1. Түсіндірмелі салалас құрмаластың басқа салалас түрлерінен айырмашылығы



Дата19.01.2023
өлшемі17.15 Kb.
#417489
Байланысты:
тест 2
1411467171, 19-20 1-2 Култанов Б.Б. Мемлекттік басқару теориясы ГМУ-17 (1), 19-20 1-2 Култанов Б.Б. Мемлекттік басқару теориясы ГМУ-17 (1), есеп 1, Мерей Реферат (копия)

Тест
1.Түсіндірмелі салалас құрмаластың басқа салалас түрлерінен айырмашылығы:
А)Жалғаулықсыз байланысуында
Б)Шылау арқылы байланысуында
В)Кемінде үш сөйлемнен құралуында
Г)Баяндауышы тиянақсыз болуында
2.Түсіндірмелі салалас құрмаласқа тән қатар:
А)Сөйлемдері бір-біріне жақын болған оқиғаларды білдіреді.
Б)Жай сөйлемдері бір-біріне қарама-қарсы боп келеді.
В)Соңғы сөйлемі алдыңғы сөйлемнің мағынасын түсіндіріп тұрады.
Г)Жай сөйлемдері бірі екіншісінің себебін білдіреді.
3. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап:
А) Қыздың маңдайынан сипады да, толқындай қара шашынан бір сүйіп, өз жөнімен кете берді.
Б)Қорыққаны сонша – орнынан тұра алмай қалды.
В) Жігіттер жабылып болмаған соң, әнші сандыққа отырды.
Г) Әлден уақытта екі атты кісі келді де, мені ағаштан шешіп алды.
4. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемге тән қатар:
А) Жай сөйлемдері жалғаулықты шылаусыз, іргелес тұрып байланысады.
Б) Жай сөйлемдері бірі екіншісінің себебін білдіреді.
В)Жай сөйлемдерінде іс-қимылдың кезектесіп келуі.
Г)Жай сөйлемде іс-әрекеттің біреуі ғана орындалуы.
5. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің аражігіне қойлатын тыныс белгі:
А)Үтір
Б)Нүкте
В)Қос нүкте, сызықша
Г)Тырнақша
6. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап:
А) Биыл жайлауда болдым және ағамның үйіне бардым.
Б) Менің кім екенімді Жұмабайға айтып берді, сондықтан ол менімен қысылмай сөйлесті.
В) Балалар бірде ән шырқайды, бірде өзенге барып шомылады.
Г)Оның келмеген себебі мынау: кеше жұмыстан кеш қайтты
7. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің бағыныңқы бөлігінің баяндауышы қандай сөз табынан болады?
А)Етістік
Б)Есімдік
В)Сын есім
Г)Сан есім
8. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемнің байланысу тәсілі қандай?
А)Орын тәртібі,интонация арқылы байланысады
Б)Шылау арқылы
В)Жалғау арқылы
Г)Тәсілі болмайды.
9. Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап:
А) Сырбайдың қыш кесектен соққан үш бөлмелі үйі бар екен, соның біреуі қонақ жайына арналған екен.
Б) Малдары не күн көретінін білмеймін, қора маңында бір шошақтан артық шөп көрінбейді.
В)Кездесу аяқталды, қатысқандар тамаша әсермен тарады.
Г) Исламның ұялғаны сонша – екі беті қызарып кетті.
10. Сөйлем салалас құрмаластың қай түріне жататынын анықта:
Жиналыста екі мұғалімге ескерту жасалды:бірі – санатсыз мұғалімге, екінші – үнемі кешігетін мұғалімге.
А)Ыңғайлас салалас құрмалас
Б)Талғаулы салалас құрмалас
В)Қарсылықты салалас құрмалас
Г)Түсіндірмелі салалас құрмалас
11.Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемді тап:
А)Арнайы баруды жоспарлаймын, бірақ еш реті келмей қойды.
Б)Ащы дауыс бәріне естіліп, көздеріне үрей тудырды.
В)Өзінің ширақтығында шек жоқ: ағыны әжіптәуір судың иіріміне қойып келіп кетеді.
Г)Көмекші жігіт қойларды ерте айдап әкеліпті, себебі күннің бұзылып келе жатқандығын байқады.
12. Қожаның ақылдылығы сондай сабаққа үнемі дайындалып келеді.
Түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлемде қандай тыныс белгісі қойылмаған:
А)Сызықша
Б)Үтір
В)Нүктелі үтір
Г)Тырнақша
13. Салалас құрмалас сөйлемнің басты ерекшеліктерінің бірі:
А)Бірінші жай сөйлемінің баяндауышы тиянақсыз аяқталады.
Б)Жай сөйлемдерінің мағыналары қарама-қарсы боп келеді.
В)Баяндауыштары тиянақты тұлғада байланысады.
Г)Жай сөйлемдердің іс-әрекеттері бірінен кейін бірі орындалады.
14. Салалас құрмалас неше топқа бөлінеді:
А)5
Б)6
В)8
Г)3
15.Салалас құрмалас сөйлемнің құрамы:
А) Кемінде үш жай сөйлемнен тұрады.
Б)Кемінде екі жай сөйлемнен тұрады.
В) Кемінде төрт жай сөйлемнен тұрады.
Г) Кемінде бес жай сөйлемнен тұрады.

Достарыңызбен бөлісу:




©melimde.com 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет