5. Кеуде шекараларына және аймақтарына сипаттама беріңіз
Жоғарыда:кеуде мойыннан,төстің мойындырық ойығы үстімен(incisura jugularis sterni) бұғана үстімен,иық-жауырын буынын(articulatio acromiolavicularis) VII мойын омыртқанын жоталық өсіндісімен қосатын сызықпен шектеледі. Кеуденің төменгі шекарасы:семсер тәрізді өсіндіден оң және сол жақ қабырға доғасы қырымен Х қабырғаға дейін,ол жерден ХІ-ХІІ қабырға ұштарымен,ХІІ кеуде омыртқасына дейінгі аралықта орналасады.
Кеуденің алдыңғы-жоғарғы аймағы
Кеуденің алдыңғы-жоғарғы аймағының ортадағы қабатында бірнеше фасциялар мен бұлшықеттер бар.Меншікті фасция беткей және тереңдегі жапырақтардан тұрады.Меншікті фасцияның беткей жапырағы кеуденің үлкен бұлшықеті мен алдыңғы тістік бұлшықеттерді жауып,тереңдегі жапырағымен оларға қынап түзейді. Кеуденің үлкен бұлшықетін қандыратын артериялар:
1. Кеуде-акрамион артериясының тармақтары (а.thoracoacromialis)
2. Қолтық артериясының (а.axillaris) тармақтары
3. Латералды кеуде артериясының (a.thoracalis lateralis) тармақтары
4. Қабырға аралық артерияның (aa.intercostales) тесіп өтетін тармақтары
Кеуденің алдыңғы жоғарғы аймағы С5-С6 мойын омыртқадан шығатын алдыңғы қабырға аралық тармақтармен нервтенеді.
Кеуденің алдыңғы-төменгі аймағы
Кеуденің меншікті фасциясы аймақтың медиалды бөлігінде,тік бұлшықеттің алдыңғы қабатының апоневроздық қынабы құрамына қосылады. Кеуденің алдыңғы-төменгі аймағының бұлшықеттері құрсақтың сыртқы қиғаш бұлшықеті аймақтың жоғарғы үштен бірін алып жатады.Алдыңғы тісті бұлшықетті қанмен қамтамасыз етілуі(кеуденің латералды артериясы,қабырға аралық артериялар,кеуде-арқалық артериялар)
Кеуденің алдыңғы ортадағы аймағы
Шекарасы —төс сүйек аймағына сәйкес. Шыныққан ер адамдарда ойық болады , тар кеуделі және арық адамдарда сәл алға шығыңңы болады . Жас әйелдерде аймақ терең сайға ұқсайды. Меншікті фасция - кеуденің үлкен бұлшықеттерінің шандырларының жалғасы
Кеуденің артқы жоғарғы аймағы
Кеуденің артқы жоғарғы аймағы көлемді және тіндері қалың аймақ.Құрылысы күрделі.Бұл жерде сүйек-шандырлық және майлы ұлпалар орналасқан.Меншікті шандырдың беткей жапырағы нашар дамыған,ол трапеция тәрізді бұлшықет (m.trapezius) пен арқаның жалпақ бұлшықетіне (m.latissimus dorsi) қынап жасайды. Жауырын-қылқанұсті бұлшықеті (m.supraspinalis) Жауырынның қылқан астындағы сүйек –фиброзды қынапта (a.circumflexia scapulae) өтеді.Ол жауырын асты артерияның (a.supscapularis) тармағы,қылқан үсті және қылқан асты артериялар арасындағы ұштасулар-қолтық артериясын (a.supscapularis)-тен байлағанда қанның айналып өтетін жолы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |