық жетіспеушілік
плевралық қуыста ауаның жиналуы
плевралық қуыста сұйықтықтың жиналуы
32 Науқас У., 44 жаста, отбасылық дәрігерге белді ораушы қасиеті бар іштің жоғарғы бөлігіндегі ауырсынуларға, іш өтуіне, жүдеуіне шағымданды. Анамнезден: 10 жыл бойы ішімдік қолданады. Объективті: дене салмағының дефициті, тері жамылғысы құрғақ, басқанда жоғалмайтын кеуде және іш терісінде ұсақ қызыл дақтар. Пальпация кезінде сол жақ қабырға астында ауырсыну. Нәжісі майлы жылтырлаған ботқа тәріздес, тәулігіне 3 ретке дейін. Болжамалы диагноз:
созылмалы гепатит
созылмалы холецистит
созылмалы гастрит
созылмалы панкреатит +
созылмалы колит
33 Апластикалық анемиясы бар науқастарда зертханалық зерттеулерді саралап, сіз қорытынды жасайсыз:
жұлында қан туындауының төмендеуі +
сарысулық темір деңгейінің жоғарылауы
қан туындауының мегалоцитарлы түрі
жұлында бластты жасушалар санының ұлғаюы
жұлынның жасушалық құрамының сақталуы
34 Жүректің туа біткен ауруларына жатады:
Митральды клапан стенозы
Аорталы клапан жетіспеушілігі
Аорта коарктациясы
Аорталы клапан стенозы
Тетрада фалло +
35 Жіті диарея деп есептеледі, егер:
диарея 30 күннен артық жалғасса
диарея 17 күннен артық жалғасса
диарея 16 күннен артық жалғасса
диарея 14 күннен кем жалғасса +
диарея 18 күннен артық жалғасса
36 Анафилактикалық шокқа көмек
Құюды жалғастырып дәрігерге хабар беру
Смазмолитиктер енгізу
Система құюын тоқтату, көктамырдан инені шығармай физиологиялық ерітінді адреналин, гормондар енгізу +
Ауруға қарсы преппараттар енгізу
Ауруға қарсы преппараттар енгізу, гормондар енгізу
37 Оқиға болған жерде аяқ үсігіне алғашқы көмек
Қармен уқалау
Термаоқшаулағыш таңу салу +
Үйіне жеткізу
Жүнмен ысқылау
Алкоголь беру
38 25 жастағы ер адам электро жарақат алды. Қарау кезінде: зардап шегуші ессіз, АҚ 65/30 мм с. б., аритмия, пострадавший без сознания, АД-65/30 мм.рт.ст., аритмия, тыныс жетіспеушілігі. Сіздің алғашқы іс әрекетіңіз:
Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу +
Ошақ орнынына залалсызданған дәке салу
Медициналық ұйымдарға жеткізу
Жасанды тыныс жасау
Кеуде торына компрессия жасау
39 70 жастағы науқасты қарау барысында, Сіз іштің кебуін, жиырылудың күшейген дыбысын және «алпыл шуын» байқадыңыз. Клиникалық бейне қандай ауруға тән?
орны толтырылған ойық жаралы стеноз
бауыр шаншуы
жіті ішек түйілуі +
ішек инфарктісі
перитонит
40 Анафилактикалық шоктағы шұғыл көмек:
Құюды жалғастырып, дәрігерге хабар беру
Смазмолитиктер енгізу
Система құюын тоқтату, көктамырдан инені шығармай физиологиялық ерітінді адреналин, гормондар енгізу +
Ауруға қарсы препараттар енгізу
Ауруға қарсы препараттар енгізу, гормондар енгізу
41 Науқас мұрын арқылы тыныс алудың қиындағанына шағымданды.Қарау кезінде: бет терілері кей жерлерде гематомалармен жабылған.Мұрын қалқасының гематомасы диагнозы қойылды. Диагнозды нақтылау үшін қандай диагностикалық зерттеу әдісін қолданады
эндоназальды риноскопия
алдыңғы риноскопия +
ортаңғы риноскопия
артқы риноскопия
мұрын айнасымен қарау
42 Сіз - оқиға орнына келген «Жедел жәрдем» фельдшері.Пациент -32 жастағы ер адам, салынып жатқан үйдің екінші қабатынан құлаған. Ол, сол жақ санының қатты ауырсынуына, қимылдың шектелуіне шағымданады.Пациент қозып, түруға әрекеттенеді. Қарағанда: сол жақ санның ортаңғы 1/3 бөлігінде гематома байқалады, сол аймақтың пальпациясы кезінде ісіну мен пішінінің өзгеруі (деформация) анықталады. Пациент, тұрамын деп әрекет жасағанда, патологиялық қозғалыс пен крепитация байқалады. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз:
Ауырсынуды басу, транспорттық иммобилизация, жарақаттық шоктың алдын алу +
Зақымдану аймағына суық басу, тығыз таңғыш, оттегі ингаляциясы
Жай анальгетикпен ауырсынуды басу,санға гипстік лонгетаны салу
Наркотикпен ауырсынуды басу,сан-жамбас буынына масақ таңғышы.
Наркотикпен ауырсынуды басу, бақа қалпында ағаш қалқанда тасымалдау
43 Асқазанның ойық жарасы перфорацияланған кезде ауырсыну сипаты мен орны:
эпигастрийда "қанжар" сұққандай ауырсыну +
оң қабырға астында ұстама тәрізді ауырсыну
айналмалы сипаттағы интенсивті ауырсыну
кіндік маңындағы толғақ тәрізді ауырсыну
оң мықын аймағында сыздап ауырсыну
44 Үйдің төбесін бояу кезінде жұмыскер жерге құлап түсті, оң жақ санын тіліп алды. Жарадан алқызыл қан бөлінуде. Қан кету түрін және уақытша қан тоқтату әдісін көрсетіңіз:
артериялық, жгут салу +
капиллярлы, қысып байлау
венозды, тығыз байлау
аралас, суық басу
паренхиматозды, жедел жәрдем келгенше ештеңе жасамау
45 Жедел жәрдем фельдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында: мазасыз, контракциялық сақина жоғары және қиғаш орналасқан, жатыры құмсағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндәнуға болады?
аралықтың ажырауы
жатыр мойнының ажырауы
жатыр жыртылуының қауіпі +
жатырдың жыртылуы
шамадан тыс қатты толғақ
46 .25 жастағы пациенттің шағымдары: қақырықты жөтел екі аптадан бері мазалайды, кеуде тұсында ауырсыну әлсіздік, түнде дене температурасының 37,5 дейін жоғарылауы, жүдеу. Объективті тексергенде: өкпенің жоғарғы бөлігінде бәсең везикулярлық дыбыс, құрғақ сырылдар, тыныс алу жиілігі 24 рет 1 мин. Қандай ауру деп ойлайсыз?
өкпе туберкулезі. +
бронхоэктаз ауруы
өкпе абсцессі
жедел бронхит
созылмалы бронхит
47 Бүйректің функционалды күйін бағалайтын несеп анализі:
Зимницкий сынамасы +
Нечипоренко сынамасы
жалпы несеп анализі
несептің бактериологиялық зерттеуі
Амбюрже сынамасы
48 Бүйрегі ауыратын пациенттің тәуліктік диурезі - 400 мл. Осы жағдайға анықтама беріңіз:
ишурия
анурия
олигурия +
полиурия
странгурия
49 Пациенттің сол жақ бел тұсында өте күшті ұстамалы ауырсыну пайда болып, шап аймағына тарады. Пациент беймаза. Болжамалы диагнозы атаңыз:
жедел аппендицит
бүйрек коликасы +
ойық жараның тесілуі
шек өтімсіздігі
қыстырылған жарық
50 Созылмалы бүйрек жетіспеушілігінің ауыртпалық дәрежесін атау үшін мына көрсеткіштер деңгейіне қарайды:
артериалық гипертензия
зәрдегі креатинин +
зәрдің меншікті салмағы
қандағы кальций
протеинурия
51 Гипертиреоз кезінде қандағы тиреоидты гормондардың мөлшері:
жоғарылайды +
төмендейді
қалыпты болады
өзгермейді
күрт төмендейді
52 Ашқарында қандағы глюкозаның қалыпты мөлшері:
1,5-3,0 ммоль/л
6,6 -7,2 ммоль/л
3,3- 5,5 ммоль/л +
7,5-9,0 ммоль/л
9,5-11,0 ммоль/л
53 ФАП-қа келген 30 жастағы, қант диабетімен ауыратын пациент айқын әлсіздікке, шөлдің күшеюіне, жүрек айнуға, құсуға, іші ауруына шағымданды. Оны қараған кезде: санасы жоқ, терісі құрғақ, ыссы, аузынан ацетон иісі шығады, көз алмалары жұмсақ. Пульсі- минутына 100 рет. Артериалды қан қысымы -110/60 мм.с.б.б. Пациенттің жағдайын бағалаңыз:
гипогликемиялық кома
тағамдық токсикоинфекция
перфоративті ойық жара
гипергликемиялық кома +
артериалды гипотония
54 Рахиттің бастапқы кезеңінің симптомдары:
әлсіздік, температурасының жоғарылауы
гипотония, рахиттік білезік
мазасыз, тершең, ұйқы кезінде шошығыш +
бас сүйектің деформациясы, қабырғаларындағы рахиттік дөңестер
аяқтары Х - немесе О –тәрізді
55 Жаңа туған баланың сепсисіне жеткізетін ауру:
омфалит +
физиологиялық сарғаю
жедел респираторлы ауру
аузы уылуы
кефалогематома
56 Бала 11айлық, балалар ауруханасына жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, тамақтан бас тартуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті қарауда тынысы жиілеген, кеуде клеткасының төменгі бөлігі ішке кірген, аускультацияда әлсіреген тыныс. Осы жасқа сай "жиілеген тыныс" ұғымына келетін тыныс жиілігін көрсетіңіз:
минутына ≥ 70
минутына ≥ 60
минутына ≥50 +
минутына ≥40
минутына ≥28
57 Жаңа туылған нәрестеге алғашқы патронаж жүргізілуде. Дәрігер анасына төспен емізу маңыздылығы жайлы, төспен тамақтандыру негіздері мен бос тамақтандыру жайлы түсіндіруде. Бір жасқа дейінгі балаларда еркін тамақтандыру деген ұғымға не жатады?
түнгі үзіліссіз әр 3 сағат сайын
түнгі үзіліспен әр 3 сағат сайын
баланың тамақ көлемі мен уақытын анықтауы +
белгілі уақыттарда тамақтандыру, көлемін бала анықтайды
әр 4 сағат сайын, көлемін анасы анықтайды
58 Бала 4 жаста. Аймақтық дәрігер үйге шақырылған. Жөтелге, дене температурасының жоғарлауы, тамақтан және судан бас тартуға шағымданады. 3 күн бойы симптоматикалық ем қабылдған, ем нәтижесіз. Қарау барысында тері жамылғылары боз, мұрын- ерін үшбұрышының цианозы. Өкпеде тыныс әлсіреген, оң жақ төменгі бөлігінде ұсақ көпіршікті сырылдар. Ауруханадан тыс пневмонияға күдікпен бала ауруханаға жіберілген. Шұғыл госпитализация көрсеткішін көрсетіңіз:
жасы 5 жасқа дейін
тамақ пен судан бас тарту +
өкпедегі жергілікті симптомдар
3 күн бойы фебрильді температура
емнің әсерінің болмауы
59 8 жасар бала іш және қолдарының терісінде 2 апта бұрын кейде жеңіл қышумен ұласатын бөртпелер пайда болды. Объективті: қалыпты тері түсіндей ортасында кіндік тәрізді басылған жылтыр байламы бар, сипағанда тығыз, көптеген бөртпелер көрсетілген. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
тегіс теміреткі
контагиозды моллюск +
сүйел
өткір ұшты кондиломалар
есекжем
60 Балалар саны 0-4 жасқа дейінгі 8000, 0-4жасқа дейінгі балалар арасында 320 қызылша жағдай тіркелген. Таралуы қоршаған ортада 40%. Бұл көрсеткіш:
Интенсивті көрсеткіш +
Қатынастар көрсеткіші
Көру көрсеткіші
Экстенсивті көрсеткіш
Орта арифметикалық шама
61 ДСДҰ сай балалар ауруын ықпалдастыра жүргізу (БАЫЖ) нұсқаулығы бойынша көз инфекциясын емдеу жүргізіледі:
A.ампициллинмен
Б. Гентамицинмен
В. Тетрациклин жақпасымен +
Г. эритромицин жақпасымен
Д мырыш жақпасымен
62 2 айдан 5 жас аралығында балалардың қауіптілік жалпы белгілеріне жатады:
А.жиі, әрі қиындатылған дем алу
Б. Іш өту, қан аралас іш өту
В. Естен тану, летаргиялық +
Г.сұйықты борпылдатып ішу
Д. дене қызуының көтерлуі
63 9. ДСДҰ сай 2 жасқа дейінгі балалардың жиі тыныс алуы саналады, егер тыныс алу жиілігі :
А. 30 және одан көп
Б.40 және одан көп +
В. 50 және одан көп
Г. 60 және одан көп
Д. 70 және одан көп
64 Қабылдауға 3 айлық баласымен анасы келді. Мешелдің арнайы алдын алу мақсатымен балаға аквадетрим тағайындалған. Оның күнделікті профилактикалық дозасын көрсетіңіз:
200 ХБ
500 ХБ +
800 ХБ
1250 ХБ
1500 ХБ
65 Балалар ауруын ықпалдастыра жүргізу (БАЫЖ) бойынша ауыр анемия белгілері:
алақанның айқын бозаруы +
Екі табанның ісінуі
Айқын көрінген ауыр арықтау
кілегей қабаттарының бозаруы
тамақтан бас тарту
66 Балаға 1 жас 7 ай. Кенеттен туындаған жөтел, 15 минуттан кейін жоғалған ентігуге шағымданды. Жалпы қарауда: дене қызуы қалыпты, бала белсенді, аускультация кезінде өкпенің сол жақ жоғарғы бөлігінде дем шығарғанда ысқырықты сырылдар, перкуторлы қорапты дыбыс. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
бронхты демікпе
обструктивті бронхит
бронхтың бөгде заты +
бронхиолит
көкжөтел
67 12 жастағы қыз бала салқын күні суға шомылғаннан кейін қалтырау, бел тұсының ауыруы, температурасының жоғарылауы, кіші дәретінің жиі және ауырсынып шығуы сияқты шағымдар айтты. Оны қараған кезде: терісі мен кілегей қабаттары таза, Пастернацкий симптомы екі жақта да оң мәнді, АҚҚ 110/70 мм.с.б.б., ұлы дәреті қалыпты, кіші дәреті лайлы. Болжамалы диагнозды таңдаңыз:
жедел пиелонефрит +
жедел гломерулонефрит
жедел бүйрек жетіспеушілігі
жедел цистит
несеп-тас ауруы
68 4 жастағы бала басының қатты ауыруына, әлсіздікке шағымданды.Бала анасының сөзінше баланың ауруы жедел басталды, дене температурасы көтерілді, басы ауыра бастады, құсу және әлсіздік пайда болды. Объективті: сәбидің санасы дұрыс, дене температурасы – 39,2°С, АҚҚ-60/20 мм.с.б.б., желке бұлшық еттерінің тартуы анықталды. Болжамалы диагнозды таңдаңыз:
А гриппі
инфекциялық-токсикалық шок
менингококті инфекция +
энтеровирусты инфекция
тағамдық токсикоинфекция
69 Бала 7 жаста. Ауырғанына 5 күн болды. Дене температурасы - 37,6оС. Тыныс алудың қиындауына, әлсіздікке шағымданады. Оны қараған кезде: аңқасында сұр түсті жамылғы байқалады, шпательмен алынбайды, сыбырлап сөйлейді, терісі бозарған, жүрек соғу жиілігі минутына 120 рет, жүрек тондары тынықталған. Болжамалы диагнозды таңдаңыз:
жалған круп
баспа
ЖРВИ
дифтерия +
бронхит
70 5 жастағы бала бала бақшада ойнап жүргенде сол қолын зақымдап алды. Сүйек сынуының нақты белгісін атаңыз:
сүйек функциясының бұзылуы
сүйек сынықтарының крепитациясы +
гематома болуы
ауырсыну
«серіппелі фиксация»
71 Баладағы «боз» гипертермияны басуға қолданылатын препараттар жиынтығы:
анальгин, аминазин
анальгин, дроперидол
анальгин, коргликон
анальгин, дибазол, папаверин, димедрол +
анальгин, димедрол
72 Науқас В., 28 жаста, 2 сағат бұрын ЖТА іш жарақатын алды. Ота барысында құрсақ қуысында көкбауырдың зақымдануынан 1500 мл қан анықталды. Бұл жағдайда гемотрансфузияның келесі түрін қолдануға болады:
реинфузия +
тура емес қан құю
тура қан құю
аутотрансфузия
алмастырушы трансфузия
73 Жергілікті анестезияның артықшылығын анықтаңыз:
орындалуының салыстырмалы қауіпсіздігі және қарапайымдылығы +
науқаспен сөйлесу мүмкіншілігі
науқас ұйықтап қалу және өліп кетуден қорықпайды
науқас ауырсынуды сезбейді, өйткені ота кезінде ұйықтайды
ми қыртысы деңгейінде ауырсыну сезімталдығының болмауы
74 Жарақаттары бар науқастардың шокқа қарсы негізгі профилактикалық іс-шаралар:
тамыр тарылтатн препараттар енгізу
оттегі ингаляциясы
жансыздандыру, сыртқы қан кетуді тоқтату, сынықтарды иммобилизациялау +
сынықтарды иммобилизациялау, оттегі ингаляциясы
сынуларды иммобилизациялау, оттегімен ингаляция
75 Науқас Т. Хирургпен қаралды, 42 жаста. Диагноз: он жақ білек сыздауығы, іріңді-некротикалық кезеңі. Сыздауықты ашу өткізілді. Гидратация фазасында таңғышты келесі препаратпен салу қажет:
гипертониялық ерітінді +
Вишневский жақпа майы
ихтиол жақпа майы
хлораминмен таңғыш
димексидпен таңғыш
76 Қабылдауға емханаға 36 жастағы қасапшы болып жұмыс істейтін, он жақ білек «сыздауығына» шағымдары бар науқас С. келді. Оң жақ білегінде тығыз негізде орналасқан, айқын қабыну валигымен және везикулалардан құралған тәжбен қоршалған, серозды сұйықтығы бар және ортасында қысып жабылатын диаметрі 5 мм некротикалық ойық жара анықталады. Қоршаған жұмсақ тіндердің айқын ісінуі. Көрсетілген туынды- бұл:
тілменің буллезды түрі
жара дифтериясы
инфицирлеген жара
сібір жарасының карбункулы +
білек флегмонасы
77 Хирургиялық бөлімшеде науқасқа плазма алмастырғыш ерітінділер мен қан тобына сәйкес қан құйылған. 3 сағаттан кейін арқасында ауыру, қалтырау, бас ауыруы, қан қысымының төмендеуі пайда болған. Бұл жағдайдың даму себебі:
Гемотрансфузиялық шок +
Екіншілік пиелонефрит
Гемолитикалық анемия
Анафилактикалық шок
Геморрагиялық шок
78 Қанды толық тоқтатуға жатады
қысым салу
тампонды таңу салу
гемостатикалық губка салу +
мұзды қап басу
саусақпен басу
79 Мына нормативті-құқықтық акт қан және қаналмастырғыштарды құюды реттейді
Бұйрық ҚР ДСМ 07.08.2017ж № 591,
Бұйрық ҚР ДСМ 22.08.2017ж № 631
Бұйрық ҚР ДСМ 18.09.2009 ж № 666 +
Бұйрық ҚР ДСМ 27.09.2015ж № 106
Бұйрық ҚР ДСМ 07.06.2017 № 397
80 Құрсақ қуысындағы мүшелерге араласулардан кейін отадан кейінгі кезеңде жүрек- қан тамыр жүйесі жағынан жиі туындайтын асқынулардың бірі:
миокард инфарктісі
тромбоэмболиялық асқынулар +
аритмиялар
жіті жүрек жетіспеушілігі
кардиогенді өкпе ісінуі
81 Жалпы жансыздандырудың асқынуы салдарынан циркуляторлы гипоксия дамиды:
гемолиздің
гемоглобин блокадасының
артериялық гипертензияның
трахеяда интубациялвқ түтікшенің болуының
қышқыл-сілтілі жағдайдың бұзылысының +
82 Операциядан жасалынған науқасты ауруханадан шығарды. 10 күннінен кейін операциядан кейінгі тыртықтың орнында іріңді бөлінді бар жыланкөз пайда болған. Осы жағдайды қалай бағалауға болады?
Ауруханаішілікіріңді-септикалық инфекция +
Ауруханадан шығарғаннан кейінгі жұқтырылуы а
Аутоиммунный процесс
Эндогендік инфекция
Операциядан кейінгі асқыну
83 13 жасар балада оның оң жақтағы алдыңғы қолтық асты сызығы бойында V-VII қабырғалары сынған және сол жерде қатты ауырады, тыныс алуы қиындаған. АҚҚ 110/70 мм с.б. б., пульсі 80 рет минутына. Жедел көмек көрсетудегі алғашқы шараларды атаңыз:
вагосимпатикалық блокада +
наркотикалық анальгетиктер
тыныс аналептиктері
торакотомия
торакоцентез
84 Жедел жәрдем бригадасы оқиға болған жерге келді. 35 жасар әйелде оң жақ сан сүйегінің жоғарғы үштен бір бөлігінде жұлынған жарадан сыртқы алқызыл пульсацияланған қан кету болып жатыр. Қарағанда терісі бозарған, ылғалды, мәрмәр тәрізді. АҚҚ 70/50 мм.сб.б, ЖСЖ минутына 110 рет. Пациенттегі альговердің «шоктық» индексі нешеге тең:
50
60
10
1,57 +
2,2
85 19 жасар пациентте иықтың ашық сынығынан алқызыл түсті пульсацияланған қан кету байқалады. Бірінші орындау керек:
ауырсынуды басу
асептикалық таңғыш салу
артериальды қан кетуді тоқтату +
шина салу
сүйек сынықтарын орнына салу
86 Ұзақ жаншылу синдромында жедел көмек көрсету реттілігі:
жгут салу, ауырсынуды басу, жаншылған аяқ – қолды босату, инфузия, асептикалық таңғыш салу, суық басу +
жаншылған аяқ – қолды босату, ауырсынуды басу, инфузия, жгут салу, иммобилизация
ауырсынуды басу, иммобилизация, жгут салу, инфузия
ауырсынуды басу, жаншылған аяқ – қолды босату, инфузия, асептикалық таңғыш салу
асептикалық таңғыш салу, ауырсынуды басу, иммобилизация
87 6 жасар бала әткеншектен құлады. Оң жақ қолтық астындағы ауырғандыққа, оның дем алғанда ауыратындығына шағым айтты. Қарағанда қабырға сынығына тән симптомдар анықталды. Транспорттық иммобилизация түрін көрсетіңіз:
кеуде торына спиральды таңғыш салу
Дезо таңғышын салу
кеуде торына крест тәрізді таңғыш салу
фиксациясыз таңғышпен тасымалдау +
кеуде торына тығыз таңғыш салу
88 Қабылдау бөліміне 8 жастағы ер бала келді, футбол ойнау кезінде мұрнынан жарақат алған. Мұрын аймағындағы ауырсынуға және мұрыннан қан кетуге шағымданады. Сіз қандай алғашқы көмек көрсетесіз?
мұрын аймағына суық қою
алдыңғы тампонада +
артқы тампонада
сақпанша таңғыш салу
мұрынды жансыздандыру
89 Шақыруда анамнез жинау мен қараудан соң сіз науқаста энтеритті күдіктендіңіз. Созылмалы энтеритке қандай симптом тән?
Кіндік аймағында ауырсыну +
Іш қату
Үзіліссіз құсу
Кекіру
Ауыздағы ащы дәм
90 Қараудан кейін сіздің алдын ала диагнозыңыз: 12елі ішектің жара ауруы. Бұл ауру кезіндегі ауырсыну сезімін сипаттаңыз
Тамақтан соң сыздап ауырсыну
Аш қарынға, түнде +
Майлы тамақтан кейін, "пышақ сұққандай"
белдемелі сыздап ауырсыну
Ащы тамақтан соң қысып ауырсыну
91 АВ0 жүйесі бойынша донор мен реципиенттің жеке сәйкестігіне сынама жасау үшін қандай компоненттер қажет?
донордың плазмасы мен реципиент сарысуы
реципиенттің плазмасы мен донордың сарысуы
донордың плазмасы мен реципиентің қаны
реципиент сарысуы мен донор қаны +
донор мен реципиент қаны
92 Гемотрансфузиялық шоктың алғашқы блгілеріне жатады?
Алғашқы минуттарда бел және төс артында ауырсыну пайда болады, лоқсу, қалтырау, тахикардия, тырысу +
бір тәуліктен соң жайсыздық, бас ауру, бұлшықет ауырсынуы, бас айналу.
бір тәуліктен кейін дене температурасының күрт жоғарылауы, тері гиперемиясы, естен тану
гемотрансфузиядан кейін бір сағаттан соң қүрт қалтырау, температураның 39,5°C дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік
гемотрансфузиядан кейін тырысу, АҚ төмендеуі, пульс жиі және әлсіз, тері және шырышты қабаттардың цианозы
93 Іш қуысындағы паренхиматозды мүшелердің зақымдануына тән синдром:
жедел перитонит
асқазан – ішек жолы функциясының бұзылуы
ішкі қан кету +
жедел тыныс жетіспеушілігі
жедел жүрек – тамыр жетіспеушілігі
94 Пациенттің тыныс жолында бөгде дене анықталды. Осы жағдайдағы медицина қызметкерінің іс – әрекеті:
коникотомия жасау
Геймлих әрекетін жасау +
Сафардың үштік әрекетін жасау
арнайы бригада шақыру
трахеостомия жасау
95 ҚР қазіргі заманғы акушерия стартегиясы көрсетілді:
трансплантологияның дамуымен
ЭКО дамуымен
қауіпсіз жүктілікпен +
диабетке шалдыққандардың мектебінің ашылуымен
кадио орталықтардың ашылуымен
96 Алғашқы жүктіліктің қандай мезгілінде ұрықтың алғашқы қозғалуын сезеді:
20 апта +
18 апта
16 апта
32 апта
24 апта
97 Сыртқы акушерлік зерттеулердің (Леополь үшінші тәсілі анықтайды:
жатыр түбінің биіктігін
жатыр түбіндегі ұрықтың ірі бөлігін
позициясын, ұрық түрін
кіші жамбас қуысы кіребесіне ұрықтың келу бөлігінің қатынасын
ұрықтың келу бөлігін +
98 Егер соңғы етеккірдің бірінші күні – 10 қаңтар болса, онда босанудың болжамалы мерзімін анықтаңыз:
6 қыркүйек
17 қазан +
11 қараша
21 желтоқсан
3 қазан
99 Жедел жәрдем фельдшерін жүкті әйелге шақырды. Жүктілік 40 апта. Іштің төменгі жағындағы толғақ тәрізді 5- 6 минут сайын 20 секундқа созылатын ауырсынуларға шағымданады. Диагноз қойыңыз және өз іс- әрекетіңізді дәлелдеңіз:
Жүктілік 40 апта. Босанудың I кезеңі. Стационарға жатқызу. +
Жүктілік 40 апта. Преламернарлы кезең.
Жүктілік 40 апта. Босанудың ІІ кезеңі. Стационарға жатқызу.
Жүктілік 40 апта. Айтолғақ.
Жүктілік 40 апта. Босанудың ІІІ кезеңі. Стацонарға жатқызу.
100 Жедел жәрдем фелдшерін қатты ауырсынбалы толғақтарға шағымданатын босанушыға шақырды. Қарау барысында: мазасыз, кантракциялық сақина жоғары және ққиғаш орналасқан, жатыры құмсағат пішіндес, сыртқы жыныс мүшелері ісінген. Қандай асқынуды күмәндәнуға болады?
аралықтың ажырауы
жатыр мойнының ажырауы
жатыр ажырауының қаупі +
жатырм ажырауы
шамадан тыс қатты толғақтық әрекеттер
101 ФАБ-дегі фельдшерге әйел жиі және ауырсынбалы еттеккірге шағымдырымен жүгінді. Қалыпты еттеккір циклының ұзақтығы жайлы сұраққа не деп жауап беру қажет?
18-20 күн
15-20 күн
21-35 күн +
36-40күн
41-45 күн
102 Науқас Н., 30 жас, іштің төменгі жағындағы ауырсынуларға және жыныс жолдарынан жағушы қанды бөлінділерге шағымдарымен стационарға түсті. Анамнезде соңғы етеккір 2 ай бұрын болды; 2 өздігінен болған түсік. Қынаптық зерттеу барысында жатыр мойны цианозды, «қарашық» симптомы теріс, сыртқы саңылау саусақ ұшын өткізеді.; жатыр жұмсақ консистенциялы, 8 апталық жүктілікке дейін ұлғайған; қосалқылар анықталмайды; күмбездер терең.Сіздің болжамды диагнозыңыз:
аналық бездер дисфункциясы
қатерлі түсік +
толық емес түсік
өздігінен жасаған аборт
жатырдан тыс жүктілік
103 22 жастағы науқас іштің төменгі бөлігінің, әсіресе оң жағы ауырсуына, сондай-ақ тік ішекке берілуіне шағымданып түсті. Анамнезінде 2 медициналық түсік, соңғысы эндометритпен асқынған. Сондай-ақ, 3 аптаға етеккірі кешігіп жатыр. Болжам диагноз?
жедел аппендицит
B) басталған түсік
эндометриоз
D) жатырдан тыс жүктілік +
E) эндометрит
104 Үдемелі жатырдан тыс жүктіліктің клиникалық көрінісін атаңыз:
етеккірдің кідіруі,жүктіліктің күмәнсіз белгілері, толғақ тәрізді іштің төменгі жағы ауырсынуы +
дене қызуының жоғарлауы, жыныс жолдарынан қан кету
етеккірдің кідіруі және жүктіліктің анық белгілері
D) жүктіліктің күмәнді белгілері, көп қанды бөліністер мен ішінің ауырсынуы
толғақ тәрізді іштің төменгі жағы ауырсынуы, салмағының қосылуы
105 47 жасар әйел келесі шағыммен келді: 10 күннен бері жыныс мүшелерінен қанды бөлінудің болуы. Анамнезінде 2 айдан бері етеккір циклы тоқтаған. Бимануальды тексеруде сыртқы зев жабық, жатыр үлкеймеген, конститенциясы тығыз, қозғалмалы, ауырсынусыз. Жатыр қосалқылары үлкеймеген, күмбездері бос. Болжамалы диагнозды атаңыз:
эндометрия рагы
толық емес түсік
жатырдан дисфункциональды қан кету +
жатыр мойнының рагы
аналық бездердің гормон-өндіретін ісіктері
106 Әйел кезекті кеңес беруге келгенде 33-34 апталық жүктілікте болды. АҚҚ - 140/100 мм.с.б.б. Аяғында ісік бар. Болжамалы диагноз:
орташа дәрежелі преэклампсия
гестационды гипертензия
жеңіл дәрежелі преэклампсия +
ауыр дәрежелі преэклампсия
эклампсия
107 Басталған түсікке тән нақты белгіні атаңыз:
іштің төменгі жағы ауруы
жыныс жолынан қан бөліну +
жатыр мойнының жұмсару және қысқару белгілері
ұрық жұмыртқасының бөліктері шығуы
жатыр көлемі өзгеруі
108 Әйелдер консультациясына 25 жасар жүкті әйел келді. 1-ші жүктілік, мерзімі 5-6 апта. Шағымдары: тәбеті болмауы, жүрек айнуы, тәулігіне тамақтануға байланыссыз 6-10 ретке дейін құсу. 1,5 аптада 1,5 кг салмақ жоғалтқан. Жалпы жағдайы орташа ауыр, қозғыштығы жоғарылау, тері мен кілегей қабаттарының түсі өзгеріссіз, құрғақ. Дне қызуы субфебрильді. Пульс мин 100, ырғақты, толысуы мен кернелуі қанағаттанарлық.АҚҚ 100/60 мм.с.б. Тәуліктік диурез 850 мл. Сәйкес диагнозды көрсетіңіз.
5-6 апталық жүтілік. Орташа дәрежелі жүктілік құсығы. +
5-6 апталық жүтілік. Жүктілер тетаниясы
5-6 апталық жүктілік. Ревматизм. Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі.
5-6 апталық жүктілік. Темір тапшылық анемиясы
5-6 апталық жүктілік. Жатыр миомасы. Миоматозды түйін некрозы.
109 Әйелдер консультациясына 27 жасар жүкті әйел келді. Жүктілік мерзімі 33-34 апта. Шағымы аяқтарының ісінуі. 1-ші жүктілік. Анамнезінде созылмалы пиелонефрит. 14 кг салмақ қосқан, соңғы аптада 1 кг салмақ қосқан. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері мен кілегей қабаттар түсі қалыпты. Пульс мин 64, АҚҚ 120/80 және 115/80 мм.с.б. Жатыр тонусы қалыпты. Ұрық қалпы ұзына бойы, басымен келген, кіші жамбасқа кіре берісте қозғалмалы. Ұрықтың жүрек соғысы анық, ырғақты мин 140. Аяқтары ісінген. Қан, зәр талдаулары өзгеріссіз. Сәйкес диагнозды көрсетіңіз.
33-34 апталық жүктілік. Жүктілік ісіктері. Созылмалы пиелонефрит, ремиссия. +
33-34 апталық жүктілік. Жеңіл дірежелі жүктілік құсығы.
33-34 апталық жүктілік. Ауыр преэклампсия. Ұрық дамуының тежелуі.
33-34 апталық жүктілік. Созылмалы артериальды гипертензия. Эклампсия.
33-34 апталық жүктілік. Эклампсия.
110 30 жасар жүкті әйел жедел жәрдеммен перзентханаға тырысу ұстамаларымен, санасының бұлыңғырлануымен жеткізілген. Жүктілік 38 апта, артериялық гипертензиямен ауырады. Осының алдында басы ауырып, жүрегі айнып құсқан, аяқтары ісінген. Сіздің болжамалы диагнозыңыз.
38 апталық жүктілік. Созылмалы артериальды гипертензия. Жүктілік эклампсиясы. +
38 апталық жүктілік. Жеңіл дәрежелі жүктілік құсығы.
38 апталық жүктілік. Ауыр преэклампсия. Ұрық дамуының тежелуі.
38 апталық жүктілік. Жүктілік ісіктері. Созылмалы пиелонефрит, ремиссия.
38 апталық жүктілік. Созылмалы гепатит В.
111 Жұқпалы ауруға шұғыл хабарламаны қашан толтырады?
Дереу ауруға күдіктену кезінде +
Қорытынды диагнозды қойғаннан кейін
Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін
Қорытынды дезинфекцияны өткізгеннен кейін
Емдеуді тағайындау кейін
112 Бөртпе сүзек ауруында сырқаттанушылықтың сипаты:
Эндемиялар
Шұғыл індеттер
Эпидемиялар
Пандемиялар
Кездейсоқ сырқаттанушылық +
113 АИТВ-инфекциясының таралуында ең жиі таралған берілу жолы:
Жыныстық
Жұқтырылған анасынан баласына
Қан және оның препараттарын құю кезінде
Ортақ ине мен шприцтерді пайдалана отырып кезінде дәрілік препараттарды парентеральдік жолымен еңгізу +
Артифициалдық берілу жолы
114 "Ауруханаішілік cальмонеллездің қоздырғышы болып табылады:
"
"Salmonella typhi
"
"Salmonella enteritidis
"
"Salmonella cholerae suis
"
"Salmonella potsdam
"
"Salmonella typhimirium
" +
115 "Балалар жұқпалы ауруханасына 7 жастағы бала түсті. Клиникалық симптомдарына сәйкес дәрігер Менингит диагнозын қойды. Инфекция көзін атаңыз:
"
"Жұқтырылған жануарлар
"
"Жұқтырылған құстар
"
"Жұқтырылған су
"
"Жұқтырылған тағамдар
"
"Жұқтырылған адамдар
" +
116 Қабылдауға 34 жастағы еркек келді, түнгі клубта ди-джей, екі күн бойы дене температурасының 38°С дейін жоғарлауы, дизурия, зәр шығару кезінде қышу және ашу, уретрадан жағымсыз иісті ақшыл-сары бөліністің бөлінуіне шағымданады. Науқас ретсіз жыныстық қатынаста болады. Қарауда: жаныс мүшесі басының гиперемиясы мен ісінуі. Берілген клиникалық сурет қай ауруға тән?
жедел гонорея +
урогенитальды хламидиоз
урогенитальды трихомониаз
урогенитальды кандидоз
гарднереллез
117 Стационарда бұрын инфекцияланбаған пациенттерге жұғатын инфекция ... аталады:
ауруханадан тыс
нозокомиалды +
инфекциялық
паразитарлық
созылмалы
118 Асептика және антисептика ережелері бұзылуы салдарынан дамитын иньекциядан кейінгі асқыну:
гематома
абсцесс +
ткань некрозы
ауа эмболиясы
аллергиялық реакция
119 Жеткіншек 17 жаста, бас ауруына шағымданды. 12 сағаттан кейін пациентте бас ауруы күшее түсті, лоқсу пайда болды, дене қызуы 39° С-қа көтерілді. Науқас ұйқылы күйде, қоршаған ортаға беймәлім. Осы қабылдау бөлімшесіне жеткізді. Қарағанда: аяқ- қолдарында петехиальді бөртпе, желке бұлшық еттері сірескен. Ликворды зерттегенде глюкоза деңгейі 2,2 ммоль/л, 1 мкл 800 торшалар, олардың 70 %-ы - нейтрофильдер. Пациентте қандай ауру дамыды.
Менингококкты менингит +
Кене энцефалиті
Туберкулезді менингит
Серозды менингит
Токсоплазмоз
120 Пациент 40 жаста, басының салбырауына шағымданады. Анамнезде науқаста тайгаға барғаннан кейін, дене қызуының 40°С -қа дейін көтерілуі ,құсумен, миалгиямен, парестезиямен қарқынды бастың ауруы байқалды, мойын мен қолдар бұлшық еттерінің солғын парездері дамыды. Қарағанда: қолдар күшінің төмендеуі, олардың атрофиялары, басы салбыраған. Қолдардың терең рефлекстері төмен, біркелкі. Аяқтардың күші жеткілікті. Пациентте тайгада болғаннан кейін қандай ауру дамыды.
Кене энцефалиті +
Серозды менингит
Токсоплазмоз
Ишемиялық инсульт
Бульбарлы папалич
121 Науқас 27 жаста, ауырмастан бір күн бұрын кремы бар тәтті тоқаш жеген. Дене қызуы 39,5°С, бас ауруы, қалтырау, дененің сынуы, лоқсу, көп мөлшерде құсу, жиі сұйық нәжіс. Екі күн бойы ауданда тағы осындай төрт ұқсас жағдай тіркелген. Эпидемиялық тексеріс барысында, дәмхана жұмысшысының саусағында панариция анықталған. Пациентте қандай ауру дамыған.
Тағамдық токсикоинфекция +
Дизентерия
Токсоплазмоз
Безгек
Іш сүзегі
122 Токсикодерияның патогенетикалық ем үшін қолданылатын дәрілік заттарды көрсетіңіз:
анаболитикалық гормондар
антибиотиктер
кортикостероидтар +
цитостатиктер
седативті препараттар
123 Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымымен жүгінді. Бұл препаратпен қатынастан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамалы диагноз қойыңыз:
шынайы экзема
микробты экзема
аллергиялық дерматит +
фотодерматоз
дәрілік токсидермия
124 Науқас 24 жаста, мейірбике, ерітіндімен қатынастан кейін пайда болған қышитын бөтрпелерге шағымы бар. Бұл препаратпен қатынасты тоқтатқаннан кейін бөртпе және қышу жойылды. Қайталанған қатынаста таралған гиперемия және ісіну, папуловезикулалы элементтер пайда болды. Болжамды диагноз қойыңыз:
шынайы экзема
микробты экзема
аллергиялық дерматит +
фотодерматоз
дәрілік токсидермия
125 қазан айының соңында дерматологқа 16 жастағы науқас терісі қышуына және бөртіп кеткеніне шағымданып қаралды. Оқушы 6 жасынан бастап ауырады. ауру көктем, күз айларында қозып, жазда тоқтайды. Осындай терідегі көріністер аяқ қолдың иілетін жағында, бастың шаш арасында, арқасы мен іш аймағында болады. Осындай учаскелердегі бөртпелер айқын қызыл түстегі папула, бір-бірімен біріккен, сүр түсті қабықшамен қапталған. Тизе аймағы ісінген, папулалар ылғал жайылмалы. Сонымен қатар шап, қолтық асты, жамбас аралық қатпарлары да зақымданған. Осы жерлерде экссудативтік ақтандақтар шеттері анық қызыл түспен шекараланған, сәл қабыршақтанған. Күдікті диагноз қойыңыз, қосымша зерттеулер жолдаңыз, емдеу принципін атаңыз:
Псориаз, қанның морфологиясы, несептің жалпы анализі, сенсибилизацияға қарсы препараттар, седативті дәрілер. Дәрумендер. Сырттай: қышымаға қарсы, дезинфекциялық, кейін дегенеративтік заттар. +
Қызыл волчанка, қанның морфологиясы, қызыл волчанканың клеткалары. Антималяриялық препараттар, В дәрумендер кешеңі, никотин қышқылы. Сырттай: стероидтық жақпа май, фотоқорғаныс кремдер.
Көпформалы экссудативтік эритема, қанның морфологиясы, антибиотиктер, сенсибилизацияға қарсы препараттар, салицилаттар. Дәрумендер.
Вульгарлы пузырчатка, қанның морфологиясы, кортикостероидты гормондар, ішке цитостатиктер, асқынғанда антибиотиктер, калий, кальций препараттары, плазмаферез, дәрумендер.
Есекжем (крапивница), қанның морфологиясы, аллергосынамалар, қышуды бәсендету үшін седативтік препараттар; аллергияға қарсы дәрілер; қабынуды басатын стероидтық препараттар.
126 Дәрігердің қабылдауына анасы 5 жасар баласын әкелді. бір апта бұрын анасы баласы бетінің оң жағынан қабыршақтанған қызыл бөртпе көреді. қышымайды. Уақыт өте келе бөртпе ұлғая бастады. Бала бала бақшасына барады. Объективтік тексеруде: беттің оң жағында – көлемі 5 тиіндей ашық қызыл түстегі бөртпе бар. Шеті қызарған, қабыршақтанған, бірең-сараң ұсақ түйіндер мен қабыршақтар бар. Үй жануарлары жоқ. Балаға күдікті диагноз қойыңыз.
тегіс терінің трихофитиясы +
Туберкулездік волчанка.
Дюринг дерматиті.
Көпформалы экссудативтік эритема.
Токсидермия.
127 Науқаста айқын атаксия, бұлшықет әлсіздігі, үзілмелі сөйлеу, тремор байқалады. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
Миастения
Рейно ауруы
Мишық ісігі +
Маңдай бөлігінің ісігі
Самай бөлігінің ісігі
128 Геморрагиялық инсульті бар науқасты тасымалдау кезінде қажет:
басын төмен түсіру
аяқтарын көтеру
бас қалпын жиі өзгерту
денесінің қалпын жиі өзгерту
басының қалпын өзгертуді болдырмау +
129 Стационарға түскен қыз 18 жаста келесі шағымдармен: дене қызуының 39 С, басының қатты ауыруы, жарықтан қорқу, спонтанды құсу және денесінде бөртпе пайда болуымен келді. Қараған кезде байқалады: желке бұлшықетінің ригидтілігі, Керниг симптомы оң, көп қимылдағыш, беттің гиперемиясы, терісі ыстық, денесінде геморрагиялық бөртпе анықталды. Болжам диагноз:
менингококк инфекциясы +
тұмау
энцефалит
желшешек
қызамық
130 55 жастағы ер адамға шақыру бойынша дәрігер үйіне келді. Жақын арада оң жақ аяғында кұрт әлсіздік байқалды. Науқас адам 18 сағатта кіші дәретке баралмады. Анамнезінде: науқас адам қант диабеті және жүректің аритмиясымен сырқаттанады. Неврологиялық тексеруде: оң жақ қолдың проксимальді бөлігінде және аяқтың башпайларында спазмалық парез, сол жақ қолы апраксия, Янишевский-Тернер симптомы және ауыздың автоматизм симптомы бар. Артериялық қысымы осындай науқаста нормасынан төмен - АҚ 130/60 мм рт. ст. дене температурасы 37,0 С. Науқаста қандай жағдай дамығанын табыңыз?
Ишемиялық инсульт. +
Субарахноидальді қан құйылуы.
Паренхиматоздық қан құйылуы.
Тромбтық ишемиялық инсульт.
Менингит.
131 К.есімді науқас, 55 жаста, дәрігерге қимыл-тірегі әлсірегеніне, қолы дірілдейтіне, жүріп-тұруы қиындағанына шағымданып дәрігерге қаралды. Объективтік тексеруде: қалыпты жағдайда қолдың треморы "тиін санау" типті, аяқтарының тонусы сәл күшейген "тісшелі дөнгелек" типті, денесін сәл алдыға жіберіп, жәй жәй жүреді. Терең рефлекстер өзгермеген, патологиялық рефлекстері жоқ. Осындай жағдай қандай ауруға тән?
Паркинсон ауруы. +
Альцгеймер ауруы.
Бас маңдайы бөлігінің қатерлі ісігі
Жайылмалы склероз.
Менингококктық менингит.
132 Өз істерінің мәнін түсінбейтін және олармен басқара алмайтын психикалық бұзылысы бар адамның сотпен анықталады:
әрекеттілігі +
құқық қабілеттілігі
ақыл-есі дұрыстылығы
әлеуметтік қауіптілігінің дәрежесі
сыншылдығы
133 43 жастағы ер адамда себепсіз түсіріңкі көңіл-күй, жабырқаулы сезімді сезінеді. Әлем сұр, түнеріңкі жабырқаулы қабылдайды. Моторикасы тежелген, ойлау қабілеті баяуланған, өзін-өзі кемсіту идеясы және суицидтік ойларды айтады. Бет әлпеті терең қайғыны және уайымды бейнелейді. Синдромды атаңыз:
катоникалық
депрессивті +
апато-абулиялық
астеникалық
маниакальды
134 18 жастағы ересек бала бас- ми жарақатынан кейін есте сақтаудың нашарлауына, сөйлеудің қиындауына, сөз тауып сөйлеудің нашарлауына, қиын тапсырмаларды орындай алмайтынына шағымданады. Қандай синдром жайлы ойлауға болады?
дементивті
онейроидты
ақымақтық +
психоорганикалық
астениялық
135 Пациент ұйқылы – ояу жатқандай, қоршаған ортамен байланысы жоқ, бірақ рефлекстері сақталған. Осы симптомдар тән болып келетін жағдайды атаңыз:
кома
сопор +
ступор
күңгірт сана
есенгіреу
136 Жіті иридоциклит кезінде алғашқы көмек көрсету келесі ерітіндіні тамшылауды қамтиды:
пилокарпит
атропин +
тимолол
гентамицин
дикаин
137 Сәйкес келетін бас жартысына иррадиацияланатын көз алмасы аймағындағы ауырсынулар, көру өткірлігінің төмендеуі, көздің қызаруы науқаста мидриатиктерді тамшылағаннан кейін байқалды. Болжамалы диагноз:
жіті глаукома ұстамасы +
иридоциклит
хориодит
жіті конъюктивит
көру жүйкесінің невриті
138 23 жастағы А. есімді науқас екі көзінің бірдей айқын қышуына, жас ағуға, ісінуге шағымданып ауруханаға келді. Анамнезінен: науқас 1 күн бұрын үй тазалығымен айналысқан. Сіздің болжамды диагнозыңыз
серозды иридоцикилит
глаукоманың жедел ұстамасы
аллергиялық конъюнктивит +
тұқымқуалаушылық катаракта
бактериялық кератит
139 С. есімді 4 жасар бала бала бақшаға барады. Бір апта ішінде анасы баласы әлсіреп баратқанын, тәбеті нашарлағанын байқады, ринит, құрғақ жөтел қысатынына, жарықтан қорқатыны және баланың терісіне бөртпелер шыққанын байқады. Бөртпелер анық, бір-бірімен бірігіп нүктеге айналғаны (көлемі - 10 мм дей), терісінен көтерінкі: құлақтың артында, маңдайында, мойнында орналасады (аллергиялық бөртпегеи ұқсас). Кешке қарай анасы баласының дене температурысы 38,5°С көтерілгенін, қабақтары ісініп қызарғанын көрді. Баланың терісінде нүктелі-папулалық бөртпелер шықты, конъюнктивит, көзінен жас шығуы, дауысы қарлығып қалған, ринит, мұрынан су ағады, дене қызуы көтеріліп тұрақтанды, беті ісінген, еріні құрғап қабыршақтанған. Қандай диагнозды болжауға болады.
Қызылша. +
Мононуклеоз.
жел шешек.
Скарлатина.
Қызамық.
140 Қан кету кезіндегі мұрын қуысының алдыңғы тампонадасы жүргізіледі:
поролонмен
мақтамен
дәкелі салфеткамен
пневматикалық тампонмен +
матамен
141 33 жастағы науқас Б. оң жақ көзде пленка түрінде ісіктің пайда болуына, көру өткірлігінің төмендеуіне, жиі қызаруына, бөгде дененің сезіміне шағымданады. Офтальмолог науқасты қарап тексеруден кейін птеригиумның үшінші сатысы диагнозын қойды. Аурудың осы сатысында қандай асқынуды болжауға болады:
глаукоманың жедел ұстамасы
онкологиялық ауру +
орбита флегмонасы
теріскен
аллергиялық конъюнктивит
142 Науқас З. 25 жаста, 8 күн бұрын ауру басталған – дене температурасы 38°С көтерілген, мұрыны бітіп қалған, тамағы жыбырлайды, тамаққа тәбеті қашқан, диарея, жүрегі айниды, іш қуысында өзгеріс барын сезінеді. Өздігімен емделген. дене температурасы қалпына келген, бірақ қал-жағдайы нашарлап кеткен: әлсіздігі күшейген, зәр түсі қонырлаған. Кешке қарай көздің склерасы сарғайғанын байқаған, сондықтан дәрігер шақырды, науқасқа жұқпалы ауруханаға жолдама берді. Науқас өз ауруын екі апта бұрын даладағы дәмханада қолдарын жұмастан тамақтанғанымен байланыстырады. Объективтік тексеруде: терісі мен көздің склерасы сарғайған, шеткері лимфа түйіндері ұлғаймаған, тыныс алуы везикулярлы, жүрек қағысы тоны қалыпты, ритмі дұрыс, АҚ 120/80 мм.рт.ст. Іші жұмсақ, ауырмайды, бауыры қабырға доғасы шетінен 2 см шығып тұр, ауырмайды, жұмсақ тегіс консистенцияда, шеттері тегіс. Кіші дәретінің түсі қоңыр. Науқаста қандай ауру дамыған?
Вирустық гепатит А. +
Вирустық гепатит В.
Бөртпе сүзегі
Сальмонеллез.
Дизентерия.
143 Электро ұйқының жансыздандыру механизмі әрекетінің негізгі рөлі тиесілі:
бас миының лимбиялық жүйесінде эндорфиндердің түзілуіне +
биологиялық белсенді заттардың туындауына( гистамин, серотонин)
қанда ақуыздың глобулинді фракцияларының жоғарылауына
симпато-адреналды жүйе функциясының жоғарылауына
бос радикалдардың туындауына
144 Бронхты демікпе кезінде физикалық жаттығулар бағытталған:
тепе-теңдікке
дем шығару екпініне +
жылдамдыққа
күшіне
координацияға
145 Жүрекке тікелей емес массаж жасау тиімділігін мына белгі көрсетеді:
ұйқы артерияларының пульсациясы +
анизокария
дене температурасының көтерілуі
артериялық қан қысымының жоғарылуы
дене температурасының төмендеуі
146 Тұрғындарға жедел көмекті көрсету сапасының мониторингы іске асады:
жаңа туылғандардың даму тарихы арқылы
босанулар тарихы арқылы
жедел жәрдем шақыру картасы арқылы +
дәрігердің өлім туралы куәлігі арқылы
туылу туралы куәлігі арқылы
147 Инфекциялық аурушаңдықты зерттеу үшін қолданылатын құжат:
Амбулоториялық науқастың талоны
Науқастың амбулатоиялық картасы
Ауру тарихы
Шұғыл хабарлама +
Стационардан шыққан науқастың статистикалық картасы
148 Денсаулық сақтауда маркетингтің маңызы мен ерекшелігі келесі жағдайды қамтиды:
медициналық қызметтерге сұранысты білу
мекеменің жұмыс түрін анықтау
денсаулық сақтау ұйымын қажетсінуді сарамалдау +
медициналық қызметтердің бағасын анықтау
сұранысты қанағаттандыру
149 Фельдшерлік-акушерлік пунктте көрсетілетін медициналық көмек түрі:
қалпына келтіріп емдеу және оңалту
жоғары мамандандырылған көмек
мамандандырылған көмек
білікті помощь
алғашқы медициналық санитарлық көмек +
150 Халыққа стационарлық медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым:
фельдшерлік-акушерлік пункт
қалалық көпбейінді аурухана +
диагностикалық медициналық орталық
медициналық санитарлық бөлімнің медпункті
амбулатория
151 Науқас қабылдайтын ауру мен жағдай арасындағы сәйкессіздікті көрсетіңіз:
бүйрек ұстамасында- қозғалмай жату +
плеврит кезінде-зақымданған бүйірімен жату
кома кезінде-пассивті қалып
сол қарыншалық жеткіліксіздікте-жартылай отыру
экссудативті перикардитте- алдыға еңкейіп отыру
152 Камералық дезинфекцияның ең жұмсак әдісімен булы формалиндік әдісі болып есептеледі. Осы әдістің жетіспеушілігі дезинфекция сеансынан кейін жағымсыз иістің болуы. Булы формалиндік камерада формалин иісін бейтараптандыру үшін қандай затты пайдаланады?
Этил спирті
Нашатыр спирті +
Сірке су
Метил спирті
Эфир
153 Жағдайы ауыр науқастарда ойылудық алдын-алу үшін теріні өңдеу қажет:
камфорлы спиртпен +
жылы сумен
жасыл бриллиант ерітіндісімен
фурациллин ерітіндісімен
5 % бор қышқылымен
154 Ауыз қуысының шырышты қабығына дәрілердің әсер етуі
аппликация
шаю +
инфузия
себу
диффузия
155 Гипертониялық клизма тағайындау көрсеткіші:
атониялық іш қату +
әртүрлі улану
диарея
ішектен қан кету
тазарту клизмасының нәтижесіздігі
156 Науқастың шат аралығын жуу үшін қолданады:
5 % спирт ерітіндісі
фурациллин ерітіндісі
Na хлоридінің изотоникалық ерітіндісі
хлорлы дезинфектант
сұйық сабынмен жылы су +
157 Науқасқа ішке қабылдауға антибиотиктер тағайындалған. Медбике антибиотиктің концентрациясын бірқалыпты ұстау үшін не жасау қажет?
дәріні тамаққа дейін қабылдау
науқастың қолына жеткілікті мөлшерде дәріні беру
препаратты жоғары дозада тағайындау
препаратты қабылдауда уақыт аралығын дұрыс сақтау +
енгізу жолын дұрыс қадағалау
158 64 жастағы науқасқа наркотикалық анальгетиктерді көктамырға енгізу тағайындалған.Осы процедураны жасаудағы медбикенің іс-әрекеті:
препаратты өздігімен енгізеді, босаған ампуланы аға медбикеге өткізеді
науқастың туыстарының көзінше енгізеді, ампула Б тобындағы қалдықтармен бірге жойылады
науқастың сурауы бойынша енгізіп, ампула В тобындағы қалдықтармен бірге жойылады
дәрігердің қатысуымен препаратты енгізіп, ампуланы аға медбикеге өткізеді +
наркотикалық заттарды тек дәрігер салуға құқы бар
159 Науқас Н 51жаста, экземасы бар, медбике дәрілік заттың қай формасын қолданады:
жақпалар, гельдер +
тамшылар, таблеткалар
микстуралар
инъекциялар, ұнтақтар
ұнтақтар, капсулалар
160 Көктамыр iшiлiк инъекция кезiнде шприцке ауа кірсе қандай асқыну болады:
абсцесс
майлы эмболия
анафилактикалық шок
ауа эмболиясы +
Квинке iсiгi
161 Бүйрек ауруының өршу кезеңінде науқастың күтімін жүргізу барысында мейірбике қандай емдәмнің ұстануын қадағалау қажет?
ақуыз бен тұзды шектеумен №7 емдәмді ұстануды +
жануар майы мен суды шектеумен №10 емдәмді ұстануды
сүтті тағамды және ірі талшықты өсімдіктерді шектеумен №4 емдәм ұстануды
баяу еритін майлармен экстративті заттарды шектеумен №5 емдәмді ұстануды
көмірсуларды шектеумен №9 емдәмді ұстануды
162 Науқасты пассивті тамақтануындағы мейірбикенің іс-қимылдары:
қасық немесе поильник арқылы шағын порциялармен тамақтандыру +
асқазан зонды арқылы қоректі заттар енгізу
көктамыр ішіне қоректі заттарды енгізу
науқасқа өз бетінше тамақтануға тағамдарды тарату
тоқішек арқылы қоректік заттар енгізу
163 Мейірбике қолданылған материалдарды қалдықтар класына сәйкес бөлуі қажет, ол сарғыш Б класстағы пакетке қандай материалдарды салауы қажет?
1 рет қолданылған пакет, ескірген дәрілерін
шприцтер, рентген пленкасын, дез.ерітінді контейнерді
шприцтерді, процедуралық кабинетте қолданылған системаларды +
туберкулезбен ауырған науқастың маскасын, градусникті
тамақтың қалдығын, катетерді, дез.ерітінді контейнерін
164 Қабылдау бөлімінде бірнеше науқас жатыр. Бірінші кезекте қайсысына назар аудару керек?
емдәм бойынша кеңес алуға келген 2типті қант диабетімен ауыратын науқасқа
балтырдың ішкі беткейінде ойық жаралардың пайда болуына шағымданған 1 типті қант диабетімен ауыратын науқасқа
бас ауруы мен аузынан "жеміс" иісі шыққан 2 типті қант диабетімен ауыратын науқасқа +
аяқтың І башпайын ампутациясынан кейін таңуға келген 1 типті қант диабетімен науқасқа
көп мөлшерде зәр бөлуіне шағымданған 2 типті қант диабетімен ауыратын науқасқа
165 Бөлімшеде жоспарлы қарау жүргізгеннен кейін емдеуші дәрігердің тағайындамаларын орындауға дайындалу барысында дәрігер орта мөлшерлемеден үш есе асатын препарат мөлшерін тағайындағанын анықтадыңыз. Осы жағдайда не жасау қажет?
емдеуші дәрігерге айту +
тағайындама жасау
бөлімше меңгерушісіне айту
сапаны бақылау бөліміне айту
мөлшерін азайтып тағайындау
166 Қолданылған инелер мен шприц қалдықтарын дұрыс жою әдісін көрсетіңіз:
қолданылған иненің қалпағын шешу, инені шприцтен шешу және қауіпсіз утилизация контейнеріне салу
қолданылған инелер мен шприцтерді қолданғаннан кейін дереу қауіпсіз утилизация контейнеріне қалпағын кигізбестен салу +
инені шприцтен ажырату, және қауіпсіз утилизация контейнеріне салу
иненің ұшын утилизациялау алдында қайшымен кесу, кейін шприцімен қоса қауіпсіз утилизация контейнеріне салу
қолданылған ине мен піскекті спиртпен сүрту, қалпағын шешпестен қауіпсіз утилизация контейнеріне салу
167 Мейіргер пациентке назогастральді сүңгіні енгізу кезінде пациенттің жағдайы нашарлап, бет-әлпеті көгерді, жөтелу, ентігу байқалды. Бұл жағдайдың себебі неде?
пациенттің емшарадан қорқуы
сүңгілеуді тамақтанудан соң жүргізу
психологиялық дайындық болмауы
сүңгінің тыныс жолдарына түсуі +
сүңгіні жылдам енгізу
168 Пациентте дене температурасы 1 сағат ішінде 41°С-тан 36°С-қа дейін төмендеді. Пациенттің терісі бозарған, ұстағанда мұздай, суық тер анықталады; еріндері көгерген, қатты әлсіздікке шағымданады. Бұл жағдай қызбаның қай кезеңіне тән болып келеді?
І-кезең- басталуы
ІІ-кезең- өршу
І- кезең- криз
ІІІ-кезең- лизис
ІІІ-кезең- кризис +
169 Пациентке гематома аймағына мұзды мұйық қою тағайындалған. Мейіргер тоңазытқыштан ішіне су құйып қойылған мұзды мұйықты алып пациенттің гематома аймағына қойды. Бұл кезде қандай асқыну болуы мүмкін?
тітіркену
үсік +
цианоз
бозару
гиперемия
170 Қабылдау бөліміне бірнеше күн бойы көп реттік құсуға шағымданып науқас түсті. Физикалық қарау кезінде науқас бозарған, летаргиялы, тері жамылғылары құрғақ, көз алмалары ішіне кірген. Дамыған жағдайға не себеп болуы мүмкін?
гиповолемиялық шок +
нәжістік үйінді
жүре пайда болған жүрек жеткіліксіздігі
инсулин секрециясының бұзылуы
эритроциттер түзілуінің төмендеуі
171 І типті қант диабеті бар 22 жастағы науқасты қабылдау бөліміне алып келді. Диабетикалық кетоацидозда тыныс алу бұзылысының қай типі сәйкес келеді?
жиі кідірісті тыныс
ұзақ дем шығарумен терең, сирек тыныс +
ырғақсыз, қысқа дем шығарулармен беткей тыныс
қысқа дем алу жане дем шығарумен тыныс
қысқа дем алумен және ұзақ дем шығарумен тыныс
172 Қандай қақырық өкпе ісінуіне тән болады?
"шоколад" тәріздес
кілегейлі
кілегейлі
іріңді
алқызыл, көбікті +
173 Созылмалы пиелонефриттің асқынуын атаңыз:
созылмалы гломерулонефрит
цистит
созылмалы бүйрек жетіспеушілігі +
бүйрек тас ауруы
бүйректің қатерлі ісігі
174 Терінің құрғауы, терінің қышуы, шөлдеу және полиурия қандай ауруға тән белгі?
гипотиреоз
қантты диабет +
диффузды-уытты зоб
акромегалия
гигантизм
175 Гипергликемиялық кома кезінде ауызынан қандай иіс шығады?
ацетонды +
аммиакты
алкогольді
иісі жоқ
сасыған жұмыртқалы
176 Буындардың таңертеңгілік сіресуі қандай ауруда кездеседі?
қантты диабет
ревматоидтық артрит +
акромегалия
аллергоздар
подагра
177 Экссудативті плевритте өкпені тыңдағанда естілетін тыныс:
везикула
қатаң
бронхиалды
амфора
тыныс естілмейді +
178 Субьективтік зерттеуге не жатады?
пальпация
перкуссия
аускультация
анамнез жинау +
жалпы қарау
179 Пациенттің қай қалпында көкбауыр пальпациясы жүргізіледі:
оң қырында +
сол қырында
шалқасынан жатқанда
отырғанда
тұрғанда
180 Созылмалы бронхитпен сырқаттанатын 65 жастағы пациентте кеудесі «бөшке»тәрізді. Бұл пациентте қандай перкуторлы дыбыс анықталуы мүмкін:
тимпанды
анық өкпелік
қорапты +
тұйық
бәсең
181 Қозғалғанда, дем алғанда, жөтелгенде күшейетін және ауырған жағына жатқанда басылатын кеудедегі ауырсыну қай ауруда кездеседі?
құрғақ плеврите +
бронхоэктаз ауруында
өкпе абсцесінде
созылмалы бронхите
экссудатты плеврите
182 Үлкейген, тығыз және ауырмайтын лимфа түйіндері кездеседі:
жедел постгеморрагиялық анемия
теміртапшылықты анемия
жедел лимфаденит +
созылмалы лимфолейкоз
эритремия
183 Жүректің 1 тоны қандай қақпақшалар жабылғанда пайда болады?
аорталды
пульмоналды
аорталды және пульмоналды
қосжармалы
қосжармалы және үш жармалы +
184 Тыныс алу қимылының тереңдігі мен жиілігінің жиілеуімен жүретін субъективті ауа жетпеу сезімі:
тұншығу
жөтел
ентігу +
тахипноэ
брадипноэ
185 Тері жамылғыларының бозаруымен, сілекей ағумен, бас айналу сезімімен жүретін асқазан тұсындағы жағымсыз сезім:
қыжыл
жүрек айну +
кекіру
құсу
лоқсу
186 Науқас К., 42 жаста, фельдшерге зәр шығару кезіндегі ауырсынуға және қиындауына, дене температурасының жоғарлауына, жалпы әлсіздікке, бас ауруына, жұмысқа қабілеттіліктің төмендеуіне шағымданады. Зәр шығарудың қай бұзылысы жайлы ойлайсыз?
анурия
странгурия +
олигоурия
поллакиурия
полиурия
187 Науқас М., 52 жаста, ентігуге, тез шаршағыштыққа, еңбекке қабілетінің төмендеуіне шағымданады. Қарау кезінде жағдайы орташа қанағаттанарлық, тері қалыпты түсте, тері асты май қабаты артық дамыған . Ішкі мүшелерінде патология анықталған жоқ. Салмағы-92кг, бойы-168 см. Осы науқастың дене салмағы индексін анықтыңыз:
28,9
32,8 +
35,8
36,9
38,8
188 Фельдшерлі-акушерлік пунктке науқас іріңді қақырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына шағымданып келді. Бірнеше күн бойы ауырады, өзінің жағдайын суықтанумен байланыстырады. Қарау кезінде Сіз тыныс алу актінде оң жақ кеуде клеткасының артта қалушылығын байқадыңыз. Өкпедегі плевра қуысының патологиялық ошағын анықтау үшін төменде көрсетілген тексеру әдістерінің қайсысын қолданады?
дауыс дірілі
салыстырмалы перкуссия +
топографиялық перкуссия
пикфлоуметрия
кеуде клеткасының эластикалылығы
189 Науқас М., 63 жаста, соңғы айда ішінің ұлғайғанына, аяқтарында ісінудің және ентігудің пайда болуына шағымданады. Осы науқастың іш аймағын тексеруді шештіңіз. Іштегі патологиялық сұйықтықты анықтау үшін төменде көрсетілген әдістердің қайсысын таңдайсыз?
іштің беткей пальпациясы
іштің терең пальпациясы
іштің перкуссиясы +
ішті қарау
іштің аускультациясы
190 Миокард инфарктын диагностикалау үшін негізгі анализді таңдаңыз:
қандағы КФК, АСТ, тропониндер +
тимол, сулема сынамасы
қандағы креатинин, несепнәр
қандағы қант, холестерин
қандағы билирубин, ақуыз
191 Науқас Б., 28 жаста. Басының ауруына, дененің барлық бөлігінде ісінуге шағымданады. Баспамен ауырғаннан 10 күннен кейін алғаш рет ауырған. Бетінің ісінуі пайда болды, ісіну тез жайылуда, ентігу, диурездің азаюы қосылды. Объективті: беті боз, ісінген. АҚ 210/120 мм.с.б.б.. Зәрі "ет жуындылары" түсті, салыстырмалы тығыздығы - 1035, ақуыз 3%, тұнбада көп мөлшерде эритроциттер,цилиндрлер. Сіздің болжамды диагнозыңыз:
жедел гломерулонефрит +
жедел пиелонефрит
аретриялық гипертония
жедел цистит
несеп-тас ауруы
192 Осы электрокардиография жазбасына сай жауапты көрсетіңіз (суретке қараңыз):
жедел миокард инфаркты
қалыпты ЭКГ +
сол қарынша гипертрофиясы
жыпылықты аритмия
пароксизмальды тахикардия
193 Науқас Б., 45 жаста, түнгі 1-де төс астындағы ауырсынудан оянып кетті, ауырсыну құсумен, ентігумен, салқы термен қосарланған. АҚ 70/40 мм.с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Перитонеальды симптомдар жоқ. Әйелінің айтуы бойынша, ұйықтар алдында жұмысында болған мәселені естіп, уайымдаған. Науқаста қандай жағдайды болжауға болады?
миокард инфаркты +
жедел панкреатит
жедел холецистит
жедел гастрит
перикардит
194 Анемия кезінде қанда қандай өзгерістер болады?
лейкоциттер санының көбеюі
ЭТЖ жылдамдауы
гемоглобин деңгейінің төмендеуі +
бластты жасушалардың пайда болуы
тромбоциттер санының азаюы
195 Эритроциттер мен гемоглобин ағзада қандай негізгі қызметті атқарады?
қалыпты гемостазды қалыптастырады
қан кетуді тоқтатады және алдын алады
микроциркуляцияны жақсартады
ағзаның қорғаныс қызметін қалыптастырады
тіндерге оттегі тасымалдайды +
196 Науқаста кетоацидозды кома дамыды. Шұғыл көмек көрсету көлемін анықтаңыз:
алғашқы сағатта 1литрден кем емес физиологиялық ерітінді инфузиясы +
40 % глюкоза ерітіндісі 4--60 мл т/і
Морфин, нитроглицерин, гепарин
дротаверин, атропин, платифиллин т/і
Морфин, фуросемид, нитроглицерин, оксигенотерапия
197 Науқаста он екі елі ішектің ойық жарасынан қан кетті, науқаста кенет әлсіздік, бас айналу, ентігу, минутына 120 жүрек соққысы, АҚ төмендеуі дамыды. Шұғыл көмек көлемін көрсетіңіз:
Дицинон, аминокапрон қышқылы, физиологиялық ерітінді +
Сальбутамол, хлоропирамин, преднизолон
Дротаверин, кеторолак, триме
Дицинон, окситоцин, физиологиялық ерітінді
Морфин, гепарин, аспирин, физиологиялық ерітінді
198 Естен тану кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз араласуы:
басты жоғары көтеріп қою
жүрек аймағына қыша қою
мүсәтір спиртінің буымен демалдыру +
преднизолон енгізу
басқа мұз қапшығын қою
199 Науқас әрбір жөтелген сайын алқызыл көбікті қанның бөлінуі бойынша мейірбике палатаға шақырды. Қандай шұғыл жағдай дамыды?:
өкпеден қан кету +
асқазаннан қан кету
өңештен қан кету
ауыз қуысынан қан кету
мұрыннан қан кету
200 Қандай жағдайда медбике сальбутамолдың қалталы ингаляторын пайдалануға кеңес береді?
қан қақыру
құрғақ жөтел
тұншығу +
көкірек тұсындағы ауырсынулар
аллергияда
201 Ісігі бар науқастарға шектеу қажет:
талшықтарға бай өнімдерді
ұннан жасалған тағамдарды
ас тұзды +
сүт-айран өнімдерін
қантты
202 Әдебиеттер мәліметтеріне сәйкес ми қыртысы клиникалық өлім басталғаннан кейін 5-6 минуттан соң өледі. Реанимациялық іс-шараларды осы уақыттан ұзақтау жасауға болады ма?
Жоқ, себебі нәтижесінде адам бәрібір вегетативті жағдайда болады
Жоқ, себебі адамның миы осы 5-6 минутың ішінде бәрібір өледі.
Ия, себебі реанимация ми жасушасының тіршілік мерзімін ұзартады. +
Ия, себебі ми қыртысының жасушалары өлгенмен де адам өмір сүре алады.
Ия, алайда тек ми жасушалары ұзақ өмір сүретін жас адамдарда ғана.
203 17 жастағы жасөспірім реанимация бөлімшесіне түсті. Есі шатысқан, артериялық қысымы 70/40 мм с.б., шеткері артерияларда пульс анықталмайды, тынысы жиі. Осы жағдай өлімнің қай сатысына сәйкес келеді?
преагония +
ақтық үзіліс
агония
клиникалық өлім
биологиялық өлім
204 Кез келген этиологиялық шокпен күресу үшін неліктен артериялық қысымды ұстап тұру өте маңызды?
Қысымның төмендеуі шок дамуының негізгі патогенетикалық факторы болып табылады.
Қысымның төмендеуі кез келген шоқ дамуының этиологиялық факторы болып табылады.
Қысымның төмендеуі липидтердің асқын тотығы механизмін және тіндер зақымдануын іске қосады.
Қысымның төмендеуі шырғалаң шеңберді туындатады: гипоксия – миокард жұмысының бұзылуы – қысымның төмендеуі. +
Қысымның төмендеуі диссеминациялық тамырішілік қан ұюының дамуына септігін тигізеді.
205 Стенокардия ұстамасынан кейін миокардта жасушалар зақымдалуының қандай түрі пайда болады?
Қайтымды. +
Қайтымсыз.
Созылмалы
Митозды.
Біріншілікті.
206 Микроциркуляцияның қандай бұзылысы қабынудың екі классикалық көрінісін – қызару және температураның жоғарылауын туындатады?
Артериолдардағы қысқа уақыттық спазм.
Веноздық гиперемия.
Артериялық гиперемия. +
Қабыну ошағындағы сұйықтар эксудациясы.
Артериялық спазм
207 Қабылдау бөліміне науқас түсті, ессіз. Жұбайының айтуынша анамнезінде қантты диабет бар. Қарау барысында терең, баяу тыныс анықталды. Анализдерінде: глюкоза мөлшері 24.9 ммоль/л, артериялық қанның рН 7.2, зәрде қант, кетонды денелер анықталды. Төменде көрсетілген тұжырымдамалардың қайсысы науқаста дамыған жағдайдың механизміне сәйкес келеді?
түндегі өсу гормонының секрециясы таңертең глюкозаның жоғарлауына алып келеді
инсулин жеткіліксіздігі контраинсулярлы гормондардың синтездің жоғарлауына және кетонды денелердің түзілуіне алып келеді +
гипогликемиялық жағдай глюконеогенез және гипергликемияны ынталандыратын глюкагон синтезделуіне алып келеді
гипергликемия оксидативті стресс, бүйрек жетіспеушілігіне және ацидозға алып келеді
бұлшықеттің ұзақ жұмысы кетонды денелердің босауына алып келеді
208 Анамнезінде 20 жыл бойы созылмалы бронхитпен ауыратын науқастың артериялық қанының газдық құрамы анализінде қандай өзгерісті көруіңіз мүмкін?
респираторлы ацидоз, компенсирленген +
метоболикалық ацидоз, декомпенсирленген
респираторлы алкалоз, декомпенсирленген
метоболикалық ацидоз, компенсирленген
респираторлы алкалоз, субкомпенсирленген
209 Созылмалы бронхиттің кеш сатысымен ауыратын науқаста өкпелік жүректің дамуын қай клиникалық белгі көрсетеді?
түнгі тершеңдік
венозды ойық жаралар
гепатомегалия +
гипокапния
құрғақ шашыранды сырылдар
210 Науқасқа жүрек ырғағын мониторлау мақсатында құрылғы қойылған. Сіз бөлмеге кірген кезде құрылғы ырғақтың мына көрсеткіштерін (суретке қараңыз) көрсетуде. Осы жағдайда не істеу қажет?
дәрігерді шақыру
науқасты сол жағымен жатқызу
қатты дауыспен көмекке шақыру және жүрекке тікелей емес массаж жасау +
ырғақты 10 минуттан соң қайта тексеру
науқасты оң жағымен жатқызу, аяқтарын ішіне жинау
211 Буындардың таңертең қозғалмай қалуы қандай ауруда кездеседі?
қантты диабет
ревматоидтық артрит +
акромегалия
деформациялық остеоартроз
подагра
212 Терапия бөліміне А. атты 27 жастағы пациент мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін тұтқырлы қақырық, ентігу, әр күні бірнеше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет , өкпеде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Пациентте анықталған өзгерістер қайсы ауруға тән?
бронх демікпесі +
жедел бронхит
созылмалы бронхит
пневмония
бронхоэктаз ауруы
213 Ревматикалық қызба кезiнде ауырсынудың тез тоқтауы қандай препараттарды қолданғанда байқалады?
сульфаниламидтерді
глюкокортикостероидтарды
антибиотиктерді
қабынуға қарсы стероидты емес +
спазмолитиктерді
214 Есекжемде теріде пайда болады;
гиперемия
сарғаю
күлдіреуік +
цианоз
бозару
215 Бауыр шаншуы кезіндегі шұғыл жәрдем
маалокс, омепразол
панкреатин, мебеверин
адеметионин, эссенциале форте
фуросемид, верошпирон
кеторол, дротаверин +
216 Ревматоидты артритті анықтау кезіндегі маңызды тексеру әдісі қандай?
УДЗ
ФГДС
холецистография
рентгенография +
урография
217 24 жастағы пациент тамақ ішкеннен кейін, 1,5-2 сағаттан соң эпигастрий аймағында ауырсынуға, қыжылдауға, шағымданады. Диагнозды анықтау үшін қолданатын аспаптық тексерулер?
УДЗ
Холецистография
Ирригоскопия
Колоноскопия
ЭФГДС. +
218 Жаңа туылған нәрестеде сүт бездерінің ісінуінің себебі неде?
гормональды криз +
сұйықтық жоғалту
эритроциттердің гемолизі
гепатоциттердің цитолизі
электролиттер жоғалту
219 Жаңа туылған нәрестелер сары ауруын емдеу негізіне жатады:
антибиотиктермен емдеу
глюкозаны ішу, фенобарбитал
глюкозаны тамырішілік құю
өт айдағыш препараттар және гепатопротекторлар
фототерапия, ана сүтімен тамақтандыру +
220 Рахиттің бастапқы кезеңі келесі симптомдармен сипатталады:
аяқтардың қисаюы
мазасыздану, дене температурасының жоғарлауы
мазасыздану, тершеңдік, дене температурасының жоғарлауы
бас сүйектерінің қисаюы, рахиттік таспиықтар
мазасыздану, тершеңдік, үрей, қалтырау +
221 Алты жастағы балада мысықтармен ойнағаннан кейін есекжем туындады. Келесі препараттардың қайсысы есекжемді тоқтатуға қолданылатынын көрсетіңіз:
атропин
дексаметазон
өзгерген аймақтарға суық басу
диметинден. +
парацетамол
222 Дөрекі "үрмелі" жөтел, дауыстың қарлығуы, афония тән:
ларингитке +
отитке
созылмалы тонзиллитке
фарингитке
бронхитке
223 Митральды стеноз кезінде "жүрек бүкірінің" пайда болу негізіне жатады:
сол жүрекше дилатациясы
оң қарынша дилатациясы
сол қарынша дилатациясы +
оң жүрекше дилатациясы
аортаның кеңеюі
224 Туберкулин сынамасының виражы деген не?
қақырықта Кох микобакетрияларының табылуы
теріс Манту сынамасы
алғаш рет болған оң Манту сынамасы +
гиперергиялық Манту сынамасы
күдікті Манту сынамасы
225 Бала 5 жаста. Кеше кешке анасы оның құлағының артында және басының шашты бөлігінде көпіршікті бөртпені байқады. Дене қызуы 37,5°С. Сіздің диагнозыңыз:
қызамық
желшешек +
қызылша
жалған туберкулез
аллергиялық бөртпе
226 Фебрильді тырысулар- балаларда ненің себебінен болатын тырысулар?
жоғары температура +
босану жарақаты
жүйке жүйесінің аурулары
ағзада Д дәруменінің жеткіліксіздігі
ұзақ уақыт күннің астында жүру
227 Жаңа туылған және 2 айлық баланың өмірінің қауіп – қатер факторы болып табылады:
Дене қызуы 36,6° С
Бала белсенді қозғалады
көмек арқылы ғана қозғалады +
Тыныс жиілігі минутына 40 р
Тері жамылғысы қызғылт
228 ҚР ұлттық егу күнтізбесі бойынша қандай жастағы балаларға эпидемиялогиялық паротитқа қарсы тірі вакцинация жасалады:
Өмірінің 0 -4 күні, 2 ай,4 ай
2, 3,4 және 8 ай
Өмірінің 0 -4 күні, 6 ай
12-15 ай және 6 жас +
2, 3 және 4 ай және 12-15 ай
229 Егер баланың тамағы ауырып және сұйықтық мүлдем іше алмаса, науқас баланы емдеудің кешенді әдісін ауру бойынша классификациялаңыз:
Мүмкін болатын бактериялық инфекция
Жұтқыншақ абсцессі +
Стрептококксыз фарингит
Стрептококкты фарингит
Мастоидит
230 Егер сіз балада астмалық демді анықтасаңыз және қауіп – қатер факторы анықталмаса, онда Сіз жасайсыз:
1 цикл вентолин 30 минут ішінде
2 цикл вентолин 10 минут аралығында күніне 3 рет
3 цикл сальбутамол 1 сағат ішінде 15-20 минут аралықта +
2 цикл вентолин 15 минут аралығында күніне 3 рет
2 цикл сальбутамол 30 минут аралығында күніне 3 рет
231 Балаларда диарея кезінде болатын Оральды регидратацияның І кезеңінің ұзақтығы:
4-6 сағат +
12 сағат
24 сағат
18 сағат
1-2 сағат
232 Сусызданудың І сатысына мына симптомдар тән:
шырышты қабаттардың құрғақтығы +
тәулігіне 10 нан көп сұйық нәжіс
күніне 2-3 рет құсу
дене салмағының 3% жоғары жоғалту
тәбеттің төмендеуі
233 3 жасар бала. Анасы баласының денесінен бөртпені байқады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы қанағаттандырарлық, дене қызуы қалыпты. Бетінің, кеудесінің және аяқ- қолдарының терісінде қызғылт түсті ұсақ бөртпелер бар. Тамағы қызарған. Пальпациялағанда желке тұсында лимфа бездері бұршақ көлеміне дейін ұлғайған, ауырмайды, серіппелі. Сіздің диагнозыңыз:
Жел шешек
Қызылша
Жәншау
Қызамық +
Аллергиялық бөртпе
234 Балалардағы лимфоидты тіннің кері даму қай жаста болады?
3-жасқа дейін
3-5 жас
5-7 жас
11-13 жас
14-15 жас +
235 Бала 2 жаста, жедел ларингит диагнозы қойылған. Балаларда осы аурудың негізгі белгісіне жатады:
дене температурасының жоғарлауы
тамақтағы ауырсыну
жұтынудың бұзылысы
дауыстың қарлығуы +
асфиксия
236 Бала 2 жаста, шұғыл түрде балалар ауруханасына тыныс жеткіліксіздік белгілерімен жеткізілді. Қабылдау бөлімінде пульсоксиметрия жүргізілді. Осы құрылғы өлшейтін көрсеткіштерді көрсетіңіз:
қанның құрамындағы оттегі саны
оттегімен қаныққан гемоглобин пайызы +
қан құрамындағы гемоглобин мөлшері
қан құрамындағы эритроциттер саны
жүрек шығарылымы
237 Бала 11айлық, балалар ауруханасына жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, тамақтан бас тартуына, әлсіздікке шағымданып түсті. Объективті қарауда тынысы жиілеген, кеуде клеткасының төменгі бөлігі ішке кірген, аускультацияда әлсіреген тыныс. Осы жасқа сай "жиілеген тыныс" ұғымына келетін тыныс жиілігін көрсетіңіз:
минутына ≥ 70
минутына ≥ 60
минутына ≥50 +
минутына ≥40
минутына ≥28
238 Бала 15 жаста. Эндокринологта І типті қант диабеті диагнозымен қарауда тұр. Инсулинотерапия, тамақтану бойынша ұсыныстарды орындайды, бірақ аурудың ағымы ауыр, бірнеше рет ауруханаға кетоацидозбен түскен, жиі гипогликемиялық жағдайлар болады. Ата-анасы гликемия деңгейін қадағаламайды. Осы клиникалық жағдайда баланың жағдайын не жақсартуы мүмкін?
инсулинотерапияны түзету
тамақтануды жоспарлау
физикалық жүктемелерді жоспарлау
гликемия деңгейін өзі бақылау мен өзіндік дамуға үйрету +
қант диабеті асқынуларының алдын алу
239 Бала 15 жаста. Артериялық гипертензия бойынша диспансерлік бақылауда тұр. Отбасылық анамнезі қолайсыз. Аймақтық дәрігерге мына шағымдармен келді: кенеттен дамыған бас ауру, бас айналу, құлақтағы шу. АҚ 170/90. Шұғыл госпитализацияға көрсеткішті көрсетіңіз:
АҚ жоғарлау себептерін анықтау үшін тексеру
бақыланбайтын АҚ
асқынулардың болуы
амбулаторлы ем әсерінің болмауы
гипертониялық криз +
240 Аймақтық педиатр нәрестенің біріншілік патронажын жүргізуде және барлық физиологиялық рефлекстерді бағалауда. Оральды автоматизм рефлексін көрсетіңіз:
нәрестенің қорғаныш рефлексі
тіреу рефлексі
кенет еңбектеу
жармасу рефлексі
іздеу рефлексі +
241 Нәрестені бірінші патронажды қарау кезінде туа пайда болған физиологиялық рефлекстерді бағалау жүргізілді. Қалыпты жағдайда 12айда жоғалатын, спинальды автоматизм рефлексін көрсетіңіз:
нәрестенің қорғаныс рефлексі
тіреу рефлексі
кенет еңбектеу
жармасу рефлексі +
Моро рефлексі
242 Нәрестеге 28 күн. Жүктілік пен босану қалыпты өткен. Туылған кездегі салмағы 3000 г, ұзындығы 50 см. Апгар шкаласы бойынша 9-10 балл. Төске алғашқы тәулікте салынған. Босану үйінен 2 тәулікте шыққан. Кіндік қалдығы 3 тәулікте түскен. Баланы кеудемен емізеді. Қарау кезінде мазасыздыққа, үрейлі және үзілмелі ұйқыға шағымданады. Ай бойынша дене салмағын қосу 500 гр. Терісі таза, тынысы пуэрильді, жүрек тондары айқын. Бауыр қабырға доғасы тұсында. Зәр шығару тәулігіне 3 рет. Нәжісі күніне 2 рет. Баланы жүргізу әрекетін көрсетіңіз:
ауруханаға жатқызу
қан мен зәрдің жалпы анализі
невропатологтың кеңесі
ішек дисбиозына нәжіс
тамақтандыруды бақылау +
243 Жаңа туылған нәрестенің бірінші патронажы. Анасына төспен емізудің маңыздылығы жайлы айтылды. Тек табиғи тамақтандыруда болатын тамақтандырудың негізгі үрдісін көрсетіңіз:
тиімді сапа және негізгі нутриенттердің саны
ана мен баланың терілік- тактильды байланысы +
анасының тамақ үлесінің антигендеріне иммунологиялық толеранттылықты дамыту
иммунологиялық қорғаныс
тиімді тамақ тәртібін қалыптастыру
244 Кеудемен тамақтандырудың маңызы жайлы анасына түсіндірілді. Сөйлесу барысында ана сүті ерте постнатальды кезеңде айқын өзгеріске ұшырайтыны айтылды. Дамыған сүттің пайда болуы мерзімін көрсетіңіз:
алғашқы тәуліктер
2-5 күн
6-10 күн
11-15 күн
15 күннен кейін +
245 Дәрігер жас анамен жаңа туылған нәресте күтімі жайлы сөйлесуде. 5 ұсыныстың 4 еуі кенеттен болатын өлімнің алдын алуға арналған. Жалпы сипаттағы ұсынысты көрсетіңіз:
нәрестені кеудеге дұрыс үйрету +
баланы арқасымен жатқызу
қатты байлаудан сақ болу
ұйықтаған кезде баланың бетін жаппау
бала ұйықтап жатқан жерде темекі шекпеу
246 Бициллинмен профилактика қай ауруда жүргізіледі?
атеросклероз
артериалды гипертензия
ревматикалық қызба +
жүрек ақаулары
кардиомиопатия
247 Ана сүтімен тамақтанатын 9 айлық балаға берілетін қосымша тамақтың бір реттік мөлшері қандай?
150 мл
180 мл +
225 мл
300 мл
350 мл
248 Мерзімі жетіп туылған нәрестеде физиологиялық сарғаюдың ұзақтығы:
7 күн
10 күн
14 күн +
21 күн
30 күн
249 Азиз, 18 айлық. Анасы баладағы жөтел, мазасыздық, дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Ауырғанына 5 күн болған. Анасы өз бетінше парацетамол, линкас берген. Осы шағымдары бойынша алғаш қаралуы. Дене қызуы 38,8С, тыныс жиілігі 56 рет минутына. Медицина қызметкері балада кеуде клеткасының ішке тартылуы жоқ, стридор мен астмоидты тыныс жоқ деп бағалады. Сіздің диагнозыңыз:
Пневмония +
Ауыр пневмония
Бронх демікпесі
Обструктивті бронхит
Жедел респираторлы инфекция
250 10 күндік нәрестеге патронажға келген медицина қызметкері баланы тексере келе кіндік жарасынан серозды бөлініс бар екенін анықтады. Кіндік сақинасы аздап гиперемияланған. Нәрестенің жалпы жағдайы бұзылмаған. Дене қызуы 37,3С. Кіндік тамырлары пальпацияланбайды. Сіздің болжам диагнозыңыз:
Катаральді омфалит +
Іріңді омфалит
Кіндік қалдығы гангренасы
Кіндік тамырлары аурулары
Флегмонозды омфалит
251 Берілген суретте қай ауруының бастапқы кезеңіне тән белгісі көрсетілген?
Рахит +
Бехтерев ауруы
Гипертрихоз
Атопиялық дерматит
Метаболикалық синдромы
252 10 айлық баланың нерв - психикалық дамуының көрсеткiштерi:
өз бетiмен ойнап жүредi
дене мүшелерiнiң аталуын бiледi +
анасын таниды
заттардың пiшiнiн ажырата бiледi
негiзгi түстердi ажыратады
253 7 жастағы қыз бала жиі ауырсынумен зәр шығаруға шағымданды. Зәр аз көлемде бөлінеді. Жалпы зәр анализінде - лейкоцитурия, бактериялар, оксалат +++. Болжам диагнозыңыз?
Цистит +
Гломерулонефрит
Гидронефроз
Поликистоз
Бүйрек жетіспеушілігі
254 3 айлық бала, туылғандағы салмағы 3000 г, тексеру кезінде салмағы 5200 г болды. Осы баланың тәуліктік және бір реттік сүт көлемі анықтаңыз:
Тәуліктік- 866мл, бір реттік- 144мл +
Тәуліктік- 870мл, бір реттік- 148мл
Тәуліктік- 880мл, бір реттік- 154мл
Тәуліктік- 900мл, бір реттік- 160мл
Тәуліктік- 950мл, бір реттік- 175мл
255 Ауруының 3-ші күні анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды. Балаға 6 ай. Мұрнының бітелуі,жөтел, дене температурасының 37,5-38,0С жоғарлауы мазалайды. Сонымен қатар анасы балада тыныс алу қиындағанын айтады. Тексеру кезінде: қауіп анықталған жоқ. Тыныс жиілігі минутына 55 рет, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке енуі анықталған жоқ. Стридор және демікпе тәрізді тыныс жоқ. Фельдшер балада қандай симптомдарды бірінші кезекте анықтау қажет?
интоксикация симптомдары
жоғары тыныс жолдарының катар симптомдары
сусыздану симптомдары
қабыну симптомдары
қауіптің жалпы симптомдары +
256 Ауруының 3-ші күні анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды. Балаға 6 ай. Мұрнының бітелуі,жөтел, дене температурасының 37,5-38,0С жоғарлауы мазалайды. Сонымен қатар анасы балада тыныс алу қиындағанын айтады. Тексеру кезінде: қауіп анықталған жоқ. Тыныс жиілігі минутына 55 рет, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке енуі анықталған жоқ. Стридор және демікпе тәрізді тыныс жоқ. Алдын ала қай диагноз жайлы ойлайсыз?
пневмония +
бронхит
ларингит
баспа
туберкулез
257 Ауруының 3-ші күні анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды. Балаға 6 ай. Мұрнының бітелуі,жөтел, дене температурасының 37,5-38,0С жоғарлауы мазалайды. Сонымен қатар анасы балада тыныс алу қиындағанын айтады. Тексеру кезінде: қауіп анықталған жоқ. Тыныс жиілігі минутына 55 рет, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке енуі анықталған жоқ. Стридор және демікпе тәрізді тыныс жоқ. Фельдшер "пневмония" диагнозын қойды және антибиотик тағайындады. "Пневмония" диагнозын қандай тексеру әдісі дәлелдейді?
құрсақ қуысының УДЗ
кеуде клеткасының рентгенографиясы +
басты МРТ
ЭКГ
қақырық анализі
258 Ауруының 3күні анасы ФАП фельдшерін үйіне шақырды. Балаға 6 ай. Мұрнының бітелуі,жөтел, дене температурасының 37,5-38,0С жоғарлауы мазалайды. Сонымен қатар анасы балада тыныс алу қиындағанын айтады. Тексеру кезінде: қауіп анықталған жоқ. Тыныс жиілігі минутына 55 рет, кеуде клеткасының төменгі бөлігінің ішке енуі анықталған жоқ. Стридор және демікпе тәрізді тыныс жоқ. Фельдшер "пневмония" диагнозын қойды және антибиотик тағайындады. "Пневмония" диагнозында антибиотик неше күнге тағайындалады?
5 күн
7 күн
3 күн +
14 күн
10 күн
259 Жиі тыныс алудың шектік маңызын анықтау үшін ерте жастағы балалар жасы 3 кезеңге бөлінеді: 2 айға дейінгі нәрестелер, 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестелер, 12 айдан 5 жасқа дейінгі балалар. 2 айға дейінгі балаларда жиілеген тыныстың шектік маңызын көрсетіңіз:
1 минутта 60 немесе одан көп +
1 минутта 50 немесе одан көп
1 минутта 40 немесе одан көп
1 минутта 30 немесе одан көп
1 минутта 20 немесе одан көп
260 Жиі тыныс алудың шектік маңызын анықтау үшін ерте жастағы балалар жас 3 кезеңге бөлінеді: 2 айға дейінгі нәрестелер, 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестелер, 12 айдан 5 жасқа дейінгі балалар. 2 айдан 12 айға дейінгі нәрестелер жасында жиілеген тыныстың шектік маңызын көрсетіңіз:
1 минутта 60 немесе одан көп
1 минутта 50 немесе одан көп
1 минутта 40 немесе одан көп +
1 минутта 30 немесе одан көп
1 минутта 20 немесе одан көп
261 Балаға 15 күн. Анасының айтуы бойынша, балада таңертең емізгеннен кейін бір рет құсу болған. 1 сағаттан кейін құсу қайталанды және анасы жедел жәрдем шақырды. Бір рет тырысу болған. Дене температурасы қалыпты. Баланың есі анық. Анамнезінен: бала бірініші жүктіліктен, бірінші босанудан. 38 апта мерзімінде туылды. Жүктілік тыныш өткен, гестоздар болмаған. Инфекциялық аурулармен байланыс болмаған. Генетикалық анамнез қалыпты. 15 күн ішінде ауырмаған. Болжамды диагноз қойылды: "Жедел ми қанайналымының бұзылысы". Қай диагностика әдісі сіздің болжамды диагнозыңызды дәлелдейді?
жұлын ми пункциясы
бастың МРТ +
жалпы қан анализі
ЭКГ
құсық массасын сараптау
262 Бала 1,5 жаста. Аздаған жарақаттан кейін қан тоқтамайды. Анамнезінен отбасындағы бірінші бала қан кетуден қайтыс болғаны анықталды. Болжамды диагноз қойылды: "Гемофилия". Гемофилия кезінде қан ұюы не себептен бұзылады?
антигемофильді фактордың жеткіліксіздігі +
тромбоциттер жеткіліксіздігі
қанның сұйылуы
қанды сұйылтатын препараттарды қолдану
эритроциттер мен гемоглобинді
263 Ауыр сусызданумен болатын диареяда, егер бала су іше алмаса, сұйықтықты тамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр сусызданумен болатын диареяда қандай ерітінді тамырішілік енгізіледі?
глюкоза 5%
глюкоза 40%
Регидрон ерітіндісі
реополиглюкин
Рингер лактат +
264 Бала заттарды қысқыш тәрізді ұстайды, кейін шымшып алады,ойыншықты бір қолынан екінші қолына салады, геометриялық мүсіндерді бояйды. Баланың қай дамуы жайлы ойлауға болады?
коммуникативті
эмоциялық
когнитивті +
адаптивті
физикалық
265 Балаға 2 ай. Барлық екпелерін ҚР Мемлекеттік күнтізбеге сай алған. Бір айдан соң 3айлығында екпе салуға шақырылған. 3 айлық бала қандай екпелерді алу керек?
АбКДС
АбКДС, ВГВ, ИПВ
АбКДС, ИПВ +
БЦЖ, ВГВ
ККП, ОПВ
266 Бала 7 айлық. Қосымша тамақтанудың 2 түрін алуда. Медбике анасына құрамында гемдік темір бар тағамдар ұсынды. Қай аурудың алдын алу мақсатында баланың тамағына гемдік темір қосу керек?
анемия +
рахит
гипотрофия
атопиялық дерматит
гельминтоз
267 Аймақтық медбике 6 айлық баланы екпеге шақыру мақсатында үйіне келді. Баланың ауырғанына 2 күн болғаны белгілі болды. Күніне 3рет сұйық нәжіс мазалайды. Бала мазасыз, көзі шүңіреймеген, терісі тез жиырылады. Егер сіз А жоспарын таңдасаңыз, сұйықтықтың қай көлемін бересіз?
әр нәжістен кейін 50-100 мл +
әр нәжістен кейін 100-200 мл
әр нәжістен кейін 20-30 мл
әр нәжістен кейін 10-20 мл
әр нәжістен кейін 30-40 мл
268 Балалар ауруханасына 2 жастағы бала интоксикация, қызба, минутына 45 ретке дейін жиілеген тыныс, шулы қиындаған тыныс, тыныс алудың қиындауымен түсті. Диагноз қойылды: Пневмония. Демікпелі тыныс. Тағайындалды: антибиотик 100 мың.ед/кг, вентолин (тез әсер көрсететін бронхолитик). Балаға вентолинді қай сызба бойынша беру керек?
20 минут интервалымен 3 цикл +
20 минут интервалымен 2 цикл
20 минут интервалымен 5 цикл
4 сағат интервалымен 3 цикл
20 минут интервалымен 4 цикл
269 Баланы тексеруге әр келген сайын медбике әр баладағы 4 кезеңнен тұратын қауіптің жалпы белгілерін тексеру керек. 1 кезеңде медбике анасынан не сұрау керек?
бала су іше немесе еме алады ма? +
тамақ қабылдағаннан кейін құсу бола ма?
тырысу болды ма?
жөтел қанша күнге созылады?
дене температурасы жоғарлайды ма?
270 Бірінші сынып оқушыларына БЦЖ ревакцинациясының алдында Манту сынамасын жүргізу барысында 2 оқушының нәтижелері оң мәнді болды. Манту сынамасының қай нәтижесі оң мәнді болып саналады?
папула 5мм жоғары +
папула 2-4 мм
папула 0-2мм
папула 17 мм және жоғары
инъекция орнында гиперемия
271 Қабылдауда 8 айлық бала. Шағымдары: жөтел, тыныстың қиындауы, дене қызуы 38ºС. Объективтi: терiсi бозғылт, ерiн -мұрын үшбұрышының цианозы, өкпеде құрғақ және ылғалды сырылдар естiледi. Жөтелгенде қақырық түседi. Болжам диагноз және iс әрекетiңiз
ларингит, амбулаторлы емдеу
көкжөтел, инфекциялық бөлiмде емдеу
бронхопневмония, стационарда емдеу +
туберкулезды бронхоаденит, туберкулезды диспансерде емдеу
жедел бронхит, үйде емдеу
272 3 жасар бала. Анасының шағымы: баланың 2 күннен бері іші өтеді. Көп жылайды. Тексеріп көргенде: бала мазасыз. Суды шөліркеп ішеді. Тері қатпары бірден қалпына келеді. Көзі кіртимеген. ЮНИСЕФ бағдарламасы бойынша «Орташа сусыздану» жіктемесі қойылды. Дияреяда Б жоспар бойынша ішкізетін регидрон мөлшерін анықтау үшін баланың салмағын нешеге көбейтеміз
55
60
65
70
75 +
273 2 жасар баланың үйіне шақырту жасалды. Кешеден бері дене қызуы жоғарылап 39 0С –қа дейін көтерілген. Дәрі бергенмен төмендемеген. Бүгін бала мазасызданып, иегі дірілдеп, аяқ-қолдары дірілдей бастаған. Тексеріп қарағанда: тері қабаты бозарған, еріні көгерген, дем алысы шулы, көз қарашығы ұлғайған, баланың жағы қарысып, аяқ-қолдары құрысып-тырысып, есін жоғалтқан. Бұл қандай жағдай деп ойлайсыз.
Гипотермия
Құрысу синдромы +
Ларингоспазм
Бронхоспазм
Гипергликемиялық кома.
274 10 айлық бала. Баланың ауырғанына 2 күн болған. Алғашқыда мазасызданып, жылай берген, құрғақ "үрмелі" жиі жөтел. Тексеріп қарағанда: дене қызуы 38,40С, мұрнынан кілегейлі-шырышты бөлініс, көзі жасаурап, жиі жөтеледі. Аталған белгілер қай тыныс алу ағзасының ауруына жатады?
Ларингоспазм
Ларинготрахеит +
Пневмония
Фарингит
Ринит
275 Қабылдауға келген 8 жасар баланың анасының шағымдары: баласының тәбетінің жақсы болуына қарамастан, ол әлсіз. Тез шаршайды. Соңғы кезде үлгерімі де төмендеген. Қарап көргенде: қызуы жоқ. Тері қабаты құрғақ, таза. Ауыз қуысы таза. Сұрағанда: бала өзінің көп шөлдейтінін, көп мөлшерде зәр шығаруына және қарны тез ашатынын айтты. Осы белгілер қай ауруға тән?
қант диабеті +
гипотиреоз
анемия
Симмондс ауруы
гипертиреоз
276 Қант диабетімен ауыратын науқастың оң жамбасында іріңді жара, айналасындағы терісі гиперемияланған, пальпацияда зақымданған аймақтың ауырсынуы. Температура 39,5 градус. Қай ауру жайлы ойлауға болады?
фурункул
абсцесс
гидроаденит
карбункул
флегмона +
277 Антисептика- бағытталған шаралар жиынтығы
жара инфекциясының алдын алу
жараға инфекция түсуінің алдын алу
құралдар дезинфекциясы
құралдарды залалсыздандыру
жарадағы микроағзаларды жою +
278 Гемотрансфузиялық шоктың себебі:
қан құю ережелерін сақтамау
қанның топ бойынша сәйкессіздігі +
ауалы эмболия
қанда көп мөлшерде консерванттардың болуы
инфицирленген қан құю
279 Гемостатикалық мақсатта қолданылады:
новокаин
лидокаин
промедол
дицинон +
диазепам
280 Бірнеше шаш фолликулдары және тері бездерінің қабынуы аталады:
фурункул
абсцесс
гидроаденит
карбункул +
флегмона
281 Өт ұстамасында ауырсыну синдромы ненің бұзылысынан дамиды?
өт ағуының +
панкреатикалық сөл ағысының
біріңғай салалы бұлшықеттер тонусының төмендеуі
қан құрамындағы холестерин мөлшерінің жоғарлауы
асқазан сөлі секрециясының жоғарлауы
282 Іріңді жарақатқа дренажды қандай мақсатпен енгізеді?
жылдамдатылған эпителизация
бөлініс ағысын қамтамасыз ету +
қан кетуді тоқтату
тампонаданы жүргізу
ісіну мен экссудацияны азайту
283 25 жастағы ер адам электрожарақат алды. Қарау кезінде: зардап шегуші ессіз, АҚ 65/30 мм с. б., жыпылық аритмиясы, айқын ентігу. Сіздің алғашқы іс әрекетіңіз:
Жүрек - өкпе реанимациясын жүргізу
Ошақ орнынына залалсызданған дәке салу
Медициналық ұйымдарға жеткізу +
Жасанды тыныс жасау
Кеуде торына компрессия жасау
284 Жіті парапроктит туындауына бейім себептер ішінде бірінші орында тұр:
тік ішек кілегейінің микрожарақаттары
геморрой
медициналық манипуляция кезінде тік ішек кілегейінің зақымдануы
тік ішектің оқтан болған жарақаттары
тік ішекпен көршілес орналасқан мүшелердің қабынуы +
285 Қабылдау бөліміне 12 жастағы бала шұғыл түрде қаралды. Мойнында беткейлі кесілген жара анықталды. Біріншілік хирургиялық көмек?
Қан кетуді біржола тоқтату +
Жара қуысын тығындау
назогастральды зонд орнату
трахеостомия
интубация
286 Мейірбике таңу жүргізу үшін стерильді үстелді дайындауы қажет. Қолын залалсыздандырудың қандай деңгейін орындауы қажет:
гигиеналық
әлеуметтік
қолды өңдеу қажет емес
хирургиялық +
спиртті салфеткамен сүрту
287 Мұрыннан қан кеткен науқасқа көмек көрсету кезінде мейірбикенің қолына науқастың қаны тамды. Мейірбикенің осы кездегі дұрыс тактикасы:
ағынды сумен жуу
5% калий перманганаты ерітіндісімен өңдеу
бриллиант көгінің 1% ерітіндісмен өңдеу
70% этил спиртімен 2 рет өңдеу +
4% натрий гидрокарбонатымен өңдеу
288 Хирургиялық бөлімшеде антибиотикпен емделген 45 жастағы Л. науқаста аллергиялық стоматит анықталды. Тісін тазалағанда, тамақ ішкенде ауызының ашитындығына шағымданады. Қарау барысында ауыз қуысындағы шырышты қабаттың қызарғаны, тілінің астында бірнеше жараның бар екендігі табылды. Тілі ақ жабындымен жабылған. Ауыз қуысына күтім жасауда тиімді:
5 % бор қышқылы ерітіндісі
2 % гидрокарбонат натрий ерітіндісі +
мұздай су
қайнатылған жылы су
дистилденген су
289 Науқас реанимация бөлімшесінде аппараттық вентиляцияда жатыр. Трахеостомиялық түтікшенің трахеямен төмен ығысуын қандай көрсеткіш көрсетеді?
артерияллық қысымның жоғарлауы
сырылдардың пайда болуы
артериялық қысымның төмендеуі
кеуде клеткасының бір жағында тыныстың төмендеуі +
тырысулардың пайда болуы
290 Жедел қан жоғалтқан науқаста қандай өзгеріс анықталуы мүмкін?
құсу
артериялық қысымның жоғарлауы
жүрек айну
тахикардия +
рефлекстердің жоғарлауы
291 Анамнезінде басылмайтын қатты ауырсынуы бар науқаста ауырсынуды тиімді басу үшін опиоидты анальгетиктің мөлшерін жоғарлату байқалды. Осы көрініс қалай аталады?
төзімділік (толерантность) +
тәуелділік
жалған тәуелділік
интоксикация
сублимация
292 Анестезиология және реанимация бөлімшесінде жұмыс жасауда отадан кейінгі ояну кезінде науқастың қандай көрсеткіштеріне бірінші кезекте мән беру керек?
ес деңгейі
өздігінен қозғалу мүмкіндігі
тыныс алу типі мен сипатының өзгеруі +
ауырсыну деңгейі
өзіне қызмет көрсете алу
293 Бұғананың ортанғы бөлігінде «крепитация» белгісі анықталса, қандай зақымдануға күдіктенуге болады
Бұғананың шығуы
Бұғананың сынуы +
Бірінші қабырғаның сынуы
Екінші қабырғаның сынуы
Байламдардың үзілуі
294 17 жасар қыз от жалынымен термиялық зақым алды. Қарап тексергенде: сол жақ иығында ал-қызыл түсті, шеттері тегіс емес, көлемі 4,0*5,0 см күйіктік жара. Күлбіректер қоймалжың сарысулы сұйықтыққа толы. АҚ- 110/70мм.сын.бағ., пульсі -110 рет мин. Сіздің болжамды диагнозыңыз
І дәрежелі термиялық күйік
ІІ дәрежелі термиялық күйік +
ІІІ А дәрежелі термиялық күйік
ІІІ В дәрежелі термиялық күйік
ІV дәрежелі термиялық күйік
295 Қабылдау бөліміне үйдің шатырынан құлап зардап шеккен 47 жастағы пациент жеткізілді. Болжамалы диагноз: кеуде торының ашық жарақаты, кернеулі клапанды пневмоторакс, оң жақтағы V-VI қабырға сынуы. Шағымдары: ентігудің күшеюі, жара аймағындағы қатты ауырсыну.Объективті: пульс - 110 соққы 1 мин, АД - 80/60 мм рт., алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша V - VI қабырға аймағында оң жақта жыртылған жара. Медициналық көмек көрсету кезіндегі нақты (приоритетті) іс-шараны анықтаңыз
Науқасты шұғыл госпитализацияға көндіру
Артериялық қан қысымын, пульсті бақылау
Науқасты арқасынан жатқызып, жүрек препараттарын енгізу
Жартылай отырған қалып беру, окклюзионды таңғыш салу +
Науқасты психоэмоциональды тыныштандыру
296 "Науқас ""жедел жәрдем"" көлігімен стационарға алкогольдік мас күйінде оң аяқтың сүйектерінің сынуымен жеткізілді. Наркозбен сынық репозициясы жүргізілді, қаңқалық созу орындалды. Наркоздан шыққаннан кейін палатада науқас өзін агрессивті ұстай бастады, таңғышты жұлып, өз бетімен тұруға тырысты. Нәтижесінде асқыну болды. Хирургиялық араласуды қайталауға тура келетін асқыну пайда болды.
Науқаста қандай асқыну дамыды?"
сүйектердің ығысуы +
ішкі қан кету
сыртқы қан кету
ауа эмболиясы
майлы эмболия
297 Өртте зардап шеккен зақымданушының арқасында көпіршікті, іші серозды сұйықтыққа толған күйіктік жара бар. Зақымданудың жалпы ауданы мен тереңдігін дәрежеге қарай анықтаңыз.
18%, II дәрежелі +
27%, IIIA дәрежелі
36%, II дәрежелі
40%, IIIБ дәрежелі
45%, IIIБ дәрежелі
298 Травматологиялық бөлімшеге оң балтыр сүйегінің жабық сынуы бар пациент түсті. Балтыр сүйектерінің рентгенограммасын жүргізгеннен кейін, сынықтардың ығысуы жоқ екенін ескере отырып, дәрігер терең гипсті лонгеттік таңғышты салды. Пациент кешкісін балтырының қатты ауыруына шағымданды.Қарап тексеруде: аяқ бармақтары ісінген, көгерген. Пациенттің басым (приоритетті) проблемасын анықтаңыз
Балтыр сүйегінің екіншілікті ығысу қаупі
Табан контрактурасының даму қаупі
Бұлшықет атрофиясының даму қаупі
Лонгетті таңғышпен қысылуы +
Тізе контрактурасының даму қаупі
299 Науқаста көздің химиялық күйігі. Қарап тексеруде: конъюнктиваның жоғарғы қабаттары некрозға ұшыраған, ісінген. Мөлдір көпіршікті сұйықтық анықталады. Сондай-ақ, мүйізді қабық пен қабақтың беткі қабаттары зақымданған. Күйік дәрежесін анықтаңыз
дәрежесі анықталмайды
І дәрежесі
ІІ дәрежесі +
ІІІ дәрежесі
ІV дәрежесі
300 Жедел аппендицит кезіндегі ауырсынудың сипаты мен орналасуын көрсетіңіз
оң жақ мықын аймағындағы тұрақты, өткір ауырсыну +
оң жақ қабырға астындағы тұрақты, өткір ауырсыну
тұрақты, белбеулене қатты ауырсыну
эпигастральды аймақтағы қанжар сұққандай ауырсыну
сол жақ қабырға астындағы тұрақты, өткір ауырсыну
301 Науқас Н. 40 жаста, эпигастральды аймақтың ауырсынуына, көп реттік құсыққа шағымданады.Температура 37 С. Тілі ақ түсті. Ішті қарау кезінде жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсыну. Ортнердің оң симптомы. Сіздің болжамды диагнозыңыз.
жедел аппендицит
жедел панкреатит
жедел холецистит +
жедел гастрит
ішек өтімсіздігі
302 "11 жасар бала хоккей ойнап жүріп, оң қолын тірей құлады. Мектептің медпунктіне жеткізілді. Білек сүйегінің төменгі 1/3 бөлігінің ауырсынуына шағымданады.
Status localis: ісіну, ауырсыну, пішінінің өзгеруі, патологиялық қозғалыс, крепитация, қимыл-қозғалыстың шектелуі, терісінде аздаған сырылулар байқалады.Қандай зақым түріне күдіктенуге болады"
білек сүйегінің патологиялық сынығы
білек сүйегінің төменгі 1/3 бөлігінің ашық сынығы
білек сүйегінің жоғарғы 1/3 бөлігінің жабық сынығы
білек сүйегінің жоғарғы 1/3 бөлігінің ашық сынығы
білек сүйегінің төменгі 1/3 бөлігінің жабық сынығы +
303 3 ай баланың кіндік аймағында 2*2 см өлшемдегі, жұмсақ серпімді түзіліс бар, жылау кезінде ұлғаяды. Анасының айтуынша, бұл түзіліс бірінші айда пайда болды және біртіндеп өседі. Пальпация кезінде-кіндік сақинасына саусақтың ұшы еркін өтеді. "Кіндік жарығы" диагнозы қойылған. Дұрыс емдеу принципін таңдаңыз
шұғыл операция
жоспарлы операция
лейкопластырлы таңғыш салу +
консервативті ем
қысатын таңғыш салу
304 Жол-көлік апатының салдарынан 42 жастағы пациент кеудесін соғып алды.Кеуде торының оң жағының ауырсынуына, ауырсыну сезімінің тынысталғанда күшеюіне шағымданады. Фельдшер қарау барысында, кеуде торының оң жағында гематоманы анықтады. 6 және 7 қабырғалардың пальпациясы кезінде крепитация мен патологиялық қозғалыс анықталады. АҚ 110/70 мм сын бағ., пульс 90 /мин. Бұл жағдайда фельдшердің тактикасын анықтаңыз:
Ауырсынуды басу, оттегі беру, Дезо таңғышы
Оксигенация, гемостатиктер, масақ тәрізді таңғыш
Ауырсынуды басу, черепица таңғышы, тасымалдау +
Отегі ингаляциясы, тасбақа таңғышы, суық басу
Ауырсынуды басу, оксигенация, 8-тәрізді таңғыш
305 21 жастағы ер адам қауіпсіздік техникасын сақтамай, циркулярлы арамен сол білегінің орта бөлігін зақымдап алды. Қарағанда: жара ұзындығы 7,5 см , тереңдігі 0,5 см таяу, жара шеттері тегіс, жарадан шие түстес қан баяу ағып жатыр. Қан кету түрін анықтаңыз:
Капиллярлы
Артериалды
Паренхиматозды
Венозды +
Ішкі
306 Сіз- оқиға орнына келген «Жедел жәрдем» фельдшері.Пациент – орта жастағы ер адам, жерде жатыр, дыбысқа, тактильды контактқа жауап бермейді, өзіндік тыныс байқалмайды, күре тамырларда пульс жоқ, қарашықтың жарыққа жауап қайтару реакциясы жоқ. Куәгерлер ер адамның 5 минут бұрын аяқ астынан құлағанын айтты. Ең ықтимал диагноз?
Клиникалық өлім +
Биологиялық өлім
Гипергликемиялық кома
Алкогольды кома
Жанталасу алды
307 «Жедел жәрдем» бригадасы келгенде келесі жағдай анықталды:жаяу жүргіншіні жеңіл қөлік қаққан. Қарағанда: адам шалқасынан жатыр, есі жоқ, өзіндік тыныс сақталған, тыныс жиілігі минутына 24 рет, пульс минутына 98 рет, әлсіреген, АҚ 95/70 мм сын бағ. Кеуде торының пішіні өзгермеген, іші жұмсақ, мықын сүйегінің алдыңғы өскінділерін басқанда зардап шегуші ыңырсып, қолдарын еріксіз қимылдатады. Болжамалы диагнозды атаңыз:
Жамбас сүйектерінің жабық сынығы +
Жамбас сүйектерінің ашық сынығы
Балтыр сүйектерінің жабық сынығы
Сан сүйегінің ашық сынығы
Қабырғалардың көптік сынығы
308 40 жастағы науқас ішінің жайылмалы ауырсынуына, жүрек айнуына, құсуға шағымданады. Пальпация кезінде алдыңғы құрсақ қабырғасының кернелуі және ауырсынуы, оң мықын аймағында Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Сіздің әрекетіңіз:
хирургиялық ауруханаға жатқызу +
анальгетиктер енгізу
спазмолитиктер енгізу
асқазанды шаю
тазарту клизмасын қою
309 Динамикалық ішек өтімсіздігі мына себептен дамиды:
ішек ілмектерінің айналуы
түйіндердің түзілуі
нәжіс массаларымен бітелуі
біріңғай салалы бұлшықет салдануы +
ішектің сырттан басылуы
310 Участкелік медбике төсек тартып жатқан науқастың сегізкөз, жамбас аймағының терісінде қызыл-қоңыр дақтар бар екеніне көңіл аударды. Омыртқадан зақым алған науқас бірнеше жылдан бері тек мүгедектер қоларбасы арқылы ғана қозғалады. Медбике ойылудың дамып келе жатқанын анықтады, оның сипаттамасы қайсысы:
ұзақ уақыт төсек тартып жатқан әлсіз науқастарда пайда болатын тері зақымдануы +
химиялық заттардың әсерінен пайда болатын тері зақымдануы
химиялық және механикалық әсерлерден пайда болатын тері зақымдануы
ыстықтың әсерінен пайда болатын тері зақымдануы
механикалық және термиялық әсерлерден пайда болатын тері зақымдануы
311 Қабынулық экссудатта көптеген мөлшерде моноциттер мен лимфоциттер, аздаған мөлшерде нейтрофильдер анықталған. Қабыну сипаты туралы не айта аласыз?
Жедел жұқпалы қабыну.
Жедел аллергиялық қабыну.
Жедел асептикалық қабыну.
Созылмалы қабыну. +
Иммундық қабыну.
312 Созылмалы С гепатиті бар науқас бауыр биопсиясына дайындалуда. Емшара алдында медбике зертханалық анализдерді тексеруде. Қай зертханалық көрсеткіш коагуляциялық қасиетті бағаламайды?
гематокрит +
протромбинді уақыт
бөліктік тромбопластинді уақыт
тромбоциттер саны
протромбинді индекс
313 Бөлмеде өт қабына ота жасалған науқас жатыр. Анамнезінде бірінші типті қант диабеті бар. Жүрек айнуына және қатты тағамды қабылдай алмауына шағымданады. Сіз бөлмеге кірген кезде науқаста тырысу синдромы басталғанын көрдіңіз, есі жоқ. Осы жағдайдың дамуына не себеп болды?
диабеттік кетоацидоз
гипергликемия
респираторлы ацидоз
гипогликемия +
респираторлы алкалоз
314 Хирургия бөлімшесіндегі науқаста отадан соң алдыңғы құрсақ қабырғасына колостома шығарылған. Стоманы қарау барысында қандай көрсеткіштер стома ишемиясына тән болады?
қызғыл түс, ылғалды беткей
құрғақ беткей, көкшіл түс +
саңылауының тарылуы, нәжістің өтуінің қиындауы
шығарылған нәжіс құрамының өзгеруі
уақытқа байланысты нәжіс шығуының жоғарлауы
315 Жара іріңдеуінің жергілікті белгісін көрсетіңіз:
жергілікті температураның жоғарлауы +
терінің бозаруы
тері астылық эмфизема
экссудаттың болмауы
ауырсынудың басылуы
316 Операция алаңын өңдеу үшін қолданылатын ерітіндіні көрсетіңіз
1% йоданат ерітіндісі +
1% хлорамин ерітіндісі
6% сутегі асқын тотығы
0,1% күміс нитраты ерітіндісі
0,1 % фуразидин ерітіндісі
317 Егер теріде гиперемия және ісіну фонында некроз ошақтары мен геморрагиялық сұйыққа толы көпіршіктер анықталса, ал сынама (механикалық және спиртпен) ауырсыну реакциясын тудырмайды. Үсіктің қай дәрежесін болжамдаған жөн?
І
ІІ
ІІІ +
ІV
V
318 Науқасты тізе және жамбас-сан буындарында аяқтары бүгілген қалыпта, тізе буындары астына жастықша қойып, қатты тегіс жерге жатқызу қандай жарақат түріне күдіктенген кезде ұсынылады
бас сүйек-ми жарақаты
омыртқа жарақаты
жамбас сүйектерінің сынуы +
аяқтың сынуы
қолдың сынуы
319 Стационарға 35 жастағы науқас жол көлік апатынан кейін 20 минуттан соң жеткізілді. Шағымдары: іштің ауырсынуы, әлсіздік. Объективті тексеруде: тері жамылғысы бозарған, пульсі - 110 соққы/минутына, ырғақты, әлсіз, АҚ 90/60 мм.сын.бағ. тең. Іштің барлық бөлігі аздап кернеулі, сол жақ қабырға астындағы пальпация кезінде ауырсыну сезімі анықталады. "Ванька-встанька"симптомы оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз?
көкбауырдың жарылуы +
бауырдың жарылуы
ірі тамырлардың жарылуы
алдыңғы құрсақ қабырғасының соғылуы
асқазан жарасының тесілуі
320 Босану залында ауа температурасы қанша болуы қажет?
23-25 +
20-22
28-30
18-20
26-28
321 Диагональды конъюгата деген ненің арақашықтығы?
мүйіс пен қасаға қосындысының жоғары жиегінің ортасы
мықын сүйек айдарларының
отырғыш сүйектерінің
сегізкөздің шығыңқы мүйісі мен симфиздің төменгі жиегі +
симфиз бен мүйістің ең шығыңқы орналасқан нүктелері
322 Ұрықтың көлденең орналасуында болатын асқыну:
қағанақ суының ерте кетуі +
ұрықтың гипотрофиясы
ерте токсикоз
қағанақ суының көп болуы
қағанақ суының аз болуы
323 Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын ажырауының негізінде жатыр:
артериялық қысымның төмендеуі
артериялық қысымының жоғарлауы
ретроплацентарлы гематома +
қағанақ суының ерте төгілуі
құрсақ бұлшықетінің әлсіздігі
324 Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылуы сипатталады:
аралық терісі мен бұлшық етінің жыртылуы +
қынап қабырғаларының жыртылуы
тері мен артқы күмбез жыртылуы
жамбас түбі бұлшықеттерінің жыртылуы
тік ішек қабырғаларының жыртылуы
325 Алғаш босанушы, 28жаста, босанудың ІІ кезеңі, күшену барысында аралық күмбез тәрізді томпаюда:
аралықтың жыртылу қауіпі +
аралықтың қалыпты жағдайы
ІІ кезеңді дұрыс жүргізбеу
қарқынды босану белгісі
аралықтың басталып жатқан жыртылуы
326 Ерте босанудан кейінгі кезеңде босанушыда гипотоникалық қан кету басталды. Сіздің әрекетіңіз:
қуық катетеризациясы, атропин сульфатын тамырішілік енгізу
жатыр қуысын қолмен тексеру, іштің төменгі бөлігіне суық қою
қуық катетеризациясы, қолмен тексеру, жатырдың сыртқы массажы
іштің төменгі бөлігіне салқын қою, магний сульфатын тамырішілік енгізу
қуық катетеризациясы, жатырдың сыртқы массажы, іштің төменгі бөлігіне суық қою, тамыр ішіне окситоцин +
327 Босанудың болжам мерзімін анықтауда қажет болады:
соңғы етеккірдің бірінші күнінен 3 ай артқа шегініп және 7 күн қосу +
ұрықтың бірінші қимылына 15 апта қосу
соңғы етеккірдің бірінші күніне 3 ай және 7 күн қосу
соңғы етеккірдің бірінші күнінен 2 ай артқа шегініп және 21 күн қосу
соңғы етеккірдің соңғы күнінен 3 ай артқа шегініп және 7 күн қосу
328 Ұсынылған жағдайлардың қайсысы «әдеттегі түсік» деп ойлауға болады?
Жиі жасалатын медициналық түсік тастауда
Әйелдер желісіндегі келесі ұрпақтың тарихындағы түсік болған кезде
Жақын арадағы медициналық түсік тастауда
Анамнезде екі немесе оданда көп түсік кезінде +
Анамнезде бір түсік кезінде
329 34 апталық жүкті әйелде іш айналымы қалыптан жоғары, ұрықтың бөліктерін пальпациялау қиын, «қалқу» (зыбления) оң симптомы анықталады. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?
көп ұрықтылық
Физиологиялық жүктілік
Ірі ұрық
Гидроцефалия
Көп сулы жүктілік +
330 Босанғаннан кейінгі әйел 7 тәулік бойы үлкен дәретінің болмауына шағымданады, мейірбикенің қажетті іс-әрекеті:
тазарту клизмасын жасау, диетаны сақтауға ұсыныс +
газ шығаратын түтікшені қою, тыныштандыру
асқазанды шаю, тыныштандыру
АҚҚ өлшеу, ұйықтататын дәрі беру
дене қызуын өлшеу, ауырсынуды басатын дәрі беру
331 Геморрагиялық шок патогенезінің негізіне не жатады?
Қанайналымның орталықтануы.
Тіндік ацидоз.
Тіндік гипоксия.
Айналымдағы қан көлемінің тапшылығы. +
Артериялық қысымның түсуі.
332 Жүктіліктің күмәнсіз белгісін атаңыз?
етеккірдің тоқтауы +
ұрық қозғалысын анасының сезінуі
емшек ұштарында секпілдің пайда болуы
орталық жүйке жүйесіндегі өзгерістер
ұрық бөліктерін сипалау арқылы анықтау
333 Ұрықтану процесі қай жерде өтеді?
аналық безде
жатырда
жатыр түтікшесінде +
қынапта
жатыр мойнында
334 Плацентаның төмен орналасуындағы негізгі шағым
iштің толғақ тәрізді ауырсынуы
желке тұсының ауырсынуы
оң жақ мықын тұсының ауырсынуы
жыныс жолдарынан сыртқы қан кету +
қынаптан іріңді бөліндінің бөлінуі
335 Жүкті әйелдің соңғы етеккірі 01.07 - 04.07.2018ж. Негель әдісі бойынша босанудың болжам мерзімін анықтаңыз?
20.12.2018 ж.
24.01.2019 ж.
13.03.2019 ж.
08.04. 2019 ж. +
09.05.2019 ж.
336 32 жастағы пациент жедел жәрдем көлігімен гинекология бөліміне жеткізілді. Шағымы: үйде ауыр зат көтергеннен кейін ішінің қатты ауырып, көзі қарауытып, аз уақытқа есінен танып қалған. Анамнезінен: 3 құрсақ көтерген, алғашқы жүктілігі медициналық түсікпен аяқталған. Соңғы 5 жылда құрсақ көтермеген. Контрацепция заттарын қолданбайды. 6 ай бұрын УДЗ жүргізілгенде сол жақтағы аналық безде 3,0 х 4,0 см-лік кистаның бар екендігі анықталынды. Объективтік тексеруде терісі мен шырышты қабаттарының бозаруы, қан қысымының төмендеуі, тамыр соғысының жиіленуі анықталынды. Диагнозы?
жатырдан тыс жүктілік.
киста аяқшасының бұралуы +
созылмалы аднексит.
жатырдан қан кету.
тесілген перитонит
337 30 жастағы бұрын босанған жүкті әйел мерзімінде босанды, салмағы 3500,0 гр. қыз бала тұншығусыз дүниеге келді. Босанудың 3-ші кезеңін өткізу үшін сіздің тактикаңыз?
гипотониялық қан кетудің алдын алу үшін 1,0 мл метилэргометрин тамырға енгізу
бала жолдасының ажырау белгілерін күту
белсенді өткізу үшін бұлшық етке 10 МЕ окситоцин енгізу +
жатыр қуысына қол салып тексеру
жатырдың бимануальды компрессиясы
338 Көп босанған әйел, бала жолдасы туылды, қарау барысында түгел. Жатырдың жиырылу қабілетінің төмендігіне байланысты жатыр қуысын қолмен тексерді. Әйел 1000 мл қан жоғалтты және қан кету жалғасуда. Қанды тоқтату мақсатында қандай іс-әрекет жасалады?
қайталап жатыр қуысын қолмен тексеру
көктамырға метилэргометрин салу
бала жолдасын қолмен ажыратып шығару
жатырға сыртқы массаж жасау
жатыр ампутациясы, экстирпациясы +
339 Жүкті әйел кезекті дәрігер қарауына әйелдер кеңес беру мекемесіне келді. Жүктілік мерзімі 28-29 апта. Тексеру барысында АК - 160/100 мм. сын. бағ. көрсетті. Аяғында ісігі бар. Зәрдегі ақуыз мөлшері 1 г/л дейін. Сәлден кейін әйел басының ауырғанына, көзінің қарауытқанына, құсқысы келетіндігіне шағымданды. Жедел жәрдем көмегі шақырылды. Ол келгенше сіздің тактикаңыз?
сульфат магний ерітіндісін 25%-20 мл тамырға 10-15 минут ішінде енгізу +
глюконат кальций ерітіндісін 10% - 10 мл тамырға баяу енгізу
диазепам ерітіндісін 10 мг тамырға баяу енгізу
эуфиллин ерітіндісін 2,4%-10 мл тамырға баяу енгізу
сульфат магний ерітіндісін 25%-8 мл тамырға 10 минут ішінде енгізу
340 Босану хабаршысының диагностикалық белгісін көрсетіңіз:
жиі тұрақты толғақ
қағанақ суының ағуы
жалған толғақ +
ішінің жергілікті ауырсынуы
эпигастрийде ауырсыну
341 24 жастағы жүкті С., босану үйіне 4 сағат бұрын басталған толғаққа шағымданып келді. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ -120/80 мм.с.б.б., ұрықтың жүрек қағысы анық, минутына 130 соққы, толғақ 30 секундтан әр 7-8 минут сайын. Бимануальды тексеруде: жатыр мойны 6 см ашылған, қағанақ қапшығы бүтін. Диагноз: Жүктілік 39 апта. Босану кезеңін анықтаңыз:
босану хабаршылар кезеңі
жатыр мойнының ашылу кезеңі +
айдау кезеңі
бала жолдасылық кезең
босанудан кейінгі ерте кезең
342 Науқас С.,22 жаста, 10 шілде етеккірінің болмауына, таңғы уақытта жүрек айну мен құсуға шағымданып келді. Анамнез: соңғы етеккірі 10 мамырда, жыныстық қосылу күнделікті. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, АҚ 110/70 мм.с.б.б. Айнамен қарағанда қынаптың шырышты қабаты көгілдір. Бимануальды зерттеуде: жатыры қаз жұмыртқасындай ұлғайған, ауырсынбайды, консистенциясы жұмсақ, пальпацияда қатаяды. Жүктіліктің және босанудың болжамды мезгілін анықтаңыз:
Жүктілік 5 апта, босану мерзімі 7 ақпан
Жүктілік 8 апта, босану мерзімі 17 ақпан +
Жүктілік 12 апта, босану мерзімі 27 ақпан
Жүктілік 14 апта, босану мерзімі 7 ақпан
Жүктілік 16 апта, босану мерзімі 17 ақпан
343 Көпұрықты жұктіліктің диагностикалық белгісін анықтаңыз:
жатыр көлемі үлкен және жүктілік мерзіміне сай емес +
жүктілердің айқын жүрек айнуы және құсуы
жатыр көлемі кіші және жүктілік мерзіміне сай емес
жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай
ерте токсикоз белгілері жоқ
344 Науқас әйел іштің төменгі жағындағы кенеттен бүріп ауыруға, есінен танған күйге шағымданады, АҚ 90/60 мм с.б., Тамыр соғу - минутына 100 соққы, терісі бозарыңқы, Щеткин-Блюмберг симптомы оң, төрт аптаға етеккірдің кідіруі, PV: кенеттен ауырғандықтан жатыр және қосалқылары анықталмайды, артқы күмбезі керіліп тұр. Нені болжауға болады?
түтіктің жыртылу типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік +
аналық без киста аяқшасының бұралып қалуы
аналық бездің апоплексиясы
көкбауырдың жарылуы
жатыр мойнағындағы түсік типі бойынша үзілген жатырдан тыс жүктілік
345 Босану үйіне 22 жастағы Ф.түсті, жүктілік мерзімі 38-39 апта. Бойы 150 см, салмағы— 58 кг. Жамбас өлшемдері: 22-24-26-16,5 см, іш айналымы — 103 см, жатыр түбі биіктігі— 40 см. Ұрықтың қалпы ұзынша, басымен келіп тұр, ұрықтың жүрек қағысы анық, ырғақты, 140 соққы/мин, басының тік өлшемі— 12 см. Қынаптық зерттеу: жатыр мойны жетілген, ұрық басымен келіп тұр, кіші жамбасқа кіреберісте қозғалмалы. Болжамды диагнозды көрсетіңіз:
Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәрежесі.
Жүктілік 38-39 апта.Жай жалпақ жамбас.
Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас ІІ дәрежесі. Ірі ұрық. +
Жүктілік 38-39 апта. Жалпы бірқалыпты тарылған жамбас І дәрежесі. Көп сулы жүктілік.
Жүктілік 39-40 апта. Ірі ұрық.
346 Ұрықтың жедел гипоксиясы дамитын жағдайды көрсетіңіз:
фетоплацентарлы жеткіліксіздік
жүктілер анемиясы
плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы +
жүктілік кезінде темекі шегу
жүкті әйел жүрегінің туа пайда болған ақауы
347 Жаңа туылған нәрестелер асфиксиясы дамуының антенатальды қауіп факторын көрсетіңіз:
преэклампсия, көп сулы жүктілік +
плацентаның мерзімінен бұрын ажырауы, иықтар дистоциясы
инструментальды босану
босану әрекетінің ауытқуы, аз сулы жүктілік
көп сулы жүктілік, мерзімінен кеш босану
348 Босанушыда меконий аралас қағанақ суы кеткеннен кейін мерзімі жетілген нәресте туылды. Нәрестенің жағдайы ауыр, пульс 80 соққы/мин, бұлшықеттер атониялы, терісі боз, бала жыламайды. Акушердің арғы әрекетін көрсетіңіз:
нәрестені құрғату және анасының кеудесіне жатқызу
реанимациялық шаралар үшін нәрестені неонатологқа беру +
құрғату, жылыту және динамикада жағдайын бағалау
өздігінен адреналин ерітіндісін енгізу
тыныс жолдарын босату үшін арқасынан қағу
349 Жыныс серіктестерін жиі ауыстыратын және жыныстық қатынаста жиі болатын 19 жастағы жас қызға контрацепция әдісін таңдаңыз:
Мүшеқап +
Жатырішілік спираль
Оральды контрацептивтер
Пластырь
Спермицидтер
350 Гинекологиядағы шұғыл жағдайларға жатады:
жатырдан тыс жүктілік, мерзімінен бұрын босану
миоматозды түйіннің некрозы, аналық без кистасы
аналық без апоплексиясы, аппендицит
аналық без апоплексиясы, жатырдан тыс жүктілік +
сальпингоофорит, эндометрит.
351 Оральды контрацептивтер қолданатын 33 жастағы әйелге ұсыныстар таңдаңыз:
етеккіраралық аздаған қан кету пайда болғанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
жүрек айну мен құсу пайда болғанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
кеуде клеткасында ауырсыну пайда болғанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату +
дене салмағы жоғарлағанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
тәбеті жоғарлағанда контрацептивтерді қабылдауды тоқтату
352 Жүкті әйел бас ауруға, көз алдында шіркейлердің пайда болуына, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Тамыр соғу минутына 80 рет, АҚ 170/100 мм с.б., ісіктер жоқ. Жатырдың көлемі мерзімі жеткен жүктіліктің мерзіміне сәйкес келеді, жүрек соғысы минутына 140 рет, тұйықталған, ырғақты. Сіз нені болжайсыз?
Ауыр дәрежедегі созылмалы артериялық гипертензия
Ауыр дәрежедегі преэклампсия +
Жеңіл дәрежедегі преэклампсия
Ауыр дәрежедегі гестациондық артериялық гипертензия
Гломерулонефрит, гипертониялық формасы
353 Мүйіспен және қасаға симфизінің төменгі шеті арасындағы арақашықтық:
11см
13,5см
20-21см
12,5-13см +
25-26см.
354 Ауруды оң үлкен жыныс еріннің аймағындағы ауыру сезімі мазалайды. Жыныс еріні ісінген, қатты ауырады, оның үстіндегі терісі қызарған, қатты ісік білінеді. Сіздің диагнозыңыз:
Жедел вульвит
Бартолин безінің кистасы
Жедел лимфоаденит
Бартолин безінің абсцесі +
Қысылған шап жарығы
355 АИВ инфекциясы кезінде инкубациялық кезеңнің аяқталуы немен сипатталады?
дене температурасының жоғарлауы
лимфа түйіндерінің ұлғаюы
шырышты қабаттар мен тері жамылғыларында кандидоздың болуы
АИВ - ке қарсы антиденелердің пайда болуы +
бірден салмақ тастау
356 "Эндемия (эндемиялық)" термині нені білдіреді?
сырттан әкелінген жағдайлармен байланыссыз, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру +
осы аймаққа тән кез келген инфекциялық аурумен ауыру
сырттан әкелінген жағдайлармен байланысты, осы аймаққа тән инфекциялық аурулармен ауыру
осы аймаққа тін кез келген зоонозды аурумен ауыру
осы аймаққа тән емес кез келген инфекциялық аурулармен ауыру
357 Қай инфекциялық ауруларды убиквитарлы деп атайды?
жаһандық таралатын +
аймақаралық таралатын
белгілі бір кең аймақтарда таралған
белгілі бір табиғи аймақтарда таралған
осы аймақта таралған
358 Қабылдау бөліміне түскен науқаста педикулездің белгілері анықталғанда мейірбикенің іс-әрекеті:
педикулезға қарсы тазалауды санитарлық өткізу бөлмесінде жүргізу +
науқасты дезинфекциялық станцияға жолдау
педикулезға қарсы тазалауды емдеу бөлімінде өткізу
педикулез анықталған жағдайда бас дәрігерге хабарлау
науқасты инфекциялық ауруханаға жатқызу
359 Сальмонеллез анықталған науқасты соматикалық бөлімшесінен ауыстырғаннан кейін қандай шаралар орындау қажет:
дегельментизацияны
қорытынды дезинфекция жүргізуді +
ағымды дезинфекцияны
жалпы тазартуды
дезинсекцияны
360 Пациент медициналық көмек алу, ал қызметкер – кәсіби қызметінің барысында жұқтырған жұқпалы аурулар қалай аталады
Карантиндік
Аса қауіпті
Ауруханаішілік +
Ішек
Парентеральды
361 Қабылдау бөліміне 3 күн бойы су тәрізді сұйық нәжістің болуына шағымданып науқас келді. Клиникалық белгілері: АҚ- 100/60 мм.с.б.б., пульс- 98/мин., шырышты қабаттары құрғақ. Осы жағдайда қандай ерітіндіні тамырішілік енгізуге болады?
коллоидты ерітінді
изотониялық кристаллоидты ерітінді +
гипертониялық крситаллоидты ерітінді
гипотониялық кристаллоидты ерітінді
жаңа мұздатылған плазма
362 Патогенді қоздырғыштардың макроорганизмге ену жолы:
инфекцияның резервуары
инфекцияның кіретін жері +
суперинфекция
эпидемиялық процесс
диссеминация
363 Іш сүзекпен ауыратын науқаста өршу кезеңінде байқалады?
тежелу және адинамия +
сүзек статусы
ұйқының қалыптасуы
астеновегетативті синдром
жалпы жағдайы өзгермейді
364 Жұқпалы ауруханаға ауыз жұтқыншағының дифтериясы, жамылғы формасы диагнозымен науқас түсті.Науқасты тексергеннен кейін қандай бөлімшеге жібереді ?
бокс +
диагностикалық
сары ауру
тифоздық
ішек
365 Қалалық аурухананың жұқпалы бөлімшесіне қатты бас ауруы, құсу, гипертермия, 39ᴼС шағымдармен науқас түсті. Болжам диагнозы: менингококк инфекциясы, менингококты менингит. Менингиттің диагностикасы кезінде менингиалдық белгілерді анықтайды, олардың бірі болып табылады:
желке бұлшықеттерінің сіресуі +
гепатоспленомегалия
Розенберг симптомы
Падалки симптомы
Штернберг симптомы
366 Науқасқа ботулизм болжамды диагнозы қойылды. Медбикеге асқазанды жуу керек. Асқазан-ішек жолдарындағы ботулотоксинді белсенсіздендіруде қолданатын ерітіндіні көрсетіңіз:
натрий гидрокарбонатының 2% ерітіндісі
натрий гидрокарбонатының 5% ерітіндісі +
су құбырындағы су
калий перманганатының әлсіз ерітіндісі
смекта ерітіндісі
367 А вирусты гепатит аурушаңдылығы анықталғанда бірінші кезекте жасалатын әрекетті көрсетіңіз:
шүғыл хабарлама жіберу, инфекциялық ауруханаға жатқызу +
шүғыл түрде инфекциялық ауруханаға жатқызу
қалалық ауруханаға жатқызу
шұғыл хабарлама жіберу және қалалық ауруханаға жатқызу
үйге стационар ұйымдастыру, ЖТД міндетті бақылауымен ем жүргізу
368 Әйелді дене температурасының 37,9 °С дейін жоғарлауы, ішінің төменгі бөлігінде толғақ тәрізді ауырсыну, шырыш пен қан аралас 15 ретке дейін нәжіс, тенезм, жалпы әлсіздік, жүрек айну, құсу мазалайды. Қарау: терісі бозарған. Тілі құрғақ. Пальпация кезінде сигма тәрізді ішек спазмдалған, қатты ауырсынады. Пульс 98 соққы/мин, АҚ-110/70 мм.с.б.б. Қай ауру жайлы болжауға болады?
жедел шигеллез +
сальмоноллез
іш сүзегі
жедел эшерихиоз
холера
369 № 058/у формасы бойынша шұғыл хабарлама санитарлы эпидемиологиялық саладағы мемлекеттік мекеменің аймақтық бөлімшесіне ауру тіркелгеннен кейін неше сағатта жіберілу керек?
1 сағат
3 сағат
12 сағат +
24 сағат
48 сағат
370 Іш сүзегімен ауыратын науқастың потенциальды спецификалық мәселесі:
пневмония
паротит
менингит
миокардтың диффузды зақымдануы
ішек ойық жарасының перфорациясы +
371 "Жедел жәрдем" қызметкерлері науқаста ботулизм анықтады. Біріншілік медициналық көмекті көрсетіңіз:
асқазанды шаю және жоғары сифонды клизма +
ішке сорбент қабылдау-белсендірілген көмір
глюкоза ерітіндісімен инфузиялық-дезинтоксикациялық ем
антитоксикалық ботулинге қарсы поливалентті сарысуды енгізу
бұлшықет ішіне шұғыл хлорамфеникол енгізу
372 Психиатриялық клиникаға 25 жастағы әйел босанудан 1 аптадан кейін түсті бала дені сау болып туылып босану асқынусыз өткен әйел қозулы айқайлайды киімдерін шешіп жүгіруге тырысады.Іштей баланың жылаған дауысын есітеді. Сұраққа жауап бермейді ұзақ уақыт бір нүктеге қарап отырады болжам диагноз:
шизофрения
депрессия
босанудан кейінгі психоз +
невростения
деменция
373 Науқас 2 күн бұрын суық сыра ішкеннен кейін даусыныың қарлығуына, жөтелге, дене қызуының жоғарылауына шағымданады.Объективті: жағдайы қанағаттанарлық, дене температурасы 37,5 С. Ларингоскопияда: көмейдің шырышты қабығы гиперемияланған,дауыс саңылауы кең.Тыныс алуы еркін. Сіздің болжамды диагнозыңыз
жедел фарингит
жедел ларингит +
лакунарлық ангина
паратонзиллит
жедел аденоидит
374 Науқас Е. 50 жаста. Қант диабетінің орташа дәрежесімен сырқаттанады. Шағымы: аяқтарында сыздап ауырсынуы, әлсіздік, жиі шөлдегіштік, ентікпе. Емдік жаттығулардың әсері тиімді болу үшін жаттығулар келесі уақытқа созылу керек:
30-40 минут
10-15 минут
20-30 минут +
25-35 минут
15-20 минут
375 ДСҰ анықтамасы: "Мақсаты ауру немесе жарақат салдарынан бұзылған қызметтерін толық қалпына келтіру болып табылатын белсенді үрдіс, егер ол мүмкін болмаса- мүгедектің физикалық, психикалық және әлеуметтік потенциалын тиімді орындау, оның қоғамдағы адекватты интеграциясы" сай келеді:
медициналық реабилитация +
паллиативті көмек
гериатриялық көмек
санитарлы-шипажайлық ем
гериатриялық реабилитация
376 Әйелдер кеңесі жұмысының тиімділігін бағалайтын көрсеткішті көрсетіңіз:
фертильді жастағы 1000 әйелде өздігінен болатын түсік саны
фертильді жастағы 1000 әйелде босану саны
фертильді жастағы 1000 әйелде қабыну ауруларының саны
фертильді жастағы 1000 әйелде түсік саны +
фертильді жастағы 1000 әйелде қылмыстық түсік саны
377 Экспираторлық ентігу мына жағдайда байқалады:
өкпе абсцесі
өкпе туберкулезі
жүрек демікпесі
бронх демікпесі +
крупозды пневмония
378 Бронх ентікпесі кезіндегі қақырықтың сипаты:
қызғылт түсті, көпіршік аралас
«тат» түстес
кілегейлі
«шыны тәрізді» +
іріңді
379 Катетерлеу алдында несеп каналының сыртқы тесігін өңдеу үшін қолданылатын антисептик препарат:
0,02% фурациллин ертіндісі +
0,1% адреналин ертіндісі
10% липофундин ертіндісі
сутегі асқын тотығы ертіндісі
пенициллин ертіндісі
380 Пациентке жедел бронхит диагнозы қойылды. Оны емдеу үшін берілетін препараттар тобы:
қақырық түсіретін дәрілер +
спазмолитиктер
зәр айдайтын препараттар
ферменттік препараттар
анальгетик дәрілер
381 Бронх демікпесі ұстамасы кезінде жедел көмек ретінде берілетін препарат:
пенициллин
мукалтин
сальбутамол +
бронхолитин
платифиллин
382 Қақырықта Куршман спиральдерінің, Шарко-Лейден кристалдарының бар болуы мына ауруларға тән:
пневмония
жедел бронхит
өкпе туберкулезі
бронх демікпесі +
бронхоэктаздық ауру
383 Өкпеден қан кету белгілері:
«кофе тұнбасы» түстес құсықтың болуы
«қара май» тәрізді ұлы дәреттің болуы
алқызыл түстес, көпіршік аралас қан +
құсығында алқызыл қанның болуы
қызғылт түсті көпіршікті қақырық
384 20 жастағы пациент ара-тұра ұстайтын экспираторлы ентігуге, құрғақ жөтелге, ауа жетіспеушілік сезімге шағымданды. Болжамалы диагнозын атаңыз:
жүрек демікпесі
бронх демікпесі +
созылмалы обструктивті пневмония
истерия
нейроциркуляторлы дистония
385 Пациент қызуының 39 ОС –а дейін көтеріліп, кеудесі шаншитынына, «тат» түстес қақырық бөлінетініне шағымданды. Өзін 2 тәуліктен бері ауырамын деп айтты. Перкуссия кезінде: өкпе дыбысының тұйықталуы байқалды. Аускультация кезінде: кеудесінің оң жағында жауырын бұрышынан төмен ұсақ көпіршікті ылғал сырыл естілді.Болжамалы диагнозын атаңыз
экссудативті плеврит
құрғақ плеврит
крупозды пневмония +
созылмалы бронхит
ошақтық пневмония
386 Пациентке 500000 бірлік дозасында пенициллин тағайындалды. 1:1 қатынасында еріту үшін қажетті еріткіш мөлшерін анықтаңыз:
100,0 мл.
50,0 мл.
10,0 мл.
5,0 мл. +
1,0 мл.
387 Коллапс клиникасы:
бозару, сананың болмауы, қан қысымының төмендеуі, тахипноэ
бозару, қан қысымының төмендеуі, салқын тер, қалтырау +
бозару, тұншығу ұстамасы, қан қысымының жоғарылауы, тахикардия
тері гиперемиясы, беттің ісінуі, қан қысымының жоғарылауы, гипертермия
ортопноэ, эспираторлық ентігу,мойын веналарының ісінуі, қан қысымының жоғарылауы
388 Тұрақты кернеулік стенокардиядағы ауырсынудың пайда болу сипаты:
тыныштықта
ұйқы кезінде
физикалық күш түсуде +
нитроглицерин қабылдаған кезде
ашығу кезінде
389 Созылмалы жүрек жетіспеушілігінің негізгі симптомдары:
ентігу, жүрек қағуы +
жүрек тұсындағы қысатын ауырсыну, тұншығу ұстамасы
қан қысымының көтерілуі, пульс дефициті
шаршағыштық, тері құрғауы
жүрек қағуы, экзофтальм
390 Гипертониялық кризді басуға арналған препараттар:
каптоприл, пропранолол +
дигоксин, рибоксин
фуросемид, строфантин
ортофен, индометацин
преднизолон, вентолин
391 Өкпе ісінуінде морфинді келесі мақсатта қолданады:
ауырсынуды басу
тыныс орталығын тежеу +
көпіршікті басу
жүрек ырғағын сирету
тыныс орталығын қоздыру
392 62 жасар пациент клиникаға жүрек тұсындағы кенеттен пайда болған ұстамамен қабылданды. Миокард инфарктісі диагнозын қою үшін қосымша белгілерді атаңыз:
бозару, тершеңдік, қан қысымының төмендеуі, толықтығы мен кернеулігі әлсіз пульс +
бозару, тері құрғау, қан қысымының жоғарылауы, ісіктер
бозару, тершеңдік, құрысып-тырысу, шулы тыныс
терінің құрғауы, әлсіздік, ауыздан ацетон иісі шығуы, гипотония
тері гиперемиясы, дене температурасының жоғарылауы, жөтел, қан қақыру.
393 Пациенттің қан қысымы 160/110 мм.с.б.б. Оның пульстік қысымы деңгейін атаңыз?
40 мм. с.б.б.
50 мм. с.б.б. +
60 мм. с.б.б.
70 мм. с.б.б.
80 мм. с.б.б.
394 Пульс дефициті байқалатын жағдайда атаңыз:
синустық тахикардия
синустық брадикардия
жыбыр аритмиясы +
қарыншалық экстрасистолия
артериалды гипертония
395 Жүрек жетіспеушілігі бар пациентті шалқайтып отырғызу ... қамтамасыз етеді:
миокардтың оттегіге қажеттілігін төмендетуді
кіші қан айналымға күш түсуді азайтуды +
ми қан айналымын жақсартуды
қақырық бөлінуін жақсартуды
миокард қан айналымын жақсартуды
396 37 жастағы ер адамды таңертең жаяу жүру кезінде ара-тұра төс артында қысып тұратын ауырсыну қысқа уақытқа мазалайды, бұл тыныштық кезінде басылады. Болжамалы диагнозды атаңыз:
пневмония
остеохондроз
артериалды гипертония
миокард инфарктісі
стенокардия +
397 Жасы 46-дағы пациентте аяқ веналарының варикозды кеңею ауруы бар. Онда кенеттен төс тұсы ауырды, ентігу, кеуденің жоғарғы бөлігінің цианозы байқалды. Болжамалы диагнозды атаңыз:
артериалды гипертония
спонтанды пневмоторакс
бронх демікпесі
өкпе артериясының тромбоэмболиясы +
ошақтық пневмония
398 Пациент төс арты сығып ауруына, сол жақ астыңғы жақ сүйегі тұсының ауырғанына шағымданды. Өзінің жағдайын жұмыстағы психологиялық көңіл-күймен байланыстырады. Оның сөзінше мұндай ауырсыну нитроглицерин қабылдағаннан кейін басылатын болған, ал қазір ауырсыну күшейген, ұзақтау болған, тіпті дәріні екі рет қабылдаса да басылмаған. Болжамалы диагнозды атаңыз:
миокардит
перикардит
стенокардия
миокард инфарктісі +
септикалық эндокардит
399 Ірі буындардың қабынуы, ауырсынудың ұшпалы сипаты мына ауруда байқалады::
деформация тудырушы остеоартроз
ревматоидты полиартрит
ревматикалық артрит +
подагра
спондилез
400 Эпигастрий аймағында «ашқарынға» және «түнде» болатын ауырсынуға шағымдану мына ауруға тән:
гастрит
асқазан жарасы
асқазан рагы
12 елі ішек жара ауруы +
жедел холецистит
401 Панкреатитке тән лабораториялық белгі:
қандағы глюкоза деңгейінің жоғарылауы
қандағы глюкоза деңгейінің төмендеуі
қандағы амилаза деңгейінің жоғарылауы +
қандағы белок деңгейінің жоғарылауы
қандағы билирубин деңгейінің төмендеуі
402 Порталды бауыр циррозына тән асқыну:
пенетрация
қан кету +
перфорация
малигнизация
аутолизис
403 Дуоденалды зондтау кезінде магний сульфатын мына ағзадан сұйықтық алу үшін қолданады:
асқазан
12-елі шек
өт қабы +
бауыр өзектері
ұйқы безі
404 24 жастағы пациент эпигастрийде кенет «пышақ» сұққандай ауырсыну пайда болғанына, жалпы әлсіздікке шағымданды. Объективті: терісі бозарған, пальпация кезінде іші «тақтай тәрізді», Щеткин-Блюмберг симптомы күрт оң мәнді. Болжамалы диагнозды атаңыз?
созылмалы гастриттің өршуі
тағамдық токсикоинфекция
жараның тесілуі +
өт шығару жолдарының дискинезиясы
аппендицит
405 Паиценттің оң жақ қабырға астында ұстама тәрізді ауырсыну пайда болып, ол жауырын астына қарай тарады. Дуоденалды зондтау кезінде "В" порциясында лейкоциттер, холестерин кристалдары анықталды. Бұл симптомдар мына ауруға тән:
гастрит
ойық жара ауруы
созылмалы гепатит
калькулезді холецистит +
панкреатит
406 Қабылдау бөліміне асқазаннан қан кетуге күмәнді пациент түсті. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Пациентті тасымалдау түрін атаңыз:
мейіргермен бірге жаяу жүру
өздігінен лифтімен
өздігінен жаяу жүру
кресло-каталкамен
каталкамен тасымалдау +
407 Зардап шегушінің оң қол басының сыртқы беті қайнап тұрған судан күйік алды, ішіне сірілі сұйықтыққа толған үлкен күйік күлбіреуіктері пайда болды. Қол басының сыртқы бетінің қалған бөліктері қызғылт, ылғалды күлбіреуіктері жарылып кеткен. Зардап шегушінің күйік дәрежесін анықтаңыз:
I дәреже
II дәреже +
II-III дәреже
IV дәреже
I-II дәреже
408 Көмірқышқыл газымен уланғандағы алғашқы көмек шаралары:
атропин егу
пациентті эвакуациялау +
өкпенің жасанды вентиляциясы
асқазанды жуу
антидот егу
409 Ауруханаға дейінгі кезеңде көмірқышқыл газымен уланғанда көрсетілетін міндетті емдік шаралар:
коникотомия
унитиол егу
асқазанды жуу
оксигенотерапия +
трахея интубациясы
410 22 жасар бойжеткен жігітімен ренжісіп қалған соң 10 таблетка капотен ішті. Содан кейін бірден басы айналу, әлсіздік, көз қарауыту сезініп, қорыққаннан жедел – жәрдем шақыртты. Жедел көмекті мына шарадан бастаған жөн:
өкпені жасанды желдету
асқазанды жуу +
гипертензивті препараттар беру
жүрекке тіке емес массаж жасау
жүрекке тіке массаж жасау
411 Жедел жәрдем бригадасы көшеде ес – түссіз жатқан ер адамды тапты. Аузынан алкоголь иісі қатты шығады, бұлшықет тонусы төмендеген. Сұрақтарға жауап бермейді. Жедел көмекті мына шаралардың қайсысынан бастаған жөн:
асқазанды жуу
оксигенотерапия
налоксон егу +
дезинтоксикациялық терапия
өкпенің жасанды вентиляциясы
412 Миокард инфарктісінде жедел көмек ретінде берілетін дәрілер тобы:
жүрек гликозидтері
диуретиктер
наркотикалық анальгетиктер +
глюкокортикостероидтар
стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер
413 Артериалды гипертензия 1 дәрежесі бар пациент кенеттен жағдайы нашарлап, бас ауру, жүрек айну, көз алдында «шіркей» пайда болды. АҚҚ - 210/110 мм.с б.б.Пациент жағдайын атаңыз:
миокард инфаркты
стенокардия
гипертониялық криз +
гипогликемиялық кома
есекжем
414 Бициллин ерітіндісін еккен соң пациент жағдайы нашарлады: бас айналу, әлсіздік, дел – сал болу пайда болды. Объективті: АҚҚ-60/30 мм.с.б.б. пульс – 40 рет минутына, толықтығы мен кернеулігі әлсіреген. Болжамалы диагноз:
шок +
кома
криз
коллапс
естен тану
415 Гриппке қарсы екпеден соң пациент жағдайы күрт нашарлады: АҚҚ 70/40 мм. сб.б. дейін күрт төмендеді, тұншығу, жөтел, жүрек қағу пайда болды. Болжамалы диагноз:
анафилактикалық шок +
ауа эмболиясы
тромбоэмболия
асфиксия
аритмия
416 Ара шаққаннан кейін пациенттің тынысы тарылды. Зерттеу кезінде: АҚҚ 60/20 мм.с.б.б., өкпесінде құрғақ сырыл естіледі. Осы жағдайда берілетін дәрі препаратын атаңыз:
кофеин
кордиамин
адреналин +
каптоприл
аспирин
417 Қанды көрген пациент әйел ес – түссіз құлап қалды. Осы жағдайдағы жедел көмекті атаңыз:
бас жағын көтеріңкі қылып жатқызу
пациентті жартылай отырғызу
ортопноэ жағдайында жайғастыру
тіл астына нитроглицерин беру
мүсәтір спиртін иіскету +
418 Гипергликемиялық коме кезінде ауруханаға дейінгі кезеңдегі тактиканы таңдаңыз:
инсулин егу
көк тамырға 0,9% физиологиялық ертінді тамызу +
көк тамырға 5% глюкоза ертіндісін тамызу
тәтті сусын беру
көк тамырға 40% глюкоза ертіндісін егу
419 Жол-көлік оқиғасы салдарынан 45 жастағы пациентте көптеген жарақаттар, басының, денесінің, аяқ-қолдарының қабаттасқан зақымдары болды. Қан кетуі ауа эмболиясына соқтыратын тамырды атаңыз:
ұйқы артериялары
сирақ веналары
мойынның ірі веналары +
иық артериялары
сан артериялары
420 Бұғана сүйегі зақымдалған зардап шегушіге жедел медициналық көмек көрсеткенде мына таңғышты таңады:
сегіздік тәрізді таңғыш
Дезо таңғышы +
гипс лонгетасы
бидай тәрізді таңғыш
праща тәрізді таңғыш
421 Жүрек-өкпе реанимациясын сәтті орындаудың міндетті көрсеткіші:
артерияларда өтімді пульсацияның болуы
жүрек қызметінің қалпына келуі +
сезімталдығының қалпына келуі
мойын веналарының көзге көрінетіндей ісінуі
сананың қалыпқа келуі
422 Гиповолемиялық шоктағы қарқынды терапияның негізгі міндеті:
айналымдағы қан көлемі тапшылығын толтыру +
миокардтың жиырылу қабілетін ынталандыру
қанның реологиялық қасиеттерін жақсарту
дезинтоксикация
дегидратация
423 Пульс, жүрек қағу, тыныстың жоқ болуы, қарашықтың жарыққа сезімталдығының болмауы, көздің мүйізді қабығының лайлануы тән:
биологиялық өлім +
клиникалық өлім
агональды стадия
предагональды стадия
терминальды пауза
424 Асқазан ойық жарасының тесілуіндегі фельдшер тактикасы:
ішке мұз қою, жедел госпитализация +
асқазанды жуу, спазмолитик егу
анальгетик егу, тазалау клизмасын жасау
анальгетик екпеу, жылытқыш қою
жартылай отырғызып, жылы сұйықтық ішкізу
425 Пациент майлы ет қабылдағаннан кейін пайда болған оң жақ қабырға астындағы шыдатпайтын ауырсынуға шағым айтты, ауырғандық оң иыққа беріледі. Болжамалы диагнозды атаңыз:
ойық жара ауруы
созылмалы гастрит
жедел панкреатит
бауыр коликасы +
аппендицит
426 Клиникаға 26 жастағы пациент жол апатынан кейін 30 минуттан соң жеткізілді. Ішінің барлық бөлігінің аурына, әлсіздікке шағымданды. Объективті: терісі бозарған, пульс минутына 110 рет, ырғақты, әлсіз. Артериальды қан қысымы 90/60 мм.с.б.б. Ішінің барлық аймағы аздап кернеген, сол жақ қабырға астында ауырсынады. «Шалпыл шуыла», «ваньки-встаньки» симптомдары анықталады. Болжамалы диагнозды атаңыз:
бауырдың жарылуы
көк бауырдың жарылуы +
жыныс мүшесінің жарылуы
іштің алдыңғы қабырғасының зақымдануы
асқазан жарылуы
427 Клапанды пневмоторакста ең алғашқы болып орындау қажет:
трахеостомия
плевра қуысын пункциялап, дренаж арқылы ауаны сорып алу +
қабырға аралық нервтерге блокада жасау
кеуде торын қимылсыздандыру
диафрагмальды нервке блокада жасау
428 Ересектерде қарыншалар фибрилляциясында дефибриляция қарқынын арттыру үшін разрядтар серияларының жиынтығы:
50 Дж, 100 Дж, 150 Дж
100 Дж, 150 Дж, 200 Дж
150 Дж, 200 Дж, 250 Дж
200 Дж, 300 Дж, 400 Дж
200 Дж, 300 Дж, 360 Дж +
429 Жүрекке жабық массаж жүргізуде алақанды орналастыру аймағы:
төстің ортаңғы үштен бір аймағы
семсер тәрізді өсінді аймағы
төстен солға бұғана ортасы сызығының 4 қабырға аралығы
төстің төменгі үштен бір бөлігі семсер өсіндісінен 2 саусақ жоғары +
төстің жоғарғы және ортаңғы бөлігінің шекарасында
430 Ересектерге реанимация жүргізгенде кеуде компрессиясы мен жасанды дем берудің қатынасы:
15: 2
30: 2 +
45: 2
30: 3
15: 3
431 Сафардың үштік тәсілін қолдану мақсаты:
тыныс жолдарының өткізгіштігін қалпына келтіру +
өкпені жасанды желдетуді жүргізу
мойын омыртқасының жағдайын бағалау
қан айналымды қалпына келтіру
бөгде денені алып тастау

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
Сабақтың тақырыбы
бойынша жиынтық
жиынтық бағалау
Сабақ тақырыбы
Сабақтың мақсаты
ғылым министрлігі
тоқсан бойынша
бағдарламасына сәйкес
бағалауға арналған
Сабақ жоспары
Реферат тақырыбы
жиынтық бағалауға
сәйкес оқыту
арналған тапсырмалар
Қазақстан республикасы
білім беретін
оқыту мақсаттары
бағалау тапсырмалары
рсетілетін қызмет
Жалпы ережелер
жиынтық бағалаудың
республикасы білім
бекіту туралы
тоқсанға арналған
Қазақстан тарихы
Қазақстан республикасының
мерзімді жоспар
арналған жиынтық
қызмет стандарты
болып табылады
жалпы білім
арналған әдістемелік
бағалаудың тапсырмалары
Мектепке дейінгі
оқыту әдістемесі
Қазақ әдебиеті
нтізбелік тақырыптық
пәнінен тоқсанға
Зертханалық жұмыс
Инклюзивті білім
Әдістемелік кешені
республикасының білім
білім берудің
туралы жалпы
Қазақстанның қазіргі
Қысқа мерзімді
Жұмыс бағдарламасы
қазақ тілінде
қазіргі заман
туралы хабарландыру
атындағы жалпы